Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы №610 қаулысы



Дата01.07.2016
өлшемі293.9 Kb.
#169117
«Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы №610 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 15, 141-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;

2) 1-тармақта:

1), 3) тармақшалар алып тасталсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылысын:

«4-1) радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;

4-2) иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;»;

5), 6), 7), 9), 10), 11), 13), 15), 17), 19) тармақшалар алып тасталсын;

20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«20) ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң өмiрлiк циклiнің кезеңдерiне байланысты жұмыстарды орындау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерiмен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивтi заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5) осы қаулының 3 және 4-қосымшаларына сәйкес 3, 4-қосымшалармен толықтырылсын;

6) көрсетілген қаулымен бекітілген атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

7) көрсетілген қаулымен бекітілген радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

8) көрсетілген қаулымен бекітілген ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

9) көрсетілген қаулымен бекітілген бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргiзiлген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

10) көрсетілген қаулымен бекітілген ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

11) көрсетілген қаулымен бекітілген атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 мамырдағы №610 қаулысына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекiтiлген


Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:

1) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – лауазымды тұлғалар мен радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың иерархиясы белгіленген графикалық схема немесе мәтіндік сипаттама түріндегі өтініш берушінің ұйымдық құрылымының;

2) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензияның;

3) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – тиiстi бiлiмi және мәлімделген жұмыс бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар әрі ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техникалық басшылардың, мамандардың бiлiктi құрамының;

4) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес еңбекке қабілеттілікті қолдауға және қауіпсіздік жүйелеріндегі ақаулықтардың алдын алуға бағытталған жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, бақылауды және сынауды қамтамасыз ететін қызметтердің (қызметтер туралы бұйрықтар мен ережелердің, нұсқаулықтардың, бағдарламалардың, кестелердің);

5) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi бақылауды және қоршаған ортаны қорғауды, персоналға медициналық бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң (қызметтер туралы бұйрықтар мен ережелердің, нұсқаулықтардың, бағдарламалардың, кестелердің);

6) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша өтініш беруші бекіткен нұсқаулықтардың;

7) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындау үшін өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттардың, инженерлiк құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің, жабдықтардың);

8) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – иондаушы сәуле шығару көздерi мен радиоактивтi қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған қойманың;

9) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес персоналды іріктеу, даярлау және оның бiлiктiлiгiн қолдау жүйесiнiң (ережелердің, бағдарламалардың, білімді тексеру, біліктілікті арттыру кестелерінің);

10) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесiнiң (үй-жайлардың, аспаптар мен құралдарының, өлшеу әдістерінің) немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шартының;

11) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – ядролық материалдарды және иондаушы сәуле шығару көздерін, радиоактивті қалдықтарды (өтініш беруші бекіткен нұсқаулықтар, түгендеу актілері, есептеу, беру және сақтау журналдары) есептеу және бақылау жүйесінің;

12) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

13) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін – техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтардың қоймасының алаңын таңдау актiсінің;

14) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін – өтініш беруші бекіткен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтар қоймасының физикалық қорғау жүйесі жобасының;

15) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – өтініш беруші бекіткен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтар қоймасының физикалық қорғау жүйесін қабылдау актісінің;

16) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін – ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтар қоймасының жобалық-сметалық құжаттамасының;

17) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес объектiнiң қауiпсiздiгiн талдау бойынша өтініш беруші бекiткен алдын ала есебiнiң;

18) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – өтініш беруші бекiткен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген, ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттерге сәйкес объектiнi пайдаланудан шығарудың алдын ала жоспарының;

19) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама мен ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес техникалық жүйелер мен жабдықтарды сынау актiлерiнiң, пайдалануға қабылдау актiлерiнiң, аяқталған объектiлердi пайдалануға қабылдау актiлерiнiң;

20) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – жобада көзделген барлық жұмыс режимдерiнiң көлемiнде, сондай-ақ жобалық және жобадан тыс авариялар кезiнде объектiде, санитарлық-қорғау аймағында және бақылау аймағында радиациялық жағдайды бақылау жүйесiнiң (өлшеу құралдарының, кестелерінің, әдістемелерінің);

21) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес өтініш беруші бекiткен авария жағдайында персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарының;

22) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес авария жағдайында персоналдың iс-қимылын пысықтау үшiн өтініш беруші бекiткен аварияға қарсы жаттығулар жүргiзу әдiстемелерiнiң, бағдарламалары мен кестелерiнiң;

23) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық қондырғыны және/немесе радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдаланудан шығару жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету үшiн пайдаланушы ұйымда қажеттi қаржы ресурстарының;

24) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың;

25) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың;

26) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 мамырдағы №610 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекiтiлген


Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары өтiнiш берушiде:

1) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың иерархиясы белгіленген құрылымның графикалық схема немесе мәтіндік сипаттама түріндегі өтініш берушінің ұйымдық құрылымының;

2) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындау үшін өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттардың, инженерлiк құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің, жабдықтардың);

3) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –өтініш беруші бекiткен жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын айқындайтын мәлімделген жұмысты орындаудың технологиялық регламентiнiң;

4) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есепке алу жүйесiнiң (үй-жайлардың, аспаптар мен құралдардың, өлшеу әдістемесінің, жауапты адамдардың) немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың;

5) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық қауіпсіздікті және өндiрiстiк радиациялық бақылауды қамтамасыз ету қызметiнiң (қызмет туралы бұйрық пен ереженің, нұсқаулықтардың, кестелердің);

6) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –өтініш беруші бекіткен ядролық, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен техникалық регламенттердің және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы талаптарына сәйкес ықтимал авариялардың алдын алу және оларды жою жөніндегі нұсқаулықтар мен жоспарлардың;

7) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –ядролық материалдарды және иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау (өтініш беруші бекіткен нұсқаулықтар, түгендеу актілері, есепке алу, беру және сақтау журналдары) жүйесінің;

8) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – тиiстi бiлiмi мен мәлімделген жұмыс бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және ядролық әрі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техникалық басшылардың, мамандардың бiлiктi құрамының;

9) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

10) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – өтініш беруші бекіткен техникалық регламенттердің және ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес радиациялық қауіпті жұмыстарға жіберілген персоналдың жеке қорғану құралдарының;

11) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесінің қабылдау актісінің;

12) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың;

13) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың;

14) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 мамырдағы №610 қаулысына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекiтiлген


Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары өтiнiш берушiде:

1) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – лауазымды тұлғалардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың және иерархиясы белгіленген графикалық схема немесе мәтіндік сипаттама түріндегі өтініш берушінің ұйымдық құрылымының;

2) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалардың және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік ғимараттар, инженерлік құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар);

3) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесiнiң немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың;

4) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –радиациялық қауіпсіздік және жұмыс орнында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету қызметінің (қызмет туралы бұйрық пен ереже, радиациялық бақылау жүргізу кестесі, өлшеу құралдары);

5) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес ықтимал авариялардың алдын алу және оларды жою жоспарларының;

6) құрамында радиоактивті заттар бар медициналық аспаптар мен қондырғыларды пайдалану жөніндегі жұмыстар үшін – иондаушы сәуле шығару көздерінің радиациялық түйіндеріне калибрлеу жүргізу туралы (калибрлеу жүргізу кестелері мен хаттамалары, өлшеу құралдары) құжаттамалардың;

7) барлық кіші қызмет түрлері үшін – радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылау жүйесінің (өтініш беруші бекіткен есепке алу және сақтау бойынша нұсқаулықтар, түгендеу актілері, беру, есепке алу және сақтау журналдары);

8) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – тиiстi бiлiмi және мәлімделген жұмыс бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техникалық басшылардың, мамандардың бiлiктi құрамының;

9) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің және қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

10) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –өтініш беруші бекiткен, жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделген жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентiнiң;

11) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылар үшін қоймалардың;

12) құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды пайдалану жөніндегі кіші қызмет түрі үшін – радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы құжаттаманың (техникалық қызмет көрсету кестесі, жөндеу жүргізу хаттамалары, өлшеу құралдары) немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен жасалған шарттың;

13) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің және қағидалардың талаптарына сәйкес радиациялық қауіпті жұмыстарға жіберілген персоналдың жеке қорғану құралдарының;

14) табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі кіші қызмет түрін қоспағанда, барлық кіші қызмет түрлері үшін – радиоактивті заттардың, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылардың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының;

15) мәдімделген қызмет түрінің құрамында радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдау операциясы болған кезде – көлікке санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының және қауiптi жүктердi тасымалдауға берiлген лицензияның;

16) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – өтініш беруші бекіткен құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылардың физикалық қорғауды қамтамасыз ету жоспарының;

17) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың;

18) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 мамырдағы №610 қаулысына 4-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекiтiлген


Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары өтiнiш берушiде:

1) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –лауазымды тұлғалар мен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың иерархиясы белгіленген құрылымның графикалық схема немесе мәтіндік сипаттама түріндегі өтініш берушінің ұйымдық құрылымының;

2) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік ғимараттар, инженерлік құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар);

3) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың өтініш беруші бекiткен технологиялық регламентiнiң;

4) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есепке алу жүйесiнiң (үй-жайлар, аспаптар мен құралдар, өлшеу әдістері) немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылауды жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен жасалған шарттың;

5) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –жұмыс орнында радиациялық қауіпсіздікті және өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету қызметінің (қызмет туралы бұйрық пен ереже, радиациялық бақылау жүргізу кестесі, өлшеу құралдары);

6) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –радиациялық қауіпсіздік жөніндегі және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жөніндегі нұсқаулықтар мен жоспарлардың;

7) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алуды, бақылауды және сақтауды қамтамасыз ету туралы (нұсқаулықтар, түгендеу актілері, беру, есепке алу және сақтау журналдары) құжаттамалардың;

8) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – тиiстi бiлiмi және мәлімделген жұмыстар бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техникалық басшылардың, мамандардың бiлiктi құрамының;

9) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

10) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес радиациялық қауіпті жұмыстарға жіберілген персоналдың жеке қорғану құралдарының;

11) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға арналған санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының;

12) иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу үшін – иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғылардың жұмыс сапасына бақылау жүргізу туралы құжаттаманың (жүргізу кестелері мен хаттамалары, өлшеу құралдары) немесе жұмыс сапасына бақылау жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен жасалған шарттың;

13) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы құжаттаманың (техникалық қызмет көрсету кестесі, жөндеу жүргізу хаттамасы, өлшеу құралдары) немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен жасалған шарттың;

14) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың;

15) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 мамырдағы №610 қаулысына 5-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекiтiлген



Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:

1) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – арнайы даярлығы және аспаптар мен қондырғылардың тиісті түрлері мен маркалары бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген (өтініш берушінің бұйрығымен және келісімшартпен немесе жұмысқа жолдау туралы шартпен) мамандардың бiлiктi құрамының;

2) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –мәлімделген жұмыстың әрбір кезеңін орындауға өтініш беруші бекiткен жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, өлшеу әдістемесін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын технологиялық регламентiнiң;

3) иондаушы сәуле шығару көздерi жұмысының сапасын бақылау жөніндегі кіші қызмет түрі үшін – өтініш беруші бекіткен тестілеу түрлерінің, қолданылатын аспаптарының, әдістемелердің, сынаулардың мерзімділігінің сипаттамасымен тестілік сынаулар жүргізу бағдарламасының;

4) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажетті өлшеу құралдарының, бақылау аспаптарының, қосалқы материалдар мен жабдықтардың (өтініш беруші бекіткен тізімі мен түгендеу сертификатының);

5) азық-түліктердің, материалдардың, қоршаған орта объектілерінің құрамындағы радионуклидтерді айқындау жөніндегі және персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізу жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – мәлімделген жұмыстарды орындау үшін мамандандырылған үй-жайлардың, зертханалардың;

6) құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын, медициналық қызметті қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға, техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу, иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жөніндегі нұсқаулықтардың;

7) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

8) құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын, медициналық қызметті қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу, иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау кіші қызмет түрлері үшін – персоналдың жеке дозиметрлік бақылауды жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың;

9) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 мамырдағы №610 қаулысына 6-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекiтiлген


Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Радиоактивтi қалдықтармен жұмыс iстеу жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары өтiнiш берушiде:

1) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –лауазымды тұлғалар мен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың иерархиясы белгіленген графикалық схема немесе мәтіндік сипаттама түріндегі өтініш берушінің ұйымдық құрылымының;

2) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –мәлімделген жұмыстарды орындау үшін – радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес қажетті өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндiрiстiк үй-жайлар, инженерлiк құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар, буып-түйетiн жинақтар, ыдыс);

3) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау жүйесінің (өтініш беруші бекіткен есепке алу және сақтау жөніндегі нұсқаулықтар, қабылдау, беру, сақтау актілері, қалдықтардың шығу тегi, түрi, мөлшері, радионуклидтiк құрамы және белсендiлiгi туралы құжаттамалар);

4) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –өтініш беруші бекiткен жұмыстың негізгі әдістерін, қалдықтарды жинау, сорттау, сақтау, өңдеу, қайта өңдеу, көму тәсілдерін, үй-жайларды, жабдықтарды, материалдарды залалсыздандыруды қоса алғанда, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделген жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентiнiң;

5) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, радиациялық қауіпсіздік және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес ықтимал авариялардың алдын алу және жою жоспарының;

6) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –мәлімделген жұмыстарды жүргiзу кезiндегi радиациялық жағдайды бақылау жүйесiнiң (өлшеу құралдарының, жүргізу кестелері мен әдістемелерінің);

7) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – тиiстi бiлiмi және мәлімделген жұмыс бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техникалық басшылардың, мамандардың бiлiктi құрамының;

8) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

9) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесiнiң (үй-жайларының, аспаптар мен құралдарының, өлшеу әдістемесінің) немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылауды жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың;

10) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму пунктінің жобалық құжаттамасының;

11) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму пунктін пайдалануға беру актісінің;

12) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –радиациялық және физикалық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен радиоактивті қалдықтарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жоспарының;

13) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың;

14) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының;

15) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 мамырдағы №610 қаулысына 7-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекiтiлген



Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары өтiнiш берушiде:

1) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған лицензиясының;

2) тиiстi бiлiмi және мәлімделген жұмыс бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техникалық басшылардың, мамандардың бiлiктi құрамының;

3) өтініш беруші бекiткен жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделген жұмыстарды орындау регламентiнiң;

4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегi радиациялық қорғау бағдарламасының;

5) радиациялық қауіпсіздік жөніндегі және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жөніндегі нұсқаулықтар мен жоспарлардың;

6) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау жүйесінің (өтініш беруші бекіткен есепке алу және бақылау жөніндегі нұсқаулықтар, қабылдау-беру актілері, беру, есепке алу және сақтау журналдары);

7) персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесiнiң (үй-жайларының, аспаптар мен құралдарының, өлшеу әдістемесінің) немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылауды жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың;

8) радиациялық қауіпсіздік және жұмыс орнында радиациялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің (қызмет туралы бұйрық пен ереже, радиациялық бақылау жүргізу кестесі, өлшеу құралдары);

9) тасымалдау кезеңiнде ядролық материалдарды, иондаушы сәуле шығару көздерiн, радиоактивті қалдықтар мен радиоактивті заттарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесінің;

10) ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес тасымалдау кезеңiнде авариялық жинағының және аварияны жою құралдарының;

11) ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

12) көлiкке арналған санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының;

13) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның ерекше түрдегi радиоактивтi материалдың буып-түйетiн жинағының конструкциясын бекiткенi туралы құжаттың;

14) қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың;

15) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың;

16) мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 мамырдағы №610 қаулысына 8-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекiтiлген


Ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары өтiнiш берушiде:

1) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы берген мәлiмделген қызметтi жүргiзу көзделген аумақтың радиологиялық сипаттамасының (санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы);

2) пайдалы қазбаларды игеру жөніндегі қызмет үшін – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың;

3) жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделген жұмыстарды орындаудың өтініш беруші бекiткен технологиялық регламентiнiң;

4) радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

5) радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес өтініш беруші бекiткен радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi нұсқаулықтың;

6) өтініш беруші бекіткен полигон аумағы бойынша қозғалу бағытының;

7) жұмыстар жүргізілген жерде радиациялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің (қызмет туралы бұйрық пен ереже, бақылау кестесі, өлшеу құралдары) немесе мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде радиациялық бақылауды жүргізу құқығына арналған заңды немесе жеке тұлғамен шарттың;

8) персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізуге құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың;

9) қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 мамырдағы №610 қаулысына 9-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекiтiлген


Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары өтiнiш берушiде:

1) ядролық материалдарды және радиоактивтi заттарды тасымалдаған кезде физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін – жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның;

2) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – тиiстi бiлiмi және мәлімделген жұмыс бойынша даярлығы және практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және өтініш берушінің бұйрығымен мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техникалық басшылардың, мамандардың бiлiктi құрамының;

3) физикалық қорғау жүйелерін монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар үшін – қорғалатын объектiнiң ерекшелiгiн ескере отырып, персоналды даярлау бағдарламаларының;

4) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

5) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделген жұмыстарды орындаудың өтініш беруші бекiткен технологиялық регламентiнiң;

6) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін –бекітілген ядролық, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жоспарларының;

7) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 мамырдағы №610 қаулысына 10-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекiтiлген


Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке қойылатын

біліктілік талаптары
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:

1) оқу өткiзу үшiн өндiрiстiк-техникалық базаның (теориялық және практикалық оқу өткізу үшін оқытатын үй-жайлар, жабдықтар, аспаптар);

2) өтініш беруші бекiткен оқу және оқитындардың білімін тексеру бағдарламасының;

3) мәлiмделген қызметтің сапасын қамтамасыз ету, персоналды жинақтау мен даярлау саласындағы өтініш берушінің саясатын сипаттай отырып, мәлімделген жұмыстарды жүзеге асыру кезінде сапаны қамтамасыз ету бағдарламасының, өтініш беруші мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын нормативтік құжаттар тізбесінің, құжаттаманы басқару жүйесінің, оқитындардың білімін бақылау рәсімінің, мәлімделген қызметте пайдаланатын сапаны қамтамасыз ету әдістемесінің;



4) оқыту саласында мамандығы бойынша кемiнде үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi оқытушылар құрамының;

5) оқытушыларды іріктеу, жұмысқа жіберу, қолдау және біліктілігін арттыру рәсімі мен тәртібі белгіленген өтініш беруші бекіткен нұсқаулықтардың болуын қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет