Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы №1450 Қаулысы



Дата24.02.2016
өлшемі81.79 Kb.
#11701
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 15 қарашадағы № 1450 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:

18-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«18. Күрделі техникалық сипаттамалары және ерекшелігі бар тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді осы Ережеде айқындалған тәртіппен заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінен (консорциумдардан) сатып алады. Мемлекеттік сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциумдар) қатысқан жағдайда, онда аталған консорциумның қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Ережеде белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиіс:»;

163-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.»;

164-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

мынадай мазмұндағы 164-1-тармақпен толықтырылсын:

«164-1. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін өз конкурстық өтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.»;

Ережеге 3-қосымша:

47-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.»;

Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларда:

10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Біздің конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса, көрсетіледі).»;

Ережеге 4-қосымшада:

44-тармақтың бірінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

45-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

мынадай мазмұндағы 60-2-тармақпен толықтырылсын:

«60-2. Өнім беруші жеткізілетін тауардың бүкіл (барлық) партиясына (партияларына) CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынуға міндеттенеді.»;

2) «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 678-құжат):



көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында:

165-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.»;

мынадай мазмұндағы 166-1-тармақпен толықтырылсын:

«166-1. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін өз конкурстық өтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.»;

Қағидаларға 1-қосымшада:

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Ұйымдастырушы КҚ-ны алған веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде КҚ-ның ережелерін түсіндіру мәтінін веб-порталда жариялайды.»;

22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«22. Конкурстық комиссияның хатшысы электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашудың хаттамасын веб-порталда ашылған күні жариялайды. Бұл ретте веб-портал конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге хабарламаны автоматты түрде таратады.»;

50-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.»;

аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 3-қосымша мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Біздің конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса, көрсетіледі).»;

конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 3-қосымша мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Біздің конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу аукциондық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса, көрсетіледі).

Қағидаларға 5-қосымшада:

67-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.»;

аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 7-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2012 жылғы 15 қарашадағы

1450 қаулысына



қосымша

 

Аукциондық құжаттаманың



электрондық нысанына

7-қосымша

 

 



Берешектің жоқтығы туралы анықтама

 

Банктің атауы ________________________________________________________________________________________________



Банк деректемелері ____________________________________________________________________________________________

Кімге:

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы

_____________________________________________________________________________________________________________

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi

_____________________________________________________________________________________________________________

Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегi банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетін (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы көрсетілciн) банк алдында анықтама берілген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды.

 

Осы анықтама № _____ электрондық конкурсқа қатысу үшін берілді, электрондық конкурстың атауы ________________________.

 

Күні ____________

Қолы ____________

 

М.О.



 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет