Шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы №1035 қаулысы
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 4-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2012 жылғы «9» тамыздағы
№1035 қаулысымен
бекітілген
Шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі 11+ Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі 11+ Заң) 4-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленген және шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) грант 11+ шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге арналған инновациялық грант;
2) грант алушы 11+ осы Қағидаларға сәйкес грант алған заңды тұлға;
3) инновациялық грант 11+ инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
4) индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі 11+ жоба) 11+ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған іс-шаралар кешені;
5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі 11+ уәкілетті орган) 11+ индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) ұлттық институт 11+ технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;
7) өтінім 11+ осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініш;
8) өтініш беруші 11+ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алуға арналған өтінімді қарауға ұсынған заңды тұлға.
3. Гранттар өтініш берушілерге индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамаға сәйкес Үкімет айқындайтын инновациялық гранттарды берудің басым бағыттары шеңберінде ұсынылады.
4. Ұлттық институттың еншілес ұйымдары гранттарды алуға өтініш берушілер болып табылмайды.
5. Таратылу процесіндегі дәрменсіз (банкротқа ұшыраған) деп танылған, мүлкі тәркіленген және (немесе) экономикалық қызметі тоқтап тұрған заңды тұлғалар, көрсетілген заңды тұлғалардың иелері мен бірінші басшылары, дәрменсіз деп танылған және мүлкі тәркіленген жеке тұлғалар гранттарды алуға өтініш берушілер болып табылмайды.
6. Гранттар беру саласындағы ақпараттық қамтамасыз етуді ұлттық институт жүзеге асырады, сондай-ақ оның еншілес ұйымдары жүзеге асыра алады.
7. Гранттар беруді осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттарды беруге көзделген қаражатты бөлу арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
8. Гранттарды беру кезінде осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, тәуелсіз сараптама жүргізіледі.
9. Өтініш берушінің осы Қағидаларда көзделген гранттың бір түріне өтінім беруі оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамада көзделген өзге инновациялық гранттарды алуға ұмтылысын шектемейді.
2. Гранттар берудің тәртібі
Өтініш берушінің құжаттамасына қойылатын жалпы талаптар
10. Грант алу үшін өтініш беруші ұлттық институтқа мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша грант алуға өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспардың жобасы;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстар сметасының жобасы;
5) салық төлеушінің салықтық берешегінің және төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, өтінім беру күнінің алдындағы үш айдан артық жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе болуы туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған және салық органының мөрімен куәландырылған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
6) өтінім беру күнінің алдындағы үш айдан артық банк алдында берешегінің жоқтығы туралы банк (банктердің) басшысының немесе оның орынбасарының қолы мен банк мөрімен куәландырылған банк (банктердің) анықтамасының түпнұсқасы (егер өтініш беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, осы анықтама әрбір осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
7) өтінім қолма-қол ұсынылған жағдайда қосылған құн салығына есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі салыстыра тексерілгеннен кейін құжат түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда қосылған құн салығына есепке қою туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
8) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес соңғы 2 (екі) жылдағы қаржылық есептілігінің көшірмесі, егер заңды тұлға 2 (екі) жылдан кем қызмет етсе, соңғы жылдағы қаржылық есебі ұсынылады;
9) өтінім қолма-қол ұсынылған жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік пен жарғының түпнұсқасы және көшірмелері салыстыра тексерілгеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы келіп түскен жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік пен жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
10) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бірінші басшының тағайындалуы/сайлануы туралы құжаттың көшірмесі;
11) бірінші басшы болып табылмайтын тұлғаға өтінім беру, қол қою және грант беру туралы шартқа және грант алумен байланысты өзге құжаттарға қол қою құқықтары берілген құжат.
11. Шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға грантқа үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім берілген сәттен бастап кейінгі он екі ай мерзімге өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналының біліктілігін арттыру бағдарламасы;
2) алған білім мен дағдыларды кәсіпорында қолдануға байланысты өтініш беруші шетелге біліктілігін арттыруға жіберуді жоспарлап отырған қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы міндеттемелер жазылған шарт көшірмесі немесе келісімшарт;
3) іссапар орнына және тұрақты жұмыс орнына дейінгі жолақы құны, біліктілікті арттыру мерзімі ішінде өмір сүру құны бойынша құжаттарды қоса алғанда, біліктілікті арттыру курстарының құнын көрсете отырып, өтініш берушінің біліктілікті арттыру ұйымымен ынтымақтастығын растайтын құжат;
4) өтініш беруші біліктілігін арттыру үшін жіберуді жоспарлап отырған қызметкердің жеке басын куәландыратын кадрлар есебі бойынша жеке іс-парақтың кадр бөлімі куәландырған көшірмесі;
5) инженерлік-техникалық салада біліктілігін арттыруға жіберуі жоспарланып отырған қызметкердің лауазымы мен жұмыс тәжірибесін құжаттамалық растау.
12. Жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға грантқа үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жоғары білікті шетелдік маманның инженерлік-техникалық саладағы жоғары кәсіптік білімінің болуын растайтын мәліметтер;
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жоғары білікті шетелдік маманның инженерлік-техникалық салада кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер;
3) жоғары білікті шетелдік маманның инженерлік-техникалық салада шетелде соңғы бір жылдағы жалақысының деңгейі өтініш беруші мәлімдеген жалақының кемінде 60 (алпыс) пайызын құрайтынын растайтын құжаттар.
13. Консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға грантқа үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) егер мұндай құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болса, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін лицензиялар, рұқсаттар, өтінім қолма-қол ұсынылған жағдайда салыстыра тексерілгеннен кейін құжат түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда қызметтің жеке түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін лицензиялардың, рұқсаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдардың ұсынылатын қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын біліктілігі туралы мәліметтер;
3) консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдардың қызмет көрсету кезінде штаттық және штаттық емес мамандарының болуын растайтын мәліметтер, олар мынадай талаптарға сәйкес келуі керек:
жоғары арнайы білімнің болуы;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жобаның тиісті саласында зерттеулер саласында кемінде 3 (үш) жыл өндірістік жұмыс тәжірибесі;
4) тартылып отырған консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымның ұқсас қызметтер көрсеткен клиенттерінен кемінде үш ұсыным;
5) консалтингтік, жобалық және инжинирингтік қызметтер саласында қызметтер көрсететін ұйымның консалтингтік, жобалық және инжинирингтік қызметтер саласындағы қызметтерінің құнын растайтын құжаттар.
14. Басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге грантқа үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу бойынша қызметтер көрсету саласындағы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу қызметтерін көрсететін ұйымның кемінде екі жылдық жұмыс тәжірибесін растайтын біліктілігі туралы мәліметтер;
2) басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу саласында қызметтер көрсететін ұйымда кемінде екі жылдық жұмыс тәжірибесі бар тартылып отырған компания басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылған түйіндемелері қоса берілген білікті штаттық және штаттық емес мамандардың болуын растайтын мәліметтер;
3) тартылып отырған ұйымның ұқсас қызметтер көрсеткен клиенттерінен кемінде үш ұсыным;
4) басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу саласында қызметтер көрсететін ұйымның басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу бойынша қызметтер көрсетуге қызметінің құнын растайтын құжаттар.
15. Грант алуға өтінім материалдары бірыңғай бумаға жинақталған, беттері нөмірленген және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген болуы тиіс. Өтінімнің барлық материалдары жобаны іске асыру кезеңі ішінде жарамды және өтініш берушіге қайтарылмайды.
16. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы мәліметтердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын және сенімділігін қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептерде пайдаланылған мәліметтердің көзі және есепті жүргізу күні көрсетіледі.
17. Ұлттық институт өтініш берушінің жазбаша келісімінсіз өтінім туралы инновациялық гранттар беру процесіне қатысы жоқ үшінші тұлғаларға ақпараттың жария етілмеуін қамтамасыз етеді.
Гранттар беруді ұйымдастыру тәртібі
18. Ұлттық институт ресми бұқаралық ақпарат құралдарында грант алуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды жариялайды, Қазақстан Республикасының Үкіметі гранттар берудің басым бағыттарын бекіткеннен кейін байланысатын адамдарды көрсете отырып, өтінім қабылдаудың шарттары, мерзімі мен тәртібі туралы ақпаратты уәкілетті орган мен ұлттық институттың ресми интернет-сайтына орналастырады.
19. Ұлттық институт жыл сайын, тиісті жылдың бірінші тоқсанында осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген хабарландыруды ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, өтінім қабылдаудың шарттары, мерзімі мен тәртібін байланысатын адамдарды көрсете отырып, уәкілетті орган мен ұлттық институттың ресми интернет-сайтына орналастырады.
20. Гранттар алуға өтінім қабылдау тұрақты негізде жүзеге асырылады.
21. Уәкілетті органмен тиісті қаржылық жылға жасалған шартқа сәйкес ұлттық институттың есеп беруіне дейін 10 (он) жұмыс күні қалғанда ұлттық институт өтінімдерді қарастыруды тоқтатады. Бұл ретте өтінімдерді қарастыру рәсімі уәкілетті орган мен ұлттық институт арасындағы келесі қаржылық жылға арналған шартты қайта тіркеу немесе жасау күнінен бастап қайта жаңғыртылады.
22. Егер уәкілетті орган мен ұлттық институт арасындағы келесі қаржылық жылға арналған шарт қайта тіркелген немесе жасалған күніне дейін осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес қарастыру рәсімі тоқтатылған өтінім тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен жағдайда ұлттық институт уәкілетті органмен шарт қайта тіркелгеннен немесе жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге грант түріне байланысты осыдан бұрын қабылданған өтінім бойынша осы Қағидалардың 10-тармағында және 11, 12, 13, 14-тармақтарында көрсетілген құжаттарды өзектілендіру туралы жазбаша хабарламаны өтініш берушіге пошта арқылы және өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық поштасының мекенжайына (бар болса) жібереді. Өтінімді қарастыру рәсімі өтініш беруші өзектендірілген өтінімді ұсынған сәттен бастап жаңғыртылады. Бұл ретте өзектендірілген өтінімді енгізу мерзімі шектелмеген.
23. Грант беру рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:
1) ұлттық институттың өтінімдерді қабылдауы және осы Қағидалардың талаптарына және инновациялық гранттар берудің басым бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
2) ұлттық институттың өтінімдерді тәуелсіз сараптамадан өткізуді ұйымдастыруы;
3) ұлттық институттың өтінім бойынша мәлімделген шығындардың негізділігін тексеруі;
4) ұлттық институттың грантты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдауы;
5) ұлттық институттың грант алушымен инновациялық грант беру туралы шарт жасасуы.
24. Грант алу үшін өтініш беруші ұлттық институтқа осы Қағидалардың 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынуы қажет.
25. Грант алуға өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қағаз тасығышта 4 (төрт) данада 11+ түпнұсқа бір данада және көшірмелер үш данада және электрондық тасығышта (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) ұсынылады. Бұл ретте осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында, сондай-ақ 11, 12, 13, 14-тармақтарында көрсетілген құжаттар ағылшын тілінде электронды түрде (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) ұсынылады.
26. Ұлттық институт қабылдаған өтінімдер тіркелуге және тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде гранттар берудің басым бағыттарына, мәлімделген грант түрінің мазмұнына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарастыруға жатады.
27. Өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтініш берушіге пошта арқылы және өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық поштасына (бар болған жағдайда) сәйкессіздіктерді көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Бұл ретте өтінімдердің түпнұсқаларын ұлттық институт өтініш берушіге пошта арқылы жібереді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жоя алады және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін өтінімді қайта ұсына алады. Егер өтініш беруші ұлттық институт анықтаған сәйкессіздіктерді жоймай, өтінімді қайта ұсынған жағдайда ағымдағы жылы өтінімді одан әрі ұсыну құқығынсыз өтінім қарастырудан бас тартылады.
28. Қабылданған өтінімдер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда тіркелген күнінен бастап немесе пысықталған өтінімді алған күнінен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтінім материалдарын (өтініш беруші туралы мәліметтерді көрсетпей) тәуелсіз сараптамаға электронды түрде (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) жібереді.
29. Өтінімді алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тәуелсіз сарапшылар ұлттық институтқа қағаз тасығышта немесе электронды түрде (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) өтінім бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынады.
30. Ұлттық институт тәуелсіз сараптаманың оң қорытындысын алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінім бойынша мәлімделген шығындардың негіздемесін тексереді.
Шығындар негіздемесін тексеру ұсынылған шығындар сметасы негізінде жүзеге асырылады және құны мен мәлімделген шығындардың қажеттілігін талдаудан тұрады.
31. Өтінімдер бойынша мәлімделген шығындар негіздемесі тексерілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұлттық институт грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
32. Ұлттық институт инновациялық гранттар беру туралы шешімді тәуелсіз сараптаманың оң қорытындылары және мәлімделген шығындар негіздемесі негізінде қабылдайды.
33. Ұлттық институт мынадай жағдайлардың бірі:
1) тәуелсіз сараптаманың теріс қорытындысы;
2) мәлімделген шығындардың негізсіздігі;
3) өтініш беруші сенімді емес ақпарат ұсынуы орын алған кезде грант беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
34. Грант беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтініш берушіге шешімнің үзіндісі қоса берілген грант беруден бас тарту туралы негіздемені жібереді.
35. Грант беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім оны қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде грант алушылардың тізімі және грант алмайтын өтініш берушілердің тізімі уәкілетті органның және ұлттық институттың ресми интернет-сайтында жарияланады.
36. Ұлттық институт грант беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инновациялық грант алушылармен жобаны іске асыру мерзімін өзектендіреді және ұлттық институт бекіткен нысан бойынша инновациялық грант беру туралы шарт жасасады.
37. Инновациялық грант беру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның көшірмесі уәкілетті органға жіберіледі.
38. Егер инновациялық грант беру туралы шарт өтініш берушінің кінәсінен осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген мерзімдерде жасалмаған жағдайда ұлттық институт грант беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
39. Жасалған шартқа сәйкес жобаны тиімді бақылау мақсатында ұлттық институт кейіннен уәкілетті органға жарты жылда бір рет есеп жіберу үшін іс-шаралардың іске асырылуына және мәлімдеген шығындарға тұрақты мониторинг жүргізеді.
40. Грант қаражатын ұсыну бекітілген шығындар сметасына қатаң сәйкестікте грант алушының жұмсалған шығындары бойынша ғана жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |