Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 31 желтоқсан №1592 Астана, Үкімет Үйі


-стратегиялық бағыт. Су қауіпсіздігін және су ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету



бет2/23
Дата24.02.2016
өлшемі1.73 Mb.
#14638
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

2. 2-стратегиялық бағыт. Су қауіпсіздігін және су ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету

1. Дамудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасындағы экономика салаларын сумен қамту маңызды мәселе болып табылады, оны шешу мемлекеттің жемісті дамуы үшін қажет.

Қазіргі заманғы жағдайда су ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетика мен экономиканың басқа салаларын, қоршаған табиғи ортаның тұрақтылығын айқындайтын басты фактор болып табылады. Тағы су санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қолдауда басты рөлді атқарады.

Қазақстан Республикасының жер үсті су ресурстары жылдың орташа сулылығы бойынша 99,6 текше метрге (бұдан әрі – км3) бағаланады, оның ішінде 52,2 км3 Қазақстан аумағында құрылады және 47,4 км3 көршілес аумақтардан келеді (Қытай Халықтық Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан және Ресей Федерациясы).

Қазақстан өзендерін суландыратын негізгі көз мұздықтар болып табылады, олардың алаңы шамамен 2 мың км2 тең, көлемі – 98 км3 аса.

Қазақстан аумағы бойынша 85 мыңға жуық өзен мен уақытша ағын сулар ағып өтеді, оның ішінде 8 мыңнан аса өзендер ұзындығы 10 км-ден асады. Аумақ бойынша өзен желісінің қалыңдығы тең емес. Ол солтүстікте 0,03-тен 0,05 км/км2 дейін, шөлейт аймақтарда азаяды, сондай-ақ жақсы ылғалды аудандарда 0,4-тен 1,8 км/км2 дейін құрайды.

Қазақстан аумағының 1 км-де жылына 40 мың м3 өзен суы бар.

Жерасты суларының жалпы пайдалану қорлары 15,44 км3/жылына немесе болжамды ресурстардан 38%-ға жуық құрайды.

Пайдалану қорларының ішінде тұщы су 13,52 км3/жылына немесе жалпы санынан 88%-ға жуық құрайды. Нысаналы мақсаты бойынша жерасты суларының барланған қорлары былайша бөлінеді, км3/жылына: шаруашылық-ауыз сумен қамту (ШАҚ) – 5,76; өндірістік-техникалық сумен қамту (ӨТҚ) – 1,4; жерлерді суландыру (ЖС) – 8,26; бальнеологиялық мақсаттар (минералды сулар) – 0,014.

Су шаруашылығы есептері бар су ресурстары қазіргі заманғы деңгейде экономика саласының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратындығын көрсетеді.

Жалпы, 2000 жылдан кейін (әсіресе соңғы 3-4 жылда) елімізде экономиканың ауқымды өсуі байқалған, алайда, суды тұтыну көлемінің ауқымды өсімі байқалмаған. Бұл өнеркәсіптік өндірістің технологиялық циклінде суды аса тиімді пайдаланумен және суармалы егіншілікте дағдарыс кезеңінің жалғасуымен байланысты.

2012 жылы су алу Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 21,4 км3 құрады, лимит бойынша 26,5 км3. Оның ішінде есепті жылы барлығы – 18,4 км3 пайдаланылды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер 0,72 км3, өнеркәсіптік – 5,2 км3, ауыл шаруашылығы барлығы 9,1 км3, балық шаруашылығы 0,27 км3, басқалары 1,77 км3. 2012 жылы барлығы 1,13 км3 жерасты суы алынған.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Ұзақ мерзімді мемлекетаралық келісімдердің болмауы салдарынан Орта Азия аумағының трансшекаралық өзендері бойынша күрделі жағдай туындаған, онда елдер тәуелсіздік қағидаттарына негізделген ұлттық су стратегиясын іске асырады. Тәжікстан Әмудария өзені бассейнінде Рогун ГЭС салу туралы мәселені белсенді түрде қарауда, Қырғызстан Сырдария өзені бассейнінде Қамбарата ГЭС пайдалануға енгізуді жоспарлаған. Өзбекстан белгіленген мемлекетаралық лимиттерден артық Сырдария ағысын 3 км3 жуық өз аумағына жинауды жоспарлаған.

Ертіс, Жайық, Тобыл, Үлкен және Кіші Өзен трансшекаралық өзендері бойынша Қазақстан және Ресей су қатынастарында шешілмеген бірқатар проблемалар бар. Қытай Іле және Қара Ертіс трансшекаралық өзендер бассейндерінде белсенді су шаруашылығы қызметін жүргізуде. Трансшекаралық бассейндерде мемлекетаралық су бөлу саласында Қытай қалыпты түрде қатаң ұстанымды алып отыр.

Су-энергетикалық ресурстарын пайдалану бойынша мемлекетаралық міндеттерді орындау талдамасы 1992 жылдан осы уақытқа дейін бір ретте бірде-бір келісім барлық тараптармен толық көлемде орындалмағанын көрсетті. Оның негізгі себебі су ресурстарын басқару бойынша мемлекетаралық құқықтық базаның жетілдірілмеуі және сулы-жағармай-энергетикалық алмасудың өзара пайдалы және тиімді тетігінің болмауы болып табылады.

«Ауыз су» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде тасымалданатын суды пайдаланатын ауыл халқының саны 5 есе қысқарды және 82,9 мың адамды құрады. Санитариялық нормаларға жауап бермейтін су құбырларының жағдайы 336-дан 133 бірлікке дейін төмендеді.

Бағдарламаны іске асырудағы нақты жағымды нәтижелерге қарамастан, ауыл халқын сумен қамтамасыз ету проблемасы осы уақытқа дейін сақталып отыр.

Орталықтан сумен қамтуға ауылдық елді мекендердің қолжетімділігі 12 %-ға ғана өсті және 41 %-ды құрады.

Бүгінгі күні АЕМ жалпы санынан – 7 031-ден ауыз сумен қамтамасыз етілмегендерге (проблемалы) 3 849 АЕМ жатқызылған халық саны 3 миллионға жуық адам немесе барлық ауыл халқынан 40 %.

Су қажеттілігінің жылдам өсуіне байланысты болашақта су тапшылығы күтілуде, осы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі және әлеуметтік дамуы үшін негізгі кедергі болуы мүмкін.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Соңғы 50 жылда трансшекаралық суға байланысты әлемде 500-ге жуық даулы жағдайлар туындаған, 200 жуық шарттар талқыланған және қол қойылған.

Қазіргі уақытта шекаралас мемлекеттермен су қатынастары жекелеген Үкіметаралық келісімдер негізінде реттеледі. Үкіметаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес құрылды және қызмет етеді:

1) Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан-Ресей комиссиясы;

2) Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан-Қытай Бірлескен комиссиясы;

3) Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану бойынша Қазақстан-Қырғыз комиссиясы;

4) Арал теңізі бассейндері өзендерінің су ресурстарын пайдалану бойынша Мемлекетаралық Үйлестіру Су шаруашылығы комиссиясы (бұдан әрі – МҮСК).
3. 3-стратегиялық бағыт. Өсімдік және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету

1. Дамудың негізгі параметрлері

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2012 жылы облыстар әкімдіктерінің орманды қорғау мекемелері және Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің табиғатты қорғау мекемелері ауданы 70,0 мың га, оның ішінде ауданы 60,8 мың га ағаш отырғызу мен егу және ауданы 13,2 мың га орманды табиғи жаңартуды қолдау әдістерімен ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Ормандарды қайта қалпына келтіру көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 30 %-ға, ал 2005 жылмен салыстырғанда 58 %-ға өсті.

Жыл сайын Астана қаласының жасыл аймағының алаңы кеңейтілуде. 2012 жылғы көктемде оны құру бойынша ауданы 5 мың га жұмыстар жүргізілді. 1997 жылдан бастап барлығы 60 мың га екпе ағаштар отырғызылды.

2012 жыл ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жабайы тұяқты жануарлар мен киіктердің санын сақтау және қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Ауланатын жануарлардың түрлерін облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларының инспекторлары мен аңшылық шаруашылығы құрамының қорықшылар күшімен күзету жұмыстары жүргізілді.

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК мен ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты» РМК өткізген киіктерді есепке алу нәтижелері бойынша киіктердің жалпы саны 137,5 мың дарақты (35,5 мың дарақ немесе 2011 жылға қарағанда 34,8 %-ға көп), оның ішінде: бетпақдалалықтар – 110,0 мың, үстірттіктер – 6,5 мың және жайықтықтар – 20,9 мың дарақты құрайды.

Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың тиімді шаралары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру болып табылады. Киіктер мен далалық экожүйелерді сақтау үшін 2012 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1496 қаулысымен Қостанай облысында жалпы ауданы 489,7 мың га «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды.

Республикада аңшылық алқабы 234,0 млн. га аумақты алып жатыр, оның ішінде 2013 жылғы 1 қаңтарға аңшылық шаруашылықтарына 120,0 млн. га (51,2 %) бекітілген. Көрсетілген аумақтарда қорықшылар қызметінің күшімен жануарлар дүниесі объектілерін қорғау қамтамасыз етіледі, оларды ұстауға 2012 жылы жеке қаражат есебінен 1,12 млрд. теңге жұмсалды. 2012 жылы тоғыз облыста аңшылық алқаптар резервіндегі қордың 3,66 млн. га астам алаңында материалдар бойынша 2013 жылы 38 аңшылық шаруашылығын құру жоспарланған шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

Балық шаруашылығы.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтармен күресуді күшейту мақсатында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Мысалы, 2012 жылғы 25 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осы Заңмен мыналарға бағытталған түзетулер енгізілген:

1) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және тиімді пайдалану үшін мемлекеттік бақылауды күшейту;

2) табиғатты қорғау заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату;

3) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесіне үкіметтік емес ұйымдарды тарту.

Тұрақты негізде балықты заңсыз аулау фактілерін ескерту, анықтау және жол бермеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2012 жылы бассейндік балық шаруашылық инспекциялары 6527 бұзушыға 6839 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады, 41,2 млн. теңге сомаға айыппұл салынды. Бұзушылардан 37 тонна балық, оның ішінде бекіре балығы – 402 кг тәркіленді. Балық ресурстарына келтірілген зияны үшін 16,8 млн. теңге сомаға талап қойылды.

Балық ресурстарын пайдалануды реттеу мақсатында 2026 балық шаруашылығының су қоймалары (учаскелері) 1103 пайдаланушыға бекітіліп берілді.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының және ғылыми биологиялық негіздеменің негізінде Үкімет жыл сайын балық шаруашылық су қоймаларынан балық ресурстарын аулауға шекті мөлшерді бекітеді. 2012 жылы 57,1 мың тонна балық аулауға лимит бөлінген, іс жүзінде пайдаланушылар – 38,6 мың тонна балық аулады.

Балық ресурстарына өзендердің орларын реттеу, көмірсутекті шикізат өндіру және басқа шаруашылық қызметі келтірген зиянның орнын толтыру мақсатында өз уақытында молықтыру бағытындағы кәсіпорындар салынған. 2007 жылы бес кәсіпорын бәсекелестік ортаға берілді.

Бүгінгі таңда Балық шаруашылығы комитетінің қарамағында 2 бекіре балығын өсіру зауыты, 3 балық питомнигі, уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы және өндірістік-жерсіндіру станциясы бар. Олар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар құқықтық-ұйымдастыру нысанында қызмет атқарады. 2012 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 158,4 млн. дана құнды балық шабақтары өсірілді және табиғи ортаға жіберілді.

Балық ресурстарын табиғи өндіру жағдайын жақсарту іс-шаралары шеңберінде жыл сайын Қиғаш және Жайық өзендерінің арналарында балық өтетін жерде мелиоративтік жұмыстар жүргізіледі. Түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу көктем мезгілінде уылдырық шашу орнына бекіре тұқымдас балықтарының кідіріссіз өтуін қамтамасыз етеді.

Табиғи су қоймаларының кәсіптік объектілерінің санын қысқартуға беталыс көрінісі жағдайында балық кәсібі үшін аквадақылды дамыту (тауарлық балық өсірушілік) балама болып табылады.

Балық аулаушылықтан тауарлық балық өсірушілікке қайта бағдарлау су қоймасының табиғи популяциясына аса жоғары келеңсіз нормалық қыспақты алып тастауға мүмкіндік береді.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазіргі уақытта орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы маңызды проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:

1) орман шаруашылығына үлкен залал келтіретін орман өрттері;

2) орман өрттерінің туындауына зор ықпал ететін дала өрттері. Олар сондай-ақ жануарлар дүниесі мен жалпы биологиялық әртүрлілік жағдайын құртады, ауыл шаруашылығына айтарлықтай залал келтіреді;

3) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің әлсіз материалдық техникалық қамтамасыз етілуі;

4) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесіндегі өртке қарсы іс-шараларды жеткіліксіз қаржыландыру;

5) тарихи мекендеу орындарына қайта жерсіндіру үшін, гендік қорларды сақтау үшін, аңшылық шаруашылығын дамыту үшін (жануарларды ұстау, карантин, тасымалдау және т.б.) жабайы жануарлардың қоныс аударуы бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар үшін «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК құрамында тар мамандандырылған құрылымдық бөлімшелердің болмауы;

6) жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін бұдан әрі конкурстық негізде бекіту мақсатында жануарлар дүниесінің объектілерін қорғау бойынша олардың міндетіне жүктелген перспективалық учаскелерді анықтау үшін резервтік қор аумақтары аңшылық алқаптарының жеткіліксіз зерттелуі;

7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласы жөніндегі шараларды қолдану мақсатында аңшылық шаруашылығындағы жабайы өсіру мәселелері, жыл құстары мен жануарлардың негізгі қоныс аудару жолдарының анықталмауы және зерттелмеуі;

8) жыртқыштардан тұрғындарға, ауыл шаруашылығы мен жабайы фауналарға келтірілетін зияндарды барынша азайту бойынша алдын алу шараларын қабылдау үшін республика аумағында олардың саны мен оңтайлы санын есепке алу мәселелерінің зерттелмеуі.

9) Жабайы тұяқты жануарлардың санын реттеу және тарихи мекендеу орындарына қайта жерсіндіру үшін, олардың гендік қорларын сақтау үшін жануарларды жартылай ұстау және көшіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында ауыл шаруашылығын дамыту, асырау базасының болуы есебінен таралу ареалында олардың (арқар, құлан, жайраң, тоғай маралы, киік) оңтайлы саны мәселелерінің зерттелмеуі;

10) Қазақстанда қар барысын (Pantheraunica) және кіші ақбас қазды (Ansererythropus) сақтау бойынша халықаралық шаралар шеңберінде оларды сақтау проблемаларын шешу бойынша қаржыландыру іс-шараларын айқындау.

Қазіргі уақытта балық шаруашылығы саласындағы маңызды проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:

1) жасанды өсірілетін құнды балық түрлерінің шабағын су қоймаларына шығарудың жылдық көлемі балық шаруашылығы ғылымының ұсыныстарына сәйкес келмейді;

2) себеп – өткен ғасырдың 70-80 жылдары құрылған балық питомниктерінің негізгі құралдары 25 жылдан бері жаңартылмаған;

3) осыған байланысты балық қайта өндіру кешені кәсіпорнының өндірістік базасын жаңарту мәселесін шешу қажет, оның ішінде Атырау қаласында әрекет ететін екі бекіре балық өсіру зауыттарын реконструкциялау;

4) бекіре балық түрлерін сақтау және Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Атырау облысында қуаттылығы жылына 30 млн. дана шабақ өсіретін жаңа бекіре балық зауытын құру қажет;

5) табиғи су қоймаларына құнды балық түрлерін шығаруды ұлғайту кәсіптік балық түрлерінің табиғи популяциясын ұтымды деңгейде ұстауға жағдай жасайды;

6) құнды кәсіптік балық түрлерін табиғи қайта өндіру үшін жағдайды жақсарту мақсатында негізгі трансшекаралық өзеннің атырау, арна және алқап бөліктерінде жер өңдеу (түп-тереңдету) жұмыстарын жүргізу қажет;

7) каспийлік итбалық популяциясына кері әсер ететін факторларды зерттеу үшін мақсатты қаржы құралдарын қарастырып, балық шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қаржы құралдарының бөлінуін ұлғайту қажет;

8) бұдан басқа, балық шаруашылығы облысаралық бассейіндік инспекциялардың инспекторлық құрамы санының жеткіліксіздігі және олардың әлсіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі негізгі мәселелердің бірі болып табылады;

9) балық шаруашылығының дамуына әсер ететін негізгі сыртқы және ішкі факторларға жататындар:

10) жағымсыз антропогендік және техногендік әсер;

11) табиғи сипаттағы тәуекелдер (су ресурстары тапшылығының артуы, қолайсыз гидрологиялық режим (суы аздық), судың гидрохимиялық құрамының нашарлауы (оттекті режим), іргелес елдерде балықтардың ауруы, бөтен түрлердің және т.б. кіруінен экожүйелерге кері әсер ету);

12) қайта өндіру кешеніндегі кәсіпорындардың өндірістік базаларының қатты тозуы;

13) балық шаруашылығы облысаралық бассейіндік инспекцияларының әлсіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;

14) ғылыми зерттеулер жүргізуге қаржының жеткіліксіздігі;

15) жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі.

2012 жылы республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының аумағында ауданы 6,6 мың га. 665 орман өртінің жағдайы болды, оның ішінде орман көмкерген жерлер 4,7 мың га. Орман өртінен келтірілген залал – 165 327 мың га.

2012 жылғы орман өртінің талдамасы 2011 жылмен салыстырғанда олардың ауданы 52 %-ға ұлғайғанын, бірақ соңғы 5 жылмен салыстырғанда орман өртінің орташа көрсеткіші 1,5 %-ға азайғанын көрсетті.

Орман қорына қауіп төндіретін дала өрттерін уақтылы анықтау және жою авиациялық қарауылдау өткізумен де қол жеткізілген. 2012 жылы 8897 сағат көлемінде 8869 мың га аумағында ормандарды авиациялық қарауылдауды жүзеге асырылған болатын. Бұл ретте орман өртінің 351 жағдайы айқындалған және жойылған болатын, ол қорғалатын аумақтар бойынша оның жалпы санынан 81%-ды құрайды.

Соңғы жылдары орман шаруашылығының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде бюджеттік қаржыландыру салаларын ұлғайтуға, ағашты заңсыз кесу көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізілді. 2012 жылы 4,2 мың текше метр көлемінде заңсыз сүрек дайындалып, заңсыз ағаш кесілген 869 жағдай анықталды, бұл 2006 жылғы көлеммен салыстырғанда 51 есе аз.

Ағымдағы жылдың басында өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқық қорғау органдарымен бірлесіп 17324 рейд өткізді, бұл ретте көлемі 398 текше метрді құрайтын ағашты заңсыз кесудің 830 фактісі анықталды. 448 орман заңнамасын бұзушыға 4999 мың теңге сомасында айыппұл салынды, оның ішінде 316 бұзушыдан 3878 мың теңге өндіріп алынды. 651 бұзушыға 12177 мың теңге сомасына талап арыз ұсынылды, оның ішінде 477 бұзушыдан 8987 мың теңге өндіріп алынды.

Бұзушылардан 1046 текше метр заңсыз дайындалған сүрек, сондай-ақ құқық бұзушылардан 30 құрал алынды.

Ағаштарды заңсыз кесу фактісі бойынша 246 сотқа және 186 іс құқық қорғау органдарына берілді, бұл ретте сотпен 219 әкімшілік және 9 қылмыстық іс қаралды.

Балық шаруашылығы.

Балық шаруашылығы өндірістің дамуына әлеуетті қоры бар Қазақстанның экономикалық секторларының бірі.

Балық шаруашылығы «жасыл экономиканың» негізгі факторы ретінде халықты ақуызбен толық балансталған, экологиялық таза қорекпен қамтамасыз ету, сонымен қатар табыс көзі және тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету ретінде әлеуметтік мәселелерді шешу ісінде маңызды мағынаға ие.

Балық шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары:

1) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғауды жүзеге асыру;

2) балық ресурстарын орнықты пайдалануды реттеу;

3) балық ресурстарын молықтыру болып табылады.


3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері

1-стратегиялық бағыт. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту


1.1-мақсат. Экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау және экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету

Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды: 001, 002, 003, 004, 009, 010, 012, 018, 020, 021, 022, 024, 040





Нысаналы индикатор (қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезеңін) көрсете отырып)

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

оның ішінде аралық мәнді көрсете отырып

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2012

жыл (есеп)



2013

жыл (ағымдағы жылдың жоспары)



2014
жыл

2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Ластаушы заттардың жалпы шығарындылары нормативтерінің белгіленген мәндерінің көлемдері 5 млн. тоннадан аспайтын болады (жыл сайын 2020 жылға дейін)

ведомстволық деректер

млн. тонна

3.5

5

5

5

5

5

5

2.

Ластаушы заттардың төгінділері нормативтерінің белгіленген мәндерінің

көлемдері 5 млн. тоннадан аспайтын болады (жыл сайын 2020 жылға дейін)

ведомстволық деректер

млн. тонна




2.8

5

5

5

5

5

5

3.

Өндіріс қалдықтарының түзілуіне оларды қайта өңдеу үлесі

есепті деректер

%

24,2

24,3

24,4

24,5

24,6

24,7

24,8

4.

Қайта өңдеуге бағытталған коммуналдық қалдықтар көлемі

есепті деректер

мың.тонна

/жыл


49,41

100

150

200

250

300

350

5.

ҚТҚ жалпы көлемінен қалдықтарды қайта өңдеу үлесі

ведомстволық деректер

%

1

3

3

5

7

10

15

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері:

1.1.1-міндет. Қоршаған ортаға эмиссияларды тұрақтандыру





Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2012
жыл (есеп)

2013
жыл (ағымдағы жылдың жоспары)

2014
жыл

2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

6.

Стационарлық көздерден атмосфераға шығатын ластаушы заттардың шығарындылары*

статистикалық

деректер


млн. тонна

3,35

3,35

3,35

3,35

3,35

3,25

3,25

7.

Кен өндіруші кәсіпорындарға келетін ластаушы заттардың жалпы шығарындылары нормативтерінің белгіленген мәндерінің көлемдері

ведомстволық деректер

млн. тонна

3,35

3,35

3,35

3,35

3,35

3,25

3,25

8.

Ластаушы заттар төгінділерінің нақты мәндерінің көлемі*

ведомстволық деректер

млн. тонна

3,05

3,05

3,05

3,05

3,05

2,95

85


2,95

85


9.

Кен өндіруші кәсіпорындарға келетін ластаушы заттардың төгінділері нормативтерінің белгіленген мәндерінің көлемдері

ведомстволық деректер

млн. тонна

3,36

3,36

3,36

3,36

3,36

3,36

3,36

Ескертпе * - жылдың қорытындысы бойынша жедел, есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінде түпкілікті деректер ұсынылады.




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2014
жыл

2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл




1

2

3

4

5

6

10.

Қоршаған ортаға эмиссияларды реттеу саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттарды мониторингілеу

Х

Х

Х

Х

Х

11.

Кен өндіруші кәсіпорындардың экологиялық зиянсыз технологиялар ендіру бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуі

Х

Х

Х

Х

Х

12.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру

Х

Х

Х

Х

Х

13.

Атмосфераға шығарындылар және суға төгінділер бойынша өндірістік экологиялық бақылау қорытындылары бойынша есептіліктің мониторингі

Х

Х

Х

Х

Х

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері:

1.1.2-міндет. Тарихи ластануларды жою, табиғи ортаны қалпына келтіру





Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2012
жыл (есеп)

2013
жыл (ағымдағы жылдың жоспары)

2014
жыл

2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

14.

Қайта өңдеуге жататын қалдықтардың түрлері мен құрамын айқындау, кәдеге жарату және/немесе қоршаған ортаға әсерін азайту бойынша шаралар қабылдау үшін сот шешімімен республикалық меншікке берілген тексерілетін объектілердің саны

ведомстволық деректер

бірлік







46

42

6







15.

Тарихи ластануларды жою және табиғи ортаны қалпына келтіру бойынша іске асырылатын жобаларының саны

ведомстволық деректер

бірлік

5

5

5

1

1










Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2014
жыл

2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл




1

2

3

4

5

6

16.

«Тарихи» ластануларды жою жөніндегі жобаларды әзірлеу және іске асыру

Х













17.

Қоршаған ортаны қорғау объектілерін реконструкциялау және қалпына келтіру жөніндегі жобаларды әзірлеу және іске асыру

Х

Х

Х

Х

Х

18.

Сот шешімімен республикалық меншікке берілген иесіз қалдықтарды (объектілерді) түгендеу жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру

Х

Х

Х







19.

Сот шешімімен республикалық меншікке берілген қалдықтарды сату мақсатында тендерлік құжаттама дайындау және тендер өткізу

Х

Х

Х







20.

Сот шешімімен республикалық меншікке берілген қажет етілмеген қалдықтарды (объектілерді) кәдеге жарату/қайта өңдеу технологияларын әзірлеу және/немесе олардан экологиялық тәуекелді төмендету бойынша шаралар қабылдау
















21.

Нұра өзені бассейнінің жай-күйіне тексеру жүргізу және Нұра өзенін кешенді тазарту және оның ластануының алдын алу бойынша жұмыстар көлемін анықтау




Х

Х







Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері:

1.1.3-міндет. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару





Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2012
жыл (есеп)

2013
жыл (ағымдағы жылдың жоспары)

2014
жыл

2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

22.

Кәдеге жаратылған өндіріс және тұтыну қалдықтарының көлемі

ведомстволық деректер

млн. тонна

244,3

248,4

248,4

253,4

273,7

293,9

314,4

23.

Заңдастырылған ҚТҚ полигондарының саны

ведомстволық деректер

дана

781

783

785

787

789

791

793

24.

Қазақстан Республикасының тұрғындарын қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту

ведомстволық деректер

%

55

55

55

58

60

63

65




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2014
жыл

2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл




1

2

3

4

5

6

25.

Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бойынша инвестициялық негіздеме әзірлеу

Х













26.

ҚТҚ жөнінде нормативтік-нұсқамалық құжаттарды әзірлеу

Х

Х

Х

Х

Х

27.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қолданыстағы ҚТҚ полигондарына тексеру жүргізу

Х

Х

Х

Х

Х

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері:

1.1.4-міндет. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыру





Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2012
жыл (есеп)

2013
жыл (ағымдағы жылдың жоспары)

2014
жыл

2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

28.

Берілген нұсқамалардың жалпы санына мемлекеттік бақылаудың орындалған нұсқамаларының үлесі

есеп

%

96

86

87

88

89

90

91

29.

2013 жылмен салыстырғанда табиғат пайдаланушылардың, қоғамдық ұйымдардың және ЖОО өкілдерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілігін арттыру курстарымен қамту

есеп

%







5

8

12

16

20




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне жетуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2014

жыл


2015

жыл


2016

жыл


2017

жыл


2018

жыл





1

2

3

4

5

6

30.

Инспекциялық тексерулер (жоспарлы, жоспардан тыс) жүргізу

X

X

X

X

X

31.

Тексерулер жүргізу кезінде экологиялық заңнаманың нормаларын және талаптарын сақтауды түсіндіру бойынша табиғат пайдаланушылармен жұмыс жүргізу

X

X

X

X

X

32.

Мемлекеттік экологиялық бақылаудың мәселелері бойынша тәуекелдер жүйесінің тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау (табиғат пайдаланушылардың тәуекелдерін бағалау жүйесінің өлшемдерін қайта қарау және нормативтік деңгейде тиісті өзгерістерді бекіту)

X














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет