Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы



Дата23.02.2016
өлшемі209.34 Kb.
#9949


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 24 сәуір №391 Астана, Үкімет Үйі
Мемлекеттік мүлікті есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «24» сәуірдегі №391 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысы азақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 61-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 478-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 580 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 162-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 926 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 396-құжат).

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат).

______________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «24» сәуірдегі №391 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысындаазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:

«Өзге мемлекеттік қызметтер» деген 26-бөлімде:

569 және 570-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«


569

Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар дың тізбесі; мемлекеттік меншік объектіле рін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материал дар)

Жеке және заңды тұлға лар

Қаржымині

Қаржымині нің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

Қаржымині нің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

Электрондық түрде (ақпарат)

570

Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтер ді қамтитын анықтаманы беру

Жеке және заңды тұлғалар

Қаржымині

Қаржымині нің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

Қаржымині нің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

Электрон дық түрде (анықта ма)

».

2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 211-құжат):



көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Бюджеттік бағдарлама» деген 7-бөлімде:

«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7.1-кіші бөлімде:

«016 Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен байланысты дауларды реттеу» деген бюджеттік бағдарламада:

тікелей нәтиже көрсеткіштерінде

мына:


«

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекеттің қатысы бар заңды тұлғалардың Тізілімінде тіркелген есепке алу объектілерінің көлемі

бірлік

27 000

26

700


27 600

27 400

27

300


27

200


 

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


Мемлекеттік мүлік тізілімінде тіркелген есепке алу объектілерінің саны

бірлік

27 000

26 700

27 600

27 400

27 300

27 200

 

».

3. «Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 563-құжат):



көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасында:

7-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) заңды тұлғалар үшін:

салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе көрсетілген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі не мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы), салық төлеуші куәлігінің көшірмелері не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

салықтық берешектің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;»;

20-тармақтың бірінші бөлігінде:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мемлекеттік мүлік тізілімінен үзінді.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Осы Қағиданың 24 және 43-тармақтарында санамаланғандардан басқа, қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар тендерге қатысушы, осы қатысушының деректемелері көрсетіле отырып берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтінішті тапсырған күнінен бастап банктiк он күннен кешiктiрілмейтін мерзiмде қайтарылады. Тендерге қатысушылардың кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініштері республикалық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының шотына жарналар түскеннен кейін қабылданады.»;

27-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;».

4. «Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 782-құжат):



көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасында:

10-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) заңды тұлғалар үшін:

салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе көрсетілген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі не мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы), салық төлеуші куәлігінің көшірмелері не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Жалға беруші мерзімді баспа басылымдарында және мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) веб-порталында тендер өткізу туралы хабарламаның оларды өткізуге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын қазақ және орыс тілінде жариялануын қамтамасыз етеді.»;

24-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

3) заңды тұлғалар үшін:

салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін не мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты пен жарғы) және салық төлеуші куәлігінің көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;».

5. «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 784-құжат):



көрсетілген қаулымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлікті есепке алуды мемлекеттік мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтерді енгізу жолымен жүргізеді.».

6. «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 442 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 564-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Тізілімде мемлекеттік мүлікті бірыңғай орталықтандырылған есепке алуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Бекітілетін есепке алу объектілерін тізілімде есепке алуды:

1) республикалық мүлік бойынша – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;

2) облыстық коммуналдық мүлік бойынша – облыстық уәкілетті орган;

3) аудандық коммуналдық мүлік бойынша – аудандық уәкілетті орган ұйымдастырады.

Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті саладағы уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, сондай-ақ шетелдегі жылжымайтын мүлік объектілерін есепке алуды ұйымдастырады.»;

9-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

14-тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:

«5) мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару тиімділігінің мониторинг нәтижелері;

6) мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау бойынша ақпарат;

7) мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру үшін ұсынылатын есепке алынатын объектілер туралы мәліметтер;

8) жасалған мүліктік жалдау (жалға алу) және сенімгерлік басқару шарттары бойынша, атап айтқанда шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтер;

9) мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар;

10) республикалық және коммуналдық мүлікке жататын концессия объектілері жөнінде жасалған концессия шарттары бойынша мәліметтер;

11) Ресей Федерациясына мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасының мүлкі бойынша мәліметтер.»;

мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2, 24-3, 24-4, 24-5, 24-6, 24-7-тармақтармен толықтырылсын:

«24-1. Мемлекеттік заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, сондай-ақ ұйымдарды тiркеу, қайта ұйымдастыру (қайта құру, бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару), тарату, қайта тiркеу үшiн:

мемлекеттiк заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ ұйымдар бірыңғай операторға заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi – тiркеушi орган) белгiлеген нысан бойынша толтырылған және уәкiлеттi адам қол қойған өтiнiштiң бланкiсiн береді;

бірыңғай оператор өтiнiштi алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтініште көрсетілген мемлекеттік заңды тұлға немесе ұйым бойынша тiзiлiмдегi ақпаратты тексередi, тiзiлiмге қажеттi өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзедi және өтiнiштiң бланкiсiне тиiстi белгi қояды;

мемлекеттік заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ ұйымдар тiркеушi органға бірыңғай оператордың белгiсi бар өтiнiштi бередi.

24-2. Ұйымның жарғылық капиталының мөлшерi өзгерген кезде тiркеушi органға осы Қағидалардың 24-1-тармағында көзделген тәртiппен бірыңғай оператор растаған өтiнiш берiледi.

24-3. Тiркеушi орган бес жұмыс күнi iшiнде бірыңғай операторға тiзiлiмге өзгерiстер енгiзу үшiн жүргiзiлген мемлекеттік заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, сондай-ақ ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы не тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартылғандығы туралы хабарлайды.

24-4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздармен мәмiлені тіркеу үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкiлеттi органның, облыстық уәкілетті органның немесе аудандық уәкілетті органның бағалы қағаздармен мәмілесін тіркеуге арналған бұйрығы бірыңғай оператордың белгісімен беріледі.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес айқындалған бірыңғай тіркеуші бес жұмыс күнi iшiнде тiзiлiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздармен мәмiлелердi тіркеу не тіркеуден бас тарту нәтижелерi туралы бірыңғай операторға хабарлайды.

24-5. Мемлекеттік мүлікті сатып алу-сату, кепiлге немесе сенімгерлік басқаруға беру шарттарының бір тарапы болып табылатын мемлекеттік орган мәмілені тіркегеннен кейін бес жұмыс күнi iшiнде тiзілiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн шартты жасасу туралы бірыңғай операторға хабарлайды және тиісті шартта бірыңғай оператордың белгiсi қойылады.

24-6. Осы Қағидалардың 24-5-тармағында көрсетілген шарт бұзылған жағдайда, шарттың бiр тарапы болып табылатын мемлекеттік орган бес жұмыс күнi iшiнде тiзілiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн бірыңғай операторға шарттың бұзылғандығы туралы хабарлайды.

24-7. Орталық атқарушы орган құзыреті шегінде банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiн бақылау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган мемлекеттiк заңды тұлғалар, ұйымдар таратылған жағдайда, тарату туралы шешiм заңды күшiне енген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бірыңғай операторға тарату рәсiмiнiң басталғаны туралы хабарлайды.».

7. «Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 443 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 565-құжат):

1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру кезеңділігінде:

реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


3

Мынадай:

1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық коммуналдық мүлікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган;

Электрондық форматта

Ведомстволық ақпараттық жүйеде объектімен операция жүргізілген күннен бастап күн сайын




1)облыстық коммуналдық мүлікке жатқызылған;





2) аудандық коммуналдық мүлікке жатқызылған акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық коммуналдық мүлікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган

».

8. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 1373 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 120-құжат):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) «Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.»;

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартында:

көрсетілген мемлекеттік қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшалардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша;

«Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша;

«Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша;

«Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша;

«Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымша;

«Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартына 6-қосымша»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

көрсетілген мемлекеттік стандартқа 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген мемлекеттік стандартқа 2, 3-қосымшалардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттiк мүлікті тiзiлiмінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша;

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттiк мүлікті тiзiлiмінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша».

9. «Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Мониторинг нәтижелері мемлекеттiк мүлік тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) электронды есеп түрінде енгізіледі.».

__________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «24» сәуірдегі №391 қаулысына қосымша
«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттiк мүлікті тiзiлiмінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан_Мәліметтер_болған_жағдайда_Республикалық_мүлікті_жалға_(сенімгерлік_басқаруға)_беру_туралы_шарт_бойынша_анықтама'>Нысан
Мәліметтер болған жағдайда Республикалық мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама
Құжат мемлекеттiк мүлік тiзiлiмімен

қалыптастырылған

Бірегей нөмірі:

Сұрау салынған күні мен уақыты:

Анықтаманы алатын күні мен уақыты:
Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік қызметін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № - және БСН/ЖСН - ________, мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінің дерекқорында мыналар тіркелген:

шарт және республикалық мүлік жөніндегі мәліметтер:



Шарт түрі: мүліктік жалға алу (жалдау)/сенімгерлік басқару







Жалға беруші (сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы)




БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері

Баланс ұстаушы:





БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері

Жалдаушы (сенімгерлік басқарушы)




БСН/ЖСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері

Шарттың нөмірі мен күні:







Мемлекеттік мүлік түрі:




көлік немесе ғимараттағы үй-жай немесе ғимарат немесе жабдық немесе басқалар

Жалға алу (сенімгерлік басқару) кезеңі:







Жалға алу (сенімгерлік басқару) нысаны:




мемлекеттік мүліктің орналасқан орны, сипаты мен сипаттамасы

шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түсімдер:



Есептеу күні

Есептелді, теңге

Мерзімі өткен күндер саны

Уақтылы төленбегені үшін өсімпұл, теңге (бір күнгі өсімпұл сомасы

x мерзімі өткен күндер саны)



Мем.бюджетке түсті, теңге

Төлем күні




















Барлығы есептелді:

жалға алу төлемі, тг.: _________

өсімпұл, тг.: _________
Мем.бюджетке түсті, тг.: _________

Жиыны төлемге, тг.: _________
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.


штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.
Нысан
Мәліметтер болмаған жағдайда Республикалық мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама
Құжат мемлекеттiк мүлік тiзiлiмімен қалыптастырылған

Бірегей нөмірі:

Сұрау салынған күні мен уақыты:

Анықтаманы алатын күні мен уақыты:


Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік қызметін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № - және БСН/ЖСН - ________, мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінің дерекқорында мәліметтер жоқ.
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.


штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.

____________________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет