Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
-
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 63-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;».
2. «Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №1, 4-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларында:
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұқымның кондициялығы туралы куәлiктiң қолданылу мерзiмiн тұқымды өнгiштiгiне талдау аяқталған күннен бастап белгiлейдi. Тұқымдардың сапасы туралы құжат өнгiштiгiн айқындаған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде берiледi.».
3. «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Астықты экспорттаушыға астықтың мемлекеттік ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерді астықты экспорттаушылардың сақтауы туралы растамауды беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік қызмет алушы өтінім тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – үш жұмыс күні ішінде;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11- тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаның (қаржы институтының) мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының қолданысқа енгізгенге дейін заңды тұлғаны (филиалдарын, өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы берілген куәлік заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.»;
он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаның (қаржы институтының) БСН көрсетiлген мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң* немесе анықтаманың және банктiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясының (лизингтiк компаниялардан басқа) нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн қаржы институттары бөлек мөрмен жабылған конвертте ұсынады, онда:
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының қолданысқа енгізгенге дейін заңды тұлғаны (филиалдарын, өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы берілген куәлік заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.»;
көрсетілген стандартқа 2-қосымшада:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама (ЖСН), анықтаманы берген орган (нөмiрi, күнi мен берiлген орны) ________.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының қолданысқа енгізгенге дейін заңды тұлғаны (филиалдарын, өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы берілген куәлік заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн басқару жүйелерiн субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартында:
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiгiнiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi және жеке тұлғалар үшiн дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктерiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мiндеттi түрде ұсынылған кезде олардың көшiрмелерi;
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының қолданысқа енгізгенге дейін заңды тұлғаны (филиалдарын, өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы берілген куәлік заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану» мемлекеттік қызмет стандартында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
1) карантиндеу аяқталған және мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – күнтізбелік он бес күн ішінде;
2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек.
Инспекция тұтынушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда инспекия көрсетілген мерзімде тұтынушыға өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді түрдегі бас тартуды береді. Бұдан әрі инспекцияның осы негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға құқығы жоқ.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – бір жұмыс күні ішінде;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұқым сапасына сараптама жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартында:
7-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін беру үшін – тұқымның өрімділігі анықталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен артық емес;».
________________________
Достарыңызбен бөлісу: |