Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар



Дата23.02.2016
өлшемі194.71 Kb.
#4027


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне

енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар


  1. «Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1597 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 66-құжат):

Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларында:

8-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын;

«8. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау кезде құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін заңнамада көзделген барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар сақталады:»;



  1. тармақша алынып тасталсын;

  2. тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін:

әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және арнаулы атақтар мен сыныптық шендер алу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атақ, сыныптық шен бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған;

әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына не өз еркі бойынша не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуiне байланысты қызметтен босатылған;

жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты қызметтен босатылған не арнаулы атақтар мен сыныптық шендер алу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар;»;

9, 10, 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындауға есепке алынатын ақшалай қаражат мемлекеттік әкімшілік не азаматтық қызметтен босаған күнгі соңғы қызмет атқарған орны бойынша белгіленген ақшалай қаражаттың не лауазымдық жалақысын көрсете отырып, соңғы қызмет орны бойынша тиісті қаржы органының белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.

10. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.

11. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға құқық қорғау органдар, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша еңбек сіңірген жылдары еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау кезінде, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызмет көрсету және санаториялық-курорттық емделу құқығы сақталады.»;

13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар қатарынан қайтыс болған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) асыраушысының үш айлық зейнетақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне – оның қайтыс болған күніне дейін төленген асыраушысының айлық зейнетақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.»;

Қағидаларға қосымша осы Қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Ресупбликасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 791 құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары осы Қаулыға 2 - қосымшаға сәйкес жаңа редацияда жазылсын.

3. «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 828-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері».

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің (бұдан әрі – агенттер) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуінің, ұстап қалуының (есебіне жазуының) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуының және оларды өндіріп алудың тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.».

3-тармақта:

бесінші және алтыншы абзацтары алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы сегінші абзацымен толықтырылсын:

«Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алатын табысынан 10 пайызы, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 10 пайызынан кем емес мөлшерде, оларды кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктерге және (немесе) ұйымдарға қолма-қол ақша салу жолымен төлеуге жатады.»;

5-тармақта:

1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) заңды тұлғалар үшін – зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауға тиіс;»;

3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – адвокат, жеке сот орындаушы, жекеше нотариус, кәсіби медиатор, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын табыс алатын табыс болып табылады;

Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы мөлшерінде өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.».

мынадай мақмұндағы 6)-тармақшасымен толықтырылсын:

«6) сақтандыру ұйымы үшін –еңбекақысынан (табысынан) айрылған жағдаймен байланысты залалды өтеу ретінде сақтандыру төлемі».

6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Міндетті зейнетақы жарналары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:

1) Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 13) қоспағанда (жоғалған жалақы (табыс) бөлігінде), 155-бабының 3-тармағында көрсетілген;»;

7 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке жазуды міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының агенттері кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады, Заңның 26-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.».

9-тармақта:


  1. және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Ұсталған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа:

1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар қызметкерлерге төленген табыстан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5), тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;»;

мынадай мазмұндағы 7)-тармақшамен толықтырылсын:

7) сақтандыру ұйымы – еңбекақысынан (табысынан) айрылған жағдаймен байланысты залалды өтеу ретінде болған айдан кейін келесі айдың 25-нен кешіктірмей сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

«14-1. Заңның 11-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнетақы жасына жеткен адамдар алдында міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек болған жағдайда, аталған берешек қаражатты оның банктік шотына аудару арқылы төленуге жатады.»;

20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Орталық қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға агенттер мен банктерден және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған құжаттардың негізінде зейнетақы жарналарының түсу фактісін және олар бойынша бұрын жүзеге асырылған қайтарулардың жоқ екенін тексергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған өтінімді электронды түрде қалыптастырады.»;

47-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.»;

1-қосымшада:

1-қосымша атаулары мынадай редакцияда жазылсын:

оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 1-қосымша» сөздері «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидаларына 1-қосымша» сөздерімен ауыстырылсын;

1-1-қосымшада:

оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне1-1-қосымша» сөздері «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидаларына 1-1-қосымша» сөздерімен ауыстырылсын;

2-қосымшада:

оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша» сөздері «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидаларына 2-қосымша» сөздерімен ауыстырылсын;

3-қосымшада:

оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 3-қосымша» сөздері «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидаларына 3-қосымша» сөздерімен ауыстырылсын;

4-қосымшада:

оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 4-қосымша» сөздері «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидаларына 4-қосымша» сөздерімен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК бас директорына» сөздері «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК бас директорына» сөздерімен ауыстырылсын;

5-қосымшада:

оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 5-қосымша» сөздері «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидаларына» сөздерімен ауыстырылсын;

6-қосымшада:

оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 6-қосымша» сөздері «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидаларына 6-қосымша» сөздерімен ауыстырылсын;

7-қосымшада:

оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне» сөздері «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидаларына 7-қосымша» сөздерімен ауыстырылсын;

8-қосымшада:

оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 8-қосымша» сөздері «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және оларды өндіріп алу қағидаларына 8-қосымша» сөздерімен ауыстырылсын..

4. «Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1023-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидалары осы Қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

5. «Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысы (Қазақстан Ресупбликасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 83, 1071 құжат):

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттері меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлей бойынша агенттері меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі бекітілсін.»;

Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттері меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі».

6. «Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысы (Қазақстан Ресупбликасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 168 құжат):

Осы көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларында:

2 тармақта:

3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – салымшы (алушы) талаптарын ұсынылған шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдай алатын қосылу шарты;»;

8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«8) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттері еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салатын ақша;»;

«9) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – қызметкердің пайдасына өзінің меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыс беруші.».

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.

6, 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Шарт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, агент және қызметкер арасында жасалады.

7. Агенттер қызметкердің бір айда есептелген табысының сомасы негізінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табыстардан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ай сайын жүзеге асырады.»;

9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуге шығыстар агенттің еңбекақы төлеу қорына жатады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Агент міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырған кезде үш данада қағаз жеткізгіштегі төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ұсынады.»;

14, 15, 16-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Агенттер төлейтін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шегеруге жатады.»;

15. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда, агенттердің (алушылардың) іс-қимылдары, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған кездегі өсімпұлды төлеу және берешекті өндіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

16. Агенттер кәсіптері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген тізбеде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары жойылған кезде, агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.».

7. «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекеттік кепілдіктерін орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 217-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекеттік кепілдіктерін орындау қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекеттік кепілдіктерін орындау қағидалары бекітілсін.»

Аталған қаулымен бекітілген зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекеттік кепілдіктерін орындау қағидалары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

8. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 551-құжат):

Аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы Ережеде:

16-тармақта:

89)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«89) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттері меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлеу;»;

93)-тармақша алынып тасталсын;

94)-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«94) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын әзірлеу ;»;

мынадай мазмұндағы 94-1), 94-2), 94-3)-тармақшаларымен толықтырылсын:

«94-1) Жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және аударудың қағидаларын және мерзімдерін әзірлейді;

94-2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

94-3) Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтің әскери қызметшілерді қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын әзірлеу;»;

99) және 100)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«99) салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлеу және бекіту;

100) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару және оларды өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;»;

103)-мынадай редакцияда жазылсын:

«103) жеке зейнетақы шоттар, шартты зейнетақы шоттар бойынша қозғалысы туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Орталық арасында ақпарапен алмасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 104-1) тармақшамен толықтырылсын:



«104-1) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын әзірлеу және бекіту;».



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет