Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері»



Дата23.02.2016
өлшемі66.05 Kb.
#4051


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы __________

№ ___


қаулысымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

2-тармақтың 1-тармақшасы алып тасталсын:

15-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«1) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;»;

16-тармақта:

1-бөлімде 46-тармақша алып тасталсын;

2-бөлімде 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26-тармақшалар алып тасталсын;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

1-бөлімде 16, 17-тармақтар алып тасталсын;

2-бөлімде 21-40-тармақтар алып тасталсын;

Ведомстволардың қарамағындағы аумақтық органдардың тiзбесiнде:

1-бөлім алып тасталсын.

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесiнде:

5-13-тармақтар алып тасталсын.

2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:

17-тармақтың 87-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«87) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;»;

17-тармақтың 98-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«98) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласын қоспағанда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүргiзу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;».

3. «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті» деген бөлім және реттік нөмірлері 257-2, 257-3, 257-4, 257-5, 257-6, 257-7, 257-8, 257-9, 257-10, 257-11, 257-12, 257-13, 257-14, 257-15, 257-16, 257-17, 257-18, 257-19, 257-20, 257-21, 257-27, 257-28 және 257-29-жолдар алып тасталсын:

мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірлері 306-328-жолдармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі

306. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

307. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

308. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

309. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

310. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

311. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Шығыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

312. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Жамбыл облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

313. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Батыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

314. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі «Қарағанды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

315. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Қостанай облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

316. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

317. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Павлодар облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

318. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Солтүстік Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

319. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Оңтүстік Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

320. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

321. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

322. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Орал қалалық дезинфекциялық станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

323. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Петропавл қалалық дезинфекциялық станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

324. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Алматы қаласының дезинфекциялық станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

325. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Шымкент қалалық дезинфекциялық станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

326. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

327. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

328. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.».

4. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк) туралы ережеде:



1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк) (бұдан әрi – Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кiрмейтiн, тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Агенттіктің миссиясы: бәсекелестiктi қорғау, монополиялық қызметтi шектеу, жосықсыз бәсекеге жол бермеу арқылы нарық субъектiлерiнің әл-ауқатын арттыру.»;

16-тармақта:

41), 42), 43), 44), 45) тармақшалар алып тасталсын.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет