Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы



Дата23.02.2016
өлшемі37.24 Kb.
#8737

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы


«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 


Үкіметінің 
2015 жылғы « »__________
№ ____ қаулысымен   
бекітілген  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

1. «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1313 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 692-құжат): 


1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы мемлекеттік акцияларының пакеті республикалық меншіктен «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.».

2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Астана қаласы» деген бөлімде:

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«21-167. «Қазконтент» АҚ».

3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне» деген бөлімде:

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«359-1. «Қазконтент» акционерлік қоғамы.».

4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі» деген бөлімде:

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«109. «Қазконтент» акционерлік қоғамы 100%.».

5. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):

акциялардың мемлекеттік пакетіне (қатысу үлесіне) иелік ету және оны пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың тізбесінде:

«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:



мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«27. «Қазконтент» акционерлік қоғамы.».




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет