Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрдің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі №215 Бұйрығы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»


§ 1. Есепті жүктемелерге қойылатын жалпы талаптар



бет4/12
Дата09.07.2016
өлшемі1.21 Mb.
#187332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
§ 1. Есепті жүктемелерге қойылатын жалпы талаптар

 

231. Лифт элементтерінде күшейтілімдер мен қысымдарды есептеу әдісі осы Қағидамен регламенттенбейді, дегенмен, Кеме қатынасы тіркелімімен жекелеген жағдайларда есептеудің мақұлданған әдістерін қолдануды талап етуі мүмкін.

232. Металл конструкцияларын және алынбайтын бөлшектердің, сондай-ақ қауіпсіздік және жебе құрылысы құралдары бөлшектерінің беріктілігі мен орнықтылығы есептеу кезінде, мыналарды ескерген жөн:



1) жұмыс қалпы үшін - жүк көтергіштікті;

жабдықтың өзіндік салмағын;

15о кеме қисаюының құрастыру салмағын;

3о кеме дифференттінің құрастыру салмағын;

қозғалту кезіндегі инерция күшін;

қарпығыштар мен буферге (теңестірілген салмақ) кабиналарды отырғызу кезіндегі инерция күшін;

2) жұмыссыз қалпында - жабдық көлемін;

30 градустың кеме кренінің құрастыру салмағын;

6 градус кеме дефферентінің құрастыру салмағын;

қозғалту кезінде инерция күшін.

Есептеу жүктемесі қаралып отырған конструкция элементінің ең жағымсыз жұмыс жағдайына сәйкес келуі керек.

233. Жолаушылар лифтісі үшін кабина еденінің пайдалы алаңы осы Қағиданың 14-қосымшасына сәйкес белгіленеді.



Кабина еденінің аса ауқымды пайдалы алаңын мынадай мөлшердегі кв-метрде ұлғайтуға болады:

1,17 - 5 адам үшін;

1,66 - 8 адам үшін;

2,35 - 12 адам үшін;

3,56 - 20 адам үшін.

Лифтінің жүк көтергіштігін айқындау кезінде бір адамның көлемі 80 кг тең болып қабылданады.

Кабина еденінің пайдалы алаңын төмендегі жағдайларда кішірейтуге болады:

1) қолмен жүргізгішті орнату кезінде - олардың кабина қабырғаларынан алшақтау тұрғанда;

2) іліктірілетін есіктерді қолданған кезде - оның ашылуында кеңінен жалпы қабырғаны қамтып алғанда.

Жүктемені есептеу кезінде кабинадағы жүк орталығының ауырлығы төмендегідей болжанады:

1) жолаушылар лифтісі үшін - 1/6 кеңдікте және кабина едені орталығының 1/6 тереңдігінен;

2) жүк лифттері үшін - 1/2 кеңдігі және 1/2 тереңдігі.

Жүктің немесе жолаушылардың ауырлық ортасы биіктігі бойынша кабинаның биіктігінен еденнен алып санағанда 1/2 кем болмайтындай етіп есептеледі.

Егер лифттегі жүк арбашамен тасымалданса, кабинадағы жүктің нақты орналасуы ескеріледі.

234. Есепке енгізілетін қозғалыс кезінде пайда болатын инерция күші мынадай формулалардан кем болмауы тиіс.



Бортты қозғалыс:

 

                      (4)

 

                    (5)

 

Кильді қозғалыс:

 

                     (6)

 

                     (7)

 

мұндағы Рх — инерцияның күші, кеменің бойлық кіндігіне қарама-қарсы, кН;

Ру — инерцияның күші, кеменің көлденең кіндігіне қарама-қарсы, кН;

Рz — инерцияның күші, кеменің тікелей кіндігіне қарама-қарсы, кН;

Р,z — инерцияның тікелей құрастырылатын күші, бортты қозғалыс кезінде, кН;

Р"z — кильді қозғалыс кезінде инерцияның тікелей құрастырылатын күші, кН;

а=11,38 - 1,16 на g=9,81, үнемі коэфицентінің құрылуына тең келетін коэффициент, мұнда g — еркін құлауды күшейту, м/с;

Q — лифтің немесе шекті жүктің құрылымы элементінің салмағы, т;

Ҳmax, max бортты және килді қозғалысының, тиісінше қарлы жауынның амплитудасы;

Лифттің жұмыс қалпына ең жоғары қозғалыс амплитудасын қабылдау қажет, бұл кезде лифтіні пайдалануға болады, ал жұмыссыз қалыпқа қозғалысты тиісінше 12 және 7 реттік кезеңмен алғанда олар 30 және 6 градустардан кем болмауы қажет.

х, у, z — кіндікке қатысты болып келетін лифт құрылымы элементінің ауырлық ортасының координаталары, олардың бастамасы кеменің ауырлық ортасы болып табылады, м;

Т1, Т2 — тиісінше, борт және килді қозғалыс мерзімі, с;

k — лифт қозғалысын ескеретін динамикалық коэффиценті, жұмыстың негізгі режимі осы Қағиданың 15-қосымшасында көрсетілген.

Осы Қағиданың 16-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді пайдалану мүмкін, дегенмен, сонымен қатар лифт жағдайының жүктемесінің нәтижелілігінің үлкендігіне тиетін елеулі әсерді ескеру қажет.

235. Шығырлар мен олардың іргетастарының мықтылығын есептеу негізіне осы Қағиданың 238-тармағына сәйкес арқандардың күшейтілімін, сонымен қатар кеменің крені мен дифференін ескерген жөн. Динамикалылық коэфиценті есептік немесе тәжірибелік жолмен жүргізіледі, дегенмен ол қандай-да жағдайлар болмасын, 1,4 кем болмауы керек.

236. Кабинаның жұмыс жылдамдығында авариялық тоқтау кезінде есептік баяулау 25 м/кв.с аспауы керек.

Егер сол жоғарылаудың ұзақтығы 0,04-тен аспаған болса, бұл үлкендік жоғарылауы мүмкін. Кабиналардың буферлері сынақ жүгінде лифтінің жүк көтергіштігін 10 пайыздан жоғарылататын кабинаның кинетикалық энергиясына әсерін тигізетіндей етіп есептелуі керек.

 

 

§ 2. Беріктілік нормалары



 

237. Осы Қағиданың 234-тармағын ескере отырып, 232-тармағында көрсетілген жүктемелердің қолданылуы кезінде, лифт құрылымы элементтеріндегі қысым осы Қағиданың 93 және 94-тармақтарының талаптарын ескере отырып, мынадай шекті қысымнан аспауы қажет:



 

Жұмыс режимі

Шекті теңесетін қысым

1 _______________

0,40 ReH

2 _______________

0,60 ReH

3 _______________

0,70 ReH

4 _______________

0,80 ReH

5 _______________

0,60 ReH

 

Шығырлар және олардың іргетастары үшін. ‰,60 ReH

Ескертпе. ReH — қолданылатын материал ағымдылығының жоғарғы шегі.

Шойыннан жасалған бөлшектердің беріктілігін есептеу кезінде беріктілітік қоры шекті қысымға қатысты екі ретке қосылуы тиіс.

238. Тартпа арқандарының беріктілік қоры жалпы алғанда ажыратылу күшейтілімен қатысты осы Қағиданың 17-қосымшасында көрсетілгеннен кем болмауы тиіс.



Осы Қағиданың 17-қосымшасында көрсетілген тартпа арқандарының беріктілік қорының коэфиценттері бір тармаққа қабылданған. Бір тармаққа қатысты S, кН, жүктемесі төменде көрсетілген:

 

                 (8)

 

Формуласы бойынша анықталады.

мұндағы Q — лифттің номиналды жүк көтергіштігі, кг;

Qк — кабина салмағы, кг;

Q1 — олардың барабаннан алшақтау нүктесінен алғандағы арқандардың салмағы немесе кабинада оның төменгі жағында орналасқан арқан жүргізудегі шкивтің немесе блоктың салмағы, кг;

Q2 — ұстап тұратын арқандардың тарту құралының салмағы, кг;

n — кабина іліктірілген арқандардың немесе арқандардың тармақтарының саны.

Ұстағышты қосу арқаны үшін алшақтау күшейтілімінің қатынасы қозғалыстан алынған динамиканы ескере отырып есептелген ең үлкен күшейтілімге қарағанда 5 кем болмауы қажет.

 

 

§ 3. Қаттылық және орнықтылық нормалары



 

239. Жебелер бекітілетін шахта конструкциясының қаттылығы осы Қағиданың 234 және 235-тармақтарын ескере отырып, 232-тармағында көрсетілген есептеу жүктемесінің әрекетін қоса алғанда штихсалмағы бойынша сомалық жұмсақ деформация (жебелер арасындағы қашықтық) ± 2 мм аспайтындай болуы керек.



Дәл сондай жүктемеде жебелер майысуы шахтаға бағытталып бара жатқан нығайтылым тірегі арасынан 0,001 қашықтықтан аспауы қажет.

Дәл сондай жүктемедегі шығыр астындағы іргетас арқалығының майысуын арқалық тіректері арасындағы 0,0005 қашықтықтан аспауы қажет.

240. Жебе икемділігі 120-дан аспауы қажет.



 

 

29. Металл конструкциялары



 

§ 1. Шахта

 

241. Лифт шахтасының жоғарғы және төменгі жапқыштары, сондай-ақ барлық биіктігі бойынша қоршауы болуы керек.

Шахтаның жапқышы мен қоршауы осы Қағиданың 28-тарауына сәйкес жүктемені ескере отырып жасалады және Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңының 4-бабының 3-тармағының 49) тармақшасына сәйкес бекітілген Сыныптау қағидасының және Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағиданың талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

242. Шахталарды таранды ауыстырылыммен орналастыруға, сондай-ақ борттан 0,2 В кем болатын қашықтықта орналастыруға болмайды.

243. Кабинаның авариялық жағдайында шахтадан шығуды қамтамасыз ету үшін шахтаға оның барлық биіктік бойына жоғары көтерілу үшін стационарлы трап немесе қапсырмалар көзделіп қондырылуы керек.

244. Шахтаның төменгі жағына кабинаның тіректі плитасынан немесе оның теңестірілген салмағынан буферге дейін 200 мм ден аспайтын тереңдікті қамтамасыз еткен приямкасы болуы қажет. Кабина толық қысымдалған буферге орналастырылуы кезінде приямканың және кабинаның төменгі жағындағы қашықтық (төменгі балка табандықтарын және есіктің алдыңғы жағындағы тікелей щиттің қосылмауында) 750 мм-ден кем болмауы керек. Осы қашықтықты кішірейтілуі оларға кабиналарды орнықтыруда 750 мм-ден кем болмайтын қашықтықты қамтамасыз ететін алмалы-салмалы құрылыстардың бар болса ғана жүргізіледі.

245. Шахталардың приямкаларын құрғату қолмен жүргізілетін сорғыштармен, су эжекторларымен немесе құрғатудың басқа да құралдарымен, сонымен қатар кеменің жақын арада орналасқан ағынды құбырларының көмегімен жүзеге асырылады.



Ағынды құбырлар жеңіл қолжетімді өзіндік тірегіш крандармен жабдықталуы керек. Олардың диаметрлері 39 мм болуы керек.

246. Шахтада орнатылған лифтімен жұмыс істеу үшін (суды сыртқа шығаратын блогтар, жылдамдықты шектейтін құралдар) жабылатын люктар мен алмалы-салмалы парақшалардың қоршауы мен жабылуындағы құрылғылармен жүргізіледі. Люктардың жапқыштары мен алмалы-салмалы парақшалары ішіне қарай ашылуы керек.

247. Шахтаның ішкі беткейі кабина есіктері жағынан алғанда тегіс және түзу болуы керек.

Бұл талап есіктің ашылуының барлық кеңдігі бойынша қоса алғанда әр жақта 50 мм-ден болып орындалуы керек, ал биіктігі бойынша - есіктің ашылу бөлігі шегіне қатысты орындалуы керек, бірақ жолаушылар лифтінен 300 мм-ден және жүк лифтісінен 200 мм-ден кем болмауы тиіс.

Әр жағына қоса алғанда 50 мм-ден болып келетін есіктің ашылуының шектелген кеңдігінен басқа жерлерінде қисықтықтар мен басқа да тегіссіздіктер шектеле береді, бірақ ол да 150 мм-ден аспауы қажет; сонымен қатар 5 мм-ден асатын қиысықтықтар мен тегіссіздіктер (лифтілерді, автоматты есіктері бар кабиналарды қоспағанда) жиегіне 600 болатындай бұрыш жағында бұрылмалары болуы керек. Автоматты есіктері бар лифтерде мұндай бұрылмалар тек 50мм-ден асатын қисықтықтары бар орындарда және тек төменгі жағында болуы қажет.

248. Шахтаның немесе лифттің биіктігі соңғы сөндірушілер мен лифтің тоқтауы жұмысынан кейін:



1) кабинаның жоғары қарай 200 мм-ден кем болмайтын қашықтықта еркін көтерілу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс;

2) қызметкерлерге қызмет көрсету үшін жасалған кабина төбесіндегі алаң арасындағы қашықтық және шахтаның жапқышының жекелеген бөліктері немесе жапқыш астында орналасқан жабдықтың қашықтығы 750 мм-ден кем болмауы қамтамасыз етілуі тиіс.

 

 

§ 2. Шахта есіктері



 

249. Шахтада барлық кіретін және жүк түсіретін жолдар есіктер арқылы жабылуы керек. Жарық көзінде есік кеңдігі лифт кабинасының кеңдігінен үлкен болмауы керек. Іліктірілген есіктер тек ішкі жағынан ашылуы керек.

Жолаушылар лифтінің шахтасы есігінің биіктігі 1800 мм-ден кем болмауы керек; сонымен қатар жарықтағы ең кіші жолшық 1600 мм-ді құрастыруы қажет. Жүк лифтерінің есіктерінің биіктігі, егер кабинаның жоғары көтерілуі немесе төмен түсірілуі кезінде адамдардың кабинаға кіруі талап етілмесе, 1400 мм-ден аспауы қажет. Шахта есігінің биіктігі палубадан алғанда есік жолшығының жоғарғы беткейінен алынып өлшенеді.

250. Есіктердің конструкциясы мен материалы егер олар герметикалық контурға енгізілсе, Сыныптау қағидасының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

251. Есіктер қаралатын бұрыштамалармен жабдықталуы тиіс. Автоматты түрде қолданылатын лифтерде және кабинаның сол тоқтайтын палубасына келуін көрсететін тоқтау палубасында жабдықталған лифтерде шахта есіктеріндегі қаралатын бұрыштамаларының болуы міндетті емес.

252. Жартылай автоматтандырылған шахта есіктерінің статикалық қысылу күшейтілімі 150Н-нан аспауы қажет.

253. Шахта есіктері кабина тоқтау деңгейінен 150 мм-қашықтыққа кеткеніне дейін жабылатын құрылғылармен, есіктермен жабдықталуы тиіс.

254. Қолмен ашылатын шахта есіктері, автоматты түрде жабылатын құрылғыларсыз алғанда, ашылатын есіктерді жабық қалпында ұстап тұратын автоматты емес құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

255. Есіктің жабатын құрылғысының ішкі жағынан жабылуы, әсіресе егер осы есік деңгейінде кабина болмаса, сондай-ақ осы Қағиданың 313-тармағына сәйкес лифтінің машиналық үй-жайында кабинамен қозғалысты басқару кезінде шектелуі тиіс

Тоқтау орнында шахта есіктерінің құлпын ашу мүмкіндігі тек экипаждың уәкілетті тұлғалары арқылы арнайы құрылғылармен жүргізіледі.

256. Автоматты есіктердің бұрылмалары оларды жабу кезінде кедергілерге ұшыраса, автоматты түрде өз қалпына қайта оралуы қажет.



 

 

§ 3. Жебелер



 

257. Лифт кабинасының және оның қарсы салмағының берік және қатты жебелері болуы тиіс.

258. Жебелер және олардың жапсарлары кез келген бағытқа ығыстырылудан сақталуы керек.

259. Кабина және қарсы салмақ үшін роликті жебелердің ұзындығы кабинаның немесе қарсы салмақтың олардың шектелген жұмыс шегінен шығып кету мүмкінідігіне қатысты (және сығылған буферлер кезінде) табандықтары өз жебелерінен ажырамайтындай етіп әзірленуі қажет.

 

 

§ 4. Кабина



 

260. Кабинаның едені және төбесінің жапқышы болуы қажет, сондай-ақ барлық биіктігі бойына қоршалуы тиіс.

261. Кабинаның екі адамды (бір адамның салмағы - 80 кг) деформациясыз жоғары көтеруге төзетін төбе жапқышы болуы керек.

262. Жолаушылар лифтісі кабиналарының есіктері болуы қажет. Жүк лифтілерінің кабиналарының жүкті ұстап қалатындай тетіктері болса, осы Қағиданың 223-тармағына сәйкес есіктері болмауы да мүмкін. Торлы типтес жылжымалы есіктер тек жүк лифтілеріне ғана орнатылады.

263. Кабиналардың іліктірілетін есіктері тек ішіне қарай ашылуы тиіс.

264. Кабиналардың автоматты жылжитын есіктерінің статикалық қысылуының күшейтілімі 150Н-нен аспауы қажет.

265. Жолаушылар лифтінің кабинасының астыңғы жағында жарықтағы мөлшері 400х500 мм-ді құрайтын жабылатын люк есігі көзделіп жасауы қажет, ал кабинаның өзінде - авариялық жағдайларда кабинаның шатырына шығатын скоб-трап немесе басқа да құрылғы орнатылуы қажет. Кабинада авариялық жағдайларда шахта кабинасынан аман шығатын нұсқаулық жазбасы болуы керек. 1982 жылға дейін жобаланып жасалған лифтілердегі люк көлемі тіркеушінің келісімімен кішірейтілуі мүмкін.

266. Жолаушылар лифтінің кабинасында қол тұтқасы болуы керек.

267. Лифт кабинасының есіктерінің биіктігі осы Қағиданың 249-тармағына сәйкес шахта есіктерінің биіктігінен кем болмауы керек

268. Кабинаның жылжымалы едені бір қалқаннан жасалуы керек. Қалқан мөлшері кабинаның жанындағы және арт жағындағы қозғалмайтын еденнің кеңдігі 25 мм-ден аспайтындай болуы керек, қалқанның 20 мм-ден аспайтындай жолдары болуы керек. Жылжымалы еденмен жабдықталған кабиналарда жылжымалы есіктер және кабинаның қозғалысын тек жабық есіктермен ғана көздейтін жолдары бар болған кезінде (есіктердің төменге бағыттауыштары) олар қозғалыссыз болып орнатылуы керек.

Лифтердің жылжымалы едендерінің сөндіргіші еденге 250Н жүктеме түсу кезінде қауіпсіздік байланыстарын қолданысқа енгізуі қажет.

Жылжымалы еденнің функциялары кабина және тартқыш арқандар арасында орналасқан және қосу прцесінде осындай ең аз жүкітелімді талап етуді қамтамасыз ететін электронды жүк өлшеуіш құрылғыларымен ауыстырылуы тиіс.

269. Кабинаның табалдырығының астында барлық кеңдігі бойына тікелей қалқан орнатылуы тиіс.



Қалқанның биіктігі 150 мм-ден кем болмауы тиіс, ал жетек арқылы кабинаның толық тақтауымен ашылатын шахта есіктеріндегі лифтерде 300 мм-ден кем болмауы керек.

270. Қолмен ашылатын кабина есіктерінде қаралу бұрыштамалары болуы керек.



 

 

30. Қарсы салмақ



 

271. Қарсы салмақта жекелеген жүктің бекітілуі осы жүктердің олардың қалыпты жағдайынан 5 мм-ден асатындай етіп ығыстырылуын шектеуі қажет.

272. Қарсы салмақтың көлемі қысымды планкалармен және тартылатын бұрандалармен, гайкалармен қосылуы тиіс, сондай-ақ олар шлинталармен қорғалуы тиіс. Басқа да іспеттес қосу элементтері қолданылуы мүмкін.

273. Қарсы салмақ жебе табандықтары жабдықталуы тиіс.

Қарсы салмақты роликтік табандықтармен жабдықтау кезінде қатты бақылаулық бәшмақтар көзделуі тиіс.

274. Барабанды шығыры бар лифтер теңестерілген салмақсыз орындалады.



 

 

31. Буферлер



 

275. Шахта приямкасында кабинаның және қарсы салмақтың астында буферлер (тіректер) бекітілуі қажет.

276. Лифтерде кабинаның буферге төмен түсуі кезінде 25 м/кв с аспайтындай жүктемені қаматасыз ететін пружиналық немесе гидравликалық буферлері қолданылуы мүмкін. Осы үлкендік егер баяулау әрекетінің уақыты 0,04 с аспаса, жоғарылуы мүмкін.



Жұмсақ төстемесі бар қатты тіректі қолдану тек 0,7 м/с аспайтын номиналды жылдамдықтағы лифтерде ғана жүргізіледі.

Жұмсақ төстемесі бар қатты тіректі оғаш лифтереде қолдануға болмайды.

277. Қарсы салмақтың оның буферге (тірекке) түсірілуінде баяулауы кабинаның қарпығыш түсірілуіне жол бермеуі қажет.



 

 

32. Қарпығыштар



 

278. Лифтердің кабиналары мен қарсы салмағы қарпығыштармен жабдықталуы тиіс. Олар бағытталып бара жатқан кабинаны (теңестірілген салмақты) төмен түсірілуі кезінде тоқтатуы және ұстап қалуы қажет:

1) төмен түсірудің осы Қағиданың 284-тармағында көрсетілген үлкендікке дейін өсуінде;



2) арқандардың үзілуінде.

279. Жолаушылар лифтері кабиналарының қарпығыштары жылдамдықты шектегіш арқылы әрекетке енуі тиіс. Жүк лифтерінің кабиналарын қарпығыштары тек барлық тартқыш арқандарының үзілгенінде ғана қолданысқа енгізуге болады және олар қолданысқа ұстағыштарды қосу механизмдеріның байланысы арқылы жүргізіледі:



1) тартқыш арқандармен;

2) қарсы салмақпен;

3) қарсы салмақ қосу механизмімен.

280. Қарсы салмақ ұстағыштары әрекетке мынадай көрсетілгендердің бірімен:



1) төмен түсіру жылдамдылығының осы Қағиданың 284-тармағында көрсетілген үлкендікке дейін өсуі кезінде;

2) ұстағыштарды қосу механизмінің байланысы арқылы тартқыш арқандармен;

3) кабинасы қоса берілген ұстағыштарды қосу механизмінің байланысы арқылы енгізіледі.

281. Барлық лифтердің кабиналары мен теңестірілген салмағы шапшаң, сондай-ақ баяу тежелу механизмімен жабдықталуы мүмкін; сонымен қатар олардың ең жоғары үлкендігі кабинаның төмен түсуінде немесе қарсы салмақтың ұстағышқа түсірілуінде 25 м/с аспауы қажет (толқында қозғалуды есепке алмағанда). Осы үлкендік егер баяулатқыш уақытының әрекеті 0,04 с аспайтын болса, жоғарыуына жол беріледі.

282. Қарпығыштар қолданысқа тек механикалық құрылғылармен енгізілуі қажет.

283. Қарпығыштар әрекетке енгеннен кейін кабина жоғары көтеріле бастағанда, автоматты түрде өздерінің жұмыс қалыптарына оралуы қажет.



 

 

33. Жылдамдықты шектегіштер



 

284. Жылдамдықты шектегіштер жұмыс жылдамдығын 15 - 40 % шегінде жоғарылататын жылдамдықпен кабинаның (теңестірілген салмақтық) төменде түсуі кезінде қарпығыштарды әрекетке енгізуі қажет.

285. Кабина төмен түсу кезінде шектегіштердің және қарпығыштардың әрекет етулерінің сыналу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Ол мүмкін болмаған жағдайда жылдамдық шектегішінің әрекетін тексеру басқа әдіспен жүргізілуі тиіс.

286. Жылдамдық шектегішін әрекетке енгізу кезінде арқанның жұмыс тармағындағы тартқыш күшейтілімі ұстағыштарды қосу үшін екі ретке дейін күшейтілімді жоғарылатуы қажет.

 

 

34. Арқандар, арқан өткізбесінің бөлшектері және арқандарда бекіту



 

287. Лифтер үшін арқандар есеп бойынша осы Қағиданың 279-тармағына сәйкес таңдап алынулары тиіс, дегенмен, жолаушылар лифтінде олардың диаметрі тартқыш арқандар үшін ешқандай жағдайда 8 мм-ден кем болмауы керек және жылдамдығы шектелген арқан үшін оның диаметрі 6мм-ден кем болмауы керек.

288. Кабина және теңестірілген салмақ іліктірілетін тартқыш арқандардың саны осы Қағиданың 18-қосымшасында көрсетілгеннен кем болмауы тиіс.

289. Қолданылатын арқандар өткізбелердің сызбалық қосылуларымен болаттан жасалған болуы керек, олардың органикалық немесе синтетикалық ортасы болуы тиіс және олар бір тілімнен құралуы қажет. Болаттан жасалған ортасы бар арқандарды пайдалануға болады. Ал қалған жағдайларда арқандар жүк көтергіш құрылғылар арқандарына қойылатын талаптарға және ұлттық стандарт талаптарына осы Қағиданың 394, 395, 397-тармақтарына жауап беруі қажет.

290. Арқан өткізбесінің барлық бөлшектерінің және арқандардың кабинаға, қарсы салмаққа және шығыр барабанына (барабанды шығырдың қолданылуы кезінде) бекітілуінің тиісті және сенімді беріктілігін қамтамасыз етілуі тиіс. Блоктар, қарпығыштар, патрондар және бастырылған қысқыштарға қатысты осы Қағиданың 381, 384, 408 және 411-тармақтарының талаптарын басшылыққа алған жөн.

 

 

35. Шығыр



 

291. Лифтердің шығырлары тракционды (яғни, арқан өткізгіш шкивпен), сондай-ақ барабанды болуы мүмкін.

Осы екі жағдайда да лифт шығыры оны 735 Н-нен аспайтындай ең үлкен күшейтіліммен қолмен әрекетке енгізу үшін штурвалмен немесе басқа да құрылғымен жабдықталуы тиіс.

292. Әрбір шығыр жүктелген кабинаны төмен түсіру кезінде арқанөткізгіш шкивте немесе барабанда 1,5 қысқа номиналды жүктемеге сәйкес келетін автоматты түрде әрекет ететін тежегіш сәтіндегі жабық типтегі тежегішпен жабдықталуы тиіс. Ленталық тежегіштерді қолдануға тыйым салынады. Лифт жетегінің кабинаның тоқсыз қалыптағы электрқозғалғышы кезінде жетектің тежелуі қамтамасыз етілуі тиіс. Тежегіш барабаны немесе тежегіш шкиві білігінде орнатылуы қажет, олардың арқанөткізгіштік кинематикалық байланысы болады. Тежелетін құрылғыға әрекет ету аяқталу кезінде тежегіштің әрекеті автоматты түрде өз қалпына келуі тиіс.

293. Айналмалы сәті бар шығыр торабында осы тораптардың бөлшектерін тарту қойылымын қолдану оларды шпонкалармен, шпилькалармен, бұрандамамен қосымша бекіткен жағдайда жүргізіледі. Қосымша бекіту бөлшектері аса ауқымды айналу сәтіне есептелуі тиіс.

294. Арқанды барабанға бір қабатты өткізу кезінде соңғысында орамда сызбасы бойынша жырашығы болуы қамтамасыз етілуі тиіс. Ал көп қабатты бастыру кезінде барабан тегіс болуы мүмкін, дегенмен, бұл жағдайда арқан нығыздау міндетті түрде қолданылуы тиіс. Тегіс барабандардың ребордолары бастырылымның жоғарғы беткейіне арқанның 2,5 диаметрінен кем болмайтындай бастырылуы қажет.

295. Егер кабина және теңестірілген салмақ ауа төмен орналасқан болса, әрбір барабанға бекітілген арқанның жарты орамы бастырылулы қалуы керек, ал бұл кезде қысқыш құрылғылардың астындағы орамдар саналмайды.

Арқандарды барабанға бекіту элементтері арқанның тежелуісіз жүргізілуі тиіс.

296. Арқан өткізгіш шкивтің арқандармен, сондай-ақ шкивтің таңдалған материалы кезінде оның формасы арқанның шкивтермен қосылуын қамтамасыз ету мүмкіндігі бар жырашықтармен жабдықталуы тиіс. Лифтің жетегінің тоқтауы конструктивті әдістермен, сонымен қатар арқандардың шкивке қосылуымен қамтамасыз етілуі тиіс. Жетек және бағыттаушы элементтерден арқандардың (шынжырлардың) құлауы лифтің барлық жұмыс режимдерінде шектеуледі.



 

 

36. Электр жетегі, басқару, сигнал беру және жарықтандыру



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет