§ 1. Біліктердің конустары
2000. Еспелі бұранда астындағы еспелі біліктің конусы 1:12 артық емес конустылықпен орындалуы тиіс.
2001. Диаметрі 100 және одан жоғары еспелі біліктерде буатты кертіктерінің аяқталуы еспелі біліктің конусында қасық тәрізді болу керек және конустың үлкен негізінен еспелі білік диаметрінен 0,2 кем емес қашықтықта болуы тиіс.
Еспелі біліктердің 100 мм кіші диаметрі кезінде буатты кертіктің қасық тәрізді аяқталуына рұқсат етіледі.
Буатты кертіктердің өлшемдері, еспелі білік конусының алдыңғы жақты аяқталуының қасық тәрізді бөлігінің нысаны және өлшемінің қатынасы стандарттар талаптарына сай болуы тиіс.
2002. Буатсыз жалғаулардағы еспелі бұранда және муфта астындағы біліктің конусы мынадай конустылықпен орындалуы тиіс:
ұштық гайкамен жалғау үшін 1:15 жоғары емес;
ұшсыз гайкамен жалғау үшін 1:50 жоғары емес.
§ 2. Бұрандалатын шет мойындар. Жалғаушы муфталар
2003. Бұрандалатын шет мойындардың сыртқы диаметрі бұранданы бекіту гайкалары үшін конустың үлкен 60 % кем еместі құрауы тиіс.
2004. Жалғаушы болттар, муфталар және жартылай муфталар уақытша қарсыласуы, білік жетектер үшін қолданатын болаттың уақытша қарсыласуынан төмен болмайтын болаттан жасалуы тиіс.
2005. Жалғаушы фланцтардың болттарының dб диаметрі мынадай формуламен анықталғаннан кем болмауы тиіс, мм:
мұндағы dпр - күшейтілу ескерілген, (580) формула бойынша анықталған аралық біліктің диаметрі,мм; егер білік диаметрі иірмелі тербелістен қауіпті кернеу көмегімен ұлғайтылса, онда dnp аралық біліктің нақты диметріне тең деп қабылдау қажет;
і — жалғаулардағы болттар саны;
r — болттардың орналасу орталығының шеңбер радиусы,м.
2006. Әдетте білікжетектердің фланцтік жалғауларының бірақ үшеуден кем емес цилиндрлік болттарының жалпы санының 50 % тығыз әкелінуі тиіс.
Тек өтпелі болттарды қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
2007. Жалғастырушы болттардың орталық шеңберінде өлшенген, аралық біліктердің жалғашу фланцтарының қалыңдығы, (583) формула бойынша анықталған жалғастырушы болттардың диаметрінен кем болмауы тиіс.
Еспелі біліктің фланц қалыңдығы (580) формула бойынша анықталған аралық біліктің 0,25 диаметрінен кем болмауы тиіс.
2008. Фланцтан білікке қарай өту шеңберінің радиусы 0,08 білік диаметрінен кем болмауы тиіс.
2009. Карданды біліктерді қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы келісімін жатады.
§ 3. Біліктіректер
2010. Кронштейнде және дейдвудты құбырдағы біліктіректердің ұзындығы 2,5 білік диаметрінен кем болмауы қажет.
2011. Дейдвудты біліктіректі майлауға арналған суды беруді тоқтататын клапан, тікелей дейдвудты құбырда немесе ахтерпиктің аралығында орнатылуы тиіс.
Дейдвудты біліктіректі майлауға арналған суды беруші құбырларда сұйықтық ағынын көрсеткіш орнатылуы тиіс.
2012. Дейдвудты құбырдағы майдың температурасын өлшеуге арналған құрылғы көздеу ұсынылады.
2013. Дейдвудты біліктіректерді гидростатикалық майлау кезінде майлы цистерна кеменің ең үлкен отыруының ватер сызығынан жоғары орналасу және деңгей көрсеткішімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Егер цистерна қиын жерде немесе басты қозғалтқыштар немесе ескекті электроқозғалтқыштар орналасқан жайдан тыс жерде орналасса, май деңгейінің рұқсат етілгеннен төмен төмендегені туралы сигнал беруді көздеуі тиіс және басты қозғалтқыштарды немесе ескекті қондырғыларды басқару постарына көрінетіндей немесе естілетіндей болып орнатылу тиіс.
2014. Еспелі біліктің n < 350 мин-1 айналу жиілігінде ұйғарынды мәнін біліктіректердің аралығындағы көршілес біліктіректерінің ең үлкен рұқсат етілген арақашықтығын ℓmax мынадай формула бойынша анықтауға болады, мм:
мұндағы dr — біліктің нақты мәні, мм (осы Қағиданың 1962-тармағы);
k1 — коэффициент:
маймен майланған, біліктіректердің сырғанауы үшін, k1 = 450;
конситетті майланған сұры шойыннан жасалған дейдвудты біліктіректер тербелісі үшін
k1 = 405;
сумен майланған дейдвудты резиналы біліктіректер үшін
k1 = 401.
п > 350 мин-1кезінде:
мұндағы k2 — коэффициент:
маймен майланған, біліктіректердің сырғанауы үшін
k2 = 11455-1063732,5/n;
конситетті майланған сұры шойыннан жасалған дейдвудты біліктіректер тербелісі және сумен майланған резиналы немесе пластмасса сырғанау біліктіректері үшін
k2 = 133,378n-16907,881-0,224n2+0,000126n3.
Білікжетектердің тіректік біліктіректерінің көршілес аралығының ең кіші қашықтығы ℓmin мынадан кіші болмауы тиіс
.
2015. Дейдвудты құбырда еспелі білік екі біліктірекке тірелуі тиіс. Білік диаметрі 4,5 кіші ұзындығы дейдвудты құбырларда сумен майланған резинадан немесе пластмассадан сырғанайтын біліктіректерді қолданған жағдайда, және біліктің 3 диаметрлі маймен майланған сырғанайтын біліктіректерді қолданған жағдайда бір артқы жағындағы біліктірек орнатуға рұқсат етіледі.
2016. Дейдвудты құрылғының біліктіректерінің ұзындығы және еспелі біліктердің округтік жылдамдығы 299-қосымша талаптарына сәйкес болуы тиіс.
2017. Маймен немесе сумен майланған сырғанау біліктіректерімен жабық контур қысымында дейдвудты құбырлардан өтетін тербеліс біліктірекке тірелетін еспелі біліктердің, дейдвудты құбырлар ұшында Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған тығыздау болуы тиіс.
2018. Майлау дейдвудты құбырда, оны артқы жағына қарай сияқты дейдвудты құбырдың алдыңғы жақ біліктірегіне жеткізілуін қамтамасыз етуі қажет. Консистентті майлау қолданған жағдайда оның берілуі алдыңғы жақ және артқы жақтағы біліктіректер арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
2019. Біліктіректердің маймен майланған дейдвудты құбырларында құбырларды маймен толтыру, сынақ және дренаждарға арналған жалғау орналасу тиіс және бұдан басқа жетдеткіш құбырлар қосылған. Бұл жалғаулар және дейдвудты құбыр майды және құбырға түскен суды және ауаны жоятындай етіліп орындалуы тиіс.
176. Есу бұрандалардың білікжетектерінің муфталарын буатсыз жалғау.
Тежегіш құрылғылар
2020. Есу бұрандасын еспелі білікпен буатсыз жалғау баспалдақ және еспелі білік арасының аралық төлкесіз орындау қажет. Аралық төлкелерді қолдану арқылы жалғаулардың конструкциясы Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
2021. Буатсыз жалғауларды монтаждау кезінде білікке қатынасты ∆h күпшекті немесе саңылауды жойғаннан кейін конусың үстіңгі бетінде металдық байланысты алған кезеңнен бастап аралық төлкелерді осьтік ауыстыру мынадай формуламен анықталғаннан кем болмауы тиіс,м:
мұндағы В - материал коэффициенті және жалғау нысаны, МПа-1:
у - күпшектің ішкі диаметрінің орташа коэффициенті;
у = (Dz1+Dz2+Dz3)/(Dy1+Dy2+Dy3)
w - білік тесігінің диаметрінің орташа коэффициенті
w=(D01+D02+D03)/(Dw1+Dw2+Dw3)
vy - күпшек материалы үшін Пуассон саны;
vw - болат үшін, білік материал үшін Пуассон саны vw = 0,3;
Еу - күпшек материалы созылған кездегі серпімділік модулі, МПа;
Ем - білік материалының созылған кездегі серпімділік модулі, МПа;
Р - жалғаумен берілетін қуат, кВт;
Т - алдыңғы жүрістегі еспелі бұранданың тірегі, кН;
Dw - күпшек немесе аралық төлкемен байланыс жеріндегі біліктің ішкі орташа диаметрі (осы Қағиданың 300-қосымшасы), м:
Аралық төлкемен:
y - күпшек материалының сызықтық кеңейтілу коэффициенті,1/оС;
w - білік материалының сызықтық кеңейтілу коэффициенті,1/оС;
tс - пайдалану шартында жалғау температурасы,оС;
tm - монтаждау кезіндегі жалғау коэффициенті, оС;
к = 1 - арлық төлкесіз жалғау үшін;
к = 1,1 - аралық төлкемен жалғау үшін;
h — білік конусының немесе күпшекті аралық төлкенің жұмыс (байланыс) ұзындығы,м;
z - күпшектің конустылығы:
z = (d кон max-d кон min)/Lкон
d кон max - конустың ең үлкен диаметрі, мм;
d кон min - конустың ең кіші диаметрі, мм;
LK0H - еспелі білік конусының ұзындығы
n - жалғау айналымының жиілігі, мин-1.
Осьтік бұрғылаумен болат білікпен жалғау үшін, коэффициентті В сызықтық интерполяцияны қолдану арқылы осы Қағида 301-қосымшаға сәйкес бойынша қабылдауға болады.
2022. Болат муфталар және үстіңгі бетіне цилиндрлік жанасуды монтаждау кезіндегі керу ∆D,м.
Белгілер осы Қағиданың 2021-тармағында келтірілген.
2023. Оларды буатсыз біліктермен жалғастыру кезіндегі бұранда күпшектері және жартылай муфталар үшін мынадай қатынас орындалу қажет:
А [C/Dy+))tm]/B<0,75ReH,
мұндағы А —күпшек нысанының коэффициенті:
А коэффициентін мынадай формуламен есептеуге болады
А-1 = 0,5756 - 0,5937/у2, диапазондағы тура
у =1,2—2,4;
С = ∆hrz — ұштық жанасатын беттермен жалғау үшін, м;
С = ∆Dr- — цилиндрлік жанасатын беттермен жалғау үшін, м;
∆hr — tm, ∆hr >∆h температурада күпшекті монтаждау кезіндегі нақты алмасу;
∆Dr — цилиндрлік жанасатын бетін жалғауды монтаждау кезіндегі нақты керу, ∆Dr. >∆D;
Dy - білікпен немесе аралық күпшекпен байланыс жеріндегі күпшектің ішкі орташа диаметрі, м;
Dy =(Dy1 + Dy2 + Dy3)/3;
ReH - күпшек материал ағымдылығының жоғарғы шегі, МПа.
Қалған белгілер осы Қағиданың 2021-тармағында келтірілген.
2024. Әрбір білікжетектің құрамында басты қозғалтқыштың жөндеу қатарынан шығып кеткен жағдайда біліктердің айналуын болдырмайтын тежегіш немесе тоқтатқыш құрылғылар болуы тиіс.
29-бөлім. Тапсырулар, ажырататын және серпінді муфталар
177. Жалпы ережелер. Материалдар және дәнекерлеу
2025. Осы бөлімнің талаптары басты және қосымша энергетикалық қондырғыларда орнатылатын реверсты-редукторлы тісті берілетін цилиндрлік дөңгелектермен сыртқы және ішкі тізбектермен, планетарлы және конустық берілетін, ажыратқыш және серпінді муфталарға қолданылады. Ажыратқыш электромагнитті және гидравликалық муфталарға бұл талаптар олар қалай қабылдауға лайықты, солай қолданылады.
2026. Беру және муфталарды дайындауға арналған материалдар осы Қағидаға 302-қосымшадағы үшінші бағанда көрсетілген талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Осы Қағиданың 301-қосымшасына 4, 5, 6 тармақтарында көрсетілген бөлшектер материалдар, сондай-ақ стандарт бойынша таңдалуы мүмкін.
Мұндай жағдайда материалдарды қолдану техникалық құжаттаманы қарау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің келісіміне жатады.
2027. Беру және муфталар біліктерін шыңдалатын болаттан және құйма болаттан жасау керек. Фланецы жоқ беру және муфталар біліктерін жазылған домалақ болаттан жасауға рұқсат етіледі.
Жеке қапталған тістегершік біліктерін және тісті доңғалақ біліктерін 430 Мпа кем емес уақытша кедергілі болаттан жасалуы тиіс. Беру біліктерінің уақытша кедергісі білікжетектердің аралық білігінің уақытша кедергі материалынан кем болмауы тиіс.
2028. Басты энергетикалық қондырғылардың тісті беру шестерналары 620-дан 980 МПа дейінгі уақытша кедергісімен қоспасыз болаттан жасалуы тиіс.
2029. Беріліс және муфталардың корпусын шар тәрізді графитпен немесе қапталған болат немесе құйылған болаттан төлкемен тілінген болаттан жасалған дәнекерленген болат конструкциямен жасауға рұқсат етіледі. Егер шестернаның округтік жылдамдығы 60 м/с аспаса, ал муфтаның бүркеніші — 40 м/с болса, онда беріліс және қапталған муфталарды сұры шойыннан, шар тәрізді графитті немесе қапталған болат немесе құйылған болаттан төлкемен тілінген болаттан жасалған дәнекерленген болат конструкциямен жасауға рұқсат етіледі.
2030. Бұрау сәтін бұрандаға беруге арналған муфтаның жауапты бөлшектері қапталған болаттан, құйылған болаттан немесе көбінесе ферритті конструкциясы бар шар тәрізді графитті шойыннан жасалуы тиіс.
Муфталардың ұстанымды сыртқы жүктелген бөліктері үшін тиісті механикалық құрылғыларымен аллюминий қорытпасын қолдануға рұқсат етіледі. Гидравликалық сырғанау муфталарының шестерналарын талап етілген көрсеткіштерді механикалық құрылғылармен қамтамасыз еткен жағдайда сұр шойыннан, ал бүркенішін - аллюминий қорытпасынан жасауға рұқсат етіледі.
2031. Генераторларға бұрау сәтін беруші серпімді муфталардың корпустары, муфта, қысқа тұйықталу кезіндегі сәтінің секіруін көтеру үшін көбінесе ферритті констуркциясы бар шар тәрізді графитті шойыннан, қапталған болаттан немесе құйма болаттан орындалуы тиіс.
2032. Егер беріліс және муфт бөлшектері үшін қоспасыз болатты немесе қоспасыз шойынды қолданған жағдайда Кеме қатынасы тіркеліміне, олардың міндеті бойынша қолдану мүмкіндігін растайтын химиялық құрамы, механикалық және арнайы құрылғылар бойынша мәліметтерді ұсыну қажет.
2033. Басты берілістің біліктері, шестерналары және тісті доңғалақатары осы Қағиданың 1297-тармағының талаптарына сәйкес тәсілмен бұзбай бақылауға жатады.
2034. Негізделген жағдайларда Кеме қатынасының тіркелімі берілістің, муфталардың және олардың пісірілген жалғауларының басқа да бөлшектерін бұзбай бақылау жүргізуді талап ете алады.
2035. Беріліс және муфталардың бөлшектерін дәнекерлеуді қолданумен дайындау кезінде осы Қағиданың 2-бөлімінің талаптары орындалу қажет.
178. Жалпы талаптар
2036. Реверсивті-редукторлы тісті берілістердің орнатылған режимде артқы жүріске жұмыс істеуі кезінде алдыңғы жүрістің есепті қуаттылығының кемінде 70 % қамтамасыз етуі тиіс.
2037. Округтік жылдамдығы 5-тен 20 м/с дейінгі бөлшектер статикалық, ал 20 м/с жоғары округтік жылдамдық - сондай-ақ динамикалық теңдестіруге жатады.
Нақты динамикалық теңдестіру мынадай формула көмегімен анықталуы тиіс.
υ < (65,786 -0,139 V) 103 / п (588)
мұндағыυ— ауырлық орталығы және бөлшек айналуының геометрияллық осі аралығының арақашықтығы, мкм;
п - айналу жиілігі, мин-1;
V - округтік жылдамдық, м/с.
V = 20-300 м/с диапазонында қолданған осы Қағиданың формуласы (588).
Мән V көрсетілген диапазоннан шығып кеткен жағдайда, есептеу кезінде 300 м/с тең округтік жылдамдықты қабылдау қажет.
Жалғаушы муфталардың бөліктері, олармен қатты жалғанған бөлшектермен бірігіп теңгерілуі тиіс.
2038. Басты берілістердің конструкциясы барлық біліктіректерге ыңғайлы кіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Беріліс корпустарында тез алынатын қақпақтарымен мойындардың жеткілікті саны болуы тиіс.
Мойынның орналасуы, берілістің ішінде орналасқан барлық ұзындықта және біліктіректердің тістерін қарауға мүмкіндікті қамтамасыз етуі тиіс.
Осы талаптарды планетарлы беріліске қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
2039. Беріліс корпустары желдеткіш құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
Беріліс корпустарының 0,5 м3 және одан жоғары көлемді желдеткіш құбырлары ашық палубаға немесе сору қамтамасыз етілген жерлерге қарай шығарылуы тиіс.
Желдеткіш құбырлардың ұштары жалын үзгіш арматуралармен жабдықталу қажет және беріліс ішіне судың түсіп кетуін болдырмайтындай етіп орналастыруы тиіс.
2040. Егер тіректік біліктірек беріліс корпусында орналасса, онда корпустың төменгі бөлігі тиісті нығайтылған болу тиіс.
2041. Басты берілістердің сырғанау біліктіректерінде корпусты бөлшектемей біліктің осьтік және радиалды күйін өлшеуге арналған құрылғылары болуы тиіс.
Әрбір сырғанау біліктірегі және әрбір тіректік біліктірек температураны өлшеуге арналған құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
2042. Қалқымалы кемелерді беру конструкциясында номиналды 1,35 тең бұрау сәтінде іске қосылатын сақтандырғыш құрылғылар көзделуі тиіс.
2043. Планетарлы берілісте теңгергіш құрылғы болуы тиіс.
Саттелит саны үштен жоғары берілістерде эпицикликалық дөңгелек тәжінің жиегі икемді радиалды бағытта орындалуы тиіс.
179. Тісті берілістер, майлау
2044. Тісті дөңгелектерді дайындау кезінде бөлгіш домалақта қадамның сәйкестілігін және жалпы қателіктер, тіс сызығының бұрыштық ауытқуы, тістердің бүйір бетіндегі кедір-бұдырлығы және тістің аяғының домалақтану радиусының стандарт талаптарына сәйкестігі тексерілуі тиіс.
2045. Тістердің кедір-бұдырлы бүйір бетін дөңгелектеу алдында, қағида сияқты тістер фрезерлеу немесе ойылып орындалған жағдайда, 10 мкм аспауы тиіс.
Егер талап етілген тістердің нысаны тегістеу немесе ысқылау жолымен жетсе, кедір-бұдырлығы 4 мкм аспауы тиіс.
Эталонды құрал сайманның қырында тістің аяқтарын дөңгелектеу радиусы қалыпты модулден кемінде 0,25 құрауы тиіс.
2046. Шестерналардың тістері және тісті дөңгелектердің B/d1>0,3 (осы Қағидаға 303-қосымша) қатынасы кезінде 45о<φ<60о бұрышпен жаны бойынша модулдің 1,5 кем емес тереңдігіне қисаюы тиіс, мұндағы В - тісті дөңгелектің (шестернаның) ені, d1 — бастапқы домалақтаудың диаметрі.
2047. Шестерналардың тістерінің материалының қаттылығы дөңгелек тістерінің қалыңдығынан кемінде15 % жоғары болмауы тиіс.
Бұл талаптар үсті шыңдалған шестерналар және тісті дөңгелектерге қолданылмайды (цементтелген, азотталған үсті-шыңдалған).
2048. Шестерналар және дөңгелек тістерінің және басқа элементтерінің беріктілігі есеппен расталуы тиіс. Сонымен бірге бұрау тербелістерімен, дауылды ауа райымен, кеме әдісімен, сүйреумен, кеменің әртүрлі тиелуімен айтылған, қалақ санынан бұранданың кедергісінің бірқалыпсыздығына байланысты қосымша жүктемелер ескерілуі тиіс.
2049. Кеме қатынасы тіркеліміне келісуге техникалық құжаттамамен бірге Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған тәсіл бойынша орындалған басты тісті берілістің беріктілік есебінің нәтижелері ұсынылу қажет.
2050. Тиісті іліністерге және сырғанау біліктіректеріне май беру қысым астында жүзеге асырылса, онда майды сүзу және оның қысымын реттеу қамтамасыз етілу, манометр және термометр орналасуы, сондай-ақ майдың қысымын рұқсат етлігеннен асып кетпеуін болдырмайтын сақтандырғыш құрылғылар орналасуы тиіс.
Артық майлау кезінде май деңгейін бақылау мүмкіндігі көзделу тиіс.
2051. Тісті іліністерді және біліктіректерді майлау, көбік және май эмульциясы құралмайтындай болып жүзеге асырылуы тиіс.
2052. Егер берілістерде шайқалу біліктіректері қолданылса, онда майдың берілістен (редуктордан) шығу құбырында қосымша термометр орнату ұсынылады.
180. Тісті муфталар
2053. Тік тісті муфталардың тістерінің бүйір үстінің тасу қабілеттілігін тексеру мынадай қатынастың көмегімен жүзеге асырылады, МПА:
р =9,9•108РkA/(Bhdzn)<pzul (589)
Р1015/үшін (n3d2mM)>4,5 (590)
(Р1015/(n3d2mM мәні) ≈4,5 тек қана дайындаудың жоғарғы нақтылығында және білінер білінбес қалдық дисбаланста мүмкін) Теңгерулерде (589) және (590):
Р — жетек қуаты, кВт;
kA — жетек және муфт типін ескеруші коэффициент:
гидравликалық муфтпен немесе электромагнитті қозғалтқыш және беріліс аралығында сырғанайтын муфтпен турбинді, электрлі және дизельді қозғалтқыштар үшін kA = 1,0;
қозғалтқыш және беріліс аралығындағы жоғары серпімді муфтамен дизелді қозғалтқыштар үшін кА = 1,25.
Егер кернеу мәні бұрау тербелісінен рұқсат етілгенге жақындаса, kA мәні Кеме қатынасы тіркелімінің талабы бойынша жоғарылатылуы мүмкін.
В — жүктемені тасушы, тістің ең кіші ені, мм;
h — тістердің жұмыс қысымы,мм;
d — бөлгіш дөңгелектердің диаметрі,мм;
z — тістер саны;
п — айналу жиілігі, мин"1;
dm — муфт жеңінің диаметрі, мм;
М — муфт жеңінің көлемі, кг;
pzul — тістердің бүйір бетінің рұқсат етілген тасу қабеліеттілігі, МПа:
түзетуден өткен болаттар үшін pzul — 400 - 600 МПа жоғарғы мәндері тістері жоғары нақтылы дайындалу және олардың бетін өңдеудің жоғарғы беріктілікті болаттарға жатады;
шыңдалған және қажет болған жағдайда тегістелген тістер үшін pzul — 800 -1000 МПа, сонымен жоғарғы мәндері, жоғары дәлдікпен дайындалған және өңделген тістердің азотталған тістері үшін сипатталған.
2054. dn2 < 6-109 мм/мин2 кезінде муфт тістерін майлау муфтадағы май деңгейін үнемі бақылаумен батыру тәсілімен жүзеге асырылуы мүмкін.
dn2 > 6-Ю9 мм/мин2 кезде майлаудың циркуляциялық жүйесі қарастырылу қажет.
2055. Төлке, фланц және тісті муфталардың болаттарының өлшемін анықтау укезінде осы Қағиданың 2004-2008-тармақтарының талаптары ескерілуі тиіс.
181. Серпімді муфталар
2056. Басты қозғалтқыштар және берілістер арасындағы серпімді муфталардың өлшемі олар белгілі уақыт аралығында кез келген цилиндрдің қатардан шығып кетуінде, сонымен бірге қосымша бұрау тербелісінің кернеуінен туындайтын жүктемені көтере алатындай болып анықталуы тиіс.
2057. Жетек қозғалтқыштың орташа бұрау сәтіндегі муфтаның тиелген элементтеріндегі кернеу күшейтуді тілікке қабылдайтын және күшейтілмеген резина немесе пластиктен жасалған кернеу резина немесе серіппелі элементтер конструкциясының сапасына байланысты 0,25—0,45 МПа аспауы тиіс. Бұл осы серіппелі элементтер шегінде кернеулерді қолайлы бөлуді қамтамасыз ету үшін қажет. Резина сапасы жетклікті деп санауға болады, егер бәрінен басқа құптауға болатын эластикалық сығулар 35—65 % шегінде болса, ал эластикалық ұзарту - 250—550 % шегінде болса.
Тіліктің теріс әсер етуін төмендету мақсатында бітелген ұштарымен аяғындағы бөліктері күшейтілуі тиіс.
2058. Корпустар, фланцтер және серпімді муфталардың болттарының өлшемдерін анықтау кезінде осы Қағиданың 2004-2008-тармақтарының талаптары ескерілуі тиіс.
2059. Егер серпімді муфталардың конструкциясы, жүктемемен жұмыс істеу кезінде онымен жалғайтын жетек қозғалтқыштардың бөліктерінің осьтік күшейтуін тудыратындай болса, онда бұл күшейтулерді бейтараптау бойынша шараларды қабылдауы тиіс.
2060. Дизель - генераторлардың серпімді муфталары қысқа тұйықтаумен шақырылған, соққы жүктемелерді жұтып қоюы тиіс.
Мұндай мәліметтер болмаған жағдайда, ең үлкен бұрау сәті муфтаның номиналды бұрау сәтінен 4,5 кем болмауы тиіс.
182. Ажыратқыш муфталар
2061. Басты қозғалтқыштардың ажыратқыш муфталарында, ұзақ сырғанауды болдырмайтын құрылғысы болуы тиіс.
2062. Ажыратқыш муфталармен басқару басты қозғалтқыштармен басқару постарынан жүзеге асырылуы тиіс.
Тікелей муфталардың өзінде резервті басқару құрылғысы көзделуі тиіс.
2063. Бір еспелі білікте екі немесе одан да көп қозғалтқыштар жұмыс істеу кезінде ажыратқыш муфталар арқылы оларды басқару құрылғысы қозғалтқыштың айналуының әртүрлі бағыттарында жұмыс істеу кезінде бір мезгілде қосылу мүмкіндігін алып тастауы тиіс.
2064. Механикалық жетекпен білік айналдырғыш құрылғыны қосу кезінде ажыратқыш муфтаның қосылу мүмкіндігін болдырмайтын блоктау көзделуі тиіс.
30-бөлім. Еспелі бұрандалар
183. Жалпы талаптар
2065. Осы бөлімнің талаптары кемелердің еспелі бұрандаларын, соның ішінде мұздық күшейтілген кемелерге қолданылады.
2066. Мұзжарғыштардың еспелі бұрандаларының коснтрукциясы және өлшемдері, сондай-ақ арнайы коснтрукциялардың жылжытқыштары (қанатты, суатқыш, есеплі дөңгелек) Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы келісіміне жатады.
184. Материалдар, сынау және дәнекерлеу
2067. Еспелі біліктерді дайындауға арналған материалдар осы Қағидаға 304-қосымшаның үшінші бағанындағы талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
Осы Қағидаға 304-қосымшаның 2, 3-тармағында көрсетілген еспелі білік бөлшектерінің материалдары стандарт бойынша таңдалуы мүмкін.
Мұндай жағдайда материалдарды қолдану техникалық құжаттарын қарау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің келісіміне жатады.
2068. Осы Қағидаға 304-қосымшаның 1, 3-тармағында және 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген бөлшектер үшін Кеме қатынасы тіркелімімен пластмасса немесе басқа да металл емес материалдарды қолдануға рұқсат етіледі.
2069. Мұздық күшейткісіз кемелер үшін еспелі біліктерді осы Қағиданың 107-тарау талаптарына сәйкес тілімше графитті шойыннан жасауға рұқсат етіледі.
2070. Бұранда қалақтар дайындалу кезінде бұзбай бақылауға алынуы тиіс.
Бұл бақылаудың әдістері, көлемі және нормалары Кеме қатынасы тіркелімімен келісуге жатады.
2071. Дәнекер жалғауларды пісіру және бақылау осы Қағиданың 2-бөлімінің талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
185. Еспелі бұрандаларды жобалау
Достарыңызбен бөлісу: |