Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 5. Дірілді азайту бойынша іс-шаралар



бет14/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   129
§ 5. Дірілді азайту бойынша іс-шаралар

 

530. Егер діріл нормадан жоғары болса, оларды рұқсат етлетін нормаға дейін түсіретін іс-шаралар әзірленіп және Кеме қатынасы тіркелімімен келісілу қажет.

Кеменің басты және қосымша қозғалтқыштарының барлық негізгі жұмыс режимдерінде дірілді қайта өлшеп орындалған іс-шаралардың тиімділігі расталу қажет.

531. Еспелі біліктің жиілігіне тең, жиілікпен жалпы дірілді төмендетуге бағытталған іс -шараларға жатады:



1) еспелі бұранданың геомтриясын тексеру (қалақша қадамы, қима қадамы және бұранда домалағы бойынша осьтік сызықтың өзара орналасуын). Рұқсат етілетін стандарт немесе жабадан асатын ауытқу табылған кезде бұранданы ауыстыру тиіс;

2) балластық цистерналарды толтыру немесе шайқау;

3) еспелі біліктің айналу жиілігін өзгерту.

532. Еспелі бұранда қалақшасының қысқа санындағы жиілікпен жалпы дірілді төмендетуге бағытталған іс -шараларға жатады:



1) кеме корпусының немесе бағытталған қондырмаға қатысты есеплі бұранданың орналасуының өзгеруі;

2) еспелі бұранда қалақшаларының санының өзгеруі;

3) олардың сумен айналып жүзуін қамтамасыз етуге арналған негізгі бөліктегі қырдың өзгеруі;

4) еспелі бұранда дөңгелегіндегі жылдамдық алаңын теңестіруші арнайы құрылғыларды орнату;

5) корпуста еспелі бұранда үстінде дірілді бәсеңдететін құрығыларды орнату.

533. Осы Қағиданың 530-тармағында тізбектелген еспелі бұранданың қалақшаларының қысқа санын жергілікті дірілді жиілікпен төмендетуге арналған іс-шараларға қосымша ұсынылады:



1) дірілдеуіш тілімшелерді қалыңдату немесе аралық қабырға қаттылығымен нығайту;

2) бойлық және көлденең жиынтықтың қиылысу жерлеріндегі байланысты бекіту бөліктерінің дұрыс құрастырылғандығын тексеру; тұйықталған жиынтық контурларын құру;

3) дәнекерленген жалғаулардың орындалу сапасын тексеру.

534. Жиілікпен жергілікті дірілді төмендетуге арналған қозғалтқыштың еспелі білігінің қысқа айналу жиілігіне қосымша осы Қағиданың 533-тармағында көрсетілген тізбектелген іс-шараларға ұсынылады:



1) дірілді бәсеңдеткіштерге қозғалқыштар немесе аспалы бөрене іргетастарын орнату;

2) дірілді бәсеңдеткіштерге орнатылған қозғалтқыштарды оралымды муфт көмегімен басқа кемелік техника объектілерімен жалғау.

535. Келтірілген ұсынылған іс-шаралар тізімі жеткілікті болып табылмайды. Дірілдерді өлшеу нәтижелерін талдау негізінде әрбір нақты жағдайда дірілді белгіленген нормаға дейін түсіретін басқа да іс-шаралар жүзеге асырылады.



 

 

3-бөлім. Жеңіл ерітінділерден жасалған су ығыстырушы кемелер корпусының конструкцияы



 

9. Жалпы талаптар

 

536. Осы бөлім корпусы қалайыдан жасалған су ығыстырушы кемелерге қолданылады.

537. Осы бөлімде қарастырылмайтын мәселелер, осы Қағиданың 2-бөлімнің нұсқауларын басшылыққа алуға жатады.



 

 

10. Корпус байланысының материалы және минималды қалыңдығы



 

538. Қағиданың осы бөлімімен регламенттелген корпус конструкцияларының элементтерін дайындау үшін қолданылтын материалдар осы Қағиданың 2-бөлігі талаптарын қанағаттандыру қажет.

539. Корпус құрамына кіретін табақшалардың рұқсат етілетін минималды қалыңдығы болат кемелерге арналғаннан кем болмау қажет.



 

 

11. Корпус элементтерінің тұрақты өлшемдерін анықтау



 

540. Корпус иілімінің иілу сәтіне және қиып өту күшіне әсер етуін ескеру қажет, егер

 

L4 > B/(EI) > 6,01•103,             (300)

 

Мұндағы L, В - КВЛ бойынша кеменің ені және есеп ұзындығы, м;

Е - корпус материалының модуль серпінділігі, МПа;

І - эквиваленті брустың көлденең қимасының инерция сәті, м4.

541. Жиынтық белдемдегі жалғасқан белдіктің енін есептеу кезінде мына формуламен анықтау қажет:

1) бойлық қабырға қаттылығы және екі есе түп, бос шпангоут және бимстер үшін, (осы Қағидаға 66-қосымшаның а), г))

 

с1 = 0,5а;                         (301)

 

2) егер басты бағыттың белдемдерін қолдайтын болса, бойлық жиынтық жүйесі кезінде флорлар, бимстер және шпангоуттар, көлденең жиынтық кезінде кильсондар және карлингстер үшін (осы Қағидаға 66-қосымша, б), г)),

 

с2 = с1 + (b - с1)φ1,                      (302)

 

мұндағы с1 - осы Қағиданың 301 формуласына сәйкес жалғасқан белдік ені, см;

φ — қысылған жалғасқан белдік үшін және қаптаманың созылып жалғасқан белдігі үшін осы Қағидаға 67-қосымша бойынша анықталған коэффициент;



3) көлденең жиынтық жүйесі кезіндегі флорлар бимстер және шпангоуттар үшін, бойлық жиынтық жүйесі кезіндегі кильсондар және карлингстер үшін (осы Қағидаға 66-қосымша 34, в), г))

 

с3 = 0,5nа(1 + φ2),                 (303)

 

мұндағы n - қатты және қысқартылған орындар саны;

φ2 — созылып жалғасқан белдік үшін бірге тең және қаптаманың қысылып жалғасқан белдік үшін осы Қағидаға 68-қосымша бойынша анықталған коэффицент.



Жалғасқан белдіктің ені барлық жағдайларда қарастырылып жатқан белдемнің аралық есебінің ұзындығынан 1/6 аспау қажет.

542. Қырдың дуалдары биіктігі қалыңдыққа қатынасы 60 жоғары болса, қабырға қаттылығымен нығайтылу қажет.

543. Бос белдік енінің bп оның қалыңдығына tп қатынасы формуламен анықталған мәннен асу қажет:



мұндағы RеН - ағымдағы материалдың шегі, МПа.

Сонымен қатар bп / tп 14 аспауы қажет.

544. Тіреу контурындағы қимадағы ең көп кернеу кергісімен қатты бекітілген тілімшені көлденең жүктеме әрекеті кезінде осы

Қағидаға 69-қосымша бойынша анықтау керек.

545. Кернеу нормаланбайтын тіреу қималарында тілімшелер үшін, а көлденең жүктеме әрекетінен осы Қағидаға 69-қосымша бойынша анықтау керек.

546. Тілімшенің эйлерлік кернеулерін, МПа, мына формула бойынша есептеу қажет:

1) тіреуіш контурдың ұзын жағының жанынан сығылған кезде

 

σэ= 26(100t/a)2;               (305)



 

2) тіреуіш контурдың қысқа жағының жанынан сығылған кезде

 

σэ = 6,37(100t/a)2(1+a2/b2)2;       (306)



 

3) қатысты күштер әрекеті кезінде (борт тілішелері)

 

τэ= 6,37k(100t/a)2,             (307)



 

мұндағы t — тілімше қалыңдығы, см;

а — қысқа жағының ұзындығы, см;

b — ұзын жағының ұзындығы, см;

к — осы Қағидаға 20-қосымша бойынша анықталған коэффициент.

Қиын кездердегі қалыпты кернеулер осы Қағидаға 71-қосымша бойынша анықталады.

547. Жиынтықтың көлденең қимасы кезінде шпацияны 500 мм кем емес қабылдайды.

Түптің және палубаның бойлық жүйесі кезінде шпация 600 мм жоғары болмау қажет.

Форпикте шпация 400 мм дейін төмендетілу қажет.

548. Бірыңғай флорларды 3 шпациядан кейін орнату қажет. Бракетті флорларды қолдануға тыйым салынады.

549. Бірыңғай флорлардың көлденең қимасының қарсыласу сәті см3, кем болмау қажет

 

W = 62,5 QВф/σд,                    (308)

 

мұндағы Q — флордағы толық жүктеме, кН;

Вф — флордың жоғарғы жиегін деңгейіндегі трюм ені, м;

уд — рұқсат етілетін кернеулер, МПа.

550. Кильсондарды олардың аралығының арақашықтығы барлық сыныпты кемелер үшін 2 м артық болмайтындай етіп орнатылу керек. Орташа киьлсонның көлденең қимасының инерция сәтінің мәні бірыңғай флорлардың көлденең қимасының талап етілетін инерция сәтінен 1,5 кем болу қажет, ал бүйірлік кильсондар үшін - 0,75.

551. Сыртқы қаптаманың минималды қалыңдығы есеп нәтижесі бойынша тағайындалу қажет.

552. Рамалық шпангоуттың борттық тармақтарының көлденең қимасының инерция сәті мынадан төмен болмау қажет, см4,



 

I1=2IH/Вф,                        (309)

 

мұндағы І — флордың көлденең қимасының инерция сәті, см4;

Н — шпангоуттың борттық тармақтарының биіктігі, м;

Вф — флордың жоғарғы жиегі деңгейіндегі трюм ені, м.

553. Борт биіктігі 2-ден 3 м-ге дейін болғанда бір борттық стрингер, ал биіктігі 3 м жоғары болғанда - екеу қою қажет.

554. Борттың сыртқы қаптамасының қалыңдығын түптікі сияқты қабылдайды.

555. Жабу белдемінің орнықтылық критерийі болып ағымдылық шегіне өлшемдік қалыпты кернеудің қатынасы табылады:



 

α = σкр / RеН  .                                      (310)

 

Коэффициент σ осы Қағидаға 71-қосымша бойынша анықталады және мынадан кем болмау қажет:

1) бойлық рамалық жиынтықтың палубалық және түптік жабулар (карлингстер, кильсондар) үшін, барлық түрдегі кемелер - 0,95;

2) палубалық жабудың бойлық қабырға қаттылығы үшін:

егер кильсондар жабудың жалпы иілуіне қатысатын болса - 0,9;

егер кильсондар жалпы иілімге қатыспайтын болса lпп > 1,5 - 0,7 (lп және Вп — жабудың ұзындығы мен еніне сәйкес, м);

3) палубалық жабудың бойлық қабырға қаттылығы үшін:

ашық кемелер - 0,9; жабық кемелер - 0,75;

4) кемелік алаңдардың палубалық және түптік бойлық қабырға қаттылығы үшін - 0,7.

 

 

12. Рұқсат етілетін кернеулер



 

556. Жалпы иілуден және жергілікті жүктеме кернеуі үшін және тұрақты сипаттамасы бар қауіпті қалыпты кернеулердің қосынды кернеулері үшін мынаны қабылдау керек, МПа:

1) созылған кезде

 

σ0 = kRр 0,2,                       (311)



 

мұндағы Rр 0,2 - қалдық деформацияға сәйкес 0,2%, МПа материал ағымдылығының шартты шегі.

К мәні тең деп қабылданады:

тойтарылған конструкциялар үшін — 0,9;

дәнекерленген конструкциялар үшін:

3 ≤ t < 4кезде - 0,7;

t ≥ 4 кезде - 0,8,

мұндағы t — конструкцияның жалғастырушы элементтерінің қалыңдығы, мм.

2) сығылған кезде

 

σ0 = σкр                      (312)



 

3) қауіптіге қатысты кернеулер биіктігі мынаған тең қабылданады:

 

τ0 = 0,57 σ0                    (313)



 

557. Рұқсат етілетін қалыпты және қатысты кернеулердің нормалаушы мәні осы Қағидаға 72-қосымшада келтірілген.



 

 

13. Пісірілген жалғаулар



 

558. Екі жақты тігіспен таңбалық жалғауларды пісіру кезінде қабылдайды:

1) корпус конструкциясының негізгі байланыстарын жалғау бөліктерінде (флорларды кильсондарға, шпангоуттарды стрингерлерге, бимстерді карлингстерге және комингстерге және с.с.);

2) өткізбейтін аралықтарды, флорларды, кильсондарды және с.с. сыртқы қаптамаға және төсенішке;

3) машинналық бөлім аудандарындағы корпус конструкциясын, қозғалтқыштардың орналасуын және жергілікті діріл, ауыспалы және соққылық жүктеменің әрекет орындарын;

4) қозғалтқыштар астындағы іргетастарды (басты және негізгі) және бсқа да механизмдерді.

559. Таңбалық жалғаулардағы берік корпустың конструкциясына үздікті бұрыштық тігістерді қолдануға рұқсат етілмейді.

560. Бір жақты пісіру кезінде айналасы тігістің басқа жағына өтумен ұзындығы 30 м кем болмайтын белдем, қабырға, книц дуалдарының бос ұштарының, сондай-ақ белдем дуалдарының участкілері және тіліктердегі аралықтардың айналасы пісірілу қажет.

 

 

4-бөлім. Катамарандар корпусының конструкциясы



 

14. Жалпы талаптар

 

561. Осы бөлімнің талаптары катарамандардың мынадай сынып түрлерге қолданылады «М», «О», «Р» және «Л»:

1) Машиналық бөлімде артқы жақты орналасуымен өздігінен жүретін бір палубалы құрғақ жүк тасуға арналған кемелер;

2) жолаушылар кемесі;

3) сүйреуіш және итергіштер.

562. Катамарандардың негізгі өлшемдері:



L - конструктивті ватер сызығы бойынша ұзындық, м;

В - мидель-шпангоуттағы конструктивті ватерсызығы бойынша ені, м;

Вк - мидель шпангоуттағы конструктивті ватерсызығы бойынша бір корпустың ені, м;

Н - мидель-шпангоуттағы ктігі, м;

Ннб - мидель-шпангоуттағы су үсті бортының биіктігі, м;

с - көлденең клинерс - конструктивті ватерсызық бойынша ішкі корпус борттарының аралығындағы ең кіші арақашықтығы, м;

hвi - теоретикалық шпангоуттағы тік клиренс - арақашықтығы есепті ватер сызығынан бастап мост тігісіне дейін немесе кеменің диаметралды жазықтығында өлшенген жиынтықтың төменгі нүктелеріне дейін, м.

563. Талаптар басты өлшемдерінің қатынасы мына шарттарды қанағаттандыратын кемелерге қолданылады:



 

L/H < 25;                        (314)

 

L/ B = 4 ч 6;                      (315)

 

hв / Ннб > 0,65,                    (316)

 

мұндағы hв — толық жүкті кемелерге арналған миделдегі тік клинерс

564. Катамарандардың корпустарын жасау үшін осы Қағиданың 2-бөлімінің талаптарын қанағаттандыратын және қолданыстағы стандарттарға сәйкес болат және қалайы ерітіндісін қолданады.

565. Мынадай осы бөлімде катамаран корпустарын мынадай тәсілдердің бірімен өзара жалғауларын қарастырады:

1) ұзындығы корпус ұзындығының жартысынан кем болмайтын және 3 берік көлденең аралықтардан кем емес (қондырманың және рубканың алдыңғы жағы, ортаңғы және қормалық бөліктерінде) берік қондырмалар және рубкалар;

2) көлденең белдем жүйелерін бір жақты немесе екі жақты тігісін көрсететін көпірлер. Шетіндегі ұзындығы 0,15Z артық емес қысқа қондырғыларды беріктілік есебі кезінде көпір бөлігі ретінде қарау керек.

566. Көпір көмегімен жалғасатын катамаран корпустарының палубаларында бір корпустың енінен үлкен және ұзындығы трюм ұзындығынан жартысынан үлкен тіліктерге рұқсат етілмейді. Егер осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет