Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011



бет1/20
Дата23.02.2016
өлшемі2.01 Mb.
#7158
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысына

1-қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «11» ақпандағы

№ 129 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссия және пайымдау
Миссиясы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) көлік-коммуникация кешенін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) дамыту мақсатында көлік және коммуникация, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында Қазақстан Республикасының тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастырады және жүргізеді.
Пайымдауы – экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация кешені, сондай-ақ ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуді қамтамасыз ететін дамыған және қолжетімді ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды және даму үрдістерін талдау
1-cтратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту
1. Дамудың негізгі параметрлері
Темір жол саласы

Қазақстан темір жолының пайдалану ұзындығы 14,6 мың км құрайды (оның ішінде екі жолды желілер – 4,8 мың км (34%), электрлендірілген желілер – 4,1 мың км (29%), тығыздығы – 1000 шаршы км-ге 5,5 км, жүксыйымдылығы – км-ге 24,2 млн. тонна-км –ді құрайды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТЖ»ҰК» АҚ) негізгі өндірістік-экономикалық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл


2011

жыл


Жүктер тасымалданды

млн. тонна

268,9 (+3%)

247,7

(-7,9%)


267,7

(+8%)


279,6

(+4,4%)


Жолаушылар тасымалданды

млн. жолаушы

16,6

(-2%)


18,9

(+5,9%)


19,2

(+1,6%)


20,7

(+7,8%)


Кірістер

млрд. теңге

433,7

432,3

(-0,3%)


597,6

(+38,2%)


625,5

(+4,7%)


Шығыстар

млрд. теңге

392,0

416,0 (+6,1%)

532,6

(+28%)


531,3

(-0,2%)


Қаржылық нәтиже

млрд. теңге

41,8

16,3

(-61%)


65,2

(+400%)


94,2

(+44,5%)


Елдің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы темір жол көлігінің үлесі шамамен 60 %-ды құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20 % құрайды.

Темір жол көлігіндегі реформаларды іске асыру кезінде соңғы 10 жыл ішінде мынадай мақсаттар айқындалды:



  1. магистральдық темір жол желісін (бұдан әрі – МТЖ) мемлекеттік бақылау сақталған жағдайда темір жол көлігін нарыққа бейімдеу;

  2. тасымалдау және қамтамасыз ететін қызметте бәсекелестікті дамыту есебінен темір жол көлігі қызметтерінің қолжетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;

  3. салаға жеке бастамалар мен инвестициялар тарту үшін институционалдық жағдай жасау;

  4. темір жол көлігінің импорт алмастыратын өндірістік базасын дамыту.

Қазақстан Республикасының темір жол саласын реформалау барысында мынадай аралық нәтижелерге қол жеткізілді:

1) шаруашылық қызметтің бейінсіз түрлері және мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтік-тұрмыстық активтер бөлінген және жергілікті билік органдарына берілді;

2) бәсекелі секторға жөндеу кәсіпорындары бөлінді;

3) жолаушылар мен жүк тасымалдауды ұйымдастыру және қаржылық бөлу жүзеге асырылды. Жолаушылар тасымалын ішінара мемлекеттік субсидиялау басталды.


2011 жылғы қорытындылар бойынша локомотивтер паркінде 1838,5 локомотив, соның ішінде 570,5 электровоз, 1246 тепловоз және 22 паровоз бар. Локомотив паркінің жай-күйі 72% жететін жоғары тозумен сипатталады. Локомотивтер паркінің 37% астамы нормативтік артық жүріспен пайдаланылады, ал парктің 50% қызмет ету мерзімі аяқталған.

2011 жылғы қорытынды бойынша Қазақстан Республикасы жүк вагондарының жалпы паркі 89 066 бірлікті құрайды, соның ішінде 54 801 бірлік немесе 62% мүкәммалдық, ал 34 265 бірлік немесе 38% жеке меншік болып табылады. Мүкәммалдық вагондардың жалпы санында пайдаланылатын парктің үлесі 93% (50 777 бірлік) құрайды. Тәуелсіз меншік иелерінің жүк вагондар паркі 3 есеге өсіп, 51 мыңнан астам вагонға ұлғайды.


Жүк вагондары мүкәммалдық паркінің негізгі проблемасы 67% («ҚТЖ»ҰК» АҚ алдын ала деректері бойынша) жететін оның жоғары тозуы болып табылады.

Жүк вагондары меншік иелерінің жүк вагондарын беру жөніндегі қызметтерге бағалық реттеудің болмауы жылжымалы құрамды жаңарту үшін қолайлы жағдай жасайды.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған вагондар паркі 824 бірлікті құрады. Жолаушылар вагондарының 28 жыл нормативтік қызмет ету мерзімі кезінде бүгінгі күні қазақстандық вагондардың орташа жарамдық мерзімі 21 жылды құрайды. Электр поездардың мүкәммал паркінің 136 вагонынан – 123 вагон жұмыс паркінде тұр, келесі 5 жыл ішінде 82 электр поезы вагоны есептен шығаруы тиіс. Электр поездары паркінің тозу деңгейі осы уақытта 90% асады.

Қазіргі уақытта республикада облысаралық қатынастардағы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстық негізде субсидия бөлумен мемлекеттік және жеке меншік компаниялар жүзеге асырады.

Саланың бәсекелестік моделінде жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын компанияларға толық бақылау және тасымалдау процесіне тартылған активтерді, атап айтқанда вагондар мен локомотивтерді жаңартуға жауапкершілік қажет.

Реттеудің қолданыстағы практикасына сәйкес қатынас түрі мен жүк тегіне байланысты тарифтер сараланған. Нәтижесінде тасымалдардан түсетін кірістер қатынастар түрімен және жүк тегімен айқындалатын нарық сегментіне байланысты ерекшеленеді.

Көрсетілген тасымалдар сегменттерінен үш топты бөліп атауға болады.

1-топ – кірісі төмен тасымалдар: таскөмір (экспорт, облысаралық қатынас), кен (экспорт, облысаралық қатынас), құрылыс жүктері (импорт), нан (экспорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (облысаралық қатынас);

2-топ – кірісі жоғары тасымалдар: мұнай жүктері (экспорт), қара металл (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), химиялық және минералдық тыңайтқыштар (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (импорт);

3-топ – өз шығынын өтейтін тасымалдар: тас көмір (импорт), мұнай жүктері (импорт, облысаралық қатынас), кен (импорт), құрылыс жүктері (экспорт, облысаралық қатынас), нан (импорт), қалған жүктер (экспорт).

Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының нарығындағы жалғыз жүк тасымалдаушы болып табылады. Бұл ретте тасымалдауды жүзеге асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Локомотив» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ жылжымалы құрамын, басқа да темір жол әкімшіліктерінің мүкәммалдық вагондары мен операторлық компаниялар вагондарының жеке паркін пайдаланады.

Қатынастар бойынша мынадай жүктер тасымалданды:




Көрсеткіштер

Өлш. бірл.

Кезең

2008

жыл


2009

жыл



2010 жыл


2011

жыл


Республикаішілік

млн. тонна

140,0

(-0,2)


131,5

(-6,1%)


140,9

(+7,1 %)


148,7

(+5,5%)


экспорт

93, 4 (+10,1%)

85,6

(-8,3%)


96,0

(+12%)


97,9

(+2%)


импорт

20,0

(-10%)


15,8

(-21,3%)


16,9

(+6,9%)


17,9

(+5,9%)


транзит

15, 5 (+17,4%)

14,8

(-4,5%)


14,0

(-5,4%)


15,1

(+7,9%)


Тарифтердің жыл сайынғы артуын ескере отырып, 2009 жылдан 2014 жылға дейінгі инвестициялар:

Атауы

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Барлығы

Құны, млрд. теңге




Магистральдық желі

53,7*

69,3*

133,3*

78,4*

92,1*

426,8

Локомотив шаруашылығы

17**

29,1**

56,4**

55,7**

77,2**

395,4

Вагон шаруашылығы

12,9***

21,6***

133,7***

32,5***

73,3***

274

Барлығы

83,6

120

323,4

166,6

242,6

936,2

Ескертпе:

* Қорғас-Жетіген және Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара жаңа темір жол желілерінің құрылысын есепке алмағанда,

** «Локомотив» АҚ және «Локомотив сервистік орталығы» АҚ

*** «Қазтеміртранс» АҚ және «Қазтранссервис»АҚ

2011 жылы темір жол инфрақұрылымының дамуына инвестициялар 81,3 млрд. теңгені құрады, соның ішінде:

38,2 млрд. теңге республикалық бюджеттің қаражаты (Жетіген-Қорғас темір жол желісін салу);

6,2 млрд. теңге «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қаражаты (Жетіген-Қорғас темір жол желісін салу);

12,4 млрд. теңге қарыз қаражаты (Жетіген-Қорғас темір жол желісін салу);

17,4 млрд. теңге республикалық бюджеттің қаражаты (Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара темір жол желісін салу);

7,1 млрд. теңге қарыз қаражаты (Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара темір жол желісін салу).

2015 жылға дейін 4 191км магистральдық желіні сауықтыру, 513 бірлік локомотив және 30 505 жүк вагонын сатып алу жоспарлануда.

Негізгі инфрақұрылымдық жобалар:



Р/с №

Жобалар

Ұзақтығы

км


Құны млрд. тг.

Қаржыландыру көздері

Іске асыру мерзімдері

Темір жол желілерін салу

1

Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара

146

61,7

Республикалық бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыз қаражаты

2009 – 2012

2

Қорғас – Жетіген

293

139,4

Республикалық бюджет, өзінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан

қарыз қаражаты



2009 – 2013

3

Бейнеу – Жезқазған

988

561

Анықталмаған

2012 – 2016

4

Арқалық – Шұбаркөл

214

133

Анықталмаған

2012 – 2015

Автожол саласы

Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының ұзақтығы 128 мың км құрайды, олардың 97,1 мың км астамы жалпыға ортақ пайдаланылатын автожол. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдың ұзақтығынан 23,5 мың км республикалық маңызы бар 73,6 мың км жергілікті желіге жатады.

Соңғы 11 жылда саланы дамытуға жергілікті желіні қоса алғанда, 1 263,1 млрд. теңге бөлінді, бұл ретте 2001 жылы қаржыландыру


7,7 млрд. теңге болса, 2011 жылы 189,5 млрд.теңге болды. Осы жылдары жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдың 97,1 мың км-ден 44 мың км жолдан астамын, соның ішінде 24,4 мың км республикалық желіде қайта жаңарту және әртүрлі жөндеулер жүргізілді.

2012 жылы бөлінген қаражаттың шеңберінде республикалық жолдар желісі бойынша ұзақтығы 1080 км Алматы - Астана- Петропавл, Самара-Шымкент, Омбы-Павлодар-Майқапшағай, Астрахань-Атырау-Ақтау-Түрікменбашы, Астана-Қостанай-Челябі, Ташкент-Шымкент-Алматы-Қорғас, Таскескен-Бақты автомобиль жолдары учаскелерін қайта жаңарту бойынша, сондай-ақ 1 215 км жолды күрделі, орташа жөндеу жұмыстар көлемін орындау жоспарлануда.

2012 жылы жолдың 998 км салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру бойынша, оның ішінде 700 км «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бойынша жұмыстарды аяқтау көзделген.

Автожол саласындағы ең ірі жоба - «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін қайта жаңартуды іске асыру жалғастырылуда.

Осы жобаны 3 көзден қаржыландыру көзделген: қарыз қаражаты, республикалық бюджет және концессиялық негіздегі жеке инвестициялар.

Жобаны қаржыландырудың негізгі үлесін 9 Халықаралық қаржы институттарының сыртқы қарыздары құрайды және жалпы сомасы


3,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын Қарыз туралы келісімге қол қойылды.

Жұмыс төрт облыс (Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан) аумағында жүргізілуде. 6 мың бірлік техника, 30 асфальт-бетон және 24 цемент-бетон зауыттар және 32 бөлшектеу құрылғылары жұмылдырылған.

35 мыңнан астам жол құрылысшылары (соның ішінде 34,4 мың адам қазақтандық персонал және 566 адам шетелдік персонал) тартылды. Жоба бойынша 1 220 км ұзақтығында жол жабынын төсеу орнатылды.

2012 жылғы 1 қаңтарға республикалық маңызы бар автожолдар желісінің мынадай жай-күйі күтілуде: жақсы – 37 %; қанағаттанарлық – 40,5 %; қанағаттанғысыз – 22,5 %.

Жергілікті маңызы бар автожолдардың жай-күйі: жақсы – 15 %; қанағаттанарлық – 43 %; қанағаттанғысыз – 42 %.

2010 – 2014 жылдар кезеңінде шамамен 21 мың км автожолды қайта жаңарту және жөндеу жоспарлануда, оның ішінде 5 мың км қайта жаңарту, республикалық желінің 6 мың км, жолдардың жергілікті желісі бойынша


10 мың км жөндеу.

Жаңалық нарықтық тәсілдерді енгізу болып табылады және осы мақсаттар үшін ақылы қызметті егізумен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолданудың маңызы аз емес. Осы бағыт бойынша концессиялық негізде «Алматы-Қорғас», «Алматы-Қапшағай», «Астана-Қарағанды» автожолдарын қайта жанартуды іске асыру жөнінде іс-шаралар жүргізілүде. Сонымен бірге «Ташкент-Шымкент» айналма автомобиль жолдарын қайта жаңартуды іске асыру бойынша іс-шаралар және «Астана-Щучье» автожолында ЗКТЖ енгізу» оларды да концессия негізінде іске асыру жоспарлануда.


Азаматтық авиация

Республикада 54 авиакомпания және әуе кемелерінің пайдаланушылары өз қызметін жүзеге асырады, оның ішінде 34 авиакомпания коммерциялық әуе тасымалдарын және 1 авиакомпания коммерциялық емес әуе тасымалдарын, әуе кемелерінің 19 пайдаланушысы авиациялық жұмыстарды (авиация-химиялық, орманды бақылау, мұнай-газ құбырларын айналып ұшып өту және басқа жұмыс түрлері) орындайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 411 әуе кемесі есепте тұр.

Қазақстандық авиатасымалдаушылары («Эйр Астана» АҚ, «Скат» АҚ) 18 шет мемлекетінің аумағында ұшуды орындайды. Қазақстанға әлемнің 19 елінен тұрақты жолаушылар тасымалын 25 шетелдік авиакомпаниялары жүзеге асырады. Ішкі авиақатынастары саласында 40 бағыт бойынша тұрақты ұшу жүзеге асырылады.

Жер үсті инфрақұрылым объектілерін жаңғырту және дамыту бағдарламалары іске асырылуда. Бүгінгі күні Халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге жіберілген 15 әуежайдың 10-ы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары (ИКАО) бойынша санатталған: ИКАО санаты бойынша Астана мен Алматы қалаларының әуежайлары IIІ санат, Атырау
ІІ санат, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе, Өскемен, Қызылорда әуежайлары I санат.

Республиканың транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілген болатын, оны тиімді пайдалану азаматтық авиация үшін қосымша табыс табуға бағытталған шара және оны дамытудың жоғарғы динамикасын сақтау болып табылады.

2005-2008 жылдар кезеңінде Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің транзиттік қозғалысының өсуі жылына 10% жоғары болды.

Егер 2005 жылы транзит 84,8 млн. ұшақ-километрді құраса, ал 2008 жылы – 121,1 млн. ұшақ-километр, 2009 жылы – 114,2 млн. ұшақ-километр, 2010 жылы – 128,4 млн. ұшақ-километр, 2011 жылы – 155,7 млн. ұшақ-километр.


Су көлігі

Қазақстан Каспий бассейніндегі жүк ұйымдастыратын мемлекет болып табылады және экспортталатын жүктердің негізгі түрлері мұнай, металл, астық және басқалары болып табылады.

2011 жылғы Ақтау порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі өткен жылғы тиісті кезең көрсеткішінің 94,7%-ын құрайтын
12,2 млн. тоннаны құрады.

Көлемдердің төмендеуіне Иранға астық кіргізуге жоғары экспорттық баж енгізу және мұнай жеткізуге экономикалық эмбарго енгізу, сондай-ақ мұнай бөлігінің экспорт бағыттарының өзгеруі (құбыржолды пайдалану) экспорттық баж салығын енгізуге ықпалын тигізді.

2011 жылы «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық кеме компаниясы
9,7 млн. тонна немесе өткен жылдың ұқсас кезең көрсеткішінің 111,3 %-ын тасымалдады.

Бүгінгі күні компания флоты 19 кемеден тұрады, оның ішінде: жүккөтергіштігі 12-13 мың тонна 6 мұнай құюшы танкер, жүккөтергіштігі 3 600 тонна болатын 8 барж-алаңдар, 5 буксир бар.

2014 жылы теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кеме қозғалысын басқару жүйесін құру жоспарлануда.

Ішкі кеме қатынасы үш су бассейнінде жүзеге асырылады: ұзақтығы 3983,5 км су жолдары учаскелеріндегі Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш.

2011 жылы ішкі су көлігімен 1,2 млн. тонна әртүрлі жүктер тасымалданды, ол өткен жылғы тиісті кезең көрсеткішіне сәйкес келеді.
Автомобиль көлігі

Автокөлік құралдарының (бұдан әрі – АКҚ) республикалық паркі шамамен 3,5 млн бірлік санын құрайды.

Халықаралық жол тасымалдары (бұдан әрі – ХЖТ) жүйесі бойынша тасымалдарға қазіргі уақытта шамамен 4650 автомобиль көлігі тартылған. Жүктерді тасымалдау үшін жыл сайын Еуропа мен Азияның 39 елімен шамамен 109 мың дана рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізілуде.

Тұрақты қатынас бойынша 110-нан артық халықаралық және


115 облысаралық тұрақты жолаушылар маршруттары бар.

Автомобильдер паркі жоғары тозумен сипатталады – 12 жылдан жоғары пайдалануда болған автокөлік құралдарының үлес салмағы 63% құрайды, соның ішінде 57% - автобустар, 59% - жеңіл және 84% - жүк автокөліктері.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы стационарлық көздерден атмосфераға зиянды заттар шамамен жылына 2,5 млн. тоннаны құрайды, ал көлік шығарындылары жылына 1 млн. тоннадан асады.

Еуро стандарттарды кезең-кезеңмен енгізу ескірген автомашиналарды әкелуді шектеуге, қазақстандық автожинау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ өндірілетін және импортталатын отынның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік құралдарының техникалық байқауда өткізу функциялары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен бәсекелi ортаға берiлген, ал техникалық байқауды ұйымдастыру мен жүргiзуге бақылау құзыреті Министрлiкке берілген.

Жаңа тәртіпке сәйкес көлік құралдарының техникалық байқауын техникалық бақылаудың стационарлық және ұтқыр желілері бар жекеменшік орталықтар жүргізеді, олар тежеуіш жүйесінің, рульдік басқарудың, аспалық бөлшектердің, атмосфераға шығарындылардың тиімділігін автоматты түрде анықтайды.


2. Негізгі проблемаларды талдау
Теміржол саласы

Теміржол саласында темір жолдар желісі жеткілікті дамымаған, негізгі құралдардың тозуы, жолаушы жылжымалы құрамының тапшылығы өсуде. Сервистің төмен деңгейі мен бәсекелестіктің болмауы орын алады, сондай-ақ темір жол көлігін жаңарту мен дамытуды жеткіліксіз қаржыландыру білінеді. Тариф белгілеудің қолданыстағы қағидаттары мен реттеу тетігі тасымалдаушының клиентке бағдарлануын болдырмайды. Елдің транзиттік әлеуетін барынша тиімді іске асыру қажет және темір жол желілерін дамытуға жаңа (жеке) субъектілерді тарту қажет, олар өз кезегінде көлік-коммуникация кешенінде бәсекелес ортаны құруға және көлік құралдары паркін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ұзақ жылдар бойы жолаушылар тасымалдарын жүк тасымалдары есебінен, сондай-ақ экономиканың басқа салаларын (тау-кен өндірісі, құрылыс және агроөнеркәсіп кешені) баға өсуіне қарай темір жол тарифтерінің түсуі есебінен тоғыспалы субсидиялауға жол беретін экономикалық саясат активтерінің «шығарылуына» және мемлекеттің көлік инфрақұрылымының сапасын нашарлатуға әкеп соқтырады.

Саланың негізгі қорларының жиналған тозуы теміржол көлігінің технологиялық тұрақтылығын жоғалту қаупін тудырады және өз ресурстары таусылып бара жатқан жылжымалы құрамды және инфрақұрылым объектілерін жаңартуға инвестицияның едәуір қажеттілігін анықтайды.

Теміржол көлігінің тиімділігі, қолда бар ассортимент, пайдаланушыларға ұсынылатын қызметтің қол жетімдігі мен сапасы, қызметке инновацияларды енгізу деңгейі нарықтың қазіргі заманғы талаптарына толық жауап бере алмайды.

Теміржол көлігі жұмысының мемлекет экономикасының барлық салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, Министрлік «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлесіп, Қазақстан Республикасы темір жол көлігін одан әрі дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның темір жол көлігі бөлімінің негізін құраған кешенді тәсілдерді әзірлеу бойынша ауқымды, жүйелі жұмыстарды жүргізді.

Бұл ретте осы бағдарламаның негізгі міндеті саланың қолданыстағы институционалды құрылымын және саланың экономикалық моделі реформасын түзету негізінде реформалау үдерісін аяқтау болып табылады.

Табиғи-монополиялық қызмет (МТЖ қызметтері) және тасымалдау қызметін толығымен бөлу, тасымалдау қызметі тарифін қайта реттеу, тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар маршруттары бойынша жолаушылар тасымалдаумен байланысты шығындарын 100%-дық субсидиялау және т.б. көзделіп отыр.

Сондай-ақ бағдарламада жеке бастамаларды тартуға, магистральдық темір жол желісіне қол жеткізуге тең құқық бере отырып, бәсекелес нарықты құруға және жолаушылар тасымалдауды мемлекеттік субсидиялаудың тиімді тетігін енгізуге жағдай жасау көзделуде.

2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша вагондар:



Атауы

мүкәммал паркі

жұмыс паркі

жұмыс істемейтін паркі

жолаушы вагондары, бірлік

1 824

1 778

46

жүк вагондары, бірлік

54 801

50 777

4 024

Өсу нәтижесіндегі жолаушылар вагондарының тапшылығы

Жылдар

2009

2010

2011

2012

2013

жолаушы вагондарының тапшылығы, бірлік

411

448

310

183

106

2011 жылдың қорытындысы жай-күйі бойынша локомотивтер

Атауы

Мүкәммал паркі

Пайдаланылатын парк

Пайдаланылмайтын парк

магистральдық тепловоздар, бірлік

648,5

503,5

145

электровоздар, бірлік

522,5

420

87,5

маневрлік тепловоздар, бірлік

485

399

82


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет