Қазақстан Республикасы Конституциясының
20 жылдығы құрметiне арналған мерекелiк медаль туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға салмақты үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-aқ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығының құрметiне ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк медалі тағайындалсын.
2. Мыналар:
1) «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;
2) «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалiнiң сипаттамасы бекiтiлсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 24 ақпан
№ 1015
Достарыңызбен бөлісу: |