Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің



Дата23.02.2016
өлшемі117.66 Kb.
#3090


жоба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының

қ а у л ы с ы
Алматы қаласы 2012 жылғы «___» _________ № ___

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің


кейбір нормативтік құқықтық актілеріне

банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу,

ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар

енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік

құқықтық актілерінің күші жойылды


деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы «__» _________ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.


2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы «____» ___________

№ ____ қаулысына

1-қосымша



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар


  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:

12-тармақ алып тасталсын;

2-бөлімнің 3-тарауы мынадай мазмұндағы 38-1 және 38-2-тармақтармен толықтырылсын:

«38-1. Төлемдік талап-тапсырмаларды ұсыну үшін банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы алу қажет болған кезде шоттың (шоттардың) иесі қарыз алушысы, кепілгері болып табылатын банк кредиттің алынғанын растайтын мынадай құжаттарды:

1) егер шоттың иесі қарыз алушы болып табылса, банктің «Көшірмесі дұрыс» деген белгісі бар ақша жөнелтушінің өзінің банк шотынан ақшаны акцептсіз алуға келісімі бар банк қарызы шартының немесе кредиттік желі ашу туралы келісімнің көшірмесін. Егер шоттың иесі қарыз алушы болып табылмай, кепілгер болып табылса, банктің «Көшірмесі дұрыс» деген белгісі бар ақша жөнелтушінің өзінің банк шотынан ақшаны акцептсіз алуға келісімі бар, банк қарызы шартының немесе кредиттік желі ашу туралы келісімнің немесе кепілдіктің, кепілдеменің немесе кепіл берудің фактісін растайтын өзге құжаттардың көшірмесін;

2) төлем (касса) құжатының немесе клиенттің банк шоты бойынша үзінді-көшірменің немесе банк қарызының берілгенін растайтын өзге құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, банк басқармасы төрағасының немесе оның орынбасарларының қолы қойылған жазбаша сұратуларды банктерге жібереді.

«Көшірмесі дұрыс» деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі, банктің көшірмені растаған лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты, растаған күні көрсетіле отырып, оның қолымен расталады және банк мөрінің бедерімен бекітіледі.

38-2. Банк 38-1-тармақта көрсетілген құжаттарды алған күннен кейінгі бес операциялық күннен кешіктірмей сұрату жіберген банкке клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотының көшірмесінде болуға тиісті мәліметтерді белгілеу туралы» 2004 жылғы 22 шілдедегі № 102 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3019 тіркелген) талаптар көзделген олардың жоқ екендігі туралы үзінді-көшірме түріндегі мәліметтер жібереді.»;

40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«40. Ақшаны өндіріп алушы ақша жөнелтушінің банкіне ақшаны өндіріп алу туралы сот шешімдері, үкімдері, ұйғарымдары және қаулылары бойынша берілетін атқару құжаттарының немесе бұйрықтардың немесе сот бұйрығының түпнұсқаларын не жеке сот орындаушысының не атқару құжаттарын орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімінің мөрімен расталған олардың көшірмелерін қоса инкассалық өкімді ұсынады.

Ақша жөнелтушiнiң банк шотынан оның келiсiмiнсiз ақша алудың негізділігін растайтын атқару құжаты, егер атқару құжатының мәтiнiнде өзгеше белгiленбесе, банкке тек бiр инкассалық өкiмді ұсыну үшiн негiздеме болып табылады.

Салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi осы өндiрiп алудың негізділігiн растайтын атқару құжаттарынсыз ұсынылады.»;

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Жөнелтушi нұсқаудың дұрыс орындалуын анықтайды және ол санкцияламаған нұсқау орындалған жағдайда, алушы-банкке ол туралы санкцияланбаған нұсқау анықталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде, бірақ санкцияланбаған нұсқау орындалған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей хабарлайды.»;

3-бөлімнің 6-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жөнелтушінің және алушы-банктің қате нұсқауды орындау кезіндегі іс-қимылдары

79. Жөнелтушінің нұсқауын орындау мақсатында алушы-банк жіберген нұсқау, егер ол нұсқау:

1) жөнелтуші нұсқауының деректемелеріне сәйкес келмейтін деректемелерден тұрса;

2) қайта жіберілсе, қате болып саналады.

80. Жөнелтушiнiң нұсқауын орындау мақсатында берiлген нұсқауды жiберген кезде алушы-банк жөнелтушiге оның нұсқауының шартта көзделген тәртiпте орындалғаны туралы хабарлайды.

80-1. Бенефициардың банкі жөнелтушінің нұсқауын орындау қателігін анықтаған кезде бенефициардың банкі нұсқаудың қате орындалғанын анықтаған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей ақшаны қайтарады.

81. Жөнелтушi нұсқаудың дұрыс орындалуын анықтайды және ол қате орындалған жағдайда қате нұсқаудың орындалуын анықтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде, бірақ қате нұсқау орындалған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей анықталған қате туралы алушы-банкке хабарлайды.

Қате нұсқау туралы хабарламада жөнелтушi өз нұсқауының деректемелерiн және анықталған қате деректемелердi көрсетуі тиіс.

82. Алушы-банк жөнелтушiден нұсқаудың қате орындалғаны туралы хабарлама алғаннан кейiн үш операциялық күннен кешіктірмей:

1) жөнелтушi нұсқауының деректемелеріне сәйкес келмейтін деректемелерi бар қате нұсқау бойынша тиісті бенефициардың пайдасына нұсқау жiбередi немесе жөнелтушiге төлемнiң бүкіл сомасын қайтарады;

2) қайта жіберілген қате нұсқау бойынша қате алынған соманы жөнелтушіге қайтарады.

Бенефициардың банкі ақша сомасын алушы-банк хатының негізінде тапсырма жасау жолымен қайтарады, оның «төлем мақсатында» бенефициардың банкі ақшаны қайтару себептерін көрсетеді.

83. Егер нұсқаудағы қатені жөнелтуші жасаса, алушы-банк осындай орындалған нұсқау бойынша жауапкершілік атқармайды.

83-1. Қате нұсқау бойынша ақшаны бенефициардың банкі бенефициардың ақша қате аударылған банк шотынан акцептсіз ақша алу жолымен қайтарады.

83-2. Қате нұсқау бойынша ақшаны бенефициардың банкі бенефициардың банк шотындағы ақшаның есебінен, оның ішінде, егер банк шоты бойынша банк шотындағы ақшаға тыйым салу және/немесе банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның шешімдері және/немесе белгісіз мерзімде орындалуы тиіс орындалмаған нұсқаулар болған жағдайда, қайтарады.

83-3. Бенефициардың банк шотында ақша жеткіліксіз не болмаған жағдайда қате нұсқау бойынша ақшаны осындай нұсқауға жол берген жөнелтуші өз ақшасы есебінен бенефициардың банкінен бенефициардың банк шотында ақшаның жоқ екендігі не жеткіліксіздігі туралы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.»;

100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«100. Акцептеуді талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы банк жасалған банк қарызы шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге құжатқа сәйкес қарыз алушының қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, қарыз алушыдан, кепілгерден берешекті өндіріп алу үшін ұсынады және көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларымен не нотариат куәландырған көшірмелерімен қоса ақша жөнелтушінің банк шотынан акцептсіз ақша алуға оның келісімі бар құжаттарды қоса бере отырып, ақша жөнелтушінің банкіне ұсынылады.

Ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырма:

1) атқару органы мүшесінің не заңды тұлғаның уәкілетті лауазымды адамдарының қолымен осы адамдардың төлем құжаттарына қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттың көшірмесімен қоса;

2) заңды тұлға филиалы және өкілдігі басшысының қолымен оның төлем құжатына қол қоюға өкілеттіктерін растайтын сенімхаттың көшірмесімен қоса ұсынылады.

Ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның банк шотынан ақша алу бойынша өндіріп алушының құқығы бар бір құжат негізінде төлемдік талап-тапсырмаларды алғаш ұсынған сәттен бастап бір жыл ішінде олардың бірнешеуі ұсынылған жағдайда, банкке төлемдік талап-тапсырманың әрбір кейінгісін көрсетілген құжаттың түпнұсқадан не бастапқы ұсынылған нотариат куәландырған құжаттан алынған көшірмесінен алынған көшірмесімен қоса және осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттың көшірмесін қоса бермей ұсынуға болады.».


  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 жылғы № 9 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резиденті еместi қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтердi және инвестициялық қордың активтерiн сақтауға арналған банк шоттарын, резиденті емес-заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарын қоспағанда, банк шоты ашылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей банктер тиiстi салық қызметi органдарын хабарламаларды кепiлдiкпен жеткiзудi қамтамасыз ететiн электрондық байланыс арналары арқылы сәйкестендіру нөмiрiн көрсете отырып, көрсетiлген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етеді.

Техникалық проблемалардың туындауынан осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды ашу туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдауышпен жіберіледі.»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резиденті еместi қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтердi және инвестициялық қордың активтерiн сақтауға арналған банк шоттарын, резиденті емес-заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарын қоспағанда, банк шоттарын жапқаннан кейін банктер сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олар жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті салық қызметі органдарын хабарламаларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы олардың жабылғаны туралы хабардар етеді.

Техникалық проблемалардың туындауынан осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды жабу туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдауышпен жіберіледі.».


  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотының көшірмесінде болуға тиісті мәліметтерді белгілеу туралы» 2004 жылғы 22 шілдедегі № 102 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3019 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу туралы»;

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:»;

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірмеде (бұдан әрі – көшірме) мыналар болады:»;

6) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Клиент пен оған қызмет көрсететін банк арасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде бенефициар банкінің (ақша жіберуші банкінің) атауы және/немесе банктік сәйкестендіру коды қойылмайды;»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 50-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар көшірме нысанында ұсынылады.

Банктер туралы заңның 50-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама берген кезде бар болса қосымша мынадай мәліметтер қоса беріледі:

1) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шотына қойылған, орындалмаған инкассалық өкімдердің сомасы;

2) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шотына қойылған, акцептеуді талап етпейтін, орындалмаған төлемдік талап-тапсырмалардың сомасы;

3) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шотына қойылған, болашақтағы валюталау күні бар орындалмаған төлем тапсырмаларының сомасы;

4) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шоттарындағы ақшаға салынған өзге ауыртпалықтардың (тыйым салудың) сомасы;

5) уәкілетті мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ұсынған өкімдерінің саны;

6) банк шоты бойынша орын алған ауыртпалықтарды шегергенде, көшірме берілетін кезеңнің соңындағы ақша сомасының қалдығы (оң немесе теріс).».

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы «____» ___________

№ ____ қаулысына

2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

күші жойылды деп танылатын

нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банкаралық клирингті жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының күнделікті есеп жасау және беру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 3 шілдедегі № 158 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 907 тіркелген).

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің мониторингін жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және клиринг ұйымдарының күнделікті ақпарат беруі туралы» 2001 жылғы 25 маусымдағы № 244 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1605 тіркелген).

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне есеп беретiн екiншi деңгейдегi банктердiң және басқа тұлғалардың елдер, валюталар және қорлар атауларының мемлекеттiк жiктеуiштерiн пайдалануы туралы» 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 489 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1725 тіркелген).

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 907 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Клиринг палаталарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесiн бекiту туралы» 1999 жылғы 3 шiлдедегi № 158 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2283 тіркелген).



5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 тіркелген) 5-тармағы.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет