Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің



бет1/20
Дата15.05.2024
өлшемі186.72 Kb.
#501157
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Ереже № 72





Қазақстан Республикасы


Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы « »
№ ___ бұйрығына № 1 қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығымен бекітілген
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының


7-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының
5-тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
14-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беруді (растауды) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау – педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санаттары беріледі (расталады);
2) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) («Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) үміткер педагог;
3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);
4) аттестаттау кезеңі – біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын аттестаттау үшін шарттар болған жағдайдағы уақыт аралығы;
5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
6) апелляциялық комиссия – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын, педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау қорытындылары бойынша шешім қабылдайтын комиссия;
7) біліктілікті бағалау – білім беру ұйымдарының педагог материалдарының (портфолио) біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарауы;
8) біліктілік санаты – «Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының
2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген кәсіптік стандартына (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) және «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
9) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – педагог қызметінің дәлелдері мен жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;
10) педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі - ПББ) – осы Қағидаларға сәйкес педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін тестілеу рәсімі;
11) Сараптамалық кеңес – қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау рәсімін жүргізетін алқалы орган.
3. Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарларын аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы
3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет