4.2.3. Адам реакциясының уақытын анықтау
Жұмыстың мақсаты: адам ағзасының маңызды сипаттамасын – оның реакция уақытын анықтау.
Керекті құрал-жабдықтар: ағаш өлшеуіш (метр).
Жұмысты орындаудың тәртібі:
Тәжірибеге қатысушылардың бірі тігінен орналасқан ағаш метрді қабырғаға ұстайды, метрдің ортасы қабырғадағы белгі деңгейінде болады.
Содан кейін, жақын тұрған серіктестің назарын аударып, метрді еркін құлауға жібердік. Екінші қатысушы метрдің құлауын қабырғаға мүмкіндігінше тез басып тоқтатты.
Метрдің ортасындағы жаңа позицияны белгілеп, белгілер арасындағы қашықтық бойынша оның ұзындығын өлшедік, h = 0,25 м.
Реакция уақытын t мына формуламен есептедік:
t = ; t= =0,225 с.
Қорытынды: менің реакция уақытым 0,225 с құрайды, бұл адам үшін орташа деректермен салыстырғанда қалыпты (0,1-0,3 с) болып табылады.
4.2.4. Адамның өндіретін қуатын анықтау
Жұмыстың мақсаты: әр түрлі физикалық жаттығуларда адам дамытатын қуаттың мәндерін анықтау.
Керекті құрал-жабдықтар: секундомер, ағаш өлшеуіш (метр).
Жұмысты орындаудың тәртібі:
Қолдың жұмысы мен қуатын анықтау. Таразы көмегі арқылы өз денемнің массасын m (кг) өлшедім. m=56 кг.
Спорт залында аяғқтың көмегінсіз арқанмен көтеріліп, t(с) көтерілу уақытын өлшедім. t=52c
Көтерілу кезіндегі биіктікті h=3,5 (м) біле отырып, өз қолымның жұмысын A (Дж) анықтадым: A = mgh А=56 кг*9,8 м/с2*3,5 м=1920,8 Дж
Және өз қолымның қуатын есептедім N (Вт): N = A/t ;
N=1920,8Дж/52с=36,9 Вт
60 м қашықтыққа жүгіру кезінде дамитын орташа қуатты анықтау.
S = 60М қашықтықты жүгіріп өтіп, мен еңсерген t(с) қашықтық уақытын өлшедім, t=7,8 с.
Қозғалысты бірқалыпты үдемелі деп есептей отырып, жүгіруім кезінде дамитын орташа Рорт қуатымды есептедім: Nорт , = = при S = Vортt = ; Nорт.= =1050 Вт.
Қорытынды: менің қолымның қуаты-36,9 Вт; 60 метрге жүгірудің орташа қуаты-1050 Вт.
Достарыңызбен бөлісу: |