16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
27/32
152-3. Президенттік резервті қалыптастыру əскери қызметшілерді іріктеудің,
материалдарды дайындаудың, оған қабылдау мен шығарудың ерекше тəртібін айқындайды.
Президенттік резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Əскери қауіпсіздік
жəне қорғаныс бөліміне жүктеледі.
152-4. Президенттік резервті қалыптастыру жыл сайын, Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері жəне Ұлттық ұланының басшы лауазымдарына орналастыру үшін
кандидаттарға ағымдағы жəне келешектегі қажеттілік болуына болжамды ескере отырып
жүзеге асырылады.
Президенттік резерв:
1) болжанатын лауазымға орналастыру үшін көзделген, қызмет өтіліне, білім жəне
кəсіби даярлық деңгейіне байланысты талаптарды қамтитын біліктілік талаптарына сəйкес
келетін;
2) аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша атқаратын лауазымына сəйкес келетін,
оның ішінде жоғары тұрған лауазымға жоғарылатуға немесе
кадр резервіне енгізуге
ұсынылған;
3) материалдарды жолдаған кезде тəртіптік жазалары болмаған əскери қызметшілердің
қатарынан қалыптастырылады.
Мемлекеттік органның бірінші басшысы мемлекеттік органдарға жəне халықаралық
ұйымдарға іссапармен барған əскери қызметшілерді біліктілік талаптарына сəйкес келген
кезде Президенттік резервке ұсынуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына іссапармен барған,
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылымдық бөлімшесі
басшысының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші
орынбасарының не орынбасарының əскери қызметшіні іссапарға жіберген мемлекеттік
органның бірінші басшысымен келісілген ұсынуы бойынша қойылатын талаптарға сəйкес
келетін əскери қызметшілер Президенттік резервке алынуы мүмкін.
152-5. Президенттік резервке енгізу үшін кандидаттарды іріктеу əскери
қызметшілердің жеке жəне іскерлік қасиеттерін, олардың қызметтік іс-əрекетінің
нəтижелерін зерделеу мен бағалау жəне аттестаттау комиссиясының
шешімі негізінде
жүргізіледі.
152-6. Жыл сайын 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жəне
Ұлттық ұланының кадр бөлімшелері Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің
Аппаратына Президенттік резервке енгізу үшін ұсынылған əскери қызметшілердің тізімін
мынадай материалдармен қоса жолдайды:
1) əскери қызметшінің іскерлік жəне жеке қасиеттері көрсетілген, мемлекеттік
органдардың бірінші басшысының ұсынуы;
2) белгіленген нысандағы фотосуреті бар, əскери қызмет өткергені туралы мəліметтер
(қызметтік тізім);
3) əскери қызметшінің арнайы тексеруден өткені туралы мəліметтер.
Мемлекеттік органның бірінші басшысы іссапармен барған əскери
қызметшілерге
қатысты сипаттаушы материалдарды тиісті əскери қызметші қызметін өткеріп жатқан
органның (ұйымның) басшысынан сұратуға құқылы.
Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір дəл емес
мəліметтер көрсетілгені анықталған жағдайда, мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері
Президенттік резервке енгізуге ұсынылған əскери қызметшілерге қатысты материалдарды
Əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс
бөлімінен кері қайтармай, жоғарыда аталған
кемшіліктерді жоюына болады.
152-7. Əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс бөлімі жыл сайын:
1) 30 қарашаға дейін ұсынылған материалдардың анықтығына, толық болуына жəне
Президенттік резервке ұсынылған əскери қызметшілердің осы Қағидаларда белгіленген
талаптарға сəйкес келуіне тексеруді жүзеге асырады, қажет болған жағдайда алдын ала
кандидатураларды зерттейді жəне қосымша тексеру жүргізеді;
2) 20 желтоқсанға дейін материалдарды қарау нəтижелері бойынша Президенттік
резервке ұсынылған əскери қызметшілердің тізімін қалыптастырады;
3) Президенттік резерв бекітілгеннен кейін он күн ішінде
мемлекеттік органдардың
бірінші басшыларына хабарлайды.
152-8. Əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс бөлімі Президенттік резервке кандидаттардың
тізімін қалыптастырғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Президенті
16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
28/32
Əкімшілігінің Басшысымен келіседі, одан кейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
Кеңесінің Хатшысына бекіту үшін енгізеді.
Президенттік резервке енгізу үшін ұсыныстарды қарау нəтижесі бойынша Қазақстан
Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Президенттік резервке алынсын;
2) Президенттік резервке алудан бас тартылсын.
152-9. Мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері Президенттік резервтің бекітілген
тізімінен үзіндіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде əскери қызметшілерге
Президенттік резервке енгізілгені туралы хабарлайды.
152-10. Əскери қызметшінің Президенттік резервте болу мерзімі үш жылдан аспауы
тиіс. Президенттік резервке енгізілген, бірақ онда болу кезеңінде жоғары тұрған басшы
лауазымдарға тағайындалмаған адамдар жалпы негізде жаңадан енгізілуі мүмкін.
152-11. Əскери қызметшіні Президенттік резервтен шығару мынадай жағдайларда
жүргізіледі:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту;
2) қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тəртібімен əкімшілік
жауапкершілікке тарту;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тəртіптік жауапкершілікке
тарту;
4)
атқаратын лауазымынан босату, əскери атағын төмендету түрінде тəртіптік жаза
қолдану;
5) Президенттік резервтен шығару туралы өзінің баянат беруі;
6) əскери қызметтен шығару.
152-12. Осы Қағидалардың
152-11-тармағында
көзделген негіздер орын алғанда,
мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері Əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс бөліміне
ұсынған материалдарға сəйкес əскери қызметшіні Президенттік резервтен шығару туралы
шешімді Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.
152-13. Осы Қағидалардың
152-11-тармағының 4) тармақшасына
сəйкес Президенттік
резервтен шығарылған əскери қызметшілер осы Қағидаларға сəйкес оны шығарудың негізі
болған мəн-жайлар жойылғаннан кейін бір жылдан ерте Президенттік резервке енгізілмеуі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: