16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
31/32
3) əскери қызмет міндеттерін атқару кезінде медициналық ұйымда жүргізілген
медициналық куəландыру нəтижелерімен расталған психикаға белсенді əсер
ететін затты
тұтыну немесе масаң күйде болу, сондай-ақ одан өтуден бас тарту немесе жалтару
фактісінің анықталуына байланысты – қызметтік тергеп-тексеру
қорытындысы негізінде;
4) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куəландыру нəтижелерімен
расталған, қызметтен тыс уақытта есірткі, психотроптық заттарды,
сол тектестерді
медициналық емес мақсатта тұтыну фактісінің анықталуына байланысты – қызметтік
тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;
5) келісімшарт талаптарын жүйелі түрде (екі жəне одан көп рет) бұзған жағдайда –
қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде жəне осы Қағидаларға сəйкес əскери
бөлімнің (мекеменің) аттестаттау комиссиясы аталған фактілерді қарағаннан кейін;
6) жасалған күніне қарамастан, Заңның 38-бабының 2-тармағында
көрсетілген
мəліметтер ұсынылмаған немесе бұрмаланған жағдайларда – өз нəтижесінде əскери
қызметке кіру кезінде əскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз бола алатын көрінеу
жалған құжаттарды немесе мəліметтерді ұсыну фактісі анықталатын қызметтік тергеп-
тексеру қорытындысы негізінде;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен əскери атағынан
айыруға байланысты – соттың əскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен, заңды күшіне енген
айыптау үкімінің негізінде, ал жоғары офицерлер құрамының адамдары үшін – Қазақстан
Республикасы Президентінің əскери атағынан айыру туралы Жарлығы келіп түскен кезде;
8) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы немесе ішкі істер органы
əскери қызметшісінің қатарынан үш жəне одан көп сағат бойы дəлелді себепсіз қызметте
болмауына байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;
9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді,
олардың жеткізгіштерін жария
етуге немесе жоғалтуға əкеп соқтырған, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі
белгіленген талаптарды бұзуға байланысты – соттың əскери бөлімге (мекемеге) келіп
түскен, заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында жəне «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларда –
қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;
11) əскери қызметке кір келтіретін теріс қылық жасауға байланысты – қызметтік
тергеп-тексеру қорытындысы негізінде жүргізіледі.
169. Аттестаттау қорытындылары бойынша қызметі бойынша сəйкес еместігі
анықталған əскери қызметшілерді шығару тиісті командир (бастық) бекіткен аттестаттау
комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: