ЯХНА ГУШТ
/ салқындатылған асқан ет/
500 г жұмсақ, ет, 2—3 түір шалқан ,, 1 дана қызыл бұрыштың жартысы, 5 — 7 түір бұрыш, 2—3 дана лавр жапырағы, бірнеше тал аскө, тұз татымына қарай.
Ет жуылып, тұтасымен шөген қазанға салынады да, үстіне 2 литр суық су құйылады, тұздалып, түір бұрыш, лавр жапырағы салынып, қызыл бұрыш себіледі. Сөйтіп қазанның қақпағы жабылып, қайнатылады. Қайнаған соң от басылады да, көбігін алады. 1—1,5 сағат асылады. Піскен ет қазаннан алынып, суытылады, жапырақталып туралады, сопақша ыдысқа салынады. Ет сорпасына алдын-ала дайындалған шалқан пісіріліп, суытылады, кесектеп туралған соң етті айналдыра орналастырылады, көкпен әрлендіріледі. Қалған сорпа басқа сұйық ет тағамдарын дайын-дауға пайдаланады.
ҚАЗАН КЕБАБ
/өз сөліне піскен қой еті/
Қойдың 500 г семіз еті, 500 г пияз, тұз бен бұрыш татымы мен дәміне, көк әркімнің қалауына қарай.
Қойдың семіз еті жуылып, онша ұсақтамай туралады. Сақина тәрізді жұқалап кесілген пияз, ұсақтап туралған көк, уатылған қара бұрыш, тұз әлгі етпен араластырылып шөген қазанға салынады да, қақпағы тығыздап жабылады. От басыңқырап қойылады да ауық-ауық араластыра отырып, 1—1,5 сағат бұқтырылады.
ЖАС КӨКӨНІСТЕРГЕ ЕТ ҚОСЫП ДАЙЫНДАЛҒАН САЛАТ
4 түір жас помидор, 2 түір жас қияр, 2 түір пияз, 200 г піскен күріш, 100 г қаймақ, 200 г асқан ет, тұз бен бұрыш татымы мен дәміне, ал көк әркімнің қажетіне қарай.
Пияз, помидор, қияр сақина тәрізді жұқалап, ал ет ірі, бірақ ұзышалап туралады, оған татымына қарай тұз және ұнтақталған қара бұрыш, қаймақ қосылып, жақсылап арадастырылады. Содан сон салат ыдысына ұйеме етіп салынады , помидор қиеяр тіліктерімен) және ет кесектерімен әседеледі. Салаттың үстіне ұсақтап туралған көк себіледі.
СЫХ КЕБАБ
/қой етінен дайындалған кебеп/
Қойдын 500 г еті , 1 түір пияз, 2—3 ас қасық , асхана сірке суы, тұз бен бұрыш татымы мен дәміне қарай.
Қой еті кесегі 10 г болатыидай етіліп туралады, қабырға ұзындығы 3-4 см болатындай етіліп жабылады, үстіне жұқалап туралған пияз қосылады, тұздалып, бұрышталады. Қыш немесе фаянс ыдыстарға салынады, содан кейін сірке суы құйылып жақсылап араластырылады да, беті ыдыспен жабылып, ауыр затпен бастырылып тасталады. 3 сағаттан кем маринадтауға болмайды. Содан соң, ет маринадтан алынып, пиязынан тазартылады да, бір істікке /шпажка/, 5—6 кесектен түйреледі /соңғы ет кесегі майлы болуға тиіс, сөйтіп шоққа қарылады. Дастарқанға помидор немесе анар салаты қоса әкелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |