Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
«Шығармашылық мамандықтар» факультеті
«Музыкалық білім» кафедрасы
Бекітілді»___________________
Кафедра меңгерушісі
№__хаттама _______ж.
ні)
«Шетел музыка тарихы»
ОБСӨЖ мәтіндері
Оқытушы: Алимова А.Ш.
Жетісай 2008
“Сырдария” университетінің Оқу-әдістемелік Кеңесінде талқыланып бекітілді.
№___ “____” ________ 2007 ж.
№ 1
1. Тақырыбы:
№ 1 Ежелгі, еуропалық ортағасырдағы, қайта өрлеу дәуіріндегі музыка өнері.
2. Қарастырылатын мәселелер.
-
Қайта өрлеу дәуіріндегі музыка мәдениеті
-
Италиядағы музыка.
-
О.Лассо шығармашылығы
3. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
Розеншильд К.К. История зарубежной музыки. Вып. I. М., 1977.
-
Попова Т.В. Зарубежная музыка XVIIIи начала XIXвека. М., 1976. Пэрриш К., Оул Дж. Образцы музыкаьлных форм григорианского хорала до Баха. Л., 1975.
-
Ливанова Т.Н. Западноевропейская музыка XVII-XVIII веков в ряду искусств. М.,1977.
-
Ливанова Т.II. Западноевропейской музыки до 1789 года.
-
Русская музыкальная литература. –М.;Л.,1965..-Вып.1; Л., 1972.-Вып.2;Л.,1972.-Вып.3; Л., 1973.-Вып.4.
Италия музыкасының түп тамыры Ежелгі Рим музыка мәдениетінен басталды VI ғасырда Рим Византиямен бірге литургиялық әннің даму орталығы болды. Милан архиепископы Амвросий антифондық әнұран айту тәжірибесін бекітті. VI ғасырдың соңында христиан литургиясы пайда болды, оның музыкалық (әуендік) жағы дұрысталды. Сол кезде Рим де ашылған ән мектебі (“Схола канторум”) өзінше бір ән өнерінің академиясы болды.
VIII – IX ғасырларда әуендік стиль және григоряндық ән бірікті, бұған алкен көңіл бөлген – ең ңрң орта ғасыр музыкатанушысы (теоретик) Гвидо де Ареццо. ХІІІ ғасырдың соңына дейін Италия музыкасы монодиялық болды.
Бір дауыстан көп дауысқа өту Италияда ХІІІ ғасырың соңында, ХІV ғасыр басында жүзеге асырылып, Италия музыкасының жаңа өрлеуінің негізі болды. Бұл өнердің негізгі ошақтары Флоренція, Венеція, Подуя болды. Мадригал, качча, баллата көп дауысты Италия музыкасының жанрын білдіреді. Жоғары топ музыкасы рухани дүниеге әсер етті.
Ars nove дәуірінің көрнекті өкілдері: сазгер Джованни да Фиренце, Якопо да Болонья (бірінші рет үш дауысты кіргізді); Ф.Ландино, теоретик Маркетто Падуанский. XIV ғасырда аспапты әуен кең түрде дамыды. Сол кездегі аспаптар –лютня, арфа, фидель, флейта, гобой, труба, органнның әр түрі.
XV ғасырда көп дауысты әнді римдік католиктер айтты. Бұған ықпал еткен папа капелласында қызмет еткен нидерланды мектебі. Сикстиндік Капелла, қасиетті Петр соборының зор капелларында әр елдің ең жақсы шеберлері жиналатын. XVI ғасыр Италия музыкасы Еуропа музыка мәдениетінде алдыңғы қатарда болды. Шіркеулік капеллалармен бірге, оның ошағы болып қолөнер цехтық бірлестіктер, әдбие және өнерді сүйетіндердің үйірмелері жұмыс істеді. Ең ірі және көрнекті мектептер – Рим және Венеція мектептері болды. Рим мектептерінің сазгерлері жоғары сатыда дамыған
Реферат
-
Таяу Шығыс, Индия елдерінің ежелгі музыкалық аспаптары.
-
Ежелгі Индия, ел қыдырушы әнші-жырауларын тарихи маңызы.
-
Көне эстетиканың мәні.
-
Орта ғасыр дәуіріндегі музыка мәдениетінің ерекшеліктер.
-
Шіркей музыкасының жанрлары.
Коллоквиум
-
XVII-XVIII ғ. басына дейінгі италия опера өнері дамуының қандай ерекшеліктері бар?
-
Флорентиялық, венециялық, неополь опера мектебінің өкілдерін атаңыз.
-
Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия музыкалық жанрлары.
-
Нидерландық полифониялық мектептедің өкілдеріне жалпы шоу.
-
Дж.Палестиринаның шығармашылығы мен музыкалық мұрасы.
№ 2
1. Тақырыбы: XVII-XVIII ғасырдың басына дейінгі батыс-еуропалық музыка.
2. Қарастырылатын мәселелер
-
Г.Ф.Гендель шығармашылық жолы
-
Гендель шығармашылығының тарихи маңызы.
3. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
Розеншильд К.К. История зарубежной музыки. Вып. I. М., 1977.
-
Попова Т.В. Зарубежная музыка XVIIIи начала XIXвека. М., 1976. Пэрриш К., Оул Дж. Образцы музыкаьлных форм григорианского хорала до Баха. Л., 1975.
-
Ливанова Т.Н. Западноевропейская музыка XVII-XVIII веков в ряду искусств. М.,1977.
-
Ливанова Т.II. Западноевропейской музыки до 1789 года.
-
Д.К.Самин «100 великих композиторов» М., 2002.
Гендель Георг Фридрих 1685 жылы 23 ақпанда Галлада дүниеге келді. Ол бастауыш білімді орта классикалық мектепте алды. Жас Гендель музыкалық білімді Иоганн Преториуса алып, бірнеше мектеп операларын шығарды. Мектептен алған білімімен қатар музыкалық білім алуға сарай капельмейстрі Давид Пооле және органист Кристиан Риттер көмектесіп, клавиакордта ойнауды үйретеді.
Гендель Галлаға танымал органист әрі композитор Фридрих Цахудың шәкірті болып, үш жыл сол кісіден білім алады. Сол кезеңдерде ол шығарма жазып қана қоймай, скрипкада, гобойда, клавесинде еркін ойнауды игерді.
1697 жылдың ақпанында Георгтың әкесі қайтыс болады. Әкесіның арманының орындау үшін, әкесі өлгеннен кейін гимназияны тәмамдаған Гендель Галла университетінің құқықтану факультетіне оқуға түседі.
1702 жылы бүкіл Европаны жаулайтын испан соғысы басталады. Сол жылдың көктемінде гендел галланы тастап Гамбург қаласына келеді. Қаладағы музыкалық өмірдің орталығы опера театры болады. Гендель келгенге дейін опера театрын композитор, музыкант әрі вокалист Рейнхард Кейзер басқарады. Гендель Кейзерден опералық композиция стильдерін,оркестрді басқару өнерін үйренді. Опера театырына екінші скрипкашыболып қызметке орнасты.
Гендельді Гамбургке танымал еткен оның 1705 жылы 8 қаңтарда қойылған «Альмира» деп аталатын операсы болатын. Сәтті шыққан опера 20 рет сахнада орындалады.
Осы жылдың 25 ақпанында «Любовь, приобретенная кровью и злодейством, или Нерон» атты операсы қойылды. Бұл опера үш рет қойылды.
Гендель Гамбургкте оратория жанрындағы ең алғашқы шығармасын жазды. Ол атақты неміс ақыны Постеляның сөзіне жазылған «Страсти» ораториясы болатын.
Гендел Италияға келеді. 1706 жылдың сәүірінен бастап 107 жылға дейін Флоренцияда өмір сүреді, содан соң Римге келеді.1708 жылы Гендель бірінші рет композитор ретінде танылады. Герцг Фердинанда Тосканскийге өзінің алғашқы италиян операсы «Родригоны» қойып береді. Осы кезеңде «Ацис, Галатея және Полифем» атты серенадасы жарыққа шықты.
XVIII ғасырда өмір сүрген Европадағы аса ірі опералық композиторлардың бірі. Гендель 40-тан аса операның авторы. Бұл опера жанрында батырлық және тұрмыстық образдардың музыкалық мінездемелерін тереңдетіп, вокалдық формалар мен оркестрді байыта түсті. Монументті эпика – драмалық жанрдағы классикалық оратория тудыруда Гендельдің суреткерлік ерекше орында. 30-дан астам оротория жазған кмпозитор «Израиль, Египетте», «Иуда Моккевей», «Самсон», «Миссия», сияқты библиялық сюжеттерге жазған шығармаларында бұқара халықтың ұлылығын тұңғыш рет мадақтады. Гендель өз шығармашылығында неміс полофониясы мен ағылшын хор өнерінің дәстүрін одан әрі дамытқан суреткер.Композитор аспаптық музыкағада үлкен үлес қосты.
Коллоквиум
-
Гендельдің қандай шығармалары бар?
-
Қандай ораториялары бар?
-
Гендельдің қандай опералары бар?
-
«Самсон» ораториясы қандай тарихи оқиғаға құрылған?
-
Гендельдің қандай серенадасы бар.
№ 3 Сабақ
1. Тақырыбы: 1789 жылға дейінгі батыс-еуропалық музыка.
XVIII ғасырдағы опера
.2. Қарастырылатын мәселелер
-
К.В.Глюк шығармашылығы
-
Глюк опера реформасының тарихи маңызы, оның эстетикалық принцптері.
3. Пайдаланатын әдебиеттер
-
Д.К.Самин «100 великих композиторов» М., 2002.
-
Розеншильд К.К. История зарубежной музыки. Вып. I. М., 1977.
-
Попова Т.В. Зарубежная музыка XVIIIи начала XIXвека. М., 1976. Пэрриш К., Оул Дж. Образцы музыкаьлных форм григорианского хорала до Баха. Л., 1975.
-
Ливанова Т.Н. Западноевропейская музыка XVII-XVIII веков в ряду искусств. М.,1977.
Кристоф Виллибальд Глюк 1714 жылы 2 шілдеде Фальц деген австрия жерінің Эрасбах қаласында туылды. 1717 жылдан бапстап ол Чехияда өмір сүрді. Ол ең алғаш музыкалық білімді Коматаудағы иезуеттық ұйымнан алады. 1731 жылдан бастап Глюк Праж университетінің философия мамандығында білім ала жүріп, Богуслав Матея Черногорскийден музыкадан сабақ алады.
1735 жылдан бастап Глюк Венадағы княз Лобковицтің сарайында музикант қызмет атқарады. Княз Лобковицтің сарайында өткен кезекті бір кеште жас музыкант италияндық аристократ және меценат А.М.Мельцимен таныспады. Глюктің ғажайып өнеріне тәнті болған ол өзінің Миландағы капелласына шақырады.
1737 жылы Глюк Мелцидің үйіне келіп жаңа қызметке орналасады. Бұл жерде өткізген төрт жылында ол миландық танымал композитор әрі органист Джованний Батиста Самартинимен танысып, оған шәкірт болып, кейіннен жақын дос болып кетеді.Италиялық маэстроның көмегімен Глюк өзінің музыкалық білім жетілдіріп аяқтап алады.
1741 жылы 26 желтоқсанда Миландағы „Реджио-Дукаль” театрында өткен „Артасеркс” деп аталатын опералардың кезеңі 28 жасар Кристоф Виллибальд Глюкты 18 ғасырдағы басқада танымал композиторлар сияқты бүкіл Европаға танымал етті.
1746 жылы „Падение гигантов”, және „Артамен” атты екі операсы жарыққа шықты.
Глюктың „Орфей және Эвридика” операсыжаңаидея тудырған алғашқы шығармасы болды.Операның премерасы 1762 жылы 5 қазанда қойылды. Бұл операдан кейін „Альцеста” операсын аяқтады.
1774 жылы Парижге келген Глюк француз театрының мәдениетінде жаңа „Ифигения в Авлиде” атты опера өмірге келді. Бұл оепарының драматургиясы лирикалық, жанрлық мәтінге, көрнекіленген декаративті сахнаға арналған.
Глюк соңғы жылдарын Венада өткізді. Композитор 15 қарашада 1787 жылы Венада қайтыс болды.
5. Реферат тақырыптары
1. К.В. Глюк шығармашылық жолы.
2.К. В. Глюк опера реформасының тарихи маңызы.
3. К. В. Глюк операларының эстетикалықпринцптері.
4. К. В. Глюк шығармашылығының маңызы.
№ 4
1. Тақырыбы:
1789 жылдан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейігі батыс-еуропалық музыка
2. Қарастырылатын мәселелер
1. К.М.Вебер шығармашылығы.
3. Пайдаланатын әдебиеттер
-
Д.К.Самин «100 великих композиторов» М., 2002.
-
Розеншильд К.К. История зарубежной музыки. Вып. I. М., 1977.
-
Попова Т.В. Зарубежная музыка XVIIIи начала XIXвека. М., 1976. Пэрриш К., Оул Дж. Образцы музыкальных форм григорианского хорала до Баха. Л., 1975.
-
Ливанова Т.Н. Западноевропейская музыка XVII-XVIII веков в ряду искусств. М.,1977.
Карл Мария Фридрих Эрнст фон Вебер 1786 жылы 18 қарашада Эутинде дүниеге кеді. Әкесі Франц Антон фон Вебер музыкалық қабілеті күші адам болған. Өз қызметін лейтенант болып бастаған ол өзімен бірге скрипкасын алып жүрген.
Карл Мария жас капельмейстр әрі композитор Иоганн Петер Гейшкелю музыкалық білім алады. Бір жылдан кейін Карлдың жанұясы Зальцбургке көшіп келеді, Михаэл Гайднның шәкірті болады. Мұнда ол өзінің ең алғашқы шығармасын жазады, әкесі оны баспадан шығарады.
1798 жылы анасы қайтыс болған Карлды әкесінің әпкесі Аделайда өз тәрбиесіне алады. Австриядан Веберлер әулеті Мюнхенге көшіп өтеді. Мұнда келген соң Иоганн Эвангелиста Валлисхаузецтен жәнеде жергілік органист Иоганн Непомука Калхерадан композициядан дәріс алады.
Мюнхенде Карл өзінің алғашқы комедия жанырдағы „Сила любви и вина” атты операсын жазды. Бірақ бұл көп ұзамай жоғалып кетеді.
1801 жылы қарашада Карл әкесімен бірге Зальцбург қаласына келіп, қайтадан Михаэл Гайдн дәріс алуын жалғастырады. Вебер мұнда үшінші операсы „Петер Шмоль и его соседи” жазды. Бірақ бұл операның премьерасы Карлдың әкесімен бірге концерттік турнеге кетуіне байланысты қойылмады.
Дирижерлауды оқып үйнеру Карлға 1804 жылан бастап Береслау қаласының театрындағы оркестрді басқаруға өз көмегін тигізді.
1810 жылы 16 қыркүйекте Франкфуртте „Сиьвана” операсының приемьерасы болды. Операдағы негізгі партияны жас әнші Каролина Барндт орындаған, кейіннен Карл екеуі бас қосады. Көпшілікке танымал болған Карл Мария „Абу Гасан” композициясын жазады. Сонымен біргеол өзінің күрделі формадағы аспаптық шығармасы «С – Dur опус 11» аяқтайды.
1816 жылы 19 қарашада композитор Каролина Брандтқа үйленеді.Бақытты Карл қысқа уақыттың ішінде фортепиано үшіні екі соната, кларет пен фортепианоға арналған күрделі концерттік дуэт жәнедебірнеше ән жазды.
1817 жылдың соңына қарай Вебер Дрездендегі неміс операсына музыкалық директор қызметіне орналасады. Дрезденде жүргенде ол өзінің ең үздік шығармасы «Вольный стрелок» операсын жазды. Операның премьерасы 1821 жылы 18 маусымда Берлинде қойылды. 1823 жылы композитор «Эврианта» атты операсынын жазып аяқтайды да «Оберон» операсынжазуға кіріседі. Осы жылы 1 сәуірде «Обреон» операсы лондондағы «Ковент-Гарден» театрында қойылды. Бұл опера Карл Марияға қайталанбас сәттілік сыйлайды. Ол 14862 жылы 5 маусымда Лондондақайтыс болды.
4. Реферат тақырыптары
1. К. Вебер операларының ерекшеліктері.
2. Вебердің аспаптықмузыкасы.
3. К.Вебердің шығармашылық жолы.
№5
1. Тақырыбы:
ХІХ ғасырдың І жартысындағы батыс-еуропалық музыка.
2. Қарастырылатын әдебиеттер
1. Г.Берлиоздың шығармашылық жолы.
2. Симфониялары, опералары.
3. Пайдаланатын әдебиеттер
1. Д.К.Самин «100 великих композиторов» М., 2002.
2. Розеншильд К.К. История зарубежной музыки. Вып. I. М., 1977.
3. Попова Т.В. Зарубежная музыка XVIIIи начала XIXвека. М., 1976. Пэрриш К., Оул Дж. Образцы музыкальных форм григорианского хорала до Баха. Л., 1975.
4. Ливанова Т.Н. Западноевропейская музыка XVII-XVIII веков в ряду искусств. М.,1977.
Болашақ композитор Гектор Берлиоз 11 желтоқсан 1803 жылы Ла-Кот-Сент-Андре деген жерде дүниеге келді. Әкесі Луи-Жозефе Берлиоз ұлын музыка теориясымен таныстырып, флейта мен гитарада ойнауды үйретті. Берлиозда үлкен музыкалық әсер қалдырған жергілікті монастырдағы әйелдер хоры болатын. Ол әкесінің кітапханасында Ж. Рамоның „Гармония туралы тракатат” деген алкен еңбекпен танысты. Жас кезінен музыкалық қабілеті жоғары болған Берлиоз флажолет те, флейта мен гитарада ер кін ойнай білді. Ұлының дәрігер болуын қалаған әкесі Гектордың фортепианода ойнауына қарсы болған, себебі ол аспапты меңгеру музыканы кеңінен иегеріп кетеді деп ойлайды. Бұлой әке мен бала арасын қайшылық туғызды.
Берлиоз бос уақытын Париж консерваториясында өткізді, онда ол ұлы композиторлардың, оның ішінде өзі сүйіп тыңдайтын Глюктың еңбектерімен танысып, олардың партитураларын игерді. Композитор болу үшін көп ізденіс пен тынымсыз еңбек қажет екенін түсінген ол композиция теориясы бойынша бір інші Жероннан, содан соң консерватория профессоры, бірнеше опералар мен хорғаарналған шығармалардың авторы Лесюэромнан білім алады. Лесюэромның кеңесімен 1826 жылы Берлиоз консерваторияға оқуға түседі. Осы кезеңдерде ол вокалдық және оркестр лік эпизодтарды байланыстырып симфониялық шығармалар шығарды.
1830 жылы 5 желтоқсанда Берлиоздың „Фантастической симфония” атақты шығармасының премьерасыболды. Бұл күрделі психологиялық мәтінде жазылған музыкалық роман болатын.
1834 жылы Берлиоз „Гарольд в Италии” атты симфониясын жазды. Симфонія кейіпкердің қоршаған ортадан көрген жеке драмасына құрылды.
1838 жылы Парижде „Бенвенуто Челлини” атты операсының премьерасы болды. 1839 жылы оркестр, хор, жеке әншілерге арналған „Ромео и Джульетта” симфониясын аяқтап шықты. Берлиоз симфония жазуды тоқтатып концерттерде орындалатын шағын „Детство Христа” кантатасын, екі бөлімді „Троянцы” операсын, „Беатриче и Бенедикт” комедиясын жазды. Берлиоз 8 наурызда 1869 жылы қайтыс болды.
4. Глоссарий
1. Бер лиоз шығармашылығының қандай жанрда?
2. „Гарольд в Италии” симфониясы тарифи оқиғасы қалай?
3. Шекспирдің қандай шығармасына симфония жазды?
№6. Сабақ
1. Тақырыбы:
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы батыс-еуропалық музыка
2. Қарастырылатын мәселелер
-
Итлия музыка мәдениеті.
-
Француз музыка мәдениеті.
-
Пайдаланатын әдебиеттер
-
Галацкая В.С. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып. 1. М.,1978.
-
Галацкая В.С. музыкальная литература зарубежных стран. Вып. 3. М., 1983.
-
Гивенталь И.А., Гингольд Л. Д. Музыкальная литература .
-
Друскин М.С. История зарубежной музыки второй половины XIX века. Вып. IV. М, 1983.
-
Конен В.Д. История зарубежной музыки. Вып. III. Германия, Австрия, Италия, Франция, Польша с 1789 года середины XIX века. М., 1976.
ХІХ ғасыр Италия музыкасы Еуропа музыка мәдениетінде алдыңғы қатарда болды. Шіркеулік капеллалармен бірге, оның ошағы болыпқолөнер цехтық бірлестіктер, әдебиет пен өчнерді сүйетіндердің үйірмелері жұчмыс істеді. Ең ірі және көрнекті мектептер – Рим және Венеция мектептері болды. Рим мектептерінің сазгерлері жоғары сатыда дамыған полифониялық өнерді шығарды, мұнда Нидерланды мектебінің ең жақсы жетістіктері ренессанс эстетикасының рухында болды. Рим мектебінің хор полифониясының шыңы гомофондық хаттардың дамыған элементтері бар Палестрин музыкасы болды. Винициан мектебінің негізін қалаушы 35 жыл Сан-Марко соборының капелласын басқарған нидерландық А.Вилларт болды (1527). Бұл мектептің дамуы А. және Дж. Габриелли шығармашылығымен байланысты. Венециандықтардың өнері дыбыстық палитраларының кереметтігімен, ашық колоритті әсерлердің көптігімен ерекшеленеді. Көп хор принципі оларда кең дамыды. Венецианды сазгерлер аспапты музыканың жаңа түрінің дамуына ықпал етті. Аспаптардың құрамы көбейді. Бұл кезеңде виоланың классикалық түрі дамыды, скрипка кәсібі аспап болды. Ол ертеде халықтық тұрмыстық музыкасында белгілі болған. Ең басты аспап болып лютня мен орган қала берді. ХVІ ғасырда тән аспапты музыка жанры – ричекар, фантазия, канциона, каприччо. А. және Дж. Габриелли ең алғашқы камералық ансамбльдің және оркестрлік музыка үлгілерін жасады. Әртүрлі аспаптық топтардың контрастық принципі барокко музыкасына тән, кейін келіп концерт жанрында дамыды.
Франция музыкасы қазіргі Франция аумағында бұрыңғы замандарда тұрған галл және франк тайпалары фолькорынан бастау алады. Француз музыкасының іргетасын құрған – халық ән мәдениеті және галло – рим мәдениеті болған.
Француз музыкасында ХІХ ғ. кең тараған жаңа импрессионизм бағыты пайда болды. Көптеген француз сазгерлері очрыс музыкасына көп көңіл аудара бастады, бүкіләлемдік көрме кезінде Парижде өткен (1889) орыс концерті Франция өмірінде үлкен оқиға болды.
4. Реферет тақырыптары
-
Неміс және Австрия музыка мәдениеті.
-
Италия музыка мәдениеті.
-
ХІХ ғасырдағы чехтің музыка мәдениеті
-
ХІХ ғасырдыңнорвегиялық музика мәдениеті.
№ 7 Сабақ.
1. Тақырыбы:
ХХ ғасырдың шетел музыка мәдениеті.
2. Қарастырылатын мәселелер
1. Французмузыка мәдениеті
3. Пайдаланатын әдебиеттер
-
Галацкая В.С. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып. 1. М.,1978.
-
Галацкая В.С. музыкальная литература зарубежных стран. Вып. 3. М., 1983.
-
Гивенталь И.А., Гингольд Л. Д. Музыкальная литература .
-
Друскин М.С. История зарубежной музыки второй половины XIX века. Вып. IV. М, 1983.
-
Конен В.Д. История зарубежной музыки. Вып. III. Германия, Австрия, Италия, Франция, Польша с 1789 года середины XIX века. М., 1976.
ХХ ғ. бірінші жартысында А.Руссельдің, Ш.Кекленнің, Ж. Роже – Дюкастың, Л.Обердің және т.б. шығармалары жақсы дамып жатты.ХХ ғ.алғашқы онжылдығында убронизм эстетикасын жақтаған бунтарлық – антибуржуазиялық көзқарасты Э.Сати және Ж.Кокто өздеріне көп көңіл аудартты. Олардың басқарумен сазгерлердің шығармашылық бірлестігі – «Алтылық» ашылды. Бұл бірлестікке шығарашылық көзқарастары әртүрлі болса да ұлттық дәстүрге деген «махаббаты» жаңалыққа, сонымен бірге қарапайымдылыққа ұмтылыс біріктіріп отырған Д.Мийо, А.Онеггер, Ф.Пуленк, Ж.Орик, Л.Дюрей, Ж.Тайфер тәрізді сазгерлер кірген еді.
Француз музыкасының ХХ ғ. ортасында ірі өкілі, опералық- ораториялық жанрда жазған Онеггер және барлық дерлік жанрда жазған Мийо болған. 30-жылдары кейбір сазгерлердің шығармасында модернистік тенденциялары күшейе түсті.
1918 жылы Парижде американдық «Фонтенбло» консерваториясы және тағы басқа музыкалық ғылыми-зерттеу орталықтары, Париж университеті жанындағы музыкатанушы институты пайда болды.
1935 жылы Ұлттық музыка федерация қалыптасты, бұған А.Руссель, Ш.Кеклен, Л.Дюрей, Д.Мийо, А.Онеггер тағы басқа жазушылар Л.Арагон, Л.Муссинак енді.
1967 жылы Франция радиосында жаңа филармониялық оркестр ашылды.
1977 жылы Ұлттық сазгерлер бірлестігі ашылды. Париж – ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық музыкалық кеңес резиденциясы. Францияда халықаралық пианистер мен скрипкашылар конкурстары өтеді. 1964 жылы Халықаралық гитара аспабында ойнау конкурсы өтті. Тулуз қаласында вокалистер конкурсы өтеді (1954 жылдан бері), 1951 жылы Безансонда жас дирижерлар фестивалі өтеді. Көптеген Франция қалаларында 60-жылдары опера театрлары, симфониялық оркестрлер, музыкалық оқу орындары ашылды.
4. Коллоквиум
1. Музыкадағы импрессионизм дегеніміз не?
2. ХХ ғасырдағы музыка мәдеиетінің дамуындағы ерекшеліктер туралы айтып берің дер.
- неміс; - америкалық;
- чех; - француз;
- испан; - ағылшын;
-венгер; - поляк;
№ 8
1. Тақырыбы:
XVIII ғасырға дейінгі орыстың музыка мәдениеті.
2. Қарастырылатын мәселелер
1. КиевРусінің музыка мәдениеті.
4. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
Гинзбург С.Л. Музыкальная литература народов СССР.-М., 1979.
-
История русской музыки. –М., 1957. –Т. 1;М., 1958.-Т.2; М., 1960.-Т.3.,
-
Келдыш Ю. Русская музыка XVIII века.-М., 1965.
-
Орлова Е. Лекции по истории русской музыки.- М., 1985.
-
Русская музыкальная литература. –М.;Л.,1965..-Вып.1; Л., 1972.-Вып.2;Л.,1972.-Вып.3; Л., 1973.-Вып.4.
Орыс музыкасы ІХ ғасырда бірінші орыс мемлекеті (Киев Русі) құрылғанға дейінгі Ежелгі Русь жерін мекендеген шығыс-славян тайпаларының мәдениеті мен тұрмысынан бастау алады. Дін пайда болғанға дейін славяндардың ғұрыптарына дұға оқу, ән, музыкалық аспаптарда ойнау кіретін (VІ өзінде гусли кең тараған еді.) Дін пайда болғанға дейін наным-сенімдердің іздері ғұрыптық (жоқтау, жылау, той жырлары) әндерде сақталған. Славяндардың әскери әндері ерлікті жырлайтын эпостың негізі болды. (Х-ХІ ғғ. гүлденді), кейіннен эпос былинаға айналды. Ұлттық әндердің ең биік жетістіктеріне лирикалық халық әндері жатады (ХVІ –ХVІІ ғғ. таралды). Русьте ұзақ жылдар бойы скоморохтар фольклорлық дәстүрлердің негізін таратушылар мен кәсіби музыканттар ролінде болады. Олардың музыкалық аспаптарына гусли, кернейлер, сопель, бубендер, дабыл жатады. Әншінің тағы бір түрі - княз бен оның әскерін дәріптейтін Боян. Хрестиан дінін қабылдағаннан кейін Ежелгі Русьтің кәсіби музыкалық өнердің жалғыз түрі –шіркеулік музыка дамыды. Византиядан келіп кірген бұл музыка біраз уақыттан кейін өзінің ұлттық белгілеріне ие болды. Шіркеулік-әншілік өнердің дамуында Савва Рогов басқарған, Мәскеу әншілерінің мектебі үлкен роль атқарды. Оның шәкірттері мен ізін қуушылардың арасында Федор Крестьянин, Стефан Голыш, Иван Нос бар.
Орыс театры өнерінің элементтері еңбек үрдісімен жөне діни өдет-ғүрыппен байланысты пайда болды. Мысалы, халықтың ойын-сауығьтда драмалық өрекет, диалог ("Кендір", "Біз де тары еккенбіз...", "Игумен") бой көрсетті. Театр мөдениетінін алғашқы өкілдері ско-морохтар болып табылады. Олар туралы деректер (Нестор жылна-масы) мен ойын-сауығын бейнелеген суреттер (Киевтія София соборы фрескаларыңдағы) XI ғасырға саяды. Скоморохтық жүмысының бір түріне айналған адамдар пайда болды. Олар селолар мен калаларды аралап, аюды ертіп, қызықты импровизацияланған сахналарды керсетті. Скоморохтар діни өлеңдер, қызықты тұрмыстық өндер мен аңыз-дастандарды да орындаған. Сонымен қатар олар комедиялық комментариялармен сүймелденіп отырған аюлармен ойындарды, биші иттерді де көрсеткен.
4. Коллоквиум
1. Киев Русінің музика мәдениетітуралыайтып беріңіз.
2. Феодалдық ыдырау кезеңіндегіРусь елінің музыка мәдениетінде қандай ерекшелік болды?
3. Мәскеу Русініңмузыка мәдениеті сипаттаңыз.
4. XVIII ғасырдағы орыстың музыка мәдениеті қалай дамыды?
№9
1. Тақырыбы:
XVIII ғасырдағы орыстың музыка мәдениеті.
2. Қарастырылатын мәселелер
1. Музыкалықтұрмыс.
2. Музыка мен театр
3. Пайдаланатын әдебиеттер
1. Гинзбург С.Л. Музыкальная литература народов СССР.-М., 1979.
2. История русской музыки. –М., 1957. –Т. 1;М., 1958.-Т.2; М., 1960.-Т.3.,
-
Келдыш Ю. Русская музыка XVIII века.-М., 1965.
-
Орлова Е. Лекции по истории русской музыки.- М., 1985.
-
Русская музыкальная литература. –М.;Л.,1965..-Вып.1; Л., 1972.-Вып.2;Л.,1972.-Вып.3; Л., 1973.-Вып.4.
ХVІІІ ғасырдың соңғы шегінде орыс ағартушылары соңғы идеяларының әсерімен ұлттық сазгерлік мектеп қалыптаса бастады. Халық әндерінің алғашқы басылымдық жинақтары пайда болды. ХІХ ғ. басында орыс музыкасында романтикалық тенденциялар пайда болды. Содан бастап, халықтық – эпикалық сюжеттерге, ертегілік фантастикаға қызығушылық пайда болды. Орыс операсында романтикалық бағыттың ірі өкілі – А.Н. Верстовский, оның ең жақсы операсы – «Асколь қабірі» (1835). Орыс поэзиясымен тығыз байланысты романс кеңінен таралды. Орыс музыкасының дамуының жаңа дәстүчрі ХІХ ғ. ұлттық музыкалық классиканың негізін салушы М.И.Глинка шығармашылығымен байланысты. Ол орыс музыка мектебін Еуропаның жетекші музыка мектептері дәрежесіне жеткізді де, орыс мәдениетінің әрі қарайғы бағытын айқындады. Оның опералары («Патша үшін өмір сүру» 1836, «Руслан мен Людмила» 1842), симфониялық («Камариндік», «Испан увертюралары», «Арагондық аңшылық» және «Мадридтегі түн») камералық-аспаптық және вокалды шығармалары классикалық үлгілерге жатады. Глинка шығармашылығы орындаушылық өнер мен сын пікірдің дамуына әсер етті. А.С.Даргомыжский шығармаларында 1840-1860 жылдардағы сыни реализм тенденциялары орын тапты.
XVIII ғасырдың 30—40-жылдары гастрольдік сапармен келген шетел труппалары орыс сарайларында өнер көрсетті. Осы жылдары өуелі өуесқойлар, одан кейін көсіби театрлар жақсы дамыды.
1757 жылы Мәскеу университетінің қарамағында Университет театры, ал 1780 жылы осының негізінде Петров театры жөне 1824 жылы Кіші театр ұйымдастырылды. 1766 жылы театр қызметін арнайы бакылап отыратын Императорлық театрлар дирекциясы кұрылды.
XVIII ғасырдың аяғында крепостнойлык театрлар дами бастады. Крепостнойлық театр труппаларын помещиктер басыбайлы шаруалар қатарынан үйымдастырды. Қарабайыр үй театрымен катар орыс Батыс Еуропа ірі сахна шеберлерінен төлім-төрбие алған маман актерлері, бай реквизита, сахнасы жақсы жабдықталған жеке ғимараты бар крепостной театрлар жұмыс істеді. Бүл театрлар XVIII ғасырдан аяғы мен XIX ғасырдың басында, Мөскеу мен оның төңірегінде кең тарады. Крепостной театрлардың саны XVIII—XIX ғасырларда 170-тен асты.
Орыс театры өзінің даму жолын өрі карай жалғастырды. Бұл уакытта жаңа дарында драматургтер мен танымал актерлер шыкты.
1756 жылы Мөскеуде университеттің қасынан арнайы көркемөнер класы бар гимназия ашылды. Бүнда Медокс театрына арналған болашақ актерлер дөріс алды. 1805 жылы театр өртеніп, Медокс кедейленгеннен кейін, Петербургтің үлгісі бойынша император театры қалыптасады. Ол болашақ Кіші театрдың негізі еді.
4. Коллоквиум
1. XVIII ғасырдағы Ресейдег қандай маңызды музыкалық жанрлар пайда болды?
2. Осы кезеңнің көрнекті композиторлары мен орындаушыларды атаңыз?
3.ХVIII ғасырдағы орыс опера, аспаптық музыка, хор өнері туралы айтып беріңіз?
№10
1. Сабақтың тақырыбы:
ХІХ ғасырдың бір інші жартысындағы орыстың музыка мәдениеті.
2. Қарастырылатын мәселелер
1. М. И. Глинканың орыс классикалық музыка мектебі нің негізін салудағы тарихи ролі.
3. Пайдаланатын әдебиеттер
1. Гинзбург С.Л. Музыкальная литература народов СССР.-М., 1979.
2. История русской музыки. –М., 1957. –Т. 1;М., 1958.-Т.2; М., 1960.-Т.3.,
3. Келдыш Ю. Русская музыка XVIII века.-М., 1965.
4. Орлова Е. Лекции по истории русской музыки.- М., 1985.
5. Русская музыкальная литература. –М.;Л.,1965..-Вып.1; Л., 1972.-
Вып.2;Л.,1972.-Вып.3; Л., 1973.-Вып.4.
Михаил Иванович Глинка 1804 жылы 1 маусымда Новоспасском селосында дүниеге келген. Глинканың ең алғашқы ұстазы Петербургтің ханымы Варвара Федоровна Кламер болды. Глинканың музыкалық шығармашылығы 1822 жылы пансионды аяқтаған жылдары басталды. Оның ең алғаш орындаған шығармасы сол кездегі танымал композитор Вейгелдің арфа мен фортепианоға арналған вариациясы. Фортепианода ойнау шеберлігін арттыра жүріп, Глинка композицияғада көп көңіл бөліп, өзінің күшін әртүрлі жанрдағы шығармалар жазуға жұмсады. Дәл осы кезеңде Е. А. Баратынскийдің сөзіне „Не скушай меня без нужды”, А.С.Пушкиннің сөзіне „Не пой, красавица, при мне”, А. Я. Римский-Корсаковтың сөзіне „Ночь осенная, ночь любезная” бүгінге дейін танымал болып келе жатқан әндері мен романстарын жазды.
Глинка Михаил Иванович – орыс композиторы, орыс классикалық музыкасының негізін салушы. Помещик жанұясында туған. Глинка балалық шағын Новоспасское селосында әкесінің имениесінде өткізді. Болашақ композитор жасынан халық музыкасынан сусындайды; шаруалардың жүрек тебренткен мұңды әндері мен әкесінің туысыА.А.Глинканың басыбайлы шаруалардан құралған меншікті оркестрі орындаған музыкалық шығармалары Глинкаға зор әсер етті. Ол 10-11 жасынан фортепиано мен скрипкада ойнай бастады. 14 жастағы Глинканы әкесі Петербург Басты педогогикалық училищесінің жанындағы Благородный пансионына оқуға береді. Пансионды бітірген Глинка Кавказға сапар шегеді, жергілікті халықтардың музыкасымен танысады. 1830 жылы шетелге аттанған композитор Италияда үш жылдай болып, музыкалық білімін толықтыра түсті, Б.Беллини, Г.Донецетти сияқтыатақты комопзиторлармен кездеседі. Қайту сапарында Вена арқылы Германияда болып, Берлинде белгілі музыка теоретигі З.Деннен сабақ алады. Бірақ Глинка шетелдік сапарына сын көзбен қарап, орыстың ұлттық операсын тудыруын армандады. 1812 жылғы Отан соғысы, ілгерішіл қоғамдық қозғалыс және орыс мәдениеті Глинка творчествосынан жан-жақты көрініс тапты. Композитор шығармаларында халық музыкасының әсемдігі мен кәсіби шеберліктің аса жоғары жетістіктері ғажайып үндестікпен ұштасты. Мөлдір де өміршеңдік характер, форма сымбаттылығы, бедерлі де мәнерлі әуен сұлулығы, гармония мен аспаптау тәсілінің әдемілігі, сындарлылығы – Глинка музыкасына тән қасиеттер. Глинка творчествосы орыстың ұлттық музыка стилінің есеюіне себепші болды. «Иван Сусанин» операсында халықтық патриотизм идеясы кемеңгерлікпен шешімін тапса, «Руслан мен Людмила» операсы халықтың ұлылығына деген сенім мен өмір сұлулығын жыр етті. Классикалық орыс операсын тудырған Глинка ұлттық симфоизмге негіз болған тамаша шығармалар жазып («Камаринская» т.б.), орыс вокалдық лирикасының тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. (А.С.Пушкин сөзіне жазған «петербургпен қоштасу» атты романстар циклі). Глинканың «Испан увертюралары» дүние жүзілік симфонияда испан музыкалық фольклорын өңдеудің бастамасы болды. Композитор өзінің творчествосына украин, поляк, фин, италиян, сондай-ақ шығыс халықтарының образдары мен әуендерін шеберлікпен бейнеледі.
4. Коллоквиум
-
Глинканың «Иван Сусанин» операсында қандай тарихи оқиға бейеленеді?
-
Глинка «Руслан мен Людмила» операсында нені жыр етті?
-
Глинканың дүние жүзілік симфонияда испан музыкалық фольклорын өңдеудің бастамасы болған шығармасын ата.
№ 11
1. Сабақтың тақырыбы:
ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы орыстың музыка мәдениеті.
2. Қарастырылатын мәселелер
1. П.И.Чайковский шығармашылығы.
3. Пайдаланатын әдебиеттер
1. Гинзбург С.Л. Музыкальная литература народов СССР.-М., 1979.
2. История русской музыки. –М., 1957. –Т. 1;М., 1958.-Т.2; М., 1960.-Т.3.,
3. Келдыш Ю. Русская музыка XVIII века.-М., 1965.
4. Орлова Е. Лекции по истории русской музыки.- М., 1985.
5. Русская музыкальная литература. –М.;Л.,1965..-Вып.1; Л., 1972.-
Вып.2;Л.,1972.-Вып.3; Л., 1973.-Вып.4.
Чайковский Петр Ильич – орыс композиторы, дүние жүзілік классикалық музыканың көрнекті өкілі. Москва консерватоиясының профессор. Тау-кен инженерінің жанұясында туған. 1850-1859 жылы құқықтану училищесінде, 1861-1862 жылдары орсы музыка қоғамының музыка класында және 1862-1865 жылыПетербург консерваториясында оқып білім алды. А.Г.рубинштейнмен Н.И.Зарембаның мәкірті. 1866 жылы Москваға келіп “Қысқы ойлар”, атты бірінші сифониясын, 1868 жылы “Воевода” атты операсын жазды. АН.Островский, П.М.Садовский, Н.Г.Рубинштейн т.б. орыс мәдениетінің қайаткерлерімен жақын болуы Чайковскийдің идеялық-көркемдік көзқарасының қалыптсауына зор ықпал етті. 1868 жылдан Чайковский “Құдіретті топ” композиторларымен творчсетволық қарым-қатынаста болып, М.А.Баакиревтің кеңесімен У.Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” трагедиясының сюжетіне увертюра-фантазиясын жазды. 70 жылдары жазған “Опричник” (1872), “Ұста Вакула” (1874),”Аққу көлі” (1876) балеті, 2-3 симфониялары сияқты т.б. шы,армаларынан Чайковский творчествосының жан-жақты дамығаны айқын байқалады. Ол өз творчествосында, сәіресепрограммалық симфонияға зор көңіл бөлді. Компзиторлық қызметімен қатар Москваның музыкалық-қоғамдық өмііне де бесене араласты. 1868 жылы Чайковский музыка сыншысы ретінде таыла бастады гармония туралы Ресейдеі тұңғыш оқулықты жазды. Композитор творчествосындағы маңызды кезеңнің бірі – 4-симфониясы (1877) мен “Евгений Онегин” (1878) операсы болды. Осындан кейін “Орлеан қызы” (1879), “Мазепа” (1883) опералаы мен “Москва” (1883) кантатасы, бірнеше сюита, концерттері өмірге келді. 1885 жылы Москвадағы орыс музыкалық қоғамы бөлімінің директоры болды. Бұл кезде оның есімі Ресейге ғанамес, шетедерге де танылды. Өмырының соғы жылдары Чайковский диижерлік өнере көп көңіл бөлді. 1887 жылы 13 қаңтарда Үлкен театрда өзінің алғаш қойылған””Зер кбіс операсына дирижерлік етті. 1887-1893 жылдары дирижер ретінде Ресейдің көптеген қалаларында, Батыс Европада, гастрольдік саарда болды. 1891жылы АҚШ-қа барып, бінеше симфония, концерттерге дирижерлік етті. 1892 жылы француз институтының құрамындағы Әсемдік өнер академиясының корроспондент мүшесі, 1893 жылы Кембридж униврситетінің құрметті докторы болып сайланды. 1880-1893 жылы аралығында “Сиқырлы сұлу” (1887), “Қарғаның мәткесі” (1890), “Иоланта” (1891) опералары мен “Ұйқыдағы ару” (1889), “Шаттауық” (1892) балеттерін, 5 симфониясы (1888) мен 6 симфониясын ( “Патетикалық”, 1893), “манфред” пограммалық симфониясын У.Шекспирдің “Гамлет” трагедиясының сюжетіне жазған увертюра-фантазиясын(1888), фортепиано мен оркестргеарналған 3- концертін т.б. жазды. Петербургте автордың басшылығымен тұңғыш рет 6-симфониячсыорыдалды. Чайковский 10 опера, 3 балет, 2 драмалық спектакльдерге музыка, 6 симфония, 30-ға жуық оркестрге арналған шығармалар, 4 концерт, 3 кантата, 3 квартет, трио және сексте, 100 ден астам фортепианоға арналған пьесалар, көптеен романстар, әндер т.б. жазды. Өз халқын, туған Отанын жан дүниесімен беріле сүйген патриот-суреткер Чайковсикй ХІХ ғасырдағы алдыңғықатарлы орыс мәдениеті қайраткерлері мен тығыз байланыста болды. Оның еалистік творчестволық принцптерінің қалыптасуына 60 жылдардағы демократиялық-қоғамдық қозғалыс игі әсер етті. Чайковский творчествосының негізгі тақырыбы – адамның бостандық, тәуелсіздік және бақыт үшін күресі болды Чайковский творчествосының ең бсты жанры симфониялық шығармалар.Л.Бетховенен кейін дүние жүзілік симфония өнерінің дамып жетілуіне Чайковский творчествосының маңызы зор болды. Симфониялық музыканың асқан шебері атанған композитордың бұл саладағы еңбектерінің шыңы – 6-симфониясы (“Патетикалық”). Адамға деген сүйіспеншілік сезімге, сондай-ақ өмір қайшылықтаына қарсы наразылыққа толыбұл шығарма сол кездегіалдығы қатарлы демократиялық орыс өнерінің озық үлгілеріне жатады. Чайковский өз операларында небір тамаша ұмытылмас образдар галереясын жасады. “Евгений Онегин” операсында композитор қарапайым адамдар өмірінен “құпия, бірақ күшті драма” жазу идеясын іске асырды. Чайковский творчествосы балет өнері дамуында жаңа кезең болды. Оның шығармалары барлық елдерге кеңінен тараған. Кеңес дәуірінде Чайковский шығармалары халық игілігіне айналды. Москва және Киев консерваториясы, Пермь операжәне балет театры, Москвадағы концерт залы, көптеген музыкалық училищелер композитор есіміменаталды. 1958 жылдан Москвада П.И.Чайковсикй атындағы пианстер байқауы өөткізіліп тұрады. Клинде композитордың мұражай-үйі Воткинскідегі мемориал мұражайы бар. 1939 жылдан Қазақтың опера және балет театрында Чайковскийдің опералы мен балеттері қойылып келеді.
4. Коллоквиум
1. П. И. Чайковскийдің қандай шығармалары бар?
2. Чайковский У.Шекспирдің қандай трагедиясына увртюра жазды?
3. П. И. Чайковскийдің қандай балеттері бар?
4. Қандай опералары бар?
№ 12
1. Сабақтың тақырыбы:
ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы орыстың музыка мәдениеті.
2. Қарастырылатын мәселелер
1. Римский-Корсаков шығармашылығы
3. Пайдаланатын әдебиеттер
1. Гинзбург С.Л. Музыкальная литература народов СССР.-М., 1979.
2. История русской музыки. –М., 1957. –Т. 1;М., 1958.-Т.2; М., 1960.-Т.3.,
3. Келдыш Ю. Русская музыка XVIII века.-М., 1965.
4. Орлова Е. Лекции по истории русской музыки.- М., 1985.
5. Русская музыкальная литература. –М.;Л.,1965..-Вып.1; Л., 1972.-
Вып.2;Л.,1972.-Вып.3; Л., 1973.-Вып.4.
Римский-Корсаков Николай Андреевич – орыс композиторы, дирижер, педагог, музыка-қоғам қайраткері. 1859 жылдан ф,А,Каниленнің басшылығымен музыкамен шұғылданыд. 1861 жылы М.А.Балакирев, В.В.Стасов пен танысып, творчестволық “Құдіретті топқа” мүше болды. Композитордың “Псковтық әйел” алғашқы операсыны өзінен-ақ “Құдіретті топтың” эстетикалық көзқарасы айқын аңғарылды. Мұнда ол халық пен патша өкіметінің арасындағы қайшылықты ашып көрсетті “Май түні” (1878), “Қарлы ханым” (1881), “Садко” (1896) операларында Римский-Корсаковтың қиял-ғажайып оқиғалы ертегіге, орыс халқыны тұрмыс – салтын бейнелеуге, табиғатына, батырлық дәстүріне дегенқұштарлығы айқын байқалады. 80 жылдары симфониялық шығармалары жарық көрді. Олардың ішінде эпикалық-картиналы симфонизмнің озық үлгісі саналатын “Испан каприччиосы”(1887) мен арабтың “1001 түн” ертегілерінежазған сюитасы бар. Римский-Корсаковтан “Псковтың әйелден” бастап “Патша қалыңдығы”, “Сервелия”, “Ажалсыз Кащей” операларында қарапайым халықты қанап отырған патша өкіметінің зұлымдығын әшкереледі.Композитордың “Салтан патша туралы ертегісінде” музыкалық сатираның элементтері ене бастаса, ал “Алтын әтеш” операсы – самодержавиені сыаған уытты сатира. Римский-Корсаков өзінің төл шығармаларымен қатар А.С.Даргомыжескийдің “Тас мейман”, М.П.Мусоргскийдің “Борис Годунов”, “Хованщина” операларын оркестрге түсірді; А.Глазуновпен бірге А.П.Бородиннің “Княз Игорын” аяқтады; М.А.Балакирев, А.К.Лядовпен бірге М.И.Глинканың “Руслан менЛюдмила” операларының партитурасын редаксиялады. Римский-Корсаков 15 опера, 3 симфония, оркестрлік пьесалар, кантаталар, хорға арналған шығармалар және көптеген ғылыми-музыкалық еңбектер жазды. 1871-1908 жылдары Петербург консерваториясының профессоры болды. 200 – ден астам музыканттарды тәрбиелеп шығарды. Римский-Корсаков орыстың музыка мәдениетін дамытып, кәсіби музыканың қалыптасуына зор үлес қосты.
4. Коллоквиум
1. Қандай опералары бар?
2. Опералары қандай оқиғаларға құрылған?
3. Қандай симфониялары бар?
№ 13
1. Сабақтың тақырыбы:
ХХ ғасыр басындағы орыстың музыка мәдениеті.
2. Қарастырылатын мәселелер
1. А. Н. Скрябин шығармашылығы.
2. С.В.Рахманинов
3. Пайдаланатын әдебиеттер
1. Гинзбург С.Л. Музыкальная литература народов СССР.-М., 1979.
2. История русской музыки. –М., 1957. –Т. 1;М., 1958.-Т.2; М., 1960.-Т.3.,
3. Келдыш Ю. Русская музыка XVIII века.-М., 1965.
4. Орлова Е. Лекции по истории русской музыки.- М., 1985.
5. Русская музыкальная литература. –М.;Л.,1965..-Вып.1; Л., 1972.-
Вып.2;Л.,1972.-Вып.3; Л., 1973.-Вып.4.
Рахманинов Сергей Васильевич – орыс композиторы, пианист, дирижер. Дворян жанұсында туған 4-5 жасынан фортепианода ойнады.1882 жылы Петербург консерваториясында В.В.Демянскийден сабақ алды. 1891 жылы Мәскеу консерваториясын фортепиано класы бойынша Н.С.Зверев, пен А.И.Зилотиден, 1892 жылы композиция класын С.И.Танев пен А.С.Аренскийден бітіді. Диплом жұмысы бір актілі – “Алеко” операсы. 90 жылдары жазған шығармаларының көрнектісі – “Пьеса-фантазияллар”, фортепианоға жазылған “Музыкалық сәттер” (1896), симфониялық фантазия “Шың” (1893), 1 симфония, 20-дан астам романстар т.б. 1897-1898 жылы Мәскеудегі жеке меншікті орыс операсының, 1904-06 жылы Үлкен театрдың диижеры болды. 1900 жылы пианист, дирижер ретінде Ресейде және шетелдерде концерттер берді. 1900-07 жылдар аралығында Рахманинов 2-3 концертін, 2 смфониясын, “Сараң сері” мен “Франческа да Римини” операларын, “Көктем” кантатасын, оркестрге арналған поэма, 2 соната, фортепианоға жазылған 23 прелюдия мен 17 этюд-картина, сюита, симфонияжәне көптеген романстар жазды. 1917 жылы желтоқсанда Скандинавияға гастрольге кетеді де, 1918 жылы АҚШ-қа біржола орналасады. 1918-1943 жылдары Рахманинов негізінен концерттік-пианистік қызметпен шұғылданды. Осы жылдары фортепиано мен оркестрге жазылған 4 концертін және “Паганини тақырыбына арналған рапсдиялар”, әндер, вариациялар, симфониялық билер жазады. Рахманинов 19-20 ғасыдағы көрнекті музыканттардың бірі. Оның шығармалары өмірлік шыншылдығымен, әуенінің байлығымен ерекшеленеді. Рахманинов музыкасы орыс халық әндерін, әсіресе оның жанға жайлы әуенділігін бойына сіңірген. Отан орыс табиғатының жалынды жыршысы болған Рахманинов творчествосының негізгі тақырыбына айналды. Рахманинов есімі пианист ретінде Ф.Лист, АГ.Рубинштейнмен қатар аталады. Сондай-ақ Рахманинов өз заманының аса ірі опералық және симфониялық дирижерлерінің бірі болды.
Скрябин Александр Николаевич – орыс композиторы, пианист, 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындаңы ең ірі өнер қайраткерлерінің бірі. 1892 жылы Москва консерваториясын В.И.Сафонов (фортепианодан) және С.И.Танеевпен А.С.Аренскийдің (композициядан) класы бойынша бітірді. 1898-1903 жылдары консерваторияның профессор. 1904-09 шетелде (Швецария, Франция, Италияда) тұрды. Оның 1-симфониясы (1900), 3- симфониясы (“Құдіретті поэма” 1904), бір бөлімді симфониялық поэмалар, фортепианолық миниатюралары (прелюдия, этюд, ноктюрн) т.б. музыкалық шығармалары бар. Ол 20 ғасырдағы фортепиано мен симфониялық музыканың дамуына елеулі үлес қосты.
4. Коллоквиум
1. Рахманинов шығармасының ең көрнектісі.
-
Рахманинов кімдерден дәріс алды?
-
Скрябиннің симфониялары қай жылдан бастап жарық көрді?
4. Скрябин 20 ғасырда қандай музыканың дамуына үлес қосты?
№ 14
1. Сабақтың тақырыбы:
Советтік музыка мәдениетінің дамуындағы негізгі кезеңдер
2. Қарастырылатын мәселелер
1. С.С.Прокофьев
2. Д. Д. Шостакович
3. А. И. Хачатурян.
-
Пайдаланатын әдебиеттер
-
Гинзбург С.Л. Музыкальная литература народов СССР.-М., 1979.
-
История русской музыки. –М., 1957. –Т. 1;М., 1958.-Т.2; М., 1960.-Т.3.,
-
Келдыш Ю. Русская музыка XVIII века.-М., 1965.
-
Орлова Е. Лекции по истории русской музыки.- М., 1985.
Д.К.Самин. 100 великих композиторов. М., 2002г.
Прокофьев Сергей Сергеевич – композитор, пианист әрі дирижер. РСФСР халық әртісі, Совет музыка мәдениетінің негізін салушылардың бірі. 5 жасынан-ақ музыкамен шұғылданды. 6 жасында музыка шығарды. 1902-03 Жылдары Р.М.Глиэрден оқыды. 1909 жылы Петербург консерваториясын бітірді. А.К.Лядов, Н.А.Римский-Корсаков және Я.Витолдан (композициядан), 1914 жылы Н.Н.Черепнин (дирижерлау класы бойынша) менА.Н.Есиповадан (фортепианодан) сабақ алды. 1908 жылдан бастап С.С.Прокофьев пианист әрі дирижер ретінде Ресейде және шетелдерде өз шығармаларынан концертер берді. Ол барлық жанрда да еңбек етті. әсіресе фортепианолық музыкалары ерекше орын алды. Композитор осы жылдары екі опера (“Маддалена” 1913, “Ойыншы” 1915-16) балет, симфония, хорға аралған және камералық-вокалдық шығармалар жазды. Прокофьевтің музыкалық өнері сол кездің өзінде-ақ дүние жүзінебелгілі болды. 1918-32 жылдары Америка, Франция, Германияда болып, 1932 жылы Отанына біржола оралды. Советтік дәуірге байланысты Прокофьевтің творчестволық қызметі жаңа қарқынмен өркен жайды. Ол орыс және дүние жүзі өнерін жаңа сипаттағы музыкалық шығармалармен байытты. “Ромео мен Джульетта” балеті дүние жүзілік балет өнерінің үлкен жетістігіне айналды. Қазіргі заман тақырыбына арналған “Семен Котко” (1930), Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған “Соғыс және бейбітшілік” опералары; “Золушка” балеті опера өнерінің зор табысы болды. “Александр Невский” кантатасында орыс халқының патриоттық күшін музыка арқылы бейнеледі. Прокофьев балалар өміріне де арнап көптеген музыкалық шығармалар жазды. Мысалы, вокалды-симфониялық “Қысқа костер” сюитасы, “Бейбітшілік күресінде” ораториясы т.б. Прокофьев 8 опера, 7 балет, 6 кантата, симфония, әртүрлі аспаптарға жазылған 14 соната, 8 концерт, камералық ансамбльдер, фортепианолық пьесалар, ән-романстар мен хорла және, театрлар мен кинофильмдерге музыка жазды. 7- симфониясы үшін Прокофьевке совет композиторларының ішінде тұңғыш рет Лениндік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 1955-67 жылдары ның 20 томдық музыкалық шығармалар жинағы жарық көрді.
Шостакович Дмитрий Дмитриевич – совет композиторы, қоғам қайраткері, СССРхалық әртісі, өнертану ғылымының докторы. Инженер жанұясында туған. 1923 жылы Петербург консерватоиясын Л.В.Николаевтың фортепиано класы, 1925 жылы М.О.Штейнбегтің композиция класы бойынша бітірді. 1927 жылы Варшавада өткен Бірінші халықаралық Ф.Шопен атындағы пианистер конкурсында құрмет дипломын алды.1937 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1939-41 жылдары Ленинград консерваториясының, 1943-48 Москва консерваториясының профессор. Шәкірттері: А.Д.Гаджиев, Г.В.Свиридов, к.С.Хачатурян, п.А.Чайковский т.б. Швед корольдық музыкалық академиясының мүшесі, сондай-ақ Оксфорд университеті, Эванстон Солтүстік-Батыс университеті мен Француз әсемдік академиясының құрметті ғылым докторы. Бұдан басқа Германия Өнер академиясы мен Бавария әсемдік академиясының корреспондент мүшесі, Мексика консерваториясының құрметті профессор. 1957 жылдан СССР композиторлар одағының, ал 1960 жылдан Ресей композиторлар одағының төрағасы, сонымен қатар 1958 жылы СССР-Австрия қоғамының перзиденті болды. Шостакович ХХ ғасырдағы ең ірі композиторлардың бірі. Терең мағыналы, өмір шындығына сәйкес идеялық концепцияларды, адам тағдырындағы күрделі шиеленістерді, кейде трагедиялық тартыстарды көрсете білуі оның творчествосына (әсіресе симфониялық шығармаларына) тән қасиет. Композитор өзінің үздік шығармаларымен музыка жанрының көптеген түрлерін байытты. Шостакович оркестр құрамындағы музыкалық аспаптардың үн-бояуын музыкалық драматургия құралдарының бірі ретінде өте шебер пайдаланды. Ол «Мұрын, «Мценск уезінің леди Макбеті» операларының, «Алтын ғасыр», «Тұнық жылға» балеттерінің, «Москва, Черемушки» музыкалық комедиясының, «Орман туралы ән» ораториясының, «Біздің Отан үстінен кү нұрын шашады» кантатасының, 15 симфонияның, скрипкаға, фортепианоға, виоленчельгеарналған концерттердің, «Степан Разинді дарға асу»атты фолокалды-симфониялық поэманың, 14 квартеттің, Микеланджело Буанарротидің сөзіне жазылған вокалыдқ сюитаның, ішекті аспаптар квартетінің, фортепианолық пьесалардың, АС.Пушкин, А.А.Блок, Е.А.Долматовскийдің сөздерінежазылған вокалдық цикльдердің, көптеген романстар мен әндердің авторы.Сондай-ақ «Максимнің жастық шағы», «Максимнің оралуы», «Мылтықты адам», «Жас гвардия», «Бөгелек», «Гамлет» жәнет.б. фильмдер мен драма спектакльдердің музыкасын жазды.
Хачтурян Арам Ильич – совет композиторы, дирижер, педагог, музыка-қоғам қайраткері, 1934 жылы Москва консерваториясын (Н.Я.Мясковскийдің композиция класы бойынша) бітірді. Ол оркестр мен фортепианоға, скрипкаға арналған концерттер, «Бақыт», «Гаянэ», «Спартак» балеттерін, концерт-рапсодиялар, виоленчельгеарналған «Сонато-монолог» симфониялық оркестрге арналған «В.И.Ленинді еске алу одасын», үрмелі оркестрге арналған пьесалар, ән.романстар жазды. Сондай-ақ спектакльдер (Лопе де Веганың «Валенсиан жесірі», «Лермонтовтың «Маскарады») мен кинофильмдер («Пэпо», «Отелло») музыкасының және Арменияның Мемлекттік гимнінің авторы. 1950 жылдан Москва консерваториясында ұстаздық етеді. Шәкірттері: А.Я.Эшпай, М.Л.Таривердиев.
4. Коллоквиум
-
Киров бізбен бірге», «Түнгі Кремль» кантаталарының авторы, композитор.
-
1927 жылы Варшавада өткен Бірінші халықаралық Ф.Шопен атындағы пианистер конкурсында құрмет дипломын алған композитор.
-
Терең мағыналы, өмір шындығына сәйкес идеялық концепцияларды, адам тағдырындағы күрделі шиеленістерді, кейде трагедиялық тартыстарды көрсете білуі қай композитордың творчествосына тән қасиет?
-
«Мұрын, «Мценск уезінің леди Макбеті» операларының, «Алтын ғасыр», «Тұнық жылға» балеттерінің, «Москва, Черемушки» музыкалық комедиясының, «Орман туралы ән» ораториясының, «Біздің Отан үстінен кү нұрын шашады» кантатасының авторы кім?
-
«Бақыт», «Гаянэ», «Спартак» балеттерінің авторы, композитор.
Достарыңызбен бөлісу: |