Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік
талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 29, 280-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу жөнінде делдалдық көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы»;
кіріспедегі «Лицензиялау туралы», » деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті туралы ережеде:
11-тармақтың 11) және 14) тармақшалары алып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы № 709 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы ресми жариялануы тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Достарыңызбен бөлісу: |