Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама



бет4/4
Дата22.02.2016
өлшемі407.5 Kb.
#2347
1   2   3   4

2.3. міндет Инфокоммуникация саласындағы білім беруді дамыту.

66 тармақ «Кәсіптік қоғамдастықты қалыптастыру және дамыту бойынша кәсіптік салалық қауымдастық шараларын ұйымдастыру және қолдау» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдардың 4 тоқсаны.

2010 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстанның IT кәсіпорындарының 2-ші съезі болып өтті. Съезде Қазақстан Республикасы 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық технологияларды дамытудың салалық бағдарламасын іске асыру шаралары талқыланды.

2010 жылдың 3 қарашасында «Экономикалық әріптестікті ұйымдастыру және дамыту» жобасы шеңберінде, «АКТ саласындағы адам капиталы» тақырыбына арналған жұмыс тобының 1-ші отырысы болып өтті.

Бұған қоса, сараптамалық кездесулер мен «дөңгелек үстел» шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен (әрі қарай ҮЕҰ) кездесулер ұйымдастырылды. Астана қаласында 2010 жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасында «Ақпаратқа қолжеткізу» заңын қабылдау: перспективалары мен қазіргі ахуалы» тақырыбында сараптамалық кездесу өткізілді. Сондай-ақ, Алматы қаласында 2010 жылдың 16-17 қыркүйегінде «ASIAN CABL TV CONFERENCE-2010» екінші халықаралық конференциясы болып өтті.

Қазақстанның Медиа Альянсымен де қарым-қатынас орнатылған. Медиа Альянс құрамына Қазақстанның 7 аймағында тіркелген 9 медиа ҮЕҰ- енеді. Серіктестік медиа саласындағы күнделікті өзекті мәселелер бойынша жалғасын табуда. 2010 жылдың 19 қарашасында «Қазақстанның медиалық болашағы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел болып өтті.

92 тармақ «Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіндамыту» (Зерде АҚ орындған) орындалу мерзімі 2010 жылдың 4 тоқсаны.

Қазіргі уақытта Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (бұдан әрі-Университет) 8 мамандық бойынша білім берілуде. Оның ішінде төрт мамандық Мемлекеттің индустриалдық-инновациялық дамуы үшін қажетті мамандарды дайындау мақсатында Университеттің алдына қойылған міндеттерге сәйкес даярлануда.

Сонымен қатар, 2010-2011 оқу жылынан бастап, Университетте

6М070300 – «Ақпараттық жүйелер» және 6М070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша магистратура ашылды.

Осы мамандықтар бойынша студенттерді 63 штаттық оқытушы оқытады, олардың ішінде: 7 ғылым докторы, 2 философия докторы (PhD), 27 ғылым кандидаты, 8 доцент, 5 магистрант. Сонымен қатар, 2010 жылы Университетте:


  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ғылыми-зерттеу лабораториясы;

  • Microsoft oқу зертханасы;

  • CISCO oқу зертханасы;

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында білім гранты бойынша 40 орынды әскери кафедра ашылды.

Университетке жыл сайын 300 білім гранты бөлінеді. Қазіргі таңда ҚР БАМ БҒМ-мен бірлесе ақпараттық технологиялар саласы бойынша берілетін гранттардың молшерін көбейту мәселесі пысықталуда.

2010 жылы студенттер саны 2009-2010 оқу жылымен салыстырғанда 1,5 есеге көбейтілген.

Cтуденттер мен профессорлық-оқытушылық құраммен ауысу бағдарламасы басталған-ды, 2010 жылдың маусымында малайзиялық Tenaga National университетімен ынтымақтастық шеңберінде 35 студент тағылымдамадан (жазғы тәжірибе) өтті.

2010 жылғы сәуірде Ақпараттық технологиялар университетінде, механика және оптика Санкт-Петербург мемлекеттік университеті мен ҚР БҒМ «Дарын» РНПЦ-мен бірлесе отырып, математика және информатика бойынша халықаралық интернет-олимпиада өткізілді. Жеңімпаздарға университеттердің және ҰИТ АҚ-ның білім гранттары тапсырылды.

Студенттік командалар арасындағы бағдарламалаудан Қазақстан чемпионатында Университет командасы 2010 жылы 2 орын алды. 2010 жылы 24 қарашада Ташкентте бағдарламалаудан студенттік командалар арасындағы (АСМ ІСРС) әлем чемпионатының солтүстік-шығыс еуропалық аймағының (NEERC) жартылай финалында командалық сайыста 5 және жеке сайыста 10 орын алды.

Университеттің материалдық-техникалық базасын дамытуда 1818 ш/м алынған. Бұл алаңдар 2010-2011 жылғы оқу жылының 1000 шақты студентіне оқу-білім процесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Университетте интернетке қосылған 184 компьютермен жабдықталған 8 компьютерлік сынып бар. Университеттің кітапхана қоры екі есеге дерлік өсіп, 10736 бірлікті құрады, соның ішінде 1023 келушілер, бір жылдық келу саны 10237-ге жетті.

Сонымен бірге Университетті Алматы қаласы жанындағы Алатау кентіндегі «Ақпараттық технологиялар паркі» ЕЭА-ға (әрі қарай – «АТП» ЕЭА) көшіру мәселесі қаралуда. Қазіргі таңда ҚР экономикасын модернизациялау мәселелері бойынша Мемлекеттік комиссиясының 2010 жылғы 28 маусымдағы хаттамасының 5 тармағы бойынша:

1)Университеттің «АЭА» АТП аймағына көшу мәселесі және Университет кампусын салуды қаржыландыру жөніндегі ұсыныстыр қолдауын тапты;

2) «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ және «Жылжымалы мүлік қоры» «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ белгіленген түрде жоба-сметалық документациясын әзірлеуге және Университет кампусын салуға кірісу тапсырылды.

Университетпен KAZGOR жоба академиясы және «Жылжымалы мүлік қоры» «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ бірлесе «АЭА» АТП аймағында салынатын кампустың техникалық тапсырмасы дайындалды, сонымен қатар Университет «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ-мен «АЭА» АТП мүліктік комплексінің Алатау бағындағы 6,3 мың кв.м. көлеміндегі бизнес-орталықты, білім беру үдерісінің қажеттілігі үшін, сенімді басқаруға беру туралы келісімге жетті.

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚРҮ – Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҚРҮҚ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

ҚР ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

ҚР БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

ҚР ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

ҚР ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

ҚР ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

ҚР ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

ҚР ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

ҚР Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҚР ҚМ – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ҚР ӘМ – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

ҚР ҚОКМ – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚР ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі

ҚР МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

ҚР ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

ҚР БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)

ҚР СА - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

ҚР МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

МО - мемлекеттік органдар

ЖАО - жергілікті атқарушы органдар

«ҚИҚ» ЗТБ – «Қазақстанның Интернет Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі

«АТКҚҚ» ЗТБ – «IT-компаниялардың қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі

ЖМО – «Қазақстан Республикасы Жобалау менеджерлерінің одағы» қауымдастығы

«ҰАТ» АҚ – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы

АТХУ – Ақпараттық технологиялардың халықаралық университеті

БНАЖ – бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе

РМК – Республиклық мемлекеттік кәсіпорын

АКТ- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

АЖ – ақпараттық жүйе

«Зерде» АҚ – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

АҚ – акционерлік қоғамы

ИАЖ – интеграцияланған ақпараттық жүйе

ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмыстары

ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметінің мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиясы

ДБЖ – деректерді беру желісі

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

«Алатау» АТП» АЭА – «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы

КААЖ - кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе

ТЭН – техника-экономикалық негіздеме

ТТ – техникалық тапсырма

ҚЭН – қаржы- экономикалық негіздеме

ТжКҰ – техникалық және кәсіби ұйымдар

ХҚКО – халыққа қызмет көрсету орталығы

ЭҮ – электрондық үкімет

ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба

ATSK – цифрлық теледидардың американдық стандарты

B2B – business to business

B2C – business to citizen

CDMA – Code Division Multiple Access

CDMA 1X EV-DO - Code Division Multiple Access Evolution Data Only

DVB – Digital Video Broadcasting

LTE – Long Term Evolution

HSPA – High Speed Packet Access

NGN – Next Generation Network

WCDMA – Wideband Code Division Multiple Access



ҚҚЖП - қоғамдық қолжетімділік пункттері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет