№
р/с
|
Құрылымдық элементтің атауы
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылып отырған редакция
|
Негіздеме
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
-
| -
Бағдарламаның Паспорты
Бағдарламалық мақсаттар
|
12 жылдық оқыту моделіне көшу;
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Міндеттері
|
12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру;
|
орта білім мазмұнын жаңарту;
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Нысаналы индикаторлар
|
орта білім беру ұйымдарының 90 %-ында электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады;
|
орта білім беру ұйымдарының 90 %-да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылады (бұдан әрі- АКТ);
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған;
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
3. Ағымдағы жай-күйді талдау
|
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім беру стандарты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылды. Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Мамандықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді.
|
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім беру стандарты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылды. Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Мамандықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді.
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
|
Қазіргі таңда Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшу кезінде мектепке дейінгі білім берудің негізгі рөлі мектеп жасына дейінгі баланың балабақшадан бастауыш мектепке қиналмай ауысуына жағдай жасау, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуының сабақтастығы мен үздіксіздігі болып табылады.
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Әлемдік үрдістерді және білім беру жүйесінің 12 жылдық оқытуға көшуін ескере отырып, балаларды мектепте оқытуға 3 жастан 6 жасқа дейін дайындауды қамтамасыз ету қажет.
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Орта білім
|
Осылардың барлығы 12 жылдық білім беру моделін енгізу мерзімін кейінге қалдыруға себеп болды.
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Қауіп-қатер:
|
электрондық оқыту жүйесін қолданудағы пайдаланушылардың төмен уәждемесі;
|
АКТ-ны қолданудағы пайдаланушылардың төмен ынтасы;
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламалық мақсаттар:
|
жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту, 12 жылдық оқыту моделіне көшу;
|
жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту;
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Нысаналы индикаторлар:
|
2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізіледі
|
0%
|
60%
|
60%
|
|
2018 жылдан бастап ШЖМ-нен басқа барлық білім беру ұйымдарының 10-11 сыныптарында жан басына қаржыландыру тетіктері енгізіледі
|
0%
|
0%
|
100%
|
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады
|
0
|
50%
|
90%
|
|
орта білім беру ұйымдарында АКТ қолданылады
|
0
|
14,2%
|
90%
|
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған
|
0
|
1, 5, 11 классы
|
1-10, 12 классы
|
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
|
12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен жүзеге асыру;
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады:
|
магистр дәрежесі бар бейіндік мектеп педагогтерінің үлесі
|
0%
|
кемінде 10%
|
кемінде 20%
|
БҒМ
|
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
бейіндік мектептердің жалпы санынан жаратылыстану-математика бағытындағы бейіндік мектептердің үлесі
|
0%
|
не менее 15%
|
не менее 35%
|
МИО, МОН
|
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар
|
«e-learning» электрондық оқыту;
|
Орта білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту;
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Білім беру жүйесін қаржыландыру
Нысаналы индикатор:
|
2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарына жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізіледі.
|
2018 жылдан бастап ШЖМ-нен басқа барлық білім беру ұйымдарының 10-11 сыныптарында жан басына қаржыландыру тетігі енгізіледі.
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Жанбасылық қаржыландыру
|
Жан басына қаржыландыру бірінші кезеңде бейіндік мектептер үшін жүзеге асырылады. 2013 жылы жалпы орта білімнің жан басына қаржыландыру жүйесі 4 бейіндік мектептің базасында сынақтан өткізіледі. Бұл үшін жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірленеді.
|
Жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша нормативтік құжаттар әзірленеді.
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Жан басына қаржыландыру, қаржылық дербестік, қамқоршылық кеңестер және т.б. тетіктерді пысықтау үшін жекеменшік немесе жоғары оқу орындары жанындағы мектептердің қатарынан пилоттық мектептер анықталады.
|
Жекеменшік және мемлекеттік мектептер қатарынан пилоттық мектептер анықталады.
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Негізгі және бастауыш мектепте жан басына қаржыландыру бейіндік мектепте алынған тәжірибенің негізінде енгізілетін болады.
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
2015 жылға қарай жан басына шаққандағы қаржыландыру ШЖМ-нан басқа, мектепке дейінгі білімнен ТжКБ-ге дейінгі барлық білім беру ұйымдарында іске асырылады.
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Педагог мәртебесі
Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету
|
педагогтерді даярлау бағдарламасы, оның ішінде ШЖМ-ға арналған, педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарында бейіндік мектептер үшін мұғалімдерді мақсатты даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс негізінде білім беру магистрлерінің бағдарламасы жетілдіріледі;
|
педагогтерді даярлау бағдарламасы, оның ішінде ШЖМ-ға арналған бағдарламалар жетілдіріледі;
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
«E-learning» электрондық оқыту
|
«E-learning» электрондық оқыту
|
Орта білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Мақсаты:
|
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.
|
Оқушыларда ақпараттық-коммуникацялық білім беру ортасын қалыптастыру арқылы ақпараттық және медиа сауаттылық, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу дағдылары, шығармашылық міндеттерді шешу қабілеті, топта жұмыс істей білу қабілеті, дербестік, азаматтық жауапкершілікті қамтитын XXI ғасырға қажет дағдыларды дамыту.
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Міндеті:
|
Міндеті:
Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау.
|
Міндеттері:
-
Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді АКТ бөлігінде жетілдіру;
-
Орта мектептегі оқыту-тәрбиелеу процесін сүйемелдеу үшін мемлекеттік тілдегі басымдылықпен үш тілде сандық білім беру ресурстарын (бұдан әрі - СБР) әзірлеу;
-
Білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы желілік әрекеттестік пен әріптестікті ұйымдастыру;
-
Ақпараттық білім беру ортасының құрылымын дамыту арқылы білім беруді басқару тиімділігін арттыру.
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Нысаналы индикатор:
|
Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 %).
|
Орта білім беру ұйымдарында АКТ қолданылады (2015 ж. – 14,2%, 2020 ж. - 90%).
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Электрондық оқытуды енгізу
|
Электрондық оқытуды енгізу
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.
Электрондық оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.
2012 жылға қарай жоғары, техникалық және кәсіптік білімнің МЖБС-на, электрондық оқыту жүйесін міндетті пайдалану бөлігінде орта білім берудің МЖБС-на электрондық оқыту жүйесінде жұмыс жасау үшін педагог кадрларды даярлау бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады.
Электрондық оқыту жүйесінде қолданылатын электрондық оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді (бұдан әрі – ОӘК) жасауға арналған талаптар, жүйені қолданушылардың жеке және ұжымдық жұмыстарының регламенті, техникалық регламент (электрондық оқыту жүйесін сүйемелдеу және қолдану) әзірленеді және бекітіледі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) – педагогтердің құзыреттіліктерін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру қажет.
2011 жылдан бастап педагогтердің электрондық оқыту жүйесін пайдалану мен қолдану бойынша біліктілігін арттыру басталады деп көзделіп отыр.
Электрондық оқыту жүйесін ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді қалалар мен облыстардың білім беру басқармалары жанындағы Білім берудегі жаңа технологиялардың өңірлік орталықтары жүзеге асыратын болады.
Электрондық білім беруге арналған электрондық ресурстармен және контентпен қамтамасыз ету – мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде жүзеге асырылады.
Технологиялық инфрақұрылымды дамыту білім беру ұйымдарын өткізу мүмкіндігі 4–10 Мбит/сек. Интернет жүйесіне қосуды көздейді.
Интернет желілеріне білім беру ұйымдарының 90 %-ынан астамы қосылатын болады. Бірінші кезекте – ресурстық орталықтардың пилоттық бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер.
Кең жолақты Интернетке (бұдан әрі – КЖИ-ға) қосылу, электрондық білім беру жүйесі үшін жабдықтармен қамтамасыз ету және жеткізушілердің қызмет көрсетулерін таңдау мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін болады.
Білім беру ұйымдарының 90 %-ының қажетті оқу ресурстары бар Интернет-ресурстары болады.
Негізгі және бейіндік орта мектепте оқытылатын әрбір пән бойынша интерактивті және зияткерлік цифрлы білім беру ресурстары әзірленетін болады.
Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлы білім беру контентімен (қандай да бір ақпараттық ресурспен – мәтін, кескіндеу, музыка, бейне, дыбыс және т.б., толықтыру (мысалы: интернет ресурстар контенті) ашық қолжетімділікте толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Оқытушылар жасаған электрондық білім беру ресурстары (медиатекаларды бір орталықтан құру және ресурстармен толтыру) дамытылады.
Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықтармен жарақтандырылатын болады: компьютердің жаңа түрлерімен, КЖИ-мен қамтамасыз ету және т.б. 2011 жылы әкімші, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады.
Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
2015 жылға қарай жетекші шетелдік ЖОО-лардың үлгісі қалпы бойынша университеттік порталдар құрылады, 2020 жылға қарай ЖОО-ларда кең жолақты Интернетке қол жеткізу 100 % қамтамасыз етіледі. ЖОО-лардың техникалық дайындығына қарай оларды Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапханаға қосу жүзеге асырылатын болады.
|
Орта білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру
АКТ енгізу нәтижесінде АКТ-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық база сәйкес келтіріледі. Сондай-ақ АКТ-ны білім берудің жаңа мазмұнына кіріктіру жүзеге асырылады және мемлекеттік тілге басымдық бере отырып, орта мектептің оқу-тәрбие процесін іске асыру үшін қажетті сапалы ресурстардың кең спектрін қамтитын Ұлттық СБР каталогы құрылады.
Білім беру процесінің барлық қатысушыларына ашық білім беру ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі және қатысушылардың желілік өзара іс-қимыл жасауы үшін жағдай жасалып, елде орта білім беру жүйесін басқару процестері автоматтандырылады және базалық жарақтандыру стандартына сәйкес орта мектептердің техникалық инфрақұрылымы жасалады.
Білім беру процесінің әрбір қатысушысы сапалы білім беру ресурстары мен инструментарийіне қол жеткізеді, тиісті құзыреттерге ие болады.
Білім алудың қолжетімдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету нәтижесінде әрбір оқушы Интернетке шығуға болатын кез келген жерден СБР-дың кең спектріне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады, бұл зерделенетін ақпараттың кеңеюіне және оқыту қарқындылығын арттыруға жәрдемдеседі. Оқушының тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына, элитарлығы мен материалдық қамтамасыз етілуіне қарамастан, білім алудың тең мүмкіндіктері жасалады. Әрбір оқушы оқу қарқынын өзі белгілеп, оқыту процесін дербестендіруді қамтамасыз ету есебінен сабақтың уақыты мен мұғалімнен тәуелсіз бола алады.
АКТ-ны енгізу шеңберінде оқу процесі оқушы үшін ізденіс қызметінің «бойлау» ортасына айналады, мұнда мұғалім фасилитатор рөлін атқарады, педагогикалық өзара іс-қимыл жасау «субъект – субъект» схемасы бойынша іске асады. Мұғалім ақпарат таратушы, консультант және үйлестіруші функцияларынан арылады, бұл оқушылармен жеке қосымша жұмыс істеуге уақыт бөледі.
Мұғалім үшін бөліп таратылған оқыту жүйелері мен бірыңғай стандарттарды қолдану есебінен оқыту саласындағы озық тәжірибені пайдалану мен тираждау мүмкіндігі пайда болады.
Сапалы білім беруге қолжетімділікті кеңейту есебінен білім берудің көрсетілетін қызметтеріне қанағаттанушылық дәрежесі, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарының да хабардар болуы мен білім беру процесіне қатысуы артады.
Білім беру қызметтері адамдардың неғұрлым кең ауқымына ұсынылады. Білім беру жүйесін басқару процестерін автоматтандыруға және оқу орталығынан шалғай болуына қарамастан, кадрлардың біліктілігін өндірістік қызметтен қол үзбей орталықтандырылған түрде арттыру қамтамасыз етіледі.
Сапалы білімге мүдделі барлық тараптардың күш-жігерін жұмылдыру үшін мүмкіндіктер жасалады, әртүрлі қоғамдастықтардың әлеуметтік жауапкершілігі артады, білім беру жүйесінің ашықтығы және оқушылар мен педагогтердің қызметі нәтижелерінің транспаренттілігі қамтамасыз етіледі.
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Орта білім
Мақсаты:
|
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу.
|
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Міндеттері:
|
1. 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы жүзеге асыру.
|
1. Орта білім мазмұнын жаңғырту.
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Нысаналы индикатор :
|
2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырылады (2015 жылы – 1, 5, 11-сыныптар).
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу
|
Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу
Құзыреттілік тәсіліне және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарлануда.
Білім беру стандарттарының ауысуы білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеумен байланысты. Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі – әрбір мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру. Білім беру ұйымдары мен отбасыларда адамгершілік-рухани мәдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады. Барлық балалар, оқушылар, студенттер мен педагог қызметкерлер Өзін-өзі танудың негізін, жалпыадамзаттық құндылықтардың дамуын меңгеретін болады.
Типтік оқу жоспарлары және бағдарламалары:
функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға;
білім алудағы тұлғаның өзін-өзі дамытуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға;
ақпараттар мен технологияларды басқара білуге және проблемаларды шешуге;
іскерлік пен креативтілікті қалыптастыруға бағытталған.
2011 жылы бастауыш білімнің жоспарлары және бағдарламалары жаңартылады, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін негізгі орта және жалпы орта білім берудің құзыреттілік тәсілі негізінде оқу бағдарламалары әзірленеді.
2015 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибе элементтері (мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқыту әдістемелері және технологиялары) білім беру жүйесіне енгізілетін болады.
2012 жылы жалпы орта білімнің МЖБС жоғары білімнің (бакалавриат) МЖБС-мен біріктіріледі – жоғары білімнің жалпы білім беретін пәндер циклінің жеке пәндері (әлеуметтану, өзін-өзі тану, ӨҚН, Қазақстан тарихы, мәдениеттану және т.б.) оқу жүктемесін көбейтпей, «Бейіндік мектептің» бейіндік оқыту бағдарламасына көшіріледі.
2014 жылға қарай қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика және технологиялық бағыттар бойынша "Бейіндік мектеп" бейіндік оқыту бағдарламасы әзірленеді және сынақтан өткізіледі.
Оқытудың 12 жылдық үлгісі бойынша эксперименттік алаң үшін оқулықтар мен ОӘК, түзеу білім беру ұйымдары үшін электрондық оқулықтар, аударма және оқулықтар мен ОӘК-ні бейімдеу жүзеге асырылады. Оқулықтарды әзірлеу және оқулықтарды сараптамадан өткізу функциялары бөлінеді.
2013 жылы оқытудың 12 жылдық моделінің бағдарламасы бойынша оқулықтар мен ОӘК әзірленіп, ал 2014 жылы олар сараптамадан өтеді.
2014 жылы 1, 5, 11-сыныптардың, 2015 жылы 2, 6, 12-сыныптардың, 2016 жылы 3, 4, 7-сыныптардың, 2017 жылы 8, 9, 10-сыныптардың оқушылары үшін оқытудың 12 жылдық моделінің бағдарламасы бойынша балама оқулықтар мен ОӘК-лер дайындалады.
Қазақстандық оқулықтармен қатар ҚР БҒМ рұқсат берген тізбеге енгізілген математика, жаратылыстану мен техникалық ғылымдар бойынша анағұрлым сапалы шетелдік оқулықтар қолданылатын болады.
2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушысы жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім ресурстарымен қамтамасыз етіледі.
2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделіне дәйекті көшу мынадай сызба бойынша басталады:
Жылдар
|
Оқытудың 12 жылдық бағдарламасы бойынша
|
Оқытудың 11 жылдық бағдарламасы бойынша
|
2015 – 2016
|
1, 5, 11
|
2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 11
|
2016 – 2017
|
1, 2, 5, 6, 11, 12
|
3, 4, 7, 8, 9
|
2017 – 2018
|
1, 2, 3, 5, 6, 7, 11, 12
|
4, 8, 9
|
2018 – 2019
|
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12
|
9
|
2019 – 2020
|
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12
|
|
11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11-сыныбына көшу 2015 – 2016 оқу жылынан 2019 – 2020 оқу жылына дейін жүзеге асырылады. Оқытудың 12 жылдық моделінің 11 және 12-сыныптарында оқыту ақысыз болады.
Алдын ала деректер бойынша 2015 жылғы 1 қыркүйекте оқушылардың жалпы саны шамамен 2,7 млн. баланы құрайды.
Олардың ішінде 12 жылдық бағдарлама бойынша: 1-сыныпқа – 600 мың баладан аса (шамамен 6 жастағы балалар – 450 мың және 7 жастағы балалар 150 мың). Сынып-жинақтардың болжамды саны – шамамен 30 мың;
5-сыныпқа – 260 мыңнан астам, сынып-жинақтардың болжамды саны – шамамен 13 мың;
11-сыныпқа – шамамен 175 мың бала, сынып-жинақтардың болжамды саны – 8 мыңнан астам.
2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарында «Бейіндік мектеп» бейінді оқу бағдарламасы іске асырылады. Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.
Бейіндік мектепте оқуды 10-сынып бітірушілерінің 60 %-ы жалғастырады деп болжамданып отыр. Осы ретте бейіндік мектеп ашу, оның ішінде жатақханамен, оның жартысынан көбін ауылдық жерлерде ашу қарастырылып отыр. Сонымен, бір уақытта жоғары оқу орындарының базасында бейінді оқыту бағдарламасын іске асыратын мектептер құрылады. Бейіндік мектепте (11 – 12-сыныптар) оқу мен орналастыру мүмкіндігі қарастырылатын 40 жоғары оқу орны анықталған.
Жинақталған тәжірибе мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, 2015 жылдан бастап Қазақстанның білім жүйесінің құрылымы ХББСК-ға сәйкестендіріледі. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтар жіктеуіші қайта қарастырылатын болады. Орта кәсіптік білімнің бөлек білім бағдарламалары үшінші білім жүйесіне (қолданбалы бакалавриат) ауыстырылады, колледждердің мәртебесі артады. Қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларына түсу үшін толық орта білімді аяқтау қажет.
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы
|
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы
Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесі әлемдік тәжірибені ескере отырып дамиды.
Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі және бейіндік мектептерді бітіргеннен кейін:
бастауыш мектепте – ішінара, оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу мақсатында;
негізгі мектепте (10 сыныптан кейін) – оқытудың одан әрі жолын анықтау мақсатында;
бейіндік мектепте – алған білім-білігінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.
2015 жылға қарай жазба тапсырмаларын қоса алғанда, білім алушылар құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу тапсырмаларының базасы құрылатын болады.
Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.
Жоғары білім алуға үміткерлер тәуелсіз ұлттық тестілеу нысанында қосымша бейінді емтихандар тапсыратын болады.
Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді. Оның ішінде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мектептер желісінің саны 6-дан 20-ға дейін көбейтіледі. Бұл мектептер білім берудің көптілді моделін, білім берудегі инновацияларды сынақтан өткізу үшін базалық алаңдар болады.
Қазақстан оқушыларының білім беру сапасының халықаралық зерттеулеріне қатысуы қамтамасыз етіледі: PISA (15–16 жастағы оқушылардың математика сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану бойынша білімінің сапасын бағалау), PIRLS (оқу деңгейі мен сапасын салыстыру, әлем елдеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді түсінуі), TIMSS ADVANSED (11-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану (физика) пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптарда сол пәндер бойынша сауаттылығын бағалау), ICILS (8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау).
Оқытудың 12 жылдық моделінің талаптарына сәйкес материалдық-техникалық база жаңартылады.
Мектептердің спорт залдарын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру мәселесі шешіледі.
Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен мектептерге сервистік қызмет көрсете отырып, оларды физика, химия, жаңа түрлендірілген биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жарақтандыру жалғастырылатын болады, олардың үлесі 35,6 %-дан 80 %-ға дейін ұлғаяды.
2011 жылдан бастап бейіндік мектептерге, оларды жарақтандыруға қойылатын талаптар әзірленеді.
Бұдан басқа, мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мақсатында мектептер салынатын болады.
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
|
Болған емес
|
Орта білім беру мазмұнын жаңарту
Орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында 11-жылдық білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеу және жүйелі түрде енгізу жоспарлануда.
Жаңа МЖБС-тың базалық қағидаты – құндылықтарды орта білім мазмұнын жаңарту мен мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың негіздері ретінде айқындау.
Орта білім берудің құндылықтары тәртіп пен жасампаздық қызметті ынталандыратын оқушы тұлғасының өмірлік бағдарлары, өзін іске асырып, өз өмірі мен қоршаған ортаның сапасын жақсарта білетін адам тұлғасын қалыптастырудағы жетекші фактор болуға тиіс.
Құндылықтық білім беру жағдайында мектеп Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық идеяларды іске асыруға үлес қосып, патриоттық сезімдер ұялатуға және оларды өз елінің ашық, тілектес азаматтары етіп тәрбиелеуге жәрдемдесуі тиіс.
Орта білім беру жүйесінің бітірушілері функционалдық жағынан сауатты ғана емес, сол сияқты:
жауапкершілігін, белсенді азаматтық ұстанымын танытуға және өз елінің дамуына үлес қосуға;
мәдениеттер мен пікірлердің алуан түрлілігін сыйлауға;
шығармашыл және сыни тұрғыдан ойлауға;
коммуникативті және дос пейілді болуға;
әлеуметтік жағынан жауапты және қамқор болуға;
ақпараттық-коммуникативтік құралдар мен технологияларды тиімді пайдалануға;
өмір бойы білім алуға дайын болуға қабілетті болуы тиіс.
2016 жылдан бастап ғылыми зерттеулерді, үздік педагогикалық практикаларды ескере отырып, Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату негізінде МЖБС мен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары дәйекті енгізілетін болады.
Барлық білім беру деңгейлерінің сабақтастығы олардың мазмұны мен оның модульдік құрылымын кіріктіру, оқыту нәтижелерін кең спектрдегі дағдыларға қол жеткізу мен оларды критерийлік бағалау жүйесі арқылы өлшеуге бағдарлау негізінде қамтамасыз етіледі.
Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді. Оның ішінде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» желісінің саны 6-дан 20-ға дейін көбейтіледі. Бұл мектептер білім берудің көптілді моделін, білім берудегі инновацияларды сынақтан өткізу үшін базалық алаңдарға айналады.
Қазақстан оқушыларының білім беру сапасының халықаралық зерттеулеріне қатысуы қамтамасыз етіледі: PISA (15–16 жастағы оқушылардың математика сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану бойынша білімінің сапасын бағалау), PIRLS (әлем елдеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының оқу деңгейі мен сапасын, мәтінді түсінуін салыстыру), TIMSS ADVANSED (11-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану (физика) пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптарда сол пәндер бойынша сауаттылығын бағалау), ICILS (8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау).
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
ШЖМ проблемаларын шешу
|
оқушылар саны 10 және одан көп барлық ШЖМ жаңа түрдегі компьютерлермен және кең жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқыту «e-learning» электрондық оқыту шеңберінде ұйымдастырылады;
|
оқушылар саны 10 және одан көп барлық ШЖМ жаңа түрдегі компьютерлермен және кең жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқыту АКТ-ны падалану шеңберінде ұйымдастырылады;
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Медициналық қызмет көрсету
|
барлық мектептерге 12 жылдық білім беру моделі енгізіледі
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкес келтіру арқылы жоғары білімнің еуропалық аймаққа кірігуін қамтамасыз ету
|
12 жылдық білім беруді іске асыру шеңберінде бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының құрылымындағы жалпы білім беретін пәндер циклінің үлесі 25 %-дан 15 %-ға дейін азаяды
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлер қамтамасыз етіледі:
2015 жылға қарай:
|
2. Электрондық оқыту жүйесін құру.
3. Оқытудың 12 жылдық моделіне көшудің басталуы.
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
2020 жылға қарай:
|
5. Нормативтік - жан басына шағу принципі негізінде жаңа қаржы-экономикалық тетікті енгізу, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландыру.
|
5. Нормативтік жан басына қаржыландыру қағидаты негізінде жалпы білім беретін мектептерде жаңа қаржылық-экономикалық тетікті ендіру
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|
-
|
7. Мектеп оқушыларын оқытудың жеке траекторияларын пайдалану арқылы бейіндік мектеп моделін құру.
|
Алынып тасталсын
|
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 6-1 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 20-53/1//6 тапсырмаларына сәйкес
|