Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы


жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру



бет6/10
Дата05.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#180679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

               жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру
               не одан айыру үшiн негiздер

      1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру не одан айыру мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:

      а) банк қызметi үрдiсiнде осы Заңның 20-бабының, 26-бабы 2 және 6-тармақтарының талаптарын сақтамау;

      б) банк операцияларын қолданылып жүрген заңдардың нормаларын үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;

      в) төлем мен аударым операциялары бойынша шарттық мiндеттемелердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан көп рет) тиiстi дәрежеде орындамау;

      г) пруденциалдық қалыптарды және/немесе сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұзу;

      д) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөнiндегi мiндеттi сақтамау;

      е) осы Заңның 40-бабында белгiленген банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзу;

      ж) уәкiлеттi органға және (немесе) Ұлттық Банкке есептер мен мәлiметтер бермеу немесе көрiнеу анық емес етiп беру;

      з) уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң қалыптық құқықтық құжаттарын үнемі (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп рет)бұзу, яки жазбаша ұйғарымдарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамағаны;

      з-1) тәуекелді басқару және ішкі бақылау жүйесінің бар болуы бөлігінде уәкілетті органның талаптарын сақтамауы;

      и) осы Заңның 8-бабындағы шарттарға сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асыру;

      к) осы Заңмен, банк жарғысымен және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиямен(лармен) белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнен шығып кететiн банк операцияларын жүзеге асыру;

      к-1) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өзiне берiлген лицензияға сәйкес қызметтi лицензия берiлген күннен бастап қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде жүзеге асырмауы;

      л) банк қызметiн тоқтату туралы соттың шешiм қабылдауы;

      л-1) банктiң қайта құрылу немесе таратылу жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату туралы шешiм қабылдауы;

      м) банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ уәкiлеттi орган талап еткен өзге де ақпаратты бермеу не анық емес ақпарат беру, бұл уәкiлеттi органның банктердің қызметіне, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау жасауына кедергі келтіруге себеп болса;

      м-1) банк холдингінің банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін, банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалардың банктің меншікті капиталын ұлғайту бойынша уәкілетті орган белгілеген талаптарды, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды сақтамауы;

      н) банктің тексеру жүргізуге бірнеше рет (тексеру жүргізу барысында екі және одан көп рет) кедергі жасауы, соның салдарынан оны белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауы;

      о) аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит жөніндегі есебінде көрсетілген бұзушылықтарды банктің осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімде әдейі жоймауы.

      1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банк (ислам банкін қоспағанда) депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады.

      2. Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұрады не одан айырады.


      Ұлттық Банктің немесе уәкілетті органның барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімдеріне шағым жасауы аталған шешімдерді орындауды тоқтата тұрмайды.

      3. (алып тасталды)


      Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1997.08.12. N 200 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2005.07.08. N 69 Заңымен, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!


      48-1-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      48-1-бап. Банктiң құжаттары мен мүлкiн беру

      1. Барлық банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясынан айырылған банктiң банктiк немесе өзге де қызметтi жүзеге асыруына құқығы жоқ, банктi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке келiп түсетiн ақшаны қабылдауға байланысты жағдайларды қоспағанда, өзiнде бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндеттi.

      2. Банктiң жұмыс тәртiбi, оған уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) тағайындалуы, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) өкiлеттiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде өз қызметiн жүзеге асырады.
      Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) есебi уәкiлеттi органға және банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.

      5. (алып тасталды)

      6. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктi тарату комиссиясының төрағасына 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей өткiзiп бередi.

      7. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу төрт дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.

      8. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз қызметi кезеңi iшiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан келiсiм шарттарды өзгертуге құқығы жоқ.

      9. Банктің уақытша әкімдігінің (уақытша әкімшісінің) және тарату комиссиясының құрамына қосылған уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі жөніндегі ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының мәжбүрлеп тарату және банктің мүлкі болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайларда банкті тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды мұрағатқа өткізу бойынша банк қызметінің тоқтатылғанын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, банктерді мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және мәжбүрлеп тарату негізі бойынша банктердің қызметін тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.
      Ескерту. Жаңа 48-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, өзгерiс енгізілді - 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2004.07.07. N 577 Заңымен, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!


      49-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың


              негiздерi мен тәртiбi

      1. Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган:

      а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;

      б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;

      в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген жолсыздықтар анықталған жағдайда қайтарып алуға құқылы.

      2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi:

      а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау;

      а-1) осы Заңның 25-бабында көзделген мерзiмдердi бұзуы;

      б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы;

      в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде жарғылық капиталын төлемеуi;

      г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн банк заңдарында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.

      3. Алып тасталды.

      4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы уәкiлеттi органның шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады.
      Ескерту. Жаңа 49-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, өзгерту енгізілді - 2003.05.16. N 416 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертуі!


      50-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       50-бап. Банк құпиясы

      1. Банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк шоттарының бар-жоғы, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол шоттар мен банкiнiң өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң бар-жоғы, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер кiредi.
      Таратылу процесіндегі банктің кредиттері мен депозиттері туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.

      2. Банкiлер өз депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен депозиттерi жөнiндегi құпияға, сондай-ақ банкiлердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына кепiлдiк бередi.

      3. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру барысында банк құпиясы болып табылатын мәлiметтер алуға мүмкiндiк алған банкiнiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге адамдар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауапты болады, бұған осы баптың 4-8-тармақтарында көзделген жағдайлар кiрмейдi.

      4. Банк құпиясы шоттың (мүліктің) иесіне ғана, шот (мүлік) иесінің жеке өзі банкте болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес берілген қарыздар бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шекте ашылуы мүмкін.


      Мыналар:
      1) банктердің кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға банк шоттарының ашылғаны жөнінде салық органдарын міндетті түрде хабардар етуі;
      2) олар бойынша талап ету құқықтары бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында берілетін бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылар өкіліне берілген кредиттер бойынша мәліметтерді табыс ету;
      3) жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдықтары және барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген, банк уақытша әкімшілік солар бойынша есептеп шығарған сыйақы туралы, салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және агент банктерге, шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға мәліметтер табыс ету;
      4) басқа банктің мүлкін және міндеттемелерін қабылдаушы банктерге осы Заңның 73-1-бабында көзделген операцияны жүргізуге қажетті мәліметтерді табыс ету;
      5) талап ету құқықтарын мемлекет екінші деңгейдегі банктердің сыныпталған активтерін салып алу үшін құрған заңды тұлға сатып алатын немесе басқаруға қабылдап алатын екінші деңгейдегі банктердің көрсетілген заңды тұлғаға мәліметтер табыс етуі банк құпиясын ашу болып табылмайды.

      5. Банк шоттардың бар-жоғы және нөмiрлерi туралы анықтамалар банк Басқармасының төрағасы немесе оның орнындағы адам қол қойған жазбаша сауал негiзiнде, шоттың иесi банкiнiң қарыз алушысы, кепiлдiк берушiсi, кепiлдеме берушiсi немесе кепiл берушiсi болса, кредит алғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда банкiге берiледi.

      6. Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, адвокаттың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:

      а) анықтау және алдын ала тергеу органдарына прокурордың санкциясымен: олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;

      б) соттарға:
      сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп жатқан iстер бойынша;

      в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;

      г) прокурордың санкциясымен клиенттердiң экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша кеден органдарына;

      д) салық қызметі органдарына мыналарға:


      тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      тексерілетін дара кәсіпкерге қатысты салық салуға байланысты мәселелері бойынша — кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
      тексерілетін жеке нотариусқа қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша — нотариаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
      тексерілетін адвокатқа қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша — адвокаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі қолданылатын дара кәсіпкерге қатысты;
      тұрғылықты жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген, Қазақстан Республикасы салық заңнамасында көзделген осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа қатысты;
      әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа қатысты;

      д-1) атқарушылық iс жүргiзу органдарына: олардың жүргiзiп жатқан атқару істері бойынша сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген қаулысы негiзiнде.

      6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар салық қызметі органдарына мыналарға:
      заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мөслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      мемлекеттік қызметке не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты қызметке кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.
      Осы тармақта көзделген мәліметтер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық қызметі органының сауал салуы негізінде беріледі.

      7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi:

      а) жеке тұлғаның өкiлдерiне:
      нотариалды түрде куәландырылған сенiмхат негiзiнде;

      б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына:


      шоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойып, мөрiмен куәландырылған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негiзiнде, олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;

      в) соттарға:


      шоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкiмi негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;

      г) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;

      д) (алып тасталды)

      е) (алып тасталды)

      7-1. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотынан алынған көшiрме нысанында беріледi. Клиенттiң банк шоттары бойынша ақшаның жылжуы туралы оның жеке шотынан үзiндi көшiрме болуға тиiстi мәлiметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.

      8. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi, олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар-жоғы, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, олардың иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға берiледi:

      а) мұра өкiмiнде шот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;

      б) соттар мен нотариустарға: соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың өз мөрiн қойып куәландырған жазбаша сауалы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустың жазбаша сауалына шот иесiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;

      в) шетелдiк консулдық мекемелерге:
      олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша.

      9. (алып тасталды)

       10. Банк құпиясы бар ақпараттар ақпараттарды алмасу көзделетін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде беріледі.
      Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27 N 2830 Заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1996.09.27 N 37, 1997.07.11 N 154, 1998.06.29 N 236, 2000.03.29 N 42, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.07.06 N 572, 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.07.08 N 69, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.22 N 147, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23  N 72-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      51-бап. Банкiде жатқан ақша мен мүлiкке арест салу және


               олардан өндiрiп алу

      1. Заңды және жеке тұлғаның банктегi ақшасына және басқа мүлкiне прокурор санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық iс жүргiзу органдарының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салынуы мүмкiн. Талап-арыз талаптарын қамтамасыз ету үшiн тыйым салған кезде тыйым салынған ақша сомасы талап-арыз сомасынан, мемлекеттiк баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар көлемiнен аспауға тиiс. Атқарушылық іс жүргізу органдары атқару құжатының орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салуды қолданған жағдайда, тыйым салу қолданылатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеу үшін қажетті сомадан, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар мен атқару құжатын орындау жөніндегі шығыстар сомасынан аспауға тиіс.


      3аңды тұлғалардың, оның құрылымдық бөлімшелерінің, дара кәсіпкердің, жеке нотариустың және адвокаттың банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, салық және (немесе) кеден органдарының бiрiншi басшысы қол қойып, мөрiмен куәландырылған салық және (немесе) кеден органдарының өкімдері бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн болады.

      2. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның банкiде жатқан жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен басқа ақшасы мен өзге де мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкiмi) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.


      Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154, 2000.03.29 N 42, 2002.08.09 N 346, 2006.06.22 N  147, 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!


      52-бап алып тасталынады - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      52-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру

      1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі құрылады.
      Депозиттерге міндетті кепілдік беруді арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады.
      Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері, оның қатысушыларының құқықтары, міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

      2. Ислам банктерін қоспағанда, депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиялары бар екінші деңгейдегі барлық банктер үшін депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады.


      Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет