Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Жалпы бөлiм 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының сайлауы



бет6/7
Дата09.07.2016
өлшемі0.93 Mb.
#188154
1   2   3   4   5   6   7

13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының сайлауы
101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау

1. Мыналар:

1) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуы, заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, кезектi сайлауды;

2) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;

3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутат сайлауын тағайындау үшiн негiз болып табылады.

2. Мәслихат депутаттарының кезектi сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде үш ай бұрын тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр ай қалғанда өткiзiлуге тиiс.

3. Өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихат өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Президент Жарлығының, мәслихаттың өзін-өзі тарату туралы шешімінің негiзiнде тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.

4. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) сайлау комиссиясы тағайындайды.

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау наурыздың соңғы жексенбісінде және (немесе) қазанның соңғы жексенбісінде бір мезгілде өткізіледі.

Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары басқа күнге тағайындауы мүмкін.

5. Барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы бiр мезгiлде өткiзiледi және мерзiмі жөнiнен Президент сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына тұспа-тұс келмеуге тиiс.

6. Сайлау күнi туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , 2004.04.14. N 545 Заңымен , 2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен, 2009.02.09. N 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық Заңымен.
102-бап. Мәслихаттар депутаттарына қойылатын талаптар
Мәслихат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.

Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , 2004.04.14. N 545 Заңымен .


103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну

1. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгiленген тәртiп бойынша тiркелген республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi және

өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады.

2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктердiң, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбiр кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргiзедi. Қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бірлестiктің мүшесі болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидат етіп ұсынуға құқығы жоқ. Қоғамдық бiрлестік не оның құрылымдық бөлiмшесi әрбiр сайлау округiнде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады. Mәcлихат депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктiң, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi.

3. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiк жоғарғы органының шешiмi:

1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;

2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.

4. Азаматтардың мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.

5. Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнде кандидат болып ұсыныла алмайды.

6. Сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, депутаттыққа кандидаттар ұсыну, сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне бiр ай қалғанда аяқталады.

7. Егер кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiсті округтiк сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттар ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.

8. Округтiк сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заңда өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.

Ескерту. 103-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , 2004.04.14. N 545 Заңымен .
104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркеу

1. Депутаттыққа кандидаттарды тiркеудi округтiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституция мен осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша мәслихат депутаты болып сайланған немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес процентін алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелердің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.

Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәліметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшінде беруге мiндеттi.

2. Қоғамдық бiрлестiктен ұсынылған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:

1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының, осы қоғамдық бiрлестiктiң әдiлет органдарында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi тiркеле отырып, тиiстi сайлау округi бойынша кандидат ұсыну жөнiндегi отырысы хаттамасының үзiндiсi;

2) азаматтың өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiктен осы сайлау округi бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;

3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

4) (алып тасталды)

5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;

6) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат болған жағдайда жүргізіледі.

3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:

1) осы сайлау округi бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;

2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер бар болған ретте жүзеге асырылады;

3) (алып тасталды)

4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат болған ретте жүзеге асырылады.

4. Тiркеуге мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.

5. Мәслихат депутаттығына кандидаттар тiркеу туралы округтiк сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзiм iшiнде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына табыс етiледi.

6. Округтiк сайлау комиссиясы:

1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей жергiлiктi баспасөз құралдарында әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып тiркеу туралы хабар жариялайды;

2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;

3) мынадай жағдайда:

кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;

кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;

кандидат сайлау алдындағы үгітті өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;

кандидаттың және (немесе) оның сенім білдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;

сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;

3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгі анықталғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.

Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.

7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiмнiң жойылуына қоғамдық бiрлестiк немесе кандидаттың өзi аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа жетi күн мерзiм iшiнде шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде шешiм шығарады.

8. Мәслихат депутаттығына кандидатты тiркеу, егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне жиырма бес күн қалғанда аяқталады.

Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222 Заңымен , 1999.05.06. N 375 Заңымен , 2004.04.14. N 545 Заңымен , 2005.04.15. N 44 Конституциялық Заңымен , 2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен, 2009.02.09. N 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық Заңымен.


105-бап. Кандидатурасын алып тастау, мәслихат

депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы

шешiмнiң күшiн жою

1. Мәслихат депутаттығына кандидат тiркелген күннен бастап және дауыс бepугe екі күн қалғанға дейiнгі кезеңде округтiк сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын қайтып ала алады.

2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктiң, қоғамдық бiрлестiктiң құрылымдық бөлiмшесiнің жоғары органы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта округтiк сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс берiп, мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешiмiнiң күшiн жоя алады.

3. Мұндай жағдайларда округтiк сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi немесе кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететiн себептерсiз жүргiзiлген болса, онда округтiк сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.

Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , 2004.04.14. N 545 Заңымен , 2005.04.15. N 44 Конституциялық Заңымен .


106-бап. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау

қорының мөлшерi


Кандидаттың сайлау қоры:

1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;

2) кандидатқа өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiк бөлген, жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгі жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс қаражаттан;

3) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының үш жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.

Ескерту. 106-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .
107-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып

қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына

кандидаттар ұсыну

1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екiден кем кандидат қалған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.

2. Мұндай жағдайда мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , 2004.04.14. N 545 Заңымен .


108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде

дауыстарды санау

1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.

2. Мәслихат депутатын сайлау нәтижелерi учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде округтiк сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Мәслихат депутаттары сайлауының нәтижелерi туралы округтiк комиссия төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылып, сайлау өткiзiлген күннен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiлетiн хаттама жасалады.

3. Дауыс беру нәтижесi мен сайлау нәтижесiн анықтаумен байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .


109-бап. <*>

Ескерту. 109-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .


110-бап. Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау

1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған сайлаушылар тiзiмдерi бойынша өткiзiледi.

2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлауда жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi ақпарат құралдарында хабарланады.

4. (алып тасталды)

Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , 2004.04.14. N 545 Заңымен .


111-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауының

қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрмей анықтайды.

2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс берген кандидат мәслихаттың сайланған депутаты болып есептеледі.

3. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау мен жариялауға байланысты басқа мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , 2004.04.14. N 545 Заңымен .


112-бап. Мәслихаттар депутаттарын тiркеу

1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайланған мәслихаттар депутаттарын тiркейдi.

2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, мәслихат депутаты сайлауын жарамсыз деп тануы және мәслихат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл орайда мәслихат депутаттығына кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн iшiнде шешiм қабылдайды.

Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .


113-бап. Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы

мен шығып қалғандардың орнына депутаттар

сайлауын өткiзу

1. Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы осы Конституциялық заңда мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

2. Мәслихат өкiлеттігінің конституциялық мерзімiнiң аяқталуына бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.

Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , 2004.04.14. N 545 Заңымен .


14-тарау. Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi

өзiн-өзi басқару органдарына сайлау
Ескерту. 14-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен.
114-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына

сайлау тағайындау


1. Мыналар:

1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң аяқталуы сайлау тағайындауға;

2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оның мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғанның орнына мүше сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.

2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын аумақтық сайлау комиссиясы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын тағайындайды және олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде бiр ай уақыт қалғанда өткiзiлуге тиiс.

Сайлауларды өткiзу тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңға сәйкес айқындайды.

3. Сайлау күнi туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Ескерту. 114-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .
115-бап. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару

органдары мүшелеріне қойылатын талаптар

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi болып сайлану үшiн азамат Қазақстан Республикасының тиiстi заңымен белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ оның Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес сайлану құқығы болуға тиiс.

Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .


116-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының

мүшелерiн сайлау кезiндегi сайлау округтерi

мен сайлау комиссиялары

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде:

1) халық топтары жинақы тұратын ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардың аумақтары сайлау округтерi болып табылады;

2) округтiк сайлау комиссиясының қызметiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы атқарады;

3) сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi учаскелiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
117-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының

мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну құқығы сайлау құқығы бар әрi ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтарда жинақы тұратын кемiнде елу азамат болған жағдайда құқылы азаматтар жиналысында, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтарда болады.

2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына кандидаттар ұсыну туралы шешiмдi жиналысқа қатысқан азаматтар санының көпшiлiк даусымен қабылданады, ол тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

3. Азаматтар жиналысының шешiмi:

1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;

2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.

4. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне тиiстi ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағы бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.

5. Осы ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағында тұрмайтын азамат жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып ұсыныла алмайды.

6. Ұсынылатын кандидаттар саны шектелмейдi.

7. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейiнгi келесi күннен басталып сайлау күнiнен он төрт күн бұрын аяқталады.

8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күні жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттар ұсыну мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол жиырма күннен аспауға тиiс.

9. Аумақтық сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.

Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , 2004.04.14. N 545 Заңымен .


118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының

мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу

1. Кандидаттарды тiркеудi аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкілеттi мемлекеттiк органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексередi.

Бұл ретте салық қызметі органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы мәлiметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде беруге міндетті.

2. Азаматтар жиналысы ұсынған кандидатты тiркеу мына құжаттар:

1) азаматтар жиналысының хаттамасы;

2) азаматтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;

3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

4) (алып тасталды)

5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.

3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мына құжаттар:

1) кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;

2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

3) (алып тасталды)

4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.

4. Тiркеуге кандидаттардың кез-келген саны ұсынылады.

5. Кандидаттарды тiркеу жөнiнде аумақтық сайлау комиссиясы хаттама жасайды.

6. Аумақтық сайлау комиссиясы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет