Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы



бет2/5
Дата07.07.2016
өлшемі236.5 Kb.
1   2   3   4   5
       26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
       27) тауарлар экспорты мен импорты;
       28) тауар биржалары салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.05.04 N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
3-тарау. ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

      12-бап. Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау


 
      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
       1) тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
       Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
       тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
       қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;
       қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларын және технологиялық регламенттердi жасау;
       қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру;
       ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
       кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу;
       пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жару жұмыстарын жүргiзу;
       кенiштер мен шахталарды жабу бойынша жою жұмыстары;
       мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
       мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
       мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
       ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;
       ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
       ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткізу және игеру;
       мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
       құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
       мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
       мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау;
       магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану;
       2) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу;
       3) заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және лицензиаттарға өткiзуi.
       Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      13-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті
               лицензиялау
 
      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
       1) атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       ядролық қондырғылар, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймалары құрылысы;
       ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтар сақтау қоймаларын пайдалану;
      ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару;
       ядролық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдаланудан шығару кезінде жұмыстарды және жобаларды басқару;
       2) ядролық материалдармен жұмыс істеу.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       ядролық материалдарды өткізу;
       ядролық материалдарды пайдалану;
       ядролық материалдарды сақтау;
       3) радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды дайындау;
       радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;
       радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау;
      радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу;
       табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу;
       4) иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау;
       иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;
       5) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;
       иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау;
       аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау;
       өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің барын анықтау, радон және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу;
       персоналды дозиметрлік жеке бақылау;
       6) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       радиоактивті қалдықтарды жинау және сұрыптау;
       үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивті ластанудан тазарту);
       радиоактивті қалдықтарды өңдеу;
       радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму;
       аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту, өңдеп қалпына келтіру;
       7) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау;
       8) ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызмет;
       9) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       физикалық қорғау жүйелерін жобалау, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету;
       ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде оларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету;
       10) ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау.
       Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      14-бап. Улы заттар айналымы саласындағы қызметті
               лицензиялау
 
      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
      1) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою;
       уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану;
       уларды сатып алу, сақтау, өткізу.
       Нормативтік құжаттарға сәйкес сынақтар, зерттеулер және дезинфекция жүргізу үшін қажетті көлемде улы заттарды пайдаланатын аккредиттелген зертханалардың қызметі улар айналымы саласындағы лицензиарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен, удың жылдық қажеттілігі туралы ақпарат және оларды пайдалану туралы жыл сайынғы есеп бере отырып, лицензиялаусыз жүзеге асырылады;
       2) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
       пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
       пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану.
       Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      15-бап. Техникалық қауіпсіздік саласындағы қызметті
               лицензиялау
 
      Ескерту. 15-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
       16-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      16-бап. Көлік саласындағы қызметті лицензиялау
 
      Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
       Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      17-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың
               айналымы саласындағы қызметті лицензиялау

      Есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.


       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою;
       құрамында есірткі және психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау;
       денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою.

      18-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету


               саласындағы қызметті лицензиялау
 
      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
       1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
       2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру).
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу;
       ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізу (оның ішінде өзге де беру);
       3) ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету.
       Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      19-бап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған
                арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті
                лицензиялау
 
      Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру;
       жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу.
       Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      20-бап. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару
               түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып
               жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызметті
               лицензиялау
 
      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
       1) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       1) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру;
       монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды жөндеу;
       монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткізу;
       2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
       жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
       жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу;
       жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін сатып алу;
       3) босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       босатылған оқ-дәріні жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
       босатылған қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
       4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
       5) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу;
       азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру;
       азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу;
       азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату;
       азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау;
       азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау;
       5-1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу;
       6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
       азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
       азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату;
       азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану;
       7) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу.
       Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      21-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті
               лицензиялау

      Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, өндіруді, пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жер үсті инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенін, стендтік базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңістігін пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.


 
      22-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы
               қызметті лицензиялау
 
      1. Байланыс саласында қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
       Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
       қалааралық телефон байланысы;
       халықаралық телефон байланысы;
       спутниктік жылжымалы байланыс;
       ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып).
       2. Мынадай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу талап етілмейді:
       1) меншікті не жалға алынған желілік немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиісті лицензиялар негізінде әрекет ететін басқа байланыс операторларының қызметтерін ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі.
      Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледі, олардың құрылымы лицензиармен келісілуге тиіс. Делдалдар қызметтерді шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға міндетті. Бұл ретте, тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап береді;
       2) өндірісішілік қызметті және технологиялық процестерді, оның ішінде үшінші тұлғаларға байланыс қызметтерін ұсынбай радиожиілік спектрін пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерін пайдаланбай, басқаруға арналған желілерді құру және пайдалану жөніндегі қызмет;
       3) байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты емес, ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосылмаған және негізгі қызмет түрін жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілерін құру және пайдалану (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтік және пейджингтік байланыс) жөніндегі қызмет.
      Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жиілік, радиожиілік жолақтарын (радиожиілік арналарын) пайдалану үшін байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат береді.
       Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      23-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау
 
      Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
       Қызметтің бұл түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:
       бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары;
       техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;
       орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;
       діни білім беру бағдарламалары.
       Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      24-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы
                лицензиялау
 
      Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
       Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      25-бап. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті лицензиялау
 
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
       1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
       2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;
       3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;
       4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:


       1) медициналық қызмет.
       Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
       алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, жедел медициналық көмек;
       диагностика;
       патологиялық анатомия;
       клиникалық зертханалық диагностика;
       қан мен оның компоненттерiн дайындау, консервациялау, өңдеу, сақтау және өткiзу;
       ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет