Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы



бет5/5
Дата07.07.2016
өлшемі236.5 Kb.
1   2   3   4   5
       Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
       Лицензиялық алым төленбеген жағдайда, лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуден бас тартады.
       Лицензияланатын қызмет түрiнен бiр немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметiнен бiр немесе одан да көп сыныптар алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияны қоса отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
       Қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға өызмет түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс лицензияланатын қызмет түрi мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
       Қайта ресімделген лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар осы Заңның 10-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімделеді.
       Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      47-1-бап. Берілген лицензиялардағы қателерді түзету
 
      Берілген лицензияда және (немесе) лицензияға қосымшада қателер табылған жағдайда лицензиат оларды түзету туралы еркін нысанда өтініш беруге құқылы.
       Лицензиар лицензиаттың тиісті өтінішті берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиялар тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізеді және тиісті түзетулері бар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.
       Ескерту. 6-тарау 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
 
      48-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
               қолданылуын тоқтату

      1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:


       1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;
       2) жүзеге асырылуына лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
       3) лицензия алып қойылғанда;
       4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
       5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;
       6) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса;
       7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектілер қатарынан алып тасталса;
       8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
       2. Лицензияның қолданылуы осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде, лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.
       Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      49-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру

      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.


       Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
 
      49-1-бап. Лицензиялық бақылау
 
      1. Лицензиялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
       2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
       3. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сай келетіндігін тексеру тексерілетін субъектіге бару арқылы бақылаудың өзге де нысаны тәртібінде жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сай келетіндігі немесе сай келмейтіндігі туралы шешім қабылданады.
       Құжаттарды ұсынумен расталмайтын біліктілік талаптары, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың анықтығы тексерілуге тиіс.
       Ескерту. 6-тарау 49-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      50-бап. Залалдарды өтеу


 
      Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      51-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы
               заңнамасын бұзу

      Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.


       2. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 15, 92-құжат; N 16, 97, 102-құжаттар) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының


      Президенті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет