Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы №102-v заңы


саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және



бет2/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.9 Mb.
#133219
1   2   3   4   5

               саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және
               қадағалау
      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган және өз құзыретіне сәйкес өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.»;
      «309-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
                саласындағы мониторинг және тәуекелдерді
                бағалау
      Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау, өндірістік жарақаттануды азайту және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады.»;
      12) 314-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайларына және еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;»;
      13) 317-баптың 1-тармағының 7) және 10-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға, қызметкерлердiң өкiлдерiне олардың жазбаша сұрау салу бойынша өндiрiстiк объектiлердi ұйымдардағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау туралы ақпаратты қоса алғанда, еңбек жағдайларының, қауiпсiздiгiнің және еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпаратты беруге;»;
      «10-1) бiр ай мерзiмде қағаз және электрондық жеткiзгiштерде өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерiн еңбек инспекциясы жөнiндегi тиісті жергілікті органға ұсынуға;»;
      14) 322-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен немесе оны көрген адам жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат алуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты әрбір бастапқы келген жағдай туралы жұмыс берушілерді және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды, сондай-ақ кәсіптік қатты ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.»;
      15) 323-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға;»;
      16) 325-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган мынадай құрамда құратын комиссия жүргізеді:
      төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
      мүшелері – жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.»;
      17) 328-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;
      2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары;
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының басшысы;
      4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды адамдары жатады.»;
      18) 335-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы төмен тұрған мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе актілеріне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың арызы (шағымы) бойынша шешім шыққанға дейін оның актілерінің орындалуын тоқтата тұруға, күшін жоюға не оларды кері қайтаруға құқылы.».
      8. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 1-тармағында:
      14-1) тармақша алып тасталсын;
      55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «55) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 23-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «жабуға жұмсалады.» деген сөздер «жабуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде жұмсалады.»;
      3) 26-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімдері негiзiнде жасалады.
      4. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      4) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      5) 31-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.»;
      «5. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың базалық құрылымы және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы негiзге алына отырып айқындалады.»;
      6) 32-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      7) 39-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.»;
      8) 41-1-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін және көлемін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады, Республикалық бюджет комиссиясы қарайды және олар әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында мақұлданады. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілік жасайтын, жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.»;
      9) 46-баптың 12-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарының талаптарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасаспайды.»;
      10) 53-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшаның он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «көші-қон іс-шараларын іске асыру;»;
      6) тармақша мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «көші-қон саясатын іске асыру;»;
      7) тармақшада:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мәдениет және мемлекеттік жастар саясаты саласында республикалық және халықаралық маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;»;
      мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «республикалық деңгейде мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;»;
      11) 54-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;»;
      7) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;»;
      11) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;»;
      12) 55-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;»;
      7) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;»;
      11) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;»;
      13) 56-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
      17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу.»;
      14) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиісінше бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.»;
      15) 60-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйелерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды.»;
      16) 61-бапта:
      567 және 7-1-тармақтар алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің тәртібін және мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      17) 64-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге республикалық бюджетті әзірлейді.»;
      2-тармақтағы «мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдар мен» деген сөздер «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 65-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады.»;
      «3. Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      19) 66-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
      2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.»;
      20) 67-бапта:
      6-тармақтың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы;»;
      «6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді.»;
      10 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.»;
      «13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      21) 68-бапта:
      12 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін ескере отырып:
      1) стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан;
      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлар жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан;
      3) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;
      4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
      2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
      Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды.»;
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар:»;
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
      6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;
      7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган» деген сөздер алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк өтiнiмдердi, стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларын ұсынады.
      Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк бағдарламалар жобаларын ұсынады.»;
      22) 71-баптың 1 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      «6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.»;
      23) 74-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылғы
1 желтоқсанға дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылатын, кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.»;
      24) 79-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті атқарушы органдардың мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әзірлейді.»;
      25) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі.»;
      26) 81-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын енгізген кезде тиісті мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді.
      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдерін жасайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджет комиссиясы осы баптың 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тізбелері мен көлемдерін мақұлдағаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасын жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасына:»;
      27) 92-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Түсімдерді бөлу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін кірістерді облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында бөлу нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.»;
      28) 96-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша міндеттемелер қабылдамайды.»;
      5-тармақтың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін, осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеу бойынша міндеттемелер қабылдамайды.»;
      29) 107-бапта:
      4 және 4-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталатын шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ұсыныстар, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын, өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді ұсынады.
      4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы баптың 4-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының нақтыланған республикалық бюджет жобасы бойынша ұсынысы негізінде он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.»;
      30) 112-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бюджеттік мониторингтің нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелері туралы және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат жібереді.»;
      31) 151-баптың 8-тармағының екінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарында көрсетілген тиісті құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
      «Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154156-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан аз болған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалған соманы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шегінде түзету жолымен бюджеттік инвестициялар арасында қайта бөлуге не бюджетті нақтылау кезінде алып тастауға құқылы.»;
      32) 156-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кірістерін бағалауды жүзеге асырады және кейіннен тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындайды.»;
      33) 157-баптың 10-тармағының бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезеңінде жүзеге асырады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      34) 159-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      35) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет