Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы



бет1/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#141925
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 14 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1155.


(Соңғы редакциядағы күні: 30.04.2007)

     Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк құпиясы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 


     1. Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
     2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.): 
     1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан екi апталық мерзiмде осы қаулыны  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
     Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн. 

    Ұлттық Банк


      Төрағасы

Қазақстан Республикасының  


Ұлттық Банкi Басқармасының  
2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179
қаулысымен          
"БЕКIТIЛГЕН"         

 Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын 


пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен 
аударымдарын жүзеге асыру ережесi      

 1-бөлiм. Жалпы ережелер       

     1. Осы Ереже ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асырғанда төлем құжаттарының түрлерiн және оларды ресiмдеу мен пайдалануды белгiлейдi. 

     2. Осы Ереже ақшаны жөнелтуге банк есепшотын ашпай ақша төлемдерін және аударымдарын жасаумен, қолма-қол ақша өткізу жолымен жүзеге асырылатын төлемдермен байланысты қатынастарға, сондай-ақ төлем карточкасының көмегімен аударымдарды жүзеге асыру тәртібіне қолданылмайды.


     Осы Ереже клиент және оған қызмет көрсететiн банк арасындағы шартқа сәйкес жасалатын: 
     1) осы банктегi бiр клиенттiң иелiгiндегi банк есепшоттары бойынша; 
     2) клиенттiң банк есепшоттары бойынша солардың есебiндегi ақша сомаларының өзгерiстерiн бухгалтерлiк есепте көрсету, оның iшiнде тиесiлi сыйақыны көрсету үшiн банк жүргiзетiн; 
     3) клиенттiң банктiк есепшотына қызмет көрсеткенi үшiн банктiң комиссиялық алымдарды алуы бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн реттемейдi (төлем құжаттарын қайтарып алу немесе орындауды тоқтата түру туралы өкiмдердi ресiмдеуден басқа). 
     Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен, 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен. 

     3. Осы Ережеде "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында көрсетiлген негiзгi ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады: 


     1) валюталау күнi - бастамашы өзiнiң төлем тапсырмасында көрсеткен және "валюталау күнi" деп аталған бенефициар ақшаны алуы тиiс күн; 
     2) дебеттiк аударымдар - ақша жөнелтушi төлеуi үшiн бенефициардың банкке төлем құжаттарын ұсынуы жолымен жүргiзiлетiн қолма-қол жасалмайтын төлемдер; 
     3) кредиттiк аударымдар - бастамашының алушы-банкке төлем тапсырмасын ұсынуы жолымен жүргiзiлетiн қолма-қол жасалмайтын төлемдер; 
     4) төлем құжаты - азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң, шарттардың талаптарына, Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына және соттың шешiмдерiне сәйкес ақша мiндеттемесiн орындауға негiз болатын немесе жасауға көмектесетiн құжат; 
     5) төлем аудару жүйесi - белгiленген ережелер бойынша нұсқаулар жiберу және ақша аудару тәртiбi; 
     6) инкассалайтын банк - бенефициардың талабын ақша жөнелтушiнiң банкiне немесе ақша жөнелтушiге осы Ереженiң талаптарына сәйкес оны кейiннен төлеуi үшiн өткiзу жөнiндегi мiндеттеменi өзiне алатын банк. 

     4. Нұсқауды керi қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы нұсқаулар мен өкiмдердi алушы-банк тек өзi белгiлеген операциялық күн iшiнде қабылдайды. 

     5. Егер нұсқауды керi қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы нұсқау немесе өкiм операциялық күн аяқталғаннан кейiн алынса, онда мұндай нұсқауға немесе өкiмдi алушы-банк келесi операциялық күннiң басында алған болып саналады. 
     Егер бастамашының нұсқауында белгiленген валюталау күнi жұмыс iстемейтiн күнге келсе, онда келесi жұмыс күнi валюталау күнi болып саналады. 

     6. Алушы-банк акцептелген нұсқау бойынша жөнелтушiнiң ақшасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, алуға (оның банк есепшотын дебиттеуге) құқылы. 

     7. Құжаттық есеп айырысу - бұл сатып алушы мен сатушы арасындағы жазбаша келiсiмде көзделген және банк iшiнде қолданылатын: коносамент, көлiк тауар құжаттамасы, тасымалдаудың аралас түрлерінің көлiк құжаты, курьерлiк және пошталық түбiршек, сақтандыру полисi, коммерциялық есепшот, сапа сертификаты, варрант, тауардың шығу тегi туралы куәлiк, жүктiң салмағы туралы анықтама және басқа құжаттарды ұсынғанда банк жүзеге асыратын төлем. 
     Құжаттың есеп айырысу түрлерi болып құжаттық аккредитив (бұдан әрi - аккредитив) және құжаттық инкассо (бұдан әрi - инкассо) болып табылады. 

     8. Аккредитив - бұл клиенттiң нұсқаулығымен және өтiнiшi бойынша немесе өз қалауы бойынша көрсетiлген бенефициарға немесе оның бұйрығымен төлем немесе бенефициар талап еткен аударым вексельдерiне акцепт және төлеу немесе аккредитивте көзделген құжаттарға қарсы белгiленген мерзiмге негоциация жасауға, егер аккредитивтiң барлық талаптары сақталса, банк өзiне алған мiндеттеме. 


     Аккредитив сатып алу-сату шартынан немесе басқа шарттан ерекшеленген мәмiле болып табылады.

     9. Инкассо - бұл сатып алушы мен сатушы арасындағы келiсiмде көзделген бастамашы берген төлем және басқа құжаттың есеп айырысуда ұсынылатын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көрсетiлген акцепт және/немесе төлем алу мақсатындағы басқа құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын банк операциясы.

     10. Аккредитив және инкассо Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қолданылады. 

     11. Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінде ашылған мемлекеттiк мекемелердiң есепшоттарынан ақша төлемi мен аударымын жүргізу тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.


     Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2007.04.30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     12. Сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түсетін мәміле бойынша заңды тұлғалар арасындағы төлемдер тек қолма-қол жасалмайтын тәртіппен ғана жүзеге асырылады.


     Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі  Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен. 

 2-бөлiм. Төлем құжаттары


1-тарау. Төлем құжаттарының түрлерi
мен ресiмдеу тәртiбi 

     13. Төлем құжаттарының түрлерi:


     1) төлем тапсырмасы;
     2) чек;
     3) вексель;
     4) төлемдiк талап-тапсырма; 
     5) инкассалық өкiм, салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмi;
     6) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген басқа төлем құжаттары.

     14. Төлем құжаттарында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда мынадай деректемелер болуы тиiс: 


     1) төлем құжатының атауы
     2) төлем құжатының номерi, оның жазылған күнi, айы, жылы. Күн - санмен, ай - жазумен, жыл - санмен жазылады. Компьютердi пайдаланып ресiмделген төлем құжаттарында айды санмен белгiлеуге болады; 
     3) ақша жөнелтушi - осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса толық атауы не жеке адамның аты-жөнi, оның жеке бiрдейлестiру коды; 
     4) ақша жөнелтушi банктiң ұйымдық-құқықтық нысанын қоса толық атауы, оның банктiк бiрдейлестiру коды (атауымен қатар оның фирмалық белгiсi қойылуы мүмкiн); 
     5) бенефициар - заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса, толық атауы не жеке адамның аты-жөнi, оның жеке бiрдейлестiру коды; 
     6) бенефициардың банкiнiң ұйымдық-құқықтық нысанын қоса, толық атауы не оның банктiк бiрдейлестiру коды (атауымен қатар оның фирмалық белгiсi қойылуы мүмкiн); 
     7) төлемнiң мақсаты, сондай-ақ Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген оның код белгiсi; 
     8) санмен және жазумен көрсетiлген төлем сомасы
     9) ақша төлемi және/немесе аударымы бастамашысының уәкiлеттi адамының аты-жөнi және қолы, егер бар болса - оның мөрiнiң таңбасы (қағазға жазылған құжаттар үшiн); 
     10) бенефициар және ақша жөнелтушi - салық төлеушiнiң тiркеу номерi (бұдан әрi - СТН) (вексельдерден және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес СТН қою талап етiлмейтiн басқа құжаттар кiрмейдi). 
     Мұндайда ақша жөнелтушiнiң және бенефициардың, сондай-ақ олардың жеке бiрдейлестiру кодтары төлем құжаттарында бiр рет көрсетiлуi тиiс. Сондай-ақ жөнелтушiнiң, бенефициардың және оларға қызмет көрсететiн банктердiң ұйымдық-құқықтық нысандарын банктер мен клиенттердiң жұмысын қиындатпайтындай етiп қысқартуға болады.
     Ескерту: 14-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі  Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен. 

     15. Жөнелтушiнiң қағаз жазбадағы төлем құжатында жөнелтушiнiң уәкiлеттi адамының қолы және қол қою және мөр таңбасы үлгiлерiне сәйкес оның мөрiнiң таңбасы қойылуы тиiс. Мұндайда, егер қол қою және мөр таңбасы үлгiлерi бар құжатта банк есепшотына билiк ететiн уәкiлеттi адамдар ретiнде бiрiншi және екiншi қол қою құқығы бар адамдар көрсетiлсе, төлем құжатында осы адамдардың қолы мiндеттi түрде болуы тиiс. 

     16. Ақша төлемiн және/немесе аударымын жасағанда банк төлем құжаттарында қосымша деректемелердiң қойылуын, егер бұл талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделсе, талап етуге құқылы. 

     17. Төлем құжаттары электрондық түрде де, қағаз жазбасында да ұсынылуы мүмкiн. Электрондық төлем құжаттары электрондық төлем хабарлары үшiн белгiленген нысандарға сәйкес құралады және банкке электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар бойынша жiберiледi. 

     18. Төлем құжаттарын және төлем құжатын керi қайтарып алу туралы немесе оны орындауды тоқтата тұру туралы өкiмдi магниттi тасымалдаушымен ұсынуға тек санкцияланбаған төлемдерден қорғау тәртiбi сақталған жағдайда ғана жол берiледi. Сонымен бiрге, егер Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде басқаша көзделмесе, магниттi тасымалдаушыдағы ақпаратта банк қабылдаған бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесi болуы тиiс. 

     19. Факс арқылы төлем құжатын не оны қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдi беру үшiн банк өзiне қойылған қолдарды және мөр таңбаларын бар үлгiлермен визуальды салыстырып тексеруден басқа, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген қорғау iс-қимылдарының өзге элементтерi кiретiн санкцияланбаған ақша төлемдерiнен және/немесе аударымдарынан олар жасаған қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн сақтауға мiндеттi. 

     20. Төлем құжаттарында не оларды керi қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiм мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жасалуы тиiс. Оларды жасағанда өзге тiлдердi пайдалану мүмкiндiгi банктер және оның клиентi арасында шартпен белгiленедi. 

     21. Электрондық тасымалдаушымен орындалған төлем құжатында не оларды керi қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмде кез келген түзетулер жасауға болмайды. Банк түзетулердi, түзеулердi, сондай-ақ санмен және жазумен көрсетiлген сомалардың сәйкес келмеуiн байқаған жағдайда, банк төлем құжатын орындауға қабылдамайды және үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қайтару себебi көрсетiлiп оның бастамашысына қайтарады. 

     22. Алушы-банк немесе бенефициар банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолданудың ережелерi мен ерекшелiктерiн реттейтiн осы Ереженiң және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес емес нысанда толтырылған және ұсынған, сондай-ақ клиенттiң деректемелерi (оның атауы, жеке бiрдейлестiрiлген (бұдан әрі - ЖБК), СТН коды) төлем құжатында көрсетiлген деректемелерге, төлем құжатында көрсетiлген төлем валюталары банк есепшотындағы валютаға сәйкес келмеген жағдайда, ал салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде - бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі болмаған және/немесе оның "төлем мақсаты" жолында көрсетілген мәтіндік атауына сәйкес келмеген жағдайда, төлем құжатын акцептеуден бас тартады. Банктiң төлем құжатын акцептеуден бас тартуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша оны алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырылады.
      Егер басқа деректемелері (ЖБК, СТН) банк клиентін бірегейлендірсе, клиенттің инкассалық өкімде көрсетілген атауы оның нақты атауына сәйкес келмеген жағдайда салық органдары электрондық тәсілмен ұсынған инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуға жол берілмейді. 
      Ескерту. 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен, 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 қаулысымен, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен, 2007.04.30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     22-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері) төлем құжаты "төлем мақсаты" бағанында мемлекеттік мекеменің бес миллион теңгеден артық сомадағы, бенефициар ұсынатын хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) болған кезде орындалуы тиіс азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарламаның нөмірін, күні көрсете отырып, банкте бенефициардың жеке ісіне тігіліп, сақталады. Хабарламада қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері және мемлекеттік мекеме басшыларының қолдары, мөрлерінің таңбасы болуы тиіс.


     Бенефициардың хабарламада көрсетілген деректемелері (атауы, СТН, ЖБК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келуі тиіс.
     Төлем құжатының "төлем мақсаты" бағанында хабарламаның нөмірі мен күнінен басқа төлемнің "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесі көрсетілуі тиіс. Банкте сақталған хабарламаның нөмірі және күні "төлем мақсаты" бағанында көрсетілген хабарламаның нөмірімен және күнімен сәйкес келуі тиіс.
     Осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші абзацтарында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, банк заң актілерінде акцепт үшін көзделген мерзім ішінде осындай төлем құжатын орындамастан оның жөнелтушісіне қайтарады.
     Банк "ағымдағы" төлем мәртебесі бар төлем құжатын орындаған кезде хабарламаның сыртқы жағына негізінде төлем жүзеге асырылған төлем тапсырмасының деректемелері, орындалған төлемнің сомасы және хабарлама бойынша төленуі тиіс қалған сома көрсетіледі. Банк "түпкілікті" төлем мәртебесі бар төлемді жүзеге асырған кезде хабарламаның сыртқы жағына бұл туралы тиісті белгі қояды.
     Бенефициар ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық, Орталық депозитарий көрсетілген мемлекеттік борышты, зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік арнайы және мемлекеттік әлеуметтік және өзге әлеуметтік жәрдемақыларды өтеуге және қызмет көрсетуге байланысты төлем құжаттарына, сондай-ақ бенефициар ретінде алушы банк көрсетілген төлем құжаттарына хабарлама ұсыну талап етілмейді.
    Ескерту: 22-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен, 2007.04.30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     23. Ақша жөнелтушiнiң ақшасын оның банк есепшотынан алу ақша жөнелтушi акцептеген төлем құжаты не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның акцептелуiн талап етпейтiн төлем құжаты негiзiнде жүргiзiледi. 

     24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, қағаз жазбада орындалған ұсынылатын төлем құжаттары және төлем құжатын керi қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдерi даналарының санын әр банк өзi белгiлейдi және оның ережесiнде операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы айтылады. 

     25. Банк ақша төлемiн және/немесе аударымын жүзеге асыру бойынша ақша жөнелтушi және/немесе нұсқау жөнелтушi алдындағы оның мiндеттемелерiне байланысты емес шағымдарды қарауға мiндеттi емес. 


     Ақша жөнелтушi мен бенефициар арасындағы шағымдар алушы-банктiң акцепт нұсқауы заңды болғанда ғана алушы-банктiң қатысуынсыз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi. 

     26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, төлем құжаттарында оларды iшiнара орындау туралы талап қоюға болмайды. 

 2-тарау. Төлем тапсырмасы 

     27. Төлем тапсырмасы тапсырмада көрсетiлген сомадағы бенефициардың пайдасына оның ақшасын аудару туралы ақша жөнелтушiнiң қызмет көрсететiн алушы-банкке тапсырмасын бiлдiредi. 

     28. Ақша жөнелтушi қызмет көрсететiн алушы-банкке төлем тапсырмасын белгiленген нысандағы бланкте (N 1 қосымша) ұсынады. 
     "Төлемнiң мақсаты бағанында ақша жөнелтушi ақша аударымын жүзеге асыруға негiз болатын құжаттың (құжаттардың) атауын, номерiн және күнiн, және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделсе сондай-ақ "төлем мақсатының коды" бағанында төлемнiң код белгiлерiн көрсетуге мiндеттi.
     Заңды тұлға салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде "ақшаны жөнелтуші" бағанында заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы, "СТН" бағанында заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің СТН көрсетіледі, "ЖБК" бағанында заңды тұлғаның ақша аударатын банктік шотының деректемелері көрсетіледі. Бұл ретте "төлемнің мақсаты" бағанында өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін төлемдерді жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауын және СТН көрсету қажет.
      Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасында "төлем мақсаты" жолында көрсетілген осындай кодтың мәтіндік атауына және төлем мақсатына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі қосымша көрсетіледі. Төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодын көрсетудің дұрыстығы үшін жөнелтуші жауапкершілік атқарады.
      Зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік аударымдарды төлеуге ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде жөнелтуші төлем тапсырмасымен бірге бір мезгілде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес ресімделген зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар төленетін тұлғалардың тізімін (бұдан әрі - тізім) алушы банкке ұсынады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар тізімді алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы тізімнің көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Алушы-банк егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарымен белгіленген жағдайда, 50 және одан да аз позициясы (аты-жөндері) бар тізімнің электрондық көшірмесін ұсынуды талап етуге құқылы.
      Ескерту: 28-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 қаулысымен, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

     29. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ұлттық валютамен, сол сияқты шетел валютасымен төлем жасау және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының  талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен төлем жасағанда және/немесе ақша аударымын жүзеге асырған кезде ақша жiберушiнiң қызмет көрсетушi алушы банкке ақша аудару туралы төлем тапсырмасы болып табылатын, белгiленген нысандағы (N 2 қосымша) бланкiлерге толтырылған ақша аударуға өтiнiшi пайдаланылады. 


     Банк ақша аударуға берiлетiн өтiнiште осы Ереженiң N 2 қосымшасындағы нысанда көрсетiлген деректемелерден басқа осы өтiнiштi өңдеу үшiн оған қажет болатын ақша жiберушi туралы қосымша мәлiметтердi қосуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда банк ақша жiберушi туралы басқа да мәлiметтердi толтыруды талап етедi. Қазақстан Республикасынан тыс резидент еместiң пайдасына ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезiнде банк ақша аудару үшiн берiлген өтiнiште бенефициардың СТН көрсетудi талап етпеуге құқылы.
     Ескерту: 29-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен, 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

     30. Ақша аударуға жазылған күнi көрсетiлген төлем тапсырмасы-өтiнiшiн алушы-банк он күнтiзбелiк күн iшiнде қабылдайды. 


     Ақша аударуға төлем тапсырмасынан немесе өтiнiшiнен басқа ақша жөнелтушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алушы-банктiң талабы бойынша төлемнiң дәлелдiлiгiн растайтын құжаттар ұсынуға мiндеттi. 

     31. Қызмет көрсететiн алушы-банкпен келiсiм бойынша ақша жөнелтушi ақша аударуға төлем тапсырма-өтiнiшiнде валюталау күнiн көрсетуiне болады. 

 3-тарау. Төлемдiк талап-тапсырма 

     32. Төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiге жеткiзiлген тауарларға, орындалған жұмысқа, көрсетiлген қызметке ақы төлеу туралы көрсетiлген талапты растайтын құжаттар негiзiнде ұсынылатын бенефициардың талабын бiлдiредi. 

     33. Бенефициар төлемдiк талап-тапсырманы белгiленген нысандағы бланкiде (N 3 қосымша) бенефициардың банкiне немесе тiкелей ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынуға құқылы. 
     Бенефициар бенефициардың банкiне бiрнеше төлемдiк талап-тапсырмаларды ұсынған жағдайда, оларға төлемдiк талап-тапсырмалардың тiзiлiмi белгiленген нысандағы бланкiде (N 4 қосымша) қоса берiледi.
     Төлемдiк талап-тапсырманың "төлемнiң мақсаты" бағанында бенефициар төлемдiк талап-тапсырманы ұсынуға негiз болатын құжаттар деректемелерiн және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделсе көрсетуге мiндеттi. 
     Ескерту: 33-тармақ жаңа редакцияда жазылды, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен, 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 қаулысымен. 

     34. Төлемдiк талап-тапсырма тiзiлiммен бiрге бенефициардың банкiне ұсынылады, ол бенефициардың барлық деректемелерi толтырылуының толықтығын тексерiп, төлемдiк талап-тапсырманы осы Ережеде белгiленген тәртiппен ақша жөнелтушiнiң банкiне жiбередi. 

     35. Бенефициарға және ақша жөнелтушiге бiр алушы-банк қызмет көрсеткен, сондай-ақ төлемдiк талап-тапсырманы бенефициардың банкiсiз ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынған жағдайда тiзiлiмдi қоса беру қажет емес. 

     36. Жазылған күнi көрсетiлген төлемдiк талап-тапсырма мен қоса берiлген тiзiлiмдi бенефициар отыз күнтiзбелiк күн iшiнде бенефициардың банкiне ұсынуы мүмкiн немесе төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынылуы мүмкiн.


     Ескерту: 36-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

     37. Ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырмаларды қоспағанда, ақша жөнелтушi банк тек ақша жөнелтушiнiң акцептi болған жағдайда ғана төлемдiк талап-тапсырманы орындауға тиiс. 


     Ақша жөнелтушiнiң акцепт туралы белгi қою үшiн төлемдiк талап-тапсырма бланкiсiнiң бет жағында орын жетiспеген жағдайда, осы жазба бланктiң сырт жағына жасалады. 

     38. Егер жөнелтушi ақша жөнелтушiнiң банкiне төлемдiк талап-тапсырманы оған ақша жөнелтушiнiң өзiнiң банк есепшотынан ақшаны акцепсiз алуға келiсiмi бар құжаттарды қосып ұсынса, ондай төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейдi. 

 4-тарау. Инкассалық өкiм 

     39. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда ақша жөнелтушiнiң банк есепшоттарынан ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз ақша алу үшiн пайдаланылатын төлем құжаты белгiленген нысандағы бланкте (N 5 қосымша) ұсынылған инкассалық өкiм, сондай-ақ салық қызметi органдарының және кеден органдарының (N 6 қосымша) инкассалық өкiмi болып табылады. 

     40. Ақшаны өндiрiп алушы ақша жөнелтушiнiң банкiне осы өндiрiп алудың дәлелдiгiн растайтын орындалатын парақтардың немесе сот шешiмдерi, үкiмдерi, анықтамалары және қаулылары бойынша берiлетiн бұйрықтардың не ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығының түпнұсқаларын қоса инкассалық өкiмдi немесе соттың мөрiмен расталған олардың көшiрмелерiн ұсынады. 
     Ақша жөнелтушiнiң банк есепшотынан оның келiсiмiнсiз ақша алудың дәлелдiгiн растайтын орындалатын құжат, егер орындалатын құжаттың мәтiнiнде өзгеше белгiленбесе, банкке көрсету үшiн тек бiр инкассалық өкiмнiң негiзi ғана болып табылады.
     Салық қызметi және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi осы өндiрiп алудың дәлелдiгiн растайтын орындалатын құжаттарсыз ұсынылады. 
     Ескерту: 40-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен. 

     41. Инкассалық өкiмде ақша жөнелтушiнiң банк есепшотынан оның келiсiмiнсiз ақша (оның күнi және номерi) алу (өндiрiп алу) құқығы көзделетiн заң актiлерiне сiлтемемен төлемнiң мақсаты көрсетiледi. 


     Орындалатын құжатта көрсетiлген ақша төлемiнiң/аударымының сомасы инкассалық өкiмде көрсетiлген сомамен сәйкес келуi тиiс. 

     42. Салық және кеден қызметi органдарының инкассалық өкiмiнде бюджеттiк жiктеу коды, операция түрi қосымша көрсетiледi.


     Операциялар түрi жолында тиiсiнше кодтар көрсетiледi:
     03 - салық органының бюджетке берешегі бар салық төлеушiнiң банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;
     04 - салық органының дебитордың банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;
     05 - кеден органының бюджетке берешегi бар салық төлеушiнiң банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;
     07 - міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттің банктік шотына салық органы берген инкассалық өкім.
     09 - әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушінің банктік шотына ұсынылған салық органының инкассалық өкімі
      Салық органының міндетті зейнетақы жарнасы бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкімінде "бенефициар" бағанында Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық көрсетіледі, "бенефициар банк" бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті бөлімшесі көрсетіледі.
      "Бенефициар" бағанында әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған салық органының инкассалық өкімінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "бенефициар банк" бағанында - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті бөлімшенің атауы және "делдал банк" бағанында - Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық көрсетіледі.
      Салық органдары зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкіммен бір мезгілде алушы-банкке тізімдерді ұсынады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар тізімді алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы тізімнің көшірмесін қоса бере отырып ұсынады.
      Ескерту: 42-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95, 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      43. Өндiрiп алудың, сондай-ақ ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз қаражатты есептен шығару үшiн негiздемеге сiлтеме жасау дұрыстығына өндiрiп алушы жауап бередi. Банктер ақша жөнелтушiлердiң олардың келiсiмiнсiз банк есепшоттардан қаражатты есептен шығаруға қарсылықтарын қарамайды. 

 5-тарау. Төлем құжаттарын электрондық жазбамен ұсыну 

     44. Төлем құжатында хабарланатын оның бейнесiн немесе ақпаратты беру жолымен төлем құжаттарын алмастырудың электрондық жүйелерiн пайдалану және бағдарламалық-криптографиялық қорғау мен электрондық сандық қол қою туралы шарт (келiсiм) негiзiнде, бенефициар мен оның банкi арасында не ақша жөнелтушi мен оның банкi арасында бұндай ұсыну көзделген болса, егер өзгеше Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделмесе, электрондық тәсiлмен жасалуы мүмкiн. 


     Төлем құжаттарын алмастырудың электрондық жүйелерiн пайдалану туралы шартта (келiсiмде) төлем құжатын төлеу, акцепт, акцептен бас тарту, керi қайтарып алу және банк төлем құжаттарын өңдеуге байланысты басқа да мәселелер туралы ережелер болуы мүмкiн. 

 6-тарау. Санкцияланған нұсқау және қорғау 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет