Источник: ИС ПАРАГРАФ, 16.07.2010 12:39:40
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік
құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 қаңтардағы № 62 қаулысы
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдасын.
3. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен Ереже алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2002 жылғы 19 қаңтардағы
№ 62 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының
жүрiп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесi
ҚР Үкіметінің 24.12.03 ж. № 1306; (бұр. ред. қара); 2005.20.01 № 39 қаулыларымен өзгеріс енгізілді
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен алым ставкалары алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2002 жылғы 19 қаңтардағы
№ 62 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының
жүріп өтуi үшін алынатын алым ставкалары
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2002 жылғы 19 қаңтардағы
№ 62 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге
арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi
1. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдерi
ҚР Үкіметінің 2010.19.03. № 226 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi мен басқа да сызықтық мөлшерлерi төменде келтiрiлген (метрмен) шамадан аспауы тиiс:
1) рұқсат етiлген ұзындығы:
жүк автомобилi 12
екі білікті автобустар 13,5
тiркеме 12
бiрiктiрілген көлiк құралы 20
бiрiктiрiлген автобус 18
автопоезд 20;
екі біліктен артық біліктері бар автобустар 15
2) рұқсат етiлген енi:
барлық автокөлiк құралдары 2,55
автокөлiк құралдарының изотермиялық қораптары 2,6
3) рұқсат етiлген биiктiгi 4.
2. Осы бөлiмнiң 1-тармағында көрсетiлген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген мөлшерлерi өзiне контейнерлердi қоса алғанда, алынатын қораптардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерiн қамтиды.
3. Қозғалыс кезінде автокөлiк құралы, сыртқы радиусы 12,5 метрмен және iшкi радиусы 5,3 метрмен шектелген кеңiстiк шегiнде бұрылу мүмкіндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
4. Тiркеу құрылғысы iлмегiнің бiлiгi мен бiрiктiрiлген автокөлiк құралының артқы жағы арасындағы рұқсат етiлген ара қашықтық 12 метрден аспауы тиiс.
5. Сүйрегiштiң артқы жағы мен тiркеменің алдыңғы жағы арасындағы ара қашықтықты шегергенде, қораптың немесе кабинаның сыртындағы жүктi орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесiнен тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейін, автопоездың бойлық бiлiгiне қатар өлшенген, рұқсат етiлген ара қашықтық 17 метрден аспауы тиiс.
6. Қораптың немесе кабинаның сыртындағы жүктi орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен жартылай тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейiн автопоездың бойлық білiгiне қатар өлшенген, рұқсат етiлген ара қашықтық 16,4 метрден аспауы тиiс.
7. Автокөлiк құралының қорабында орнатылған жүк автомобильдің немесе тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiнен тысқары 2 метрден артық шықпауы тиiс.
8. Жүк автомобилiнiң артқы бiлiгi мен тiркеменiң алдыңғы білiгi арасындағы ара қашықтық 3 метрден кем болмауы тиiс.
9. Жартылай тiркеменiң топсалы бекiтпесiнiң бiлiгi мен жартылай тiркеменiң алдыңғы жағының кез келген нүктесi арасындағы көлденең өлшенген ара қашықтық 2,04 метрден аспауы тиiс.
10. Автокөлiк құралының ұзындығын өлшеген кезде, автокөлiк құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерiлмейдi:
әйнектердi тазартуға арналған құрылғылар мен кiрқалқандар;
алдыңғы бетiндегi және бүйiрiндегi таңбалаушы тiлiмшелер;
пломбылау үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;
брезенттi бекiту үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;
электр жарығына арналған жабдықтар;
артқы шолу айналары мен автомобильдiң артын шолу үшiн құралдар;
ауаарна түтiкшелерi;
тiркемелермен және алынғыш қораптармен бiрiктiру үшін клапандар мен алмалы-салмалы құрылғылардың ұзындықтары;
қорапқа мiну үшiн сатылар, қосалқы автомобиль дөңгелекқабы үшiн көтергiш;
жұмыс жағдайында 200 миллиметрден аспайтын және жасап шығарушы орнатқан автомобильдiң шектi жүк тиеу салмағын ұлғайтпайтындай етіп орындалған көтергiш платформалар, мiну үшiн сатылар және өзге де ұқсас жабдықтар.
11. Автокөлiк құралының биiктiгiн өлшеген кезде автокөлiк құралында орнатылған:
антенналар;
көтерiлген қалыптағы пантограф ескерiлмеуi тиiс.
Осьті көтеруге арналған құрылғысы бар автокөлiк құралдары үшiн осы құрылғының ықпал етуiнiң әсерi ескерiлуi тиiс.
12. Автокөлiк құралының енiн өлшеген кезде автокөлiк құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерiлмейдi:
пломбылар, мөрлер үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;
брезенттi бекiту үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;
автомобиль дөңгелекқабының зақымдалуын анықтау үшiн құрылғылар;
кірқалқандардың шығып тұрған бөлiктерi;
жарықтандыру жабдықтары;
жұмыс жағдайында көлiк құралының әрбiр жағынан 10 миллиметрден артық шықпайтын, сатылардың алға немесе артқа қараған бұрыштары 5 миллиметрден аспайтын, ал олардың жиектерi - 2,5 миллиметрден аспайтын дөңгелену радиусы бар сатылар, аспалы платформалар мен өзге де ұқсас жабдықтар;
артты шолу айналары;
шиналардағы қысымды өлшеу индикаторлары;
көлiктiк қалыпта кiргiзiлетiн немесе жиналатын сатылар немесе баспалдақтар;
автомобиль дөңгелекқабының жолдың бетiмен түйiсу нүктесiнен шығып тұрған қисық бөлiгi.
2. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген салмақтары
ҚР Үкіметінің 2010.19.03. № 226 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген салмақтары төменде келтiрiлген (тоннамен) мәннен аспауы тиiс:
1) жүк автомобильдерi:
екi бiлiктi автомобиль 18
үш бiлiктi автомобиль 24
әуелi немесе оған балама аспамен жабдықталған екi жұп
доңғалақтан тұратын жетекшi бiлiгi бар үш бiлiктi автомобиль 25
әрқайсысы әуелi немесе оған балама аспамен жабдықталған
екi жұп доңғалақтан тұратын екi жетекшi бiлiгi бар төрт
бiлiктi автомобиль 32;
2) бiрiктiрiлген көлiк құралының бөлiгiн құрайтын көлiк құралдары:
екi бiлiктi тiркеме 18
үш бiлiктi тiркеме 24;
3) бiріктiрілген көлiк құралдары:
ершіктi автопоездар:
жартылай тiркеме білiктерiнiң ара қашықтығы
1,3 метрден 1,8 метрге дейiнгi екi бiлiктi
жартылай тiркемесi бар екi бiлiктi сүйрегіш 36
жартылай тiркеме бiлiктерiнiң ара қашықтығы
1,8 метрден асатын екi бiлiктi жартылай
тiркемесi бар екi бiлiктi сүйрегіш 38
(егер осы автопоезд 18 тонналы жүк автомашинасы
мен 20 тонналық жартылай тiркемеден тұрса және
жетекшi бiлiгi қосақталған доңғалақтан тұрса
және әуе немесе оған балама аспамен жабдықталған
болса, рұқсат етiлген салмағы 2 тоннаға ұлғаюы мүмкiн)
үш бiлiктi жартылай тiркемесi бар
екi бiлiктi сүйрегiш 38
екi бiлiктi жартылай тiркемесi бар
үш бiлiктi сүйрегіш 38
үш бiлiктi жартылай тiркемесi бар
үш бiліктi сүйрегiш 38
тiркемелi автопоездар:
екi бiлiктi тiркемесi бар
екi бiліктi жүк автомобилi 36
үш бiлiктi тiркемесi бар
екi бiлiктi жүк автомобилi 42
екi бiлiктi тiркемесi бар
үш білiктi жүк автомобилi 42
үш бiлiктi тiркемесi бар
үш бiлiктi жүк автомобилi 44
төрт бiлiктi тiркемесi бар
үш бiлiктi жүк автомобилi 44
төрт білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш 44;
4) автобустар:
екi бiлiктi 18
үш бiлiктi 24
топсалы бiрiктiрiлген үш бiлiктi 28
топсалы бiрiктiрiлген төрт бiлiктi 28.
3. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген бiлiкке түсетiн жүктемелерi
ҚР Үкіметінің 2010.19.03. № 226 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген білiктiк жүктемелерi төменде келтiрiлген (тоннамен) мәннен аспауы тиiс:
1) жалғыз бiлiк үшiн:
жетектегi 10
екi еңкулi доңғалағы бар жетекшi 10;
2) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 12,5
1 метрден 1,3 метрге дейін 15,0
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 16,5
1,8 метрге тең немесе одан көп 18,0-ден аспауы тиіс;
болғанда
3) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 12,0
1 метрден 1,3 метрге дейін 14,0
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 16,0
1,8 метрге тең немесе одан көп 17,5-ден аспауы тиіс;
болғанда
4) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 17,5
1 метрден 1,3 метрге дейін 21,0
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 24,0
1,8 метрге тең немесе одан көп 26,5-ден аспауы тиіс;
болғанда
5) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 16,5
1 метрден 1,3 метрге дейін 19,5
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 22,5
1,8 метрге тең немесе одан көп 24,5-ден аспауы тиіс
болғанда
6) екi еңкулi доңғалақтары бар жүк автомобилi мен автобустың қосарланған жетекшi бiлiктерi үшiн бiлiктiк салмақтардың қосындысы бiлiктердің арасындағы ара қашықтық:
0,5 метрден 1 метрге дейiн 12
1 метрден 1,3 метрге дейiн 14
1,3 метрден 1,8 метрге дейiн 16
1,8 метрге тең немесе одан көп 18
әуелi немесе оған балама аспаға бекiтiлген жағдайда 19-дан аспауы тиiс;
7) бiр еңкулi доңғалақтары бар жүк автомобилiнiң немесе автобустың қосарланған жетекшi бiлiктерi үшiн бiлiктiк салмақтардың қосындысы бiлiктердің арасындағы ара қашықтық:
0,5 метрден 1 метрге дейiн 11
1 метрден 1,3 метрге дейiн 13
1,3 метрден 1,8 метрге дейiн 15
1,8 метрге тең немесе одан көп болғанда, 17-ден аспауы тиiс;
8) екі еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктердің арасындағы ара қашықтық:
0,5 метрден 1 метрге дейін 5,5
1 метрден 1,3 метрге дейін 6,5
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 7,5
1,8 метрден 2 метрге дейін 8
болғанда, біліктік салмақтардың қосындысы әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс;
9) бір еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктердің арасындағы ара қашықтық:
0,5 метрден 1 метрге дейін 5
1 метрден 1,3 метрге дейін 6,10
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 7
1,8 метрден 2 метрге дейін 7,5
болғанда, біліктік салмақтардың қосындысы әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс
10) екі еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін сабақтас біліктердің арасындағы ара қашықтық:
0,5 метрден 1 метрге дейін 5,5
1 метрден 1,3 метрге дейін 6,5
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 7,5
1,8 метрден 2 метрге дейін 8
болғанда, біліктік салмақтардың қосындысы әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс;
11) бір еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін сабақтас біліктердің арасындағы ара қашықтық:
0,5 метрден 1 метрге дейін 5
1 метрден 1,3 метрге дейін 6,10
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 7
1,8 метрден 2 метрге дейін 7,5
болғанда, біліктік салмақтардың қосындысы әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс
15. Автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралдарының жетекшi бiлiгiне немесе жетекшi бiлiктерiне берiлетiн салмақ автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы тиiс.
16. Салмақтық жүктемелер уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша жол төсемiнiң алып жүру қабiлетi төмен учаскелерiнде ауа райы-климаттық жағдайларға байланысты азайтылуы мүмкiн.
17. Автокөлiк құралдарының салмақтық және көлемдiк өлшемдерiн анықтаған кезде өлшегiш жабдықтардың белгiленген қателiктерiн ескередi.
Бұл ретте қателік тасымалдаушының пайдасына шешiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 62 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi № 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 14, 169-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердің 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат).
3. «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алымдар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1397 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуiн реттеудiң жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы № 643 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 219-құжат) 2-тармағының 1) және 3) тармақшалары.
5. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 26 шілдедегi № 1125 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 379-құжат) 1-тармағы.
6. «Қалжат» өткiзу пунктi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы № 1897 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 55, 612-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
7. «Қапланбек» өткiзу бекетiн ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 669 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 19, 234-құжат) 1-тармағы.
Достарыңызбен бөлісу: |