Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі



Дата31.01.2024
өлшемі44.49 Kb.
#490395
№124 Бұйрық


Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 26 шілдедегі
№ 366 бұйрығына
қосымша





Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 124 бұйрығымен
бекітілген

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21-2) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында әзірленген.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары – білім беру ұйымын бағалауды анықтау үшін қолданылатын, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген талаптардың жиынтығы;
2) бағалау өлшемшарттары – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүргізуге негіз болатын белгілер мен нақты өлшеуіштер;
3) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
4) кешенді тестілеу – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
5) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;
6) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
7) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат.
2-тарау. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
3. Бағаланатын кезеңге қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алдыңғы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау (бұдан әрі – бармай профилактикалық бақылау) болып табылмайтын білім беру ұйымдарын жыл сайынғы бағалау оқу нәтижелеріне бағалау жүргізбей өткізіледі, сонымен қатар білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ескере отырып, бағаланатын кезең толық оқу жылы болып табылады;
2) бармай профилактикалық бақылау алдындағы білім беру ұйымдарына бағалау оқу нәтижелеріне бағалау қолдану арқылы өткізіледі, сонымен қатар бағаланатын кезең бұрын өткен төрт оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы осы бақылау басталғанға дейінгі бір ай болып табылады.
4. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары келесі нақты өлшеуіштерге сәйкес жүзеге асырылады:
1) оқыту нәтижелеріне бағалау жоғары оқу орнынан кейінгі докторантураны қоспағанда, 4, 9, 11-сыныптардың және бітіруші курстардың білім алушылары арасында жүргізіледі;
2) білім беру ұйымында бітіруші сыныптар мен курстар болмаған жағдайда, оқыту нәтижелерін бағалау жоғары сынып және курс білім алушыларымен өткен оқу материалына сәйкес жүргізіледі;
3) оқыту нәтижелерін бағалау білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті органмен айқындалған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйым әзірлеген компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу) технологиясы бойынша жүргізіледі;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары тест тапсырмаларын білім беру бағдарламалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) тиісті деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес дербес әзірлейді және тестілерді өткізу нысанын (бұдан әрі – тестілік бақылау) таңдайды;
4) оқыту нәтижелерін бағалау кезінде білім алушыларға өз білімдері, іскерліктері мен дағдыларының деңгейін көрсету үшін бірыңғай жағдайлар мен тең мүмкіндіктер жасалады;
компьютерлік тестілеу және тестілік бақылау білім беру саласындағы уәкілетті органмен айқындалған бақылаушылардың қатысуымен жүзеге асырылады;
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқыту нәтижелерін бағалаудың орнына тәрбиеленушілердің оқу жылы ішіндегі жетістіктеріне мониторинг жүргізіледі (біліктер мен дағдылардың диагностикасы);
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарымен жүргізілген тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторинг деректерінің сәйкестігін айқындау үшін мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдеріне) сауалнама жүргізіледі, мектепалды жастағы топтар болмаған жағдайда сауалнама ересек жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдеріне) жүргізіледі;
6) компьютерлік тестілеу немесе тестілік бақылау немесе ата-аналармен (заңды өкілдермен) сауалнама оқыту нәтижелерін бағалауға жататын белгілі бір білім деңгейі немесе мамандық (даярлау бағыты) бойынша контингенттің тізімдік құрамынан білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) кемінде 90 %-ы тестілеуге қатысқан кезде жүргізіледі (бітірушілердің жалпы саны 10 немесе одан аз білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) құрайтын білім беру ұйымдары үшін – кемінде 80 %);
7) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін компьютерлік тестілеу кезіндегі бағалау шәкілі (пайыздық қатынаста) мынадай түрде айқындалады:
"өте жақсы" – 85-100 %;
"жақсы" – 65-84 %;
"қанағаттанарлық" – 40-64 %;
"қанағаттанарлықсыз" – дұрыс жауаптар емтихан материалындағы сұрақтар санынан 40 % -дан кем болғанда;
8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін тестілік бақылау кезіндегі бағалау шәкілі (пайыздық қатынаста) мынадай түрде айқындалады:
"өте жақсы" – 90-100 %;
"жақсы" – 70-89 %;
"қанағаттанарлық" – 50-69 %;
"қанағаттанарлықсыз" – дұрыс жауаптар емтихан материалындағы сұрақтар санынан 50 %-дан кем болғанда;
9) компьютерлік тестілеу және тестілік бақылау нәтижелері төрт балдық жүйе бойынша бағаланады, сонымен қоса оқыту нәтижелерін бағалау қорытындылары бойынша апелляция рәсімі көзделмеген;
10) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері (білік пен дағдылар диагностикасы) осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген 50 %-дан кем емес респонденттердің МЖМБС 2-қосымшасына сәйкес тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қанағаттанған жағдайда МЖМБС талаптарына сәйкес деп есептеледі;
11) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан кемінде 40 %-дан кем емес білім алушылардың "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес дұрыс жауап бергені білім беру ұйымымен айқындалған жағдайда МЖМБС талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі;
12) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан 50 %-дан кем емес білім алушылардың "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес дұрыс жауап бергені білім беру ұйымымен айқындалған жағдайда МЖМБС талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі;
13) әскери және арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан 70 %-дан кем емес білім алушылардың дұрыс жауап бергені білім беру ұйымымен айқындалған жағдайда МЖМБС талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.
5. Әскери және арнаулы оқу орындарындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына "uzdik", "zhaqsy", "ortasha" бағаларының біріне сәйкес келетін өлшеуіштер қолданылады.
Бағалауға сәйкес келетін балл:
"uzdik" – 5;
"zhaqsy" – 4;
"ortasha" – 3.
6. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына өлшеуіштер, осы Өлшемшарттардың 12345-қосымшаларына сәйкес қолданылады.
7. Білім беру ұйымына баға жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы өлшемшарттар бойынша бағалар сомасының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады.
1-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
8. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар:
1) білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – МДТО ҮОЖ) сәйкестігі. Бағаланатын кезеңде әзірленген және білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспарларының көшірмелері қоса беріледі;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі – МДТО үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру, соның ішінде:
оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу;
қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларды ерте жастағы балаларда қалыптастыру;
тәрбиелеу мен оқытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасау;
мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында
оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету;
тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу қызметіне дайындау;
креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт-
дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойынша (бағаланатын кезеңде ұйымдастырылған оқу қызметінің (арнайы түзету оқу қызметі) бөлінуін растайтын құжаттардың, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар, оның ішінде жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);
3) МДТО үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта құру (жалпы білім беру ұйымы бойынша мектеп жасына дейінгі баланың жеке, тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау туралы бейнематериалдар, сондай-ақ жабдықтар мен жиһазға жүкқұжаттардың көшірмелері және бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдар тізбесінің көшірмелері қоса беріледі);
4) МЖМБС және МДТО үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын орындауды қамтамасыз ететін "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" мамандығы бойынша білімі бар педагогтердің болуы (тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтер дипломдарының көшірмелері қоса беріледі);
5) жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды әзірлеу кезінде баланың ерекшеліктерін ескере отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті білім беру талаптарын орындау (бағаланатын кезеңге жеке оқу жоспары мен жеке бағдарламаның көшірмелері қоса беріледі);
6) баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын оқыту нәтижелерінің болуы (мектепалды жасындағы тәрбиеленушілердің жеке даму жоспарларының (карталарының) көшірмелері, олар болмаған жағдайда, ересек жастағы тәрбиеленушілер жоспарларының (карталарының) көшірмелері қоса беріледі);
7) "Денсаулық", "Қатынас", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеумет" білім беру салаларына негізделген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асыру (бағаланатын кезеңге перспективалық жоспар көшірмелері, сонымен қатар зияткерлік, спорттық, шығармашылық және көркемдік конкурстарға қатысу нәтижелері қоса беріледі);
8) тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің (бастапқы мониторинг) болуы (бағаланатын кезеңге мониторингтің көшірмесі қоса беріледі).
9. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:
1) МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы;
2) оқыту тілдері бойынша апталық оқу жүктемесінің сақталуы.
10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС 2-қосымшасына сәйкес туғаннан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесін игеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалауға қойылатын талаптар (осы Өлшемшарттардың 6 немесе 7-қосымшаларына сәйкес мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің, олар болмаған жағдайда, ересек жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жүргізілген сауалнама нәтижелері қоса беріледі).
11. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) МЖМБС мен МДТО үлгілік оқу бағдарламасында анықталған әрбір білім беру саласы және әрбір ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша жас топтары бойынша меңгеруге тиіс игеруге жататын білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктердің көлемін игеру (МДТО ҮОЖ әрбір білім беру саласы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің бір бейне материалы қоса беріледі);
2) жас кезеңіне сәйкес тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингі (қорытынды) нәтижелерінің болуы және талдау (осы Өлшемшарттардың 8-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте, мониторингісінің (қорытынды) көшірмелері қоса беріледі).
12. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:
1) жас кезеңдерін сақтау және топтарды бірдей жастағы немесе әртүрлі жастағы принцип бойынша жинақтау (осы Өлшемшарттардың 9-қосымшасына сәйкес жас топтары тізімдерінің көшірмелері қоса беріледі);
2) тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптарды сақтау.
2-параграф. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
13. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар:
1) білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі (бағаланатын кезеңге жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);
2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ЖББ ҮОЖ) және МЖМБС талаптарына сәйкестігі. Бағалаланатын кезеңге жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің көшірмелері қоса беріледі;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компонент пәндерінің базалық мазмұнын игеру;
4) білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру (бағаланатын кезеңге тәрбие жұмысы жоспарының көшірмесі қоса беріледі);
5) білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру (бағаланатын кезеңге қосымша сабақтар кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдар мен байқауларға қатысу нәтижелері қоса беріледі);
6) білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі);
7) ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру (бағаланатын кезеңге жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларының көшірмелері қоса беріледі);
8) ЖББ ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру (бағаланатын кезеңге вариативтік компонент сабақ кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері қоса беріледі);
9) "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын зерделеу;
10) "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру;
11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11716 болып тіркелген) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау. Біліктілік талаптарының сақталуы бойынша барлық растайтын құжаттары (жабдыққа арналған жүкқұжаттардың және/немесе бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі көшірмелері), осы Өлшемшарттардың 101112131417-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, оның ішінде жалпы білім беру ұйымы бойынша оқу және оқу-зертханалық жабдықтар мен жиһаздардың болуы жөніндегі бейне материалдар қоса беріледі.
14. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:
1) білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы;
2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы;
3) сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.
15. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен МЖМБС талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер) (білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамаларының, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ инвариантты компонентінің әрбір оқу пәні бойынша бір бейне материал қоса беріледі);
2) 2, 3, 4-сыныптар үшін оны орындау мүмкіндігін ескере отырып (астрономиялық сағаттарда) үй тапсырмасына қойылатын талаптарды сақтау;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау;
4) МЖМБС талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау;
5) 4, 9, 11-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және МЖМБС бекіткен тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау (білім алушылардың білік және дағды, білім сапасын бағалау ведомостарының көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 15 және 16-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер қоса беріледі).
16. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:
1) тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау;
2) сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау.
3-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағд

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет