Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет121/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   160
2 Ой-сана 8 том

Загвязинский Владимир Ильич
Көрнекті ғалым педагог, ғылыми зерттеуші ұжымды ұйымдастырушы, РБА академигі (1992), педагогика ғылымдарының докторы (1973), профессор (1975), 1930 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1952 жылы Тюмень пединститутын бітірген, мектептерде және Ишим пединститутында сабақ берді, (1966-70 жылдары – проректор). 1973 жылдан Тюмень университетінде педагогика жзәне психология кафедрасының меңгерушісі. 1994 жылдан бері РБА Сибирь бөлімі аймақтық орталығының төрағасы. В.И. Загвязинскийдің еңбектерінде педагогтың зертеуін оның еңбегінің жинақталған сапасы, әрі әрекетіне шығармашылық сипат беруші ретінде қарастырады. 90- жылдан педагогикалық жобалау және инновациялық үдерістер, жоғары мектеп педагогикасы, аймақтық білім беру мәселелерімен айналысады.
В.И.Загрязинский педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері, оқыту үдерісінің кіріккен бөліктері туралы тұжырымдаманы негіздеп, жоғары мектептің дидактикасы мен әдістемесіне зор үлес қосты. Ол педагогиканың әдіснамасымен үнемі үзбей айналысып келеді. Владимир Ильичтің ғылыми-педагогикалық және қоғамдық еңбегі жоғары бағаланып, ол Еңбек Қызыл ту орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Шығармалары: Противоречия процесса обучения. Свердловск, 1970,. Учитель как исследователь. М., 1980. Методология и методы дидактического исследования М., 1987. Пед.предвидения М., 1987. Лекции по дидактике высеой школы. Челябинск, 1989.
3.1.14 Загвязинский В.И. Дидактикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі
3. Дидактикалық зерттеудің әдіснамалық ұстанымдары

Әдіснамалық білім өзінің құрамына қарай теориялық білмге сәйкес, яғни оның құрамына деректер, болжамдар, идеялар, заңдар, ұстанымдар және кейбір басқа элементтер кіреді, сонымен қатар ғылыми ойлар, әдістер, теориялар әдіснамаға дәйектер болып қызмет етеді. Әдіснамалық білімнің ерекшелігі – оның ғылыми және ғылыми–тәжірибелік іс-әрекеттің ұстанымдары мен әдістеріне бағытталғандығында. Әдіснамалық білімнің зерттеу нысаны басқа – ол педагогика ғылымының өзі, пәні де басқа - педагогикалық зерттеудің мәселесі, құрылымы, әдістері, педагогикалық теорияның дамуының және оның жетістіктерін практикаға ендірудің ұстанымдары мен тәсілдері . Сол себептен әдіснамалық білім құрылымында анықталғанқағидалар заңдар мен заңдылықтар, жалпы зерттеу тұғырлары іс-әрекет ұғымдарында (тәсілдер, әдістер, рәсімдер т.б.) іске асырылатын ұстанымдар мен талаптар маңызды мағынаға ие болады.


Ұстаным мен талап арасындағы айырмашылықты біз мынадан байқаймыз: ұстанымның терең және толық ғылыми негіздемесі (обьективті заңдылықтарын) есепке алу (жетістіктер жолдарының әлеуметтік еспке алынуын көрсетілуі) және жалпылама түрде болуы. Талаптар педагогикалық жағдай бөлігін зерттеуге қатысты болады және оның негіздемесі осы немесе басқа ұстанымның (ұстанымдар қатарының) логикалық деңгейде соңынан жүріп отырумен шектеледі. Әдетте, нақты талаптар ұстанымдардан өрбиді, ал оларды қолдану педагогикалық жағдаяттың ерекшеліктерімен анықталады.
Дидактикалық және кез–келген педагогикалық зерттеудің негізге алынатын ұстанымдар педагогиканың мәні мен негізгі мазмұнына сәйкес жалапы ғылымилық партиялық және объективтілік ұстанымдары болып табылады. Партиялық ұстанымы кезкелген педагогикалық құбылысты және әсіресе, білім беру мен тәрбиенің мақсаттары, мазмұны кіммнің таптық мүддесіне қызмет етуі тұрғысынан бағалауды талап етеді. Обьективтілік ұстанымы барлық қорытындылардың, зерттеудің бастапқы жағдайларының және әрбір кезеңінің негізделген дәлелділігін талап етеді.
Деректердің шынайылығы тұжырымдардың шынайылығына қажет болып табылады, бірақ әрине, бұл жеткіліксіз шарт. Дәлелділік талабы ғылыми ізденістің баламалық сипатын белгілейді. Абстрактілі мағынада бұл талап барлық мүмкін болатын нұсқаларды бөліп алып және бағалап, зерттелетін сұраққа байланысты барлық ой- пікірлерді қорытып шығарады.
Обьективтілік ұстанымына мазмұны жағынан ғылымилық ұстанымы өте жақын келеді. Ол педагогикалық құбылыстарды нақтылы–тарихи тұрғыдан зерттеудің талаптарын анықтайды. Құбылыс сыртқы формасы жағынан бірдей болғанымен (сабақ оқытуды ұйымдастырудың бір формасы ретінде, оқыту әдістері ретінде әңгіме, әңгімелесу) қоғамның дамуының әрбір тарихи кезеңінде және белгілі бір әлеуметтік жағдайларда баасқа нақты тарихи мазмұнмен талаптармен толықтырылады. Б.Т. Лихачев осыған байланысты ең алдымен нақтылы–тарихи мақсаттар мен мазмұндардан педагогикалық байланыстар мен қызметтердің алшақтауына негізделген уақытша «технологиялық» теориялық үлгілеудің педагогика үшін қауіптілігін ескертеді. Маңызды әдіснамалыық талап – зерттелетін элементтер мен тұтас алғанда педагогикалық жүйенің үздіксіз өзгеретінін, дамитынын есепке алу қажеттігі.
Педагогикалық үдерістің және негізгі факторлардың әсерлерінің көптүрлілігі үдерістің нәтижесін анықтайтын, субординацияны орнататын негзгі және жанама факторлардың байланыстылығын анықтайтын шешуш факторларды бөліп көрсетуді қажет етеді. Құбылыстарды зерттеу деңгейінен мәнін тану деңгейіне өту үшін, зерттеу жұмысы оқыту–тәрбие үдерісінің диалектикасына, сандық және сапалық өзгерістің өзара өтпелілігіне, сонымен қатар дамудың одан да жоғары сатыларына өтуді оң өзгерістерді сақтай отырып оқып-үйренуге бағытталуы керек.
Педагогикалық зерттеу үшін аса маңыздысы - әрбір зерттеуде нысанның тарихы (генетикалық қыры), сонымен қатар оның теориясын (құрылымы), қызметтерін, қазіргі жағдайдағы нысанның байланыстарын үйлестіру. Тарихи талдау тек белгілі бір педагогикалық тұжырымдама тұрғысынан ғана мүмкін болады, ал теориялық талдау нысанның генезисін (шығуы, пайда болуы) зерделемейінше мүмкін емес.
Қарастырылған ұстанымнан сабақтастық, жинақталған тәжірибені және практиканың дәстүрлерін, педагогиканың бұрынғы жетістіктерін есепке алу талабы туындайды.
Жүйелілік тұғырдың мәні жүйелі нысандардың қасиеттерін табуға және оларды жетілдіруге көмектесетін келесі қағидаларда көрініс береді:
1. Сыртқы ортаға қатысты жүйенің тұтастығы, оны ортамен бірлікте зерттеу. Осы қағида тұрғысынан білім беру мәселелері жеке мәселелер болып табылады, бірақ ол қоғам әлеуметтік дамуы мен сұранысына байланысы терең зерттеледі.
2. Бүтіннің бөлшектенуі элементтерді бөліп көсетуге әкеледі. Элементтердің қасиеттері олардың белгілі бір жүйеге қатысына тәуелді, ал жүйенің қасиеттері оның элементтерінің қасиеттерімен тепе-тең емес. Айталық, оқыту үрдісінде мынадай элементтер ерекшеленеді: оқыту мақсаты, білім беру мазмұны, әдістемелік құрал, мұғалім әрекеті мен оқушы әрекеті. Бұлардың барлығы әртүрлі оқыту жүйесінде әртүрлі мазмұнға ие болады және өздері де маңызды дәрежеде бұл жүйелерді анықтайды.

  1. Жүйенің барлық элементтері күрделі байланыстар мен өзара әрекеттестікте болады. Олааардың арасынан осы жүйені анықтайтын аса мәнді жүйе құрушы баййланысты бөліп көрсету керек. Көпптеген зерттеушілердіңпайымдауынша, оқыту үрдісі үшін бұл байланыс әрекеттің өзара шартты байланыстағы екі түрі оқыту мен оқу арасындағы өзара әрекеттему деп есептелінеді.

  2. Элементтер мен байланыстардың жиытығы жүйелі нысандардың құрылымы мен оларды ұйымдастыру туралы түсініктеме береді. Бұл түсініктер жүейенің белгілі бір элементтерінің өзара байланыстылығы және өзара бағыныштылығының тәртібін көрсетеді. Мұндай негізгі оқыту элементтері көрінісі бар ұғымдар жүйесі: мақсат –мазмұн –шарт –құрал –нәтиже.

  3. Жүйенің элементтері арасындағы байланыстарды реттеудің арнайы тәсілі және сонымен қатар элементтердің өзгерісін мақсат қою, тиімді жолды таңдау, бақылау және түзету, талдауды қарастыратын басқару болып табылады.. Педагогикалық басқару – педагог жұмысының маңызды бөлігі, бірақ ол бұл жұмыстың барлық маңызддыылығын қамти алмайды.

Педагогикалық үдерісті тұтастық тұғыры арқылы зерделеуден бір қырлы, бір жоспарлы тталдауды оның нәтижелерін көп қырлы, көп жоспарлы түсіндірумен үйлестіре жүргізу талабы туындайды
Жоғарыда аталып өткендей, педагогикалық байланыстар мен заңдылықтардың анықталуының алғышарты – бұл немесе басқа құбылыстарды педагогикалық қырынан зерделеу. Й. Лингарт адами ілімнің мүмкін болатын 9 ққырының мазмұнын қарастырады. Олар: биологиялық, физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, аксиологиялық, кибернетикалық, философиялық, логикалық және педагогикалық.
Оқыту үдерісін педагогикалық зерделеу көпқырлы болуы керек, бірақ ол біртұтас болуы шарт. Осылайша талдаудың мазмұндық қыры оқу пәндері материаалын, негізгі ұғымдарын, идеяларын, теорияларын іріктеужәне құрастыру тәсілдерін, жаңашыл логикалық құрылымдарды жасауды қамтиды; үдерррістік-қимылдық қыры әрекет тәсілдерін, оларды қалыптастыруды талдауды қамтиды; тұлғалық-түрткілік қыры білім алуға түрткілерді, оқуға қызығушылықтардың, қажеттіліктердің қалыртасу үдерісін, оқушының типтік және сипаттамалық белгілерін негізге алады. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, оқыту үдерісінің қандай да болмасын бір қырын қарастыра отырып, зерттеуші үдерістің барлық басқа қырларын есепке алып отырған жөн, яғни тұтас алғандағы оқыту үдерісінен өрбіту керек. Зерделеу аспектісі зерттеудің мақсатымен тығыз байланысты. Мысалы, генетикалық аспект (құбылыстың пайда болуы мен оныңқалыптасу кезеңддерін зерделеу), болжамдық (құбылыстың даму болашағын болжау) және қызметтік қыры (педагогикалық құбылыстардың қызметін зерделеу және оларды басқару тәсілдерін оқып-үйрену). Зерттеу пәнінің күрделілігі оның көпжоспарлы болуы оны тұтас құбылыс ретінде тануды қиындатады. Тәжірибеде мұндай әрекеттер талдауының ретсіздігі мен жүйесіздігіне әкеп соғады. Сондықтан аса қиын құбылыстарды терең зерттеп білуде аналитикалық талдаудыың белгілі ұстанымына сүйенеміз. Нақты тақырыпта өзінің жетекші қыры болады. Мұнда біріншіден: қабылданған зерделеу қырының бірізділігі; екіншіден: басқа да қырлардың мүмкіндіктерін ескеру; үшіншіден: шыққан қорытындыны әділ бағалай отырып, оларды зерделеудің басқа қырларының нәтижелерімен салыстыру керек. Бұл аталған шарттарды орындаған жағдайда ғана зерттеу тек бірсарынды емес, сонымен қатар толық, көп қырлы, нақтылы зерделеу пәніне айнала алады.
Дидактикалық зерттеулер үнемі оқу және тәрбие үрдістерімен етене байланыста. Бұл дәйек зерттеу және тәжірибелік оқу-тәрбие жұмыстарының белгілі ұстанымында көрінеді. Қандай да болмасын сұраныс, мейлі ол дағдыланған, мейлі тәжірибелі болсын, олар оқу мен тәрбие жұмыстарын жақсартуды көздеу керек. Алдын-ала жоспарланған педагогикалық тәжірибенің нәтижесі белгісіз болады. Әрине, әрбір жаңа енгізулер тәуекелділікті қажет етеді, себебі шығатын қорытындыға әсерін тигізетін факторлардың барлығын есепке ала бермейміз, біз оны тек жоспарлау арқылы жүзеге асырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет