Білім алушылардың мектептегі өзін-өзі басқаруы білім беру процесін демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
Дебат – зияткерлік рөлдік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану біліктілігін қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады және оқушының болашақтағы өзін-өзі жетілдіруінің кепілі болатын нағыз білім беру технологиясы.
«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт». Оқу сауаттылығы – табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі.
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады және «Әліппе»/«Букварь» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етіледі. Іс-шараға бірінші сынып оқушылары ата-аналарының біреуіне қатысу ұсынылады. 2021 жылдың
1 қыркүйегінде 2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық сынып сағаты, ашық сабақ өтеді. Жаңа оқу жылында білім алушыларға мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сондай-ақ классикалық стилдегі ыңғайлы киіммен баруға рұқсат етіледі.
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске асырылатын болады:
- «Мектептің өзін-өзі басқаруы»;
- «Дебат» қозғалысы;
- «Оқуға құштар мектеп»;
- «Отбасы – мектеп»;
- «Құқықтық сана – қауымға пана»;
- «Дәстүр мен ғұрып»;
- «Еңбек – елдің мұраты»;
- «Үнем – қоғам қуаты»;
- «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет»
- «Қоғамға қызмет»;
- «Музей сабақтары»;
- «Театр сабақтары» жобасы.
Білім беру ұйымдарында 1-11-сыныптар аралығында экология бойынша сынып сағаттарын айына бір рет өткізу тәжірибесі өзекті болып қала береді.
Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастырады.
Орта білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлері (футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату,тоғызқұмалақ, қазақ күресі) бойынша мектептік спорт лигалар желісі мен спорт секцияларын кеңейту маңызды. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт лигаларын, қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша оқушылар спартакиадасын дамыту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |