2. Ғылыми зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру;
3. Информатика мен компьютерді
қолдану саласында мектеп
оқушыларын еңбекке, мамандық дайындығына қамтамасыз ету;
4. Оқушылардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру.
Сабақтан тыс жұмыстар, үйірме, факультатив, экскурсия, олимпиада,
түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл жұмыстардың ерекше түрі болуы
мүмкін:
компьютерлік клубтар;
жаз бағдарламалаушылардың күнделікті
және сырттай
мектептері;
мектептен тыс арқылы жұмыстары.
Сабақтан тыс жұмыс мақсаттары, мазмұны мен тәсілдері
бойынша
оқу үрдісінің сабақтан тыс уақыттағы жалғасы бола отырып,
онымен
үйлеседі және үнемі еріктілік сипатта бола бермейді.
Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы рөл педагогтың
үлесіне тиеді. Оған пән мұғалімдері дарынды оқушылармен бағдарламалық
материал бойынша білімдерін көтеру мен тереңдету үшін,
сонымен бірге
артта қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізетін жұмыс мысал
бола алады.
Оқудан тыс жұмыс – бұл негізінен оқушылар ұжымдарына
мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің бағдар беруімен оқушылардың өзін-
өзі басқаруды, белсенділігі негізінде жүргізілетін сыныптан тыс шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі әрекет түрлерінің
жиынтығы,
оқушыларға оң ықпал етудің кең мүмкіндіктеріне ие және сабақтағы
жұмыспен өзара байланыста жүзеге
асатын мұғалімнің оқу-тәрбие
жұмысының жеке дара аясы болып табылады. Осыған байланысты сыныптан
тыс іс-шаралардың кейбір түрлерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: