Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы
PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНІҢ ТЕСТ
ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
АСТАНА 2014
М ...................................................
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ»1 БОЛА АЛАМЫН БА?
Мен де алмасу оқушысы бола аламын ба? Бұл ой мені қорқытады, бірақ, сонымен бірге өте қызығарлық. Егер мүлде қорықпасаңыз, бұл таңданарлық болар еді. Ең бастысы - сіз мұны қалайтыныңыз және сіздің күтулеріңіз толық орындалуы.
Үміткерден не талап етіледі? Оқушылар алмасумен шұғылданатын әр түрлі ұйымдардың талаптарының айырмашылығы аз ғана, бірақ олардың барлығы үміткердің жасына, бітірген сынып санына, үлгеріміне және жеке басының қасиеттеріне нақты талаптар қояды. Әдетте жас шамасы 15-тен 18-ге дейін. Оқушы негізгі мектепті (9 сынып) немесе 10 сыныпты бітіруі талап етіледі.
Оқушылар алмасу жұмысының алғашқы жылдарымен салыстырғанда, қазіргі кезде, үлгерім шешуші фактор емес. Көптеген жағдайларда, «орташа үлгерім» жеткілікті болады. Үлгерімнің біршама төмен деңгейінің есесі әңгіме өткізу кезінде оқушының жақсы әсер қалдыруымен қайтарылуы мүмкін. Көп жағдайларда мектептен немесе мұғалімнен мінездеме қажет болады. Бұдан басқа, өтінішіңізге сіздің мектептегі бағаларыңыз бар көшірмені қосу керек.
Тілді білу жиі жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша экзамен арқылы бағаланады. Сірә, үміткерден шет тілінде жүгіртіп сөйлей білу талап етілмеуі тиіс, өйткені тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр. Әңгімелескенде үміткерлер күнделікті өмірдегі қатынаста ең болмағанда өздерінің пікірі мен қалауын қарапайым сөздермен білдіруі және қысқаша, жеңіл-желпі сөйлесе алуы ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |