ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгиканың ҰлттыҚ ғылыми-пРактикалыҚ орталығы


Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім



Pdf көрінісі
бет2/46
Дата23.09.2022
өлшемі436.37 Kb.
#461180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
ЕРЕКШЕ БІЛІМ лекция
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім 
беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) (ебҚ) - 
даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары-
на, орталық факторларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық
лингвистикалық, мәдени) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты 
немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар);
ерекше білім беру қажеттілігі - оқу-дамыту барысындағы сапалы білім 
алуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік;
білім алу үшін арнайы жағдайлар - ерекше білім берілуіне қажеттілігі 
бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және 
білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу 
бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге құралдарды, 
тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де 
көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
психологиялық- педагогикалық қолдау - педагогтар мен мамандардың 
жүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері 
мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік-
психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады;
арнайы кабинет - ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға 
мамандарының психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге арналған 
топтық және жеке сабақтарды жүргізуі үшін жабдықталған бөлме
(сыныптық бөлме);
Қысқартылған оқу бағдарламасы - оқушының жеке мүмкіндіктерін еске-
ре отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде 
құрылған оқу бағдарламасы;
жеке оқу бағдарламасы - зияты зақымдалған оқушының жекелік
мүмкіндіктері ескеріле отырып құрастырылған оқу бағдарламасы;
ҚР мжмбс - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға 
міндетті білім беру стандарты;
пмпк - психолиялық-медициналық-педагогикалық кенес;
ппҚҚ - психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі;
ЭыДҰ - экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы;
бҰҰ - бірккен ұлттар ұйымы;
тжкб - техникалық және кәсіби білім;
пптк - психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;
нтгс - назар тапшылығы және гипербелсенділік синдромы;
асб - аутистік спектрдің бұзылуы.


5
КІРІСПЕ
көптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік 
талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз 
білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының 
заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға 
сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет