ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгиканың ҰлттыҚ ғылыми-пРактикалыҚ орталығы


Инклюзивті білім беру баланы емес, жүйенің өзгеруін болжайды



Pdf көрінісі
бет5/46
Дата23.09.2022
өлшемі436.37 Kb.
#461180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
ЕРЕКШЕ БІЛІМ лекция
Инклюзивті білім беру баланы емес, жүйенің өзгеруін болжайды
Ол барлық балалар әртүрлі екенін мойындайды, ал мектептер мен білім беру жүйесі 
барлық оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімделуі тиіс. .. инклюзивтілік барлығын 
бірдей етуге ұмтылуды білдірмейді. Оның негізгі компоненті-икемділік, балалардың түрлі 
жылдамдықпен оқитынын тану, ал мұғалімдерге оқыту процесінің икемділігін қолдау үшін 
арнайы дағдылар қажет.
көп жағдайда балаларға жақсы, түсінікті, қолжетімді оқыту қажет. бұл өз кезегінде баланың 
жеке қажеттіліктеріне, қабілеттері мен даму ерекшеліктеріне сәйкес келетін түрлі әдістерді 
пайдалануды көздейді.(«барлығы үшін мектептер. арнайы білім алу қажеттілігі бар бала-
ларды білім беруге қосу». «спасите детей» қоры лондон, 2002 ж) 
ерекше білім беру қажеттілігі - бұл әр оқушының оқуы табысты бо-
луын қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық 
әдістермен жүзеге асырылатын оқу үдерісіндегі көмек пен қызмет көрсету 
қажеттілігі.
жалпы білім беруді дамыту инклюзивтілік принципті негізге ала 
отырып, білім берудегі құндылықты бағдарлардың өзгеруін болжайды. 
инклюзивті білім берудің негізгі құндылықтары оқу үдерісінің барлық 
қатысушыларына төмендегілерді мәлімдейді:


9
- мүмкіндіктердің алуан түрлілігін кедергілер мен проблемалар емес, ре-
сурстар ретінде қарастыру. мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру 
және оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдағы толе-
рантты мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің ресурстары. бір оқушының 
қиындықтарын жеңуге қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда 
әкеледі; 
- оқу үдерісін оқуда жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес, 
барлық сынып оқушыларына бағдарлап құру;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды тек мамандармен (ло-
гопед, арнайы педагог, психолог, жеке көмекші) ғана емес, барлық білім 
беру процесіне қатысушылар тарапынан және де бірінші кезекте мұғалім 
тарапынан қолдауды қамтамасыз ету;
- оқу процесінде оқушыға көмек көрсету мәселелерін командалық 
тәсілмен шешу;
- оқушыларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру кезінде "кемсітуден" 
бас тарту. көмек "инклюзивті білім алушы", "ерекше", "дағдарысты", 
"инклюзияға жататын" балаларға емес, оқушылар қауымдастығының толық 
құқылы мүшесі болатын оқушыға көрсетіледі. кемсіту дисриминацияның 
көрінісі болып табылады.
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың табысты оқуы үшін мек-
теп олардың жеке ерекшеліктеріне қарай барлық қажетті оқу жағдайлары 
мен қызметтерін жасауы керек [4]. 
сапалы білім алудың жағдайларына халықаралық қауымдастық 
төмендегілерді жатқызады:
- оқушылардың алауан түрлі мүмкіндіктерін қабылдай алатын 
мұғалім;
- білім алушының қажеттілігіне қарай білім мазмұнын бейімдеу;
- білім алушының түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқу процесінің формасын 
ұйымдастыру, оқытудың көпнұсқаулығы мен амал-тәсілдерін қолдану;
- білім алушылардың жетістіктерін әртүрлі тәсілмен бағалау;
- мамандардың көмегі;
- жеке сабақтарды жүргізу үшін техникалық құралдармен, оқу-
әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
- ерекше білім беру қажеттіліктерін барлық деңгейде (орталық, аудан, 
мектеп) қамтамасыздандыру процесін басқару.


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет