Математикалық модельді жасаудың эмпирикалық әдісі ("қара жәшік" әдісі).
Бұл жағдайда жүйенің құрылымы белгісіз, қара жәшікте жасырылған деп есептелінеді. Оны тек жүйенің кіруі мен шығуы жүйеге кіргізілетін әсерлерге оның жауап беруі бойынша ғана білуге болады. Кірудің осындай өзгерісі мен жауап беруді анықтау эксперимент болып табылады. Алынған нәтижелер эмпирикалық теңдеулер жүйесімен сипатталады. Бұл теңдеулер жүйенің математикалық моделі болып табылады. Эмпирикалық әдістің артықшылығы – оның қарапайымдылығы, кемшілігі – зерделеген факторлардың және жүйенің жауап беру шектерінен тыс жерде экстраполяциялаудың сенімсіздігі. Бақыланбайтын факторлардың негізгі үш себебі болады:
1. Берілген факторлардың жүйеге айтарлықтай әсері туралы ақпараттардың жетіспеушілігі;
2. "Адам факторы" – ол жеке адам, оны осы жүйемеен жұмыс істегендегі көңіл-күй жағдайы.
3. Әсердің кездейсоқ сипаты-экспериментте ол тәжірибелердің кездейсоқ қателері, өндірісте режимнің кездейсоқ әсерлері ("шулары").
Жүйелік талдау –ол күрделі жүйелерді зерделеудің стратегиясы. Күрделі жүйелерге химиялық технологияның да, химиялық өндірістіің де процестері жатады. Оның зерттеу әдісі ретінде математикалық модельдеу пайдаланылады, ал оның негізгі принципі - күрделі жүйені қарапайым жүйешелерге декомпозициялау (жүйе иерархиясының принципі). Бұл кезде жүйенің математикалық моделі блоктық принциптен құралады: жалпы модель блоктарға бөлінеді, олардың математикалық сипаттамалары айтарлықтай қарапайым болады. Барлық жүйешелер өзара қарым-қатынаста болады да, бір математикалық модель құрайды.
Жүйелік талдау негізіне келесі ережелер жатады:
1. Зерттеу мақсатын нақты тұжырымдау;
2. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін мәселелер қойып, мәселелерді шешудің тиімділік көрсеткіштерін (критерияларын) анықтау;
3. Негізгі этаптарды және мәселелердің шешу бағыттарын көрсете отырып, зерттеудің жайма жоспарларын әзірлеу;
4. өзара байланысты этаптардың барлық кешені бойынша пропоционалды-тізбектелген түрде алға жылжу;
5. Жеке этаптарда зерттеудің тізбектелген жуықтаулары мен қайталанатын циклдерді ұйымдастыру.
6. Құрамды жеке мәселелерді шешудегі синтездің төмендейтін иерархия принципі.
Алдымен процестің гидродинамикасы мен ағындардың құрылымын, содан соң жылу мен заттың тасымалдануының әсерін, одан кейін химиялық кинетиканы зерделейді де, материалдық және жылулық баланстарды жасайды. Жүйенің функциялануы (жұмыс істеуінің) математикалық сипаттау жалпы түрде теңдеулердің жүйесі түрінде болады:
(1)
функциясының түрін анықтау мүмкін емес, өйткені ол функцияның аргументтері (Z факторы кездейсоқ "шығымдар") белгісіздер. Алайда (1) теңдеуді мынадай түрде жазуға болады:
(2)
Енді процестің математикалық моделін жасау мәселесі F функциясының түрін анықтау және шумды бағалаудан тұрады. Математикалық модель деп әдетте теңдеулер жүйесін айтады:
(3)
мұндағы шуды бағалауды бөліп жеке мәселе етеді. (3)- функцияның түрін құрылымдық тәсіл немесе эмпирикалық әдіспен табады.
Достарыңызбен бөлісу: |