Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі


Томсон және Тартаковский тәжірибелері



бет7/14
Дата06.10.2022
өлшемі4.78 Mb.
#462093
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Теориялық физика 1 силлабус

Томсон және Тартаковский тәжірибелері. Рентген сәулелері үшін Дебай және Шеррер ұсынған әдісті қолданып, Дж. Томсон және С.Тартаковскиий (1928 ж.) жұқа поликристталдық пленкалар арқылы электрондар өткенде пайда болатын дифракциялық көрініс дәл Дебай-Шеррер рентгенограммалары сиақты болатындығын көрсетті. Тәжірибе схемасы 3.4-суретте кескінділген.
шапшаң электрондардың (1) жіңішке шоғы жұқа (2) поликрис-талдық пленканы атқылайды. Дифракцияланған (3) электрондар шоғы (4) фотопластинкаға түседі. Сонда бұл пластиканың бетінде орталығында тұтасқан дағы бар бірнеше концентрлік шеңберлер (сақиналар) түріндегі көрініс пайда болады. Осы электронограмма 3.5-суретте көрсетілген.
Сөйтіп Дж. Томсон тәжірибелерінің нәтижелері электронның толқындық табиғаты жөніндегі де Бройль гипотезасының дұрыс екендігін көрсетеді.
Дж. Томсон тәжірибесінде шапшаң электрондар шоғы пайдаланғандығы айтылған болатын. Ал орыс физигі П.С. Тартаковский баяу қозғалатын электрондар шоғын жұқа слюда, алюминий пленкадан өткізіп, жоғарыда айтылғандай дифракция құбылысын байқады. Сонымен тәжірибе жүзінде электронның толқындық табиғаты толық дәлелденді.
3.1-кесте

Металл

Тордың тұрақтысы d , нм рентгенсәулесі электрондық шоқ

Аl

0,405

0,406-0,400

Аu

0,406

0,418-0,399

Рb

0,492

0,499



Молекулалық шоқтармен жүргізілген тәжірибелер. Де Бройль жорамалына сәйкес кез келген материялық бөлшектердің, соның ішінде атомдар мен молекулалардың толқындық қасиеттері болуға тиіс. 1929 ж. Штерн және оның қызметкерлері жүргізген тәжірибелері де Бройль жорамалының нейтрал атомдар (Не) мен молекулалар ( ) үшін дұрыс екендігін көрсетті.
Молекуланың де Бройль толқын ұзындығын бағалау үшін формула:
  (3.8)
Осы өрнектегі универсал тұрақтыларды сандық мәндерімен алмастырамыз, сонда:
  (3.9)
Мысалы,   жағдайында М=2   болады;  - протон массасы. Егер Т=300 К болса, онда λ=0,1 нм. Осы мысалдан жеңіл атомдар немесе молекулалар үшін де Бройль толқын ұзындығы кристалдық тордың атомдық жазықтарының аралығымен шамалас екендігі көрінеді. Сондықтан тәжірибенің сәтті болатынына үміттенуге болады. Осылай болды да: тәжірибелерде атомдар мен молекулалардың толқындық қасиеттері байқалды. Штерн тәжірибелерінің схемасы 3.6-суретте көрсетілген.
Т температурадағы пештен шығатын атомдар немесе молекулалар ағыны LiF кристалының бетіне   бұрышпен түсіп, шашыраған.
Сутегі молекуласының дифракциясы да LiF кристалында байқалды. Сутегі молекуласы үшін интенсивтіліктің таралу қисығының ттүрі 3.7-суреттегідей болды. Тәжірибе нәтижелері де де Бройль формуласымен жақсы үйлесті.
Сонымен тәжірибе жүзінде толқындық қасиеттер тек электронның ерекшелігі емес, дәл осындай дәрежеде атом және молекулаларға тән қасиет екендігі көрсетілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет