Қазақстан республикасының білім


Амфотерлік гидроксидтер тобы катиондарының анализ әдістері және сапалық реакциялары (төртінші аналитикалық топ катиондары)



бет9/20
Дата19.04.2023
өлшемі374 Kb.
#472379
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Аналитикалық хим.лаб

Амфотерлік гидроксидтер тобы катиондарының анализ әдістері және сапалық реакциялары (төртінші аналитикалық топ катиондары)


Жұмыстың мақсаты: Амфотерлі гидроксидтер тобы катиондарының анализ әдістерін және сапалық реакцияларын зерттеу.
Жұмыстың міндеттері: Амфотерлі гидроксидтер тобы катиондарының анализ әдістерін және сапалық реакцияларын орындау және алынған нәтижелерді қорытындылау.


Теориясы 190-шы бетте Пономарев В.Д.
Жұмыстың барысы:
Алюминий катионын анықтау тәжірибелері
1-ші тәжірибе. 0,5 мл А1С13 ерітіндісіне 1,5—2 мл NH4OH ерітіндісін қосып, қыздырыңдар. Түзілген тұнбаның қасиетін сынаңдар.
Аммоний гидроксиді (артық мөлшері) А13+ иондарымен ақ тұнба түзеді:

А1С13 + 3NH4OH = А1(ОН)3 + 3NH4C1


Тұнба қышқылдарда, сілтілерде ерігіш, ал аммоний тұздарында ерімейді.


Al(OH)3 + 3NaOH = Na3[Al(OH)6]


Na3[Al(OH)6] = NaAlO2 + 2H2O + 2NaOH


Реакция жүргізу тәртібі: а) ортаның сілтілі болуы — рН>7; ә) реакцияны қыздыру; б) NH4C1 тұзы реакция нәтижесінде көп түзілуі қажет.

Ескерту; натрийдің алюминаты аммонийдің хлоридінің қатысында қыздырғанда гидролизге ұшырайды:


NaAlO2 + H2O + NH4С1 = А1(ОН)3 + NH3 + NaCl


Бұл реакцияны жүйелік талдауда алюминийдің катионын басқа катиондардан бөліп алу үшін қолданады.


2-ші тәжірибе. Натрий гидроксиді А13+ иондарымен ақ түсті тұнба түзеді, тұнба реактивтің артық мөлшерінде ериді. 1 мл А1С13 ерітіндісіне 2-3 тамшы NaOH қосыңдар. Түзілген тұнбаның қасиетін сынаңдар.

Реакциялары бірінші тәжірибеге ұқсас!




3-ші тәжірибе. Сүзгі қағаздың дәл ортасына 1-2 тамшы А1С13 тамызып, 1,5 минут NH4OH құйылған ыдыс бетінде ұстаңдар. Түзілген А1(ОН)3 гидроксидіне қызыл ализарин S-тің спирттегі ерітіндісін тамызыңдар. Сүзгі қағазды жалында еппен қыздырғанда, қызыл күлгін түс ашық қызыл түске өзгеріп, «алюминийлі лак» түзіледі.
240 –шы бетте Пономарев В.Д. бұл реакцияны алюминийдің катионы алюминонмен де және моринмен де береді. Яғни алюминий лак түзіледі.
8-Оксихинолинмен сары жасыл тұнба береді, лак түзбейді.
4-ші тәжірибе. Өте сұйытылған Co(NO3)2 ерітіндісі тенар көгі деп аталады. Фильтр қағазының тілшігін алдымен зерттелінетін ерітіндіге, сосын сұйылтылған азот қышқылы ерітінділеріне малып, спирт шамы жалынында абайлап қыздырып, кептіріңіздер де, өте сұйытылған (0,05 н) Co(NO3)2 ерітіндісіне қайта малып, спирт шамы жалынында күйдіріңдер, жалын қара көк түске боялады.
Реакция тендеулерін жазыңдар:

2A12(SO4)3 + 2Co(NO3)2 → 2Со(А1О2)2 + 6SO3 + 4NO2 + О2


Кобальттың
Алюминаты
Көк түсті


5-ші тәжірибе. А1С13, CrCl3, ZnCl2, Na2HAsО4 тұздарынан 5 сынауыққа құйып, әрқайсысына 4 тамшыдан натрий немесе калий гидроксидтерін тамызып, шыны таяқшамен араластыру. Гидроксидтердің ерігіштігін сынау үшін 6-7 тамшы натрий немесе калий гидроксидтерінің артық мөлшерін құйып, шыны таяқшамен араластырыңыздар.
Хром гидроксиді мырыш ионымен Cr2(ZnО2)3 хром цинкатын түзетін болғандықтан, сілтінің артық мөлшерінде ерімейді. Бұл құбылыс тұндыру процесіне жататындықтан, аналитикалық анализ барысында қолданылады.
Na2CO3, К2СО3, (NH4)2CO3 ерімтал карбонаттары Al3+, Cr3+, Sn2+, Sn4+ иондарын өздеріне сәйкес гидроксидтер түрінде тұндырады. Ал Zn2+ катионы As3+, As5+ иондарын тұндыра алмайды.

Хром катионын анықтау тәжірибелері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет