Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы ж. А. Бейсенбекова; Д. Ж. Тайжанова



бет4/4
Дата09.06.2016
өлшемі499 Kb.
#124946
1   2   3   4

Тромбоэмболия

Өкпеге адам денесіндегі барлық веналық қан жиналып, көмір қышқыл газын оттегімен алмастырып, жүрекке барып, денеге жайылады. Егер жамбас және аяқ тамырларында тромб болса, өкпе артериясы арқылы өтеді, тромб яғни эмболия осы өкпе артериясында тұрып қалса (өкпе артериясындағы тромб -ӨАТ) қан жүрмей қалады да, 10 % мөлшерінде өкпе инфаркты болып, өлім қаупі 20 % өседі.

Ауру екі түрде болуы мүмкін:

1) жедел өкпе артериясының тромбысы-үлкен тромбының тұрып қалуы өлімге шұғыл ұшыратады; 2) біртіндеп дамитын ӨАТ.

Әдетте аурудың көріну белгілері айқын. Ең алдымен кеудеде кенет өте қатты ауырсыну байқалады, дем алуға ауа жетпей, ауру қатты қиналады, қорқыныш туады, басы айналып, жүрегі қобалжиды. Кейінрек ыстығы көтеріліп қан қысымы төмендеп, демігеді, тамырдың соғуы жиіленіп, еріндері көгеріп, ауру ағара бастайды.

Өкпені тыңдаған мезгілде тыныс алуы шамалы естіледі, плевраның бір-біріне сүйкелгені, дымқыл сырыл, 3 тәуліктен кейін қан қақыруы мүмкін, жүректің оң бөлімінің жұмысында ауырлық, жүрек еттерінің оттегімен жабдықталуы нашарлайды, пароксизма байқалады. Рентген сәулесімен тексергенде өкпеде қабыну тәріздес көлеңкелер, түбірі кеңейген, қан тамырлары үзілгені көрінеді. Қан өте тез ұйиды.

Тромбоэмболиядан сақтандыру үшін жарақаттанған ауруларға дәрілер құйып, қан ұйылуына қарсы көмектер (антикаогулянттар, ауырған мүшені таңып тастау) жасайды.

Емдеу тәсілдері күрделі: қан тамырларын босаңсытып, қан ұюын басатын және қан айналысын түзейтін дәрілер қолдануы керек. Ол үшін қан тамырына 100000 бірлік гепарин, 100000 бірлік фибринолизин, тамшылап 6 сағат арасында, сонда қанның ұю уақыты 20 минуттан аспау керек. Содан кейін гепаринді 5000 бірлік 4 сағат сайын тамырға салады. Екі күннен кейін гепариннің мөлшері 2000, ал кейінірек 1000 бірлікке түсіреді (250-ден 4 рет).

Қан ұю орында уақыттан бастап, гепариннің орнына жанама антикаогулянттар қолданады (фенилин 0,33-3 рет күніне). Сонымен қатар реополиглюкин (микроқан айналысын түзейтін дәрі) 800,0 РР, С витаминдерін қосады, тағы қосымша 200,0 0,5 % глюкоза сұйығын, но-шпа дәрілерін салады.

Диагнозын анықтауда қан тамырларына бейнелейтін дәрі жіберіп рентген сәулесімен зерттейді, егер тромб бола қалса, сол катетер арқылы тромб ерітетін дәрі жібереді (стрептокиназа, фибринолизинді), гепаринмен қосымша емедейді.

Кеуде жарақатын белестерде емдеу негіздері

Бірінші медициналық көмек. Өзіне-өзі, бір-біріне көрсеткенде залалсыздандырылған (асептикалық) таңғыш салу қажет. Кеуде жарасын ашық пневмотороксы болған кезде, герметикалық (окклюзиялы) таңғышпен жабады. Ол үшін жекеше таңғыш пакетінің клеенкалы қабын қолданады. Жаралыға анальгетиктер енгізіп, ішуге антибиотиктер береді. Кеудесі басылып қалған кезде, бірінші көмек-одан босатып, аузын қаннан және топырақтан тазарту, жаралының тыныс алуына қолайлы жағдай жасау (басын артқа шалқайтып, қолын сыртқа қояды, көтеріңкі жағдай жасайды).

Жаралыларды зембілмен алып шығады. Басының астына шинелін бүктеп төсейді немесе зат қоржынын және басқа заттарды қолданып жартылай отыратын жағдай жасалынады. Егер аузынан қан құйылу тоқтамаса, зембілдің бас жағын еңкейтіп алып кетеді.



Дәрігерге дейінгі көмек. Өмірін сақтап қалуға бейімделген шаралар жүргізіледі: жоғарғы тыныс жолдарының бітелуін болдырмайды, ашық пневмоторакс болғанда окклюзиялы таңғыш салады, қақпалы пневмоторакс болғанда жуан инемен кеуде қуысынан ауаны сорып алады. Асфиксияның әсерінен дем алу тоқтағанда ауыз қуысын сілекейден, қаннан және топырақтан тазартады, жасанды дем алуын жүргізеді, оған түтікше пайдаланады. Бірінші кезекпен мол қансыраған, ашық пневмотораксы бар, асфиксиясы болған жаралылар ПМП-ға жіберіледі.

Бірінші дәрігерлік көмек. Жараланғандар ПМП-ға жеткізілгеннен кейін медициналық сұрыптау жүргізіліп, оларды мына топтарға бөледі:

1) қабылдап –сұрыптайтын бөлмеде көмек қажет ететіндер және келесі белеске жөнелтілетіндер:

2) алғашқы дәрігерлік көмекті ПМП-ның таңатын орнында қажет ететіндер.

Қабылдап-сұрыптайтын бөлмеде кеудесіне жарақат алған жаралылардың алғашқы салынған таңғыштарын бақылайды, қажет болса оларды түзетеді. Наркотикалық, жүрек-қан тамыр дәрілерін енгізеді. Қабырғаның жабық сынығында кеудеге қысып тұратын таңғышты дем шығарғанда салады.

ПМП-ның таңатын орнында бірінші кезекпен сыртқы қан ағысы тоқтамаған жаралыларды, қақпалы пневмотораксы ұлғайғандарды, ашық пневмоторкасы толық бекітілмегендерді, асфиксиясы анық көрінгендерді жібереді. Ессіз жатқан жараланғандар, қақпақшалы пневмоторакспен және басқа дем ала алмайтын жағдайлар кезінде, ауыз немесе мұрын-кеңірдектік интубация жасалынады, ол трахеостомия жасауға қарағанда жеңіл көмек болып саналынады.

Алғашқы көмек алғандардың ішінде кеуде жарақатының салдарынан қуысына қан ағу тоқтамағандарды, жүрек тампонадасы болғандарды және іш-кеуде жарақатын алғандарды келесі белеске жедел жөнелтеді. Кеуде жарақатын алғандардың басы мен кеудесін 450 дейін көтеріңкі қояды.

Кеуде жарасынан сыртқа қан аққанда оны уақытша тоқтату үшін жараны ілмекпен ұлғайтып, оның түбіне қарай кең дәке (тампон) тығынын қан аққан жерге дейін енгізеді де, жараның өзін тығыз тығындайды. Жарадағы тығынды сыртынан шеңберлеп бинтпен байлайды, жабысқыш пластырмен бекітеді немесе терең іліп, жіппен тігеді. Кеуде жарасының қан ағуын тоқтату үшін қысқыштарды пайдалануға болмайды.

Мынаны есте сақтау керек, герметизация жасағаннан кейін «сорғыш» пневмотораксқа көшуі мүмкін, бұл жағдайда қосымша кеуде қуысына жуан ине енгізеді.

Ашық пневмоторакс болғанда окклюзиялық таңғышты көп қабатты дәкемен жасайды, ал астыңғы қабатын индиферентті майларға шылайды. Сыртынан таңғышты бірнеше қабат бинтпен бекітіп, жабысқыш пластырмен ұстатады.

Кеуде қуысына енген жарақат алғандарда вагосимпатикалық новокаин қоршауын жарақат алынған жағына жасайды.

Мамандандырылған медициналық көмек көрсететін белеске ең алдымен жүрегі жаралаған деген күдік туғандарды, ішіне қан аққандарды және өкпе-жүрек қызметі нашарлағандарды жөнелтеді.

Ішкі ағзалардың ашық және жабық жарақаты

Ішкі ағзалардың жарақаты жалпы жағдайы 5 % шамасында кездеседі, бірақ осы күнге дейін өлім қаупі әлі де жоғары. Әрине, бұл көрсеткіш жарақаттың түріне, көлеміне байланысты, сонымен қатар зақымданған кезден операция жасалғанға дейінгі уақыт ең негізгі көрсеткіш. Егер де операция жарақат алғаннан 6 сағат арасында жасалса, өлім қаупі 10 % -тен аспайды, ал егер уақыт 2 күнге дейін созылса, өлім қаупі 60 % дейін көбейеді.

Іш ағзаларының жарақаты іш пердесінің бүтіндігіне байланысты, ашық және жабық түрінде кездеседі.

Жабық іш жарақаты өтпейтін контр (қарсы) соққы салдарынан пайда болса (ішке тиген соққы, жоғарыдан құлау, машина жол апаты) диагнозын анықтау жолдары күрделі және қиын жағдай. Егер де жабық іш жарақаты күрделі жарақаттармен үйлессе (қабырға, омыртқа, жамбас сүйектерінің сынығы т.б.) немесе іш пердесінің сыртындағы кеңістікті жарақаттаса диагнозын анықтау тіпті қиындыйды.



Жекеленген іш ағзаларының жарақаты. Талақ (көкбауыр) зақымы біршама іш ағзаларының жарақаты арасында 25 % жиілікте кездеседі. Талақ жарақаты негізінен тікелей соққыдан туады (жоғарыдан құлаған мезгілде белдің, арқаның зақымында, соққы кеуденің төменгі бөліміне тиіп, төменгі ІХ, Х, ХІ қабырғалар сынғанда, сынық ұшы талақты да зақымдайды). Мезгіліне байланысты алғашқы талақ жарақатымен қатар екінші қайтара (жарақат алғаннан кейін 7-11 күн арасында) талақ зақымы айқындалуы мүмкін. Мұндай жағдайда екікезеңді немесе екіфазалы зақым деп атайды. Мұның себебі, алғашқы алған жарақатта талақ зақымданып, талақ қапшығынан астына қан жиналады, бірақ қабығы сау қалғандықтан қан ішке жайылмайды, ал егер қан аққаны тоқтамаса бірте-бірте ұлғайып, талақ қабығы жарылып, қан ішке жайылады да, аурудың жағдайы нашарлай түседі.

Талақтың жабық жарақатының белгілері: ауру ағарып, есеңгіреп, естен танады, іші ауырып, ауырсыну кеудеге, сол иыққа, жауырынға ауытқиды, тыныс алуы нашарлайды.

Тамырдың соғуы жиілейді, ал егер қансырау ұлғайса тамырдың соғуы білінбеуі мүмкін, қан қысымы төмендейді, қанның қызыл түйіршіктері азаяды. Ауру негізінен сол жағымен жатып, екі аяғын ішке тартады. Егер ауруды аударса, ол қайтадан сол жағына қарай аударылады, ал шалқасынан жатқызсаң ол отырады, яғни ауырсынуды азайту амалын ойлап отырып-жатады (ванька-встанька белгісі), ішті алақанымен сипалап байқаса, алғашқыда іш жұмсақ, ал мезгіл өткен сайын қатаюы мүмкін. Әрине талақ жарақаты тек қана операцияны тілейді. Мүмкіндігіне қарай талақты сақтап қалған жөн, мүмкін болмаса оны алып тастайды (спленэктомия).

Бауыр жарақаты «нүктелі» (инемен немесе бізбен соқса) жарақат, өте үлкен зақым. Негізінен құлағанда, ауыр соққыдан, машина апатында, екі заттың арасында қысылғанда, оқ тигенде бауыр жарақаты пайда болуы мүмкін, жиірек оң бөлігі зақымданады.

Көріну белгілері-бауырдың зақымданған көлеміне байланысты, негізінен қансыраумен байқалады: тері беті ағарып, басы айналып, есінен тануы мүмкін. Қан қысымы төмендеп, тамырдың соғуы жиілейді, іші азырақ кеуіп, қолмен сипалағанда бауыр орналасқан жағының ауырсыну белгілері білінеді. Щеткин-Блюмберг белгісі байқалуы мүмкін. Бауыр жарақатында шок асқынуы жиі кездеседі де, ауру өте ауыр жағдайда болуы мүмкін. Емдеу тәсілі тек қана операция, жыртылған бауырды тігу.



Ұйқы безі жарақаты негізінен тікелей (қатты затқа не суға ішімен құлағанда, автомобиль апатында), жанама соққыдан пайда болады; орта есеппен 1 % көлемінде ұйқы безінің жарақаты өте ауыр жағдайға ұшыратады. Мұнда шок белгілері көрінеді, іште, асқазан аймағында қатты ауырсыну байқалып, ол арқаға білінеді. Іш кебеді, ауру құсады, ыстығы көтеріліп, тамырдың соғуы үдейді. Арнаулы белгісі шеңберлі ауырсынудың көрінуі және зәрде диастаза ферментінің ұлғаюы.

Емдеу тәсілдері алғашқыда жай дәрімен емдейді, (ұйқы безі аймағында суық грелка немесе мұз, белге новокаин тосқауылы, протеаза ферменттері), ал егер жарақат ауыр болып, перитонитпен асқынса, әрине операция жасалынады.

Ұлтабар жарақаты-бұны операцияға дейінгі анықтау өте күрделі тіпті кейде операция кезінде де қателесу мүмкін, себебі ұлтабардың тік бөлімі іш пердесінің сыртында, сондықтан ішіндегісі сыртқа ағады, ал алғашқы қанталаған қанмен тығызданып, жыртылған орын көрінбей қалуы мүмкін. Сондықтан ішті ашып тексерген кезде, іш пердесін Кохер әдісімен тіліп, ұлтабарды тексереді.

Ұлтабар жарақатының екінші ерекшелігі-орналасуына байланысты ұйқы безімен, ет жолдарымен бірге зақымданады. Сондықтан осы мүшелер жұмысының нашарлау белгілері анықталып, ұлтабар жарақаты байқалмай қалуы мүмкін. Ұлтабар жарақатында негізінен ішектің жоғары бөлігінде жиырылу көрінбейді, ыстығы көтерілуі, сарғаю және сол сияқты іш ауруы көрінеді. Ішті ашқан мезгілде іш пердесінің сыртында ауа немесе ағзалар көрінуі мүмкін.



Емі – тек қана операция, ұлтабар жарасын тігу.

Асқазан жарақаты негізінен қуысына енген жарақат салдарынан (пышақ, оқ, басқа да құралдың ішке кіріп жаралауы).



Көріну белгілері: іш қатты ауырып, қатайып, тақтай тәріздес, Щеткин-Блюмберг белгісі болады, нақты белгісі құсығына қан араласуы, рентген сәулесімен зерттегенде көкеттің астында орақ тәріздес ауа көлеңкесі көрінеді.

Емі – тек қана операция, қарын жарасын тігу.

Аш ішек негізінен тұрақты орналасқан жерлерінен (жоғары бөлімі, төменгі бөлімі және аш ішектің дәнекерленген бөлімдері) жараланып жыртылады.

Көріну белгісі әрине перитонит және рентген сәулесімен зерттегенде іште ауаның байқалуы. Есте болатын жағдай, ішектің жоғарғы бөлімінде қышқылдар мол болса, оның төменгі бөлімінде инфекция күші басым, сондықтан ішек жарасын жамаған кезде немесе резекция жасаған мезгілде, осы ерекшелікті ұмытпау керек.



Тоқ ішек жарақатының көріну белгілері. Зақым зардыбы басқа жарақат сияқты анық көрінуіне қарамастан, емдеу тәсілдері ерекше. Себебі тоқ ішек инфекцияға өте бай, сондықтан ішек тігілгеннен кейін немесе резекциядан соң, тігістің жолы ашылып кетеді, перитонитпен асқынып, өлім қаупі ұлғаяды. Сондықтан ішек жарасын тіккеннен кейін, резекция жасалған соң операция жасалған жерден жоғары тоқ ішекті сыртқа шығарып тесу керек (колостома) немесе жыртылған жерді сыртқа шығарып, жамауды кейінге қалдыру, тіпті болмаса жыртылған жерді тігу, оны сыртқа шығарып, кейін ішке түсіруге болады.

Іштің жарақатын белестерде емдеу

Алғашқы және дәрігерге дейінгі көмекті майдан алаңында немесе көптеп зақымданған аймақта жараға антисептикалық таңғыш салып, шприц-тюбикпен анальгетиктер енгізіп, ауруды майдан алаңынан жедел ПМП-на немесе тікелей медсанбатқа жібереді. Жарадан шығып тұрған іш ағзаларын қайыра енгізбей, таңғышпен іштің алдына бекітеді.

Алғашқы дәрігерлік көмекте таңғыштарын дұрыстап, сіреспе анатоксинін, анальгетиктер, антибиотиктер енгізеді. Шок болғанда және қансыраған кезде шокқа қарсы және инфузиялық –трансфузиялық терапияны жаралыларды жөнелтуге дайындау ретінде жедел жүргізеді.

Бірінші кезекте іште қанның ағуы, шокта жату, ішкі ағзаларлды зақымданған көріністері барлар жөнелтіледі.

Ішінен жарақат алғандарды белестерге жіберу кезінде операция столына жеткізгенше зембілден зембілге ауыстырып жатқызуға тыйым салынуы керек.

Мамандандырылған көмек. Ішінен жарақат алған жаралыларды келесі топтарға сұрыптайды:


  1. Іш қуысына немесе кеуде қуысына (іш-кеуде жарақатында) қан аққандар мен қансырағандар, оларды жедел операция жасалатын орынға апарады.

  2. Ішкі ағзалары зақымданған, шок көрінісі жоқ жараланғандар. Оларға да осы белесте операция жасалуы тиіс. Жарақаттанғандар көптеп түскен жағдайда барлығына ішіне жедел операция жасау мүмкін болғандықтан, осы топты әуе транспортымен арнайы көмек көрсететін госпитальға жөнелтеуі керек.

  3. Ішінен жарақат алып, шокпен асқынған, бірақ іште қан ағу көрінісі жоқ жаралыларды шокқа қарсы көмек көрсететін бөлімге бағыттайды. Уақытша операция жасау дайындығы жоқтарға 2 сағат аралығында шокқа қарсы күрделі терапаия жасалуы тиіс. Осы уақыт ішінде операция уақытша жасалмайтындар ішінен бөлінетіндер: а) өмірге қажетті ағзалар қызметі қалыптасып және қан қысымы 80-90 мм с.б. жеткен жаралылар, осы жетістіктерді ескере отырып, жарақатын көп уақыт созбай операция жасалуы тиіс. б) өмірге қажетті ағзалар қызметі қалыптаспаған, қан қысымы 80 мм с.б. төмен операция жасалынбайтын жаралылар, оларға консервативтік терапия көрсетіледі.

  4. Қысқа мерзім ішінде (2-3 сағат) бақылауды керек ететін жараланғандар, оларда зақым көрінісі және операция жасаудың көрсеткіштері анықталмаған, бұларды стационарға, ал шок болса шокқа қарсы көмек көрсететін бөлімшеге бағыттайды.

  5. Кеш қалып келінген, жағдайы қанағаттанарлық жараланғандар, перитониті нектеуге бейімделген, оларды стационарға бақылау үшін және консервативті ем жасау үшін бағыттайды.

  6. Өлім азабындағы (агониядағы) жараланғандар, жарақаттары үйлескен және бірлескен болып өмірін сақтап қалу мүмкіндігі жоқтар, оларды стационарға жіберіп, симптомикалы емдеу жүргізіледі.

  7. Іш қуысына енбеген жарақат алғандар (іш ағзалары зақымданбаған) және іш қуысы қабырғасы соғылғандар, олар ЖӘДГ-на немесе хирургиялық госпитальға жіберіледі.

Іш ағзаларының жарақатына операция жасалғаннан кейін, оларды 7 тәулікке дейін келесі белеске алып кетуге болмайды. Егер әуе транспортымен алып кететін болса, онда бұл уақыт қысқарылады. Асқынуы болған жағдайда келесі белеске жөнелтудің мерзімі ұзарады.

Арнайы медициналық көмек кеудесіне, ішіне және жамбасына жарақат алғандарды емдейтін хирургиялық госпитальға көрсетіледі. Медсанбатта операция жасалған жаралыларды жазылғанша емдейді, кеш болатын асқынуларын анықтап, көмек көрсетеді және қалпына келтіру операциясын жасайды (жыланкөзді жабады, несеп шығаратын жолды қалыптастырады ж.т.б.).



4. Медициналық эвакуация сатыларында өмірге қауіп төну кезінде

шұғыл терапиялық көмек көрсету.

Жалпы терапевт-дәрігердің, оның ішінде әскер жағдайындағы терапев маманның біліктілігін өмірге қауіп төнген шұғыл жағдайларда арнайы мамандандырылған көмек көрсете білу дәрежесі бағалайды. Соған байланысты жарақаттанған немесе зақымданған науқастардың әрі қарай өмір сүруі, аурудың асқынуларының болмауы дәрігер-терпевтің біліктілігін талап етеді, әсіресе медициналық эвакуация сатыларындағы шұғыл көмек көрсету барысында. Дәрігер тез арада науқастың өміріне қауіп төндіріп тұрған жағдайды анықтап, соған байланысты шұғыл шаралар қолдана білуге тиіс. Сондықтан, ішкі аурулар клиникасында жиі кездесетін шұғыл жағдайлардың клиникалық симптомдарын, олардың ағым ерекшеліктерін терең меңгеруді талап етеді. Өмірге қауіп төндіріп тұрған жағдайлардың себептерін анықтау, науқастың жағдайы жақсарғаннан кейін ғана жүргізілуге тиіс. Ішкі аурулар клиникасында кездесетін шұғыл жағдайлар тек қана соғыс жағдайында ғана емес, бейбіт уақытта да: жұмыста, үйде, көшеде, транспортта, қоғамдық орындарда және т.б. кездесе береді. Осындай жағдайларда тек қана терең білім ғана емес, алған білімді тәжірибе түрінде тез және дұрыс қолдана білу маңызды болып табылады. Егер, науқас өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда дәрігер өзі асып-сасып, дұрыс шара жасамаса, науқастың жағдайын одан әрі қиындатуы мүмкін. Сондықтан, тез арада тек қана диагноз қойып қана қоймай, сонымен қатар бірнеше минуттар аралығында қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып жедел көмек жасау талап етіледі. Дер кезінде дұрыс қойылған диагноз, жасалған емнің эффективтілігін және науқасты әрі қарай емдеу тактикасын шешіп береді. Ішкі аурулар клиникасында кездесетін шұғыл жағдайлардың семиотикасы, аурудың субъективті және объективті белгілерін бойынша нақты білім қалыптастыру қажет.

Әсіресе шұғыл көмек көрсету шаралары әскери-дәрігер тәжірибесінде жиі кездесетінің ескерген жөн. Медициналық эвакуация сатыларында жалпы зақымданғандар мен жараланғандарға көмек көрсету кезінде уақыт өте тығыз, көп жағдайларда науқастардың жағдайлары өте ауыр болып келеді де, соның салдарынан өлім жағдайлары жиі кездеседі. Соғыс жағдайында бір жағынан науқастарды сұрыптау кезінде тез арада өте шұғыл көмекті қажет ететін науқастарға көңіл бөлу керек.

Шұғыл терапевтік көмек көрсету шаралары тек қана терең білімді қажет етіп қоймайды, сонымен қатар дәрігердің өз жұмысын дұрыс ұйымдастыруын, медициналық көмек көрсету сатыларында шапшаңдықты, тәжірибелікті, медициналық аппараттарды дұрыс қолдана білуді талап етеді.



4.1 Медициналық эвакуация сатыларындағы шұғыл медициналық

көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Әскери-медициналық талаптарға сай, шұғыл медициналық көмек көрсету дегеніміз - өмір талаптарына сәйкес науқастың ішкі ағзалырында дамыған ауыр патологиялық процестерді тоқтатуға бағытталған немесе сол процестерді болдырмау үшін атқарылатын медициналық мамандандырылған шаралар болып табылады. Шұғыл көмек көрсету шаралары барлық медициналық көмек көрсету түрлерінің негізгі құрамы болып табылады, яғни алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік, мамандандырлған және арнайы көмек көрсету және т.б.. Алғашқы терапевтік көмек көрсету арнайы жабдықталған медициналық батальенда терапевт-дәрігердің орындауында жүзеге асырылады. Шұғыл және өмірге қауіп төндіріп тұрған жағдайлар жедел аурудың негізгі синдромы немесе созылмалы ағымдағы аурудың асқынуы түрінде кездеседі. өмірге қауіп төндіріп тұрған жағдайлар оларды туғызатын аурулардың түрлеріне қарағанда әлдеқайда аз кездеседі. Шұғыл көмек көрсету барысында аз уақыт аралығында дереу ауруды диагностикалау және ажыратпалы диагноз жүргізу қажет, себебі шұғыл көмек көрсету шараларын жасамас бұрын оның себебін, патогенезін және дереу қандай шаралар жасалу керектігін талдау қажет. Бірақ көп жағдайда аурудың этиологиясын тіпті нозологиялық түрін диагностикалау өте қиынға түседі. Ішкі аурулар клиникасындағы жедел көмек көрсетуді қажет ететін жағдайлар нақты синдромальды диагнотикалау принципін соғыс жағдайында да қолдану мүмкін, себебі науқасты жалпы қарау, пальпация, перкуссия, аускультация әдістері және қан қысымын өлшеу және т.б. көптеген мағлұматтар береді.

Шұғыл көмек көрсету шараларын орындау барысында адам ағзасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, барлық ағзалар мен жалпы организмнің қызметін қалпына келтіру және аурудың асқынуларының алдын- алу интенсивті терапия және реанимация бөлімдерінің негізгі міндеті болып табылады.

Негізгі шараларды бөлуге болады: а) тыныс алуды қалпына келтіру; б) қан айналымын қалпына келтіру; в) ағзаның ішкі ортасында сорылмаған және циркулирлеуші экзогенді уларды алып тастау және нейтрализациялау; г) су-электрон және басқа зат алмасулардың ауыр бұзылыстарының коррекциясы КСТ қалпына келтіру; д) ОЖЖ функциясын қалпына келтіру; е) бауыр мен бүйрек функцияларын қалпына келтіру.

Тыныс алу мен қан айналымды қалпына келтіру шаралары бірінші орында тұр, бірақ олардың құрамы мен реті критикалық жағдайдың даму ерекшелігіне байланысты. Жедел терапевтік көмек шараларына оның ішіне көптеген шаралар кірсе онда ол жүйе бойынша топтарға бөлінуі мүмкін:



  • Тыныс алу жолдарын қалпына келтіру (сілекейді аспирациялау, бөгде денелерді алып тастау, бронхоспазмды басу);

  • Өкпені жасанды вентиляциялау;

  • Жүрек жұмысын қалпына келтіру және ұстап тұру (жүрекке тікелей және тікелей емес массаж, электроимпульсті терапия, инфузионды терапия, вазоактивті препараттарды, жүрек гликозидтерін енгізу);

  • Антидотты терапия (ФОЗ-зақымдауы);

  • Ауырсыну синдромын жою;

  • Оксигенотерапия. Терапиялық жәрдем критикалық жағдайға қарай негізделеді және медициналық эвакуация этапында да ол тәсіл орындалуына байланысты.

Дәрігер-терапевт тәжірибесінде жедел жәрдем шараларында 10% қажет етті. Қазіргі кездегі соғыста қарудың жай түрін қолданғанда науқастардың жедел жәрдемге мұқтаждар саны аз ғана болады. Жаппай жою қаруын қолданғанда және алдымен ядролық қаруды қолданғанда зақымданғандардың жалпы саны, сонымен жедел терапевтік көмекті қажет ететіндердің саны қаншамаға көбейеді. Дәріс кейбір критикалық жағдайлар туралы сұрақтар, талқыланады (жедел жәрдем, жиі реанимациялық көмек). Ол кәдімгі осматикалық және жедел улану кезінде химиялық табиғаты кезінде әскери терапевтік жедел жәрдем кезіндегі патология негізгі аспектілер (ОЛБ, ФОБ зақымдалу және т.б.) осы тақырып бойынша жеке қаралады. Мына негізгі синдромдар мен жағдайларды интенсивті терапияда және реанимацияларда жүргізілетін шараларды бөлеміз:

а) жедел тыныс алу жеткіліксіздігі;

б) жедел жүрек жеткіліксіздігі,

в) өкпенің қабынуы;

г) жедел тамыр жеткіліксіздігі (естен тану, коллапс);

д) тырысу синдромы мен психомоторлы қозу синдромы;

ж) бүйректік эклампсия;

з) жарақаттық шок, геморрагиялық шок, күйіктік, септикалық және т.б.шок, қан кету синдромы;

к) жедел іштегі ауырсынулар;

л) коматозды жағдайлар;

м) химиялық этиологиялы жедел улану (белгілі немесе белгілі емес улармен).

Берілген критикалық жағдайларда аурудың негізгі көрінісі болатын синдромдар көрсетілмеген (ЖИА, қантты диабет, бронхылық демікпе), себебі олар жайлы ішкі аурулар курсында толық қамтылған.

ПМП ауыратын және зақымдалған науқастарға жедел жәрдем көрсетуді ұйымдастыру: ПМП-да көрсетілген бірінші дәрігерлік көмектің көп бөлімі

терапевтикалық аурулармен байланысты. Әрбір әскери дәрігер жедел жәрдем көрсете білуі міндетті. Ол кең таралған аурулардың симптоматологиясы мен негізгі клиникалық көріністерін (адам өміріне қауіп келтіретін) тез арада диагостикалау бірінші медициналық көмек көрсетуде кейбір тәсілдер мен амалдарды жақсы игеруі керек. Оның ішіне қолмен тыныс беру, жүрекке тура емес массаж жасау, плевральды пункция, жуан зонд арқылы асқазанды жуу.

Науқасқа жедел жәрдем көрсету сұрыптау палатасында да және тану бөлмесінде ішке асырыла беруі керек. Керекті ампуладағы және таблетка түріндегі заттар В-2 және В-3 комплекстерінде бар. Медбикенің сұрыптау бөліміндегі кішкене столының үстінде әрқашан ампуладағы препараттар, стерильді шприцтер және т.б. жату керек, жедел қолдану үшін. Табельді кислородты аппаратура қолдан тыныс алдыру үшін сұрыптау бөлімінде де байлам салу бөлмесінде де дайын жату керек. Қатты ауыр жағдайдағы науқастарға көмек көрсету тану бөлмесінде жүргізіледі. Асқазанды жуу сұрыптау бөлімінде жүргізіледі.

Өкпені қолмен вентиляциялауда жиі «ауызға-ауыз», «ауыз-мұрын» арқылы тыныс беру тәсілімен бастайды, табельді резеңкелі трубканы қолдану арқылы, ал сосын портативті аппараттың көмегімен ЖТА-ға ауысады. Қан ауыстырылғандағы трансфузияны тану бөлмесінде бірақ рет қолданылатын комплекс көмегімен жүргізеді.

ПМП-да науқас аз уақыт ұсталады, ауыр жағдайдан шыққан науқастарды (немесе жағдайы жақсарған) ереже бойынша ОМедБ-да эвакуациялау керек, бірінші орында санитарлы транспортпен носилкада, санинструктор немесе фельдшердің қатысуымен олар қажет болған жағдайларда жолда көмек көрсете білуі керек.

ОМедБ жедел терапевтік көмек көрсетуді ұйымдастыру: ОМедБ-ға жедел жәрдемді қажет ететін науқастар жіберіледі. Бұл аурулар кей кезде соғыс алаңынан әкелінуі мүмкін. ОМедБ барлық бөлімінде жедел жәрдем көрсетуге дайын тұрады, бірақ негізгі оның орны болып госпитальды болып табылады, бұл жерде жалпы көлемде интенсивті терапия шаралары қолданылады. Ауыр жағдайдағы, терең коллапстағы, шоктағы немесе ЖТА қажет ететін науқастарды емдеу үшін шокқа қарсы палатаға алып барады.

Сұрыптаудың жалпы тәртібі және жағдайы ауыр науқастарға көмек көрсетудегі негізгі мақсат сұрыптау палатасында тез және өмірге қауіпті жағдайды анықтап, осында уақыт өткізбестен көмек көрсетуге көшіп, науқасты госпитальды бөлімге көшіру және жедел жәрдем көрсетуге дайын тұру.

4.2 Жедел улануда негізгі емдеу тәсілдері

Жедел улануда емдеудің негізгі принципі болып этиологиялық, патологиялық, симптоматикалық терапия кіреді. Осы бөлінулерге байланысты улану кезінде келесі мақсаттар қойылады:

1. Улы заттардың ағзаға әрі қарай түсуін тоқтату:

а) ингаляциялық улануларда противогаз кигізу және зақымдау ошағынан науқастарды шығару;

б) улы зат теріге тиген жағдайларда – теріні арнайы ерітінділермен немесе ағынды сумен 5-10 минут жуу, одан кейін толық санитарлы өңдеу жасау;

в) улы зат көзге тиген жағдайларда көзді ағынды сумен жуып тастау;

2. Ауыз қуысы арқылы улы заттар түскен жағдайларда асқазан-ішек жолдарынан улы заттарды шығару:

а) 2-3 стақан су ішкеннен кейін көмекейді тітіркендіру арқылы жасанды құстыру;

б) бөлме температурасына сәйкес 10-15 л сумен асқазанды зонд арқылы жуу;

в) зонд арқылы адсорбент - активирлеген көмір немесе тұзды ішті тазалайтын ерітінділер – натрий немесе магний сульфатын 150-200 мл сумен енгізу;

г) тазалаушы және сифонды клизмалар жасау;

Спецификалық медикаментозды заттармен (антидотты терапия) организмдегі уды залалсыздандыру.

3. Удың әсерінен болған жеке патологиялық көріністерді жою:

а) организмнің ішкі ортасын қалпына келтіру және ұстап тұру (су-тұз алмасуды, қышқылды-негізгі ортаны , витаминді балансты қалпына келтіру);

б) организмға негізгі қызметтерін қалпына келтіру және ұстап тұру (жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесі қызметтерін);

в) жеке ағзаларды емдеу және алдын-алу;

г) жеке синдромдарды қайтқан умен шақырылған ауырсынулар, тырысулар.

д) асқынулардың алдын-алу мен емі.

4. Ағзаға сорылған улы заттардан тазарту:

а) диурезді форсирлеу арқылы (3-5 л глюкоза ерітінділерін, изотоникалық ерітінділерді, гемодезді және т.б. енгізу, одан кейін тез әсер ететін несеп айдайтын препараттарды – фурасемид, маннитол және т.б. енгізу);

б) алғашқы 24 сағат ішінде гемодиализ жүргізу (барбитуратты қышқылдар туындыларымен – барбамил, фенобарбитал, этаминал-натрий; хлорлы көмірсулармен – дихлорэтанмен, төртхлорлы көмірсумен және т.б.; этиленгликолмен, метил спиртімен уланған жағдайларда);

в) қан алмастыру шаралары (2,5-5 л донарлық қан құю арқылы қан шығару);

5. Арнайы антидоттарды қолдану (антидоттарды);

а) цианидтермен уланғанда амилнитрит ингаляция түрінді қолданылады;

б) ФОЗ уланғанда – атропин, дипироксим, изонитрозин қолдану;

в) морфинмен уланғанда – налорфин (анторфин) қолдану;

6. Тыныс алу, қанайналу және зәр шығару қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар;

7. Ағзаның гомеостазын бір деңгейде ұстап тұру:

а) қышқылды-сілтілі ортаны қалпына келтіру шаралары: ацидозды жою үшін 500-1000 мл 4-5% натрий гидрокарбонат ерітіндісін немесе 500мл 3,66 % трисамин ерітіндісін көктамырға енгізу;

б) су-электролиттік тепе-теңдікті ұстап тұруға батытталған шаралар: қан электролиттерін бақылау арқылы натрий хлор , калий хлор, панангин, кальций глюконаты ерінітінділерін көктамырға енгізу;

8. Интоксикация синдромының көйбір белгілерін жоюға бағытталған шаралар: амидопирин ерітіндісін енгізу, литикалық ерітінділерді қолдану;

Асқазан-ішек жолдарына удың түскендегі жалпы емдеу шаралары:


  • Сіңбеген уды алып тастау (асқазан-ішек жолдарынан уды алып тастау, асқазанды жуу, құсуды шақыру, әлсірететін, тазалайтын клизманы тағайындау.

  • Сіңбеген уды форсирлеуші диурез және экстрафлоративті тазалау арқылы алып тастау.

Ингаляционды улануда жалпы тәсілдер:

  1. Уланған зонадан зақымдалушыны алып шығу.

  2. Киімін шешу (киімдегі удың десорбциясын естен шығармай).

  3. Удың теріге тиюіне байланысты жеке және жалпы санитарлық тазалау жүргізу.

  4. Егер көздің шырышты қабатына түссе, онда көзді 2,5% сода ерітіндісімен, натрий хлор изотоникалық ерітіндісімен немесе сумен жуу, ауырсынуда коньюктивальді мешок 1-2% р-р дикаин немесе новокаин енгізу.

  5. Ларингоспазмда тері астына атропин – 1 мл-0,1% сілтілі-парлы ингаляция, әсері болмаған жағдайда инкубация немесе трахеостомия.

  6. Жылдам ауырсыну синдромында ауырсынуды басатын заттар енгізіледі.

  7. Тыныс алудың тоқтауында немесе жылдам әлсіреуінде – ЖТА.

Уды және оның айналу заттарын залалсыздандыру.

Антидонтты терапия: Кейбір улану кезінде оң емдік нәтиже дәрілік заттардың спецификалық дезиктоксикация әсерінен кейін болады. Бұл әсердің механизмі әртүрлі. Бір жағдайларда дезинтоксикация умен енгізілген заттың арасындағы физика-химиялық реакциялардан кейін болады, келесі жағдайда химиялық, үшіншіден физиологиялық антагонизмнің әсерінен. Терапияда уланғанда үлкен әсерді спецификалық әсері бар антидоттарға қарайды. Олардың емдеу нәтижесін удың организмдегі биохимиялық жүйемен конкурлеуші әсермен саналады. Кейбір уланудың комплексті емінде антидотты терапия жүргізуші рөлі ойнайды (ФОЗ-улану, цианидпен улану және т.б.). осындай түрдегі интоксикацияның емінің жақсы болуын осымен байланыстырады.

Өмірге қажетті функцияларды қалпына келтіру және ұстап тұру. Тыныс алудың бұзылуы: тыныс алудың интоксикациясының патогенезі қиын және әртүрлі. Осы себептен бұл бұзылыстарда терапияда әртүрлі. Тыныс алу ағзаларының функциясының бұзылуы уланудың тіке немесе жанама удың әсеріне немесе тыныс алу ағзалардың улануы (улы заттар, тұншықтырушы заттар және тітіркендіруші әсерлі заттар). Нерв жүйесін тіріткендіруші (ұйықтатушы дәрілермен, наркотикалық препараттар) тыныс алудың бұзылысы тыныс алу орталығының параличімен байланысты. Мұндай жағдайда жеңіл түрдегі интоксикацияда келесі тәсілдер қолданылады.


    1. Рефлекторлы әсер ету, нашатыр спиртінің парымен тыныс алу, тез-тез ысқылау, тамақтың артқы бөлімін, тілді тарту.

    2. Аналептиктерді қолдану – кофеин, кордиамин, лобелин, цититон, белигрид және т.б.

Аналептиктер оң әсерді тек жеңіл улануда ғана көрсетеді. Уланудың ауыр жағдайында тыныс алу центр қажуымен жүретін жағдайда оларды енгізу қауіпті. Мұндай жағдайда СЕВЛ-терапиясын қолданған жөн. Морфинмен және олардың қосындылармымен уланғанда комотозды жағдай тез туады және тыныс алу бұзылады. Бұл топтағы науқастарды емдеуге атропин қолданады. Ол тамыр ішілік 1 С мг қолданады. Оны енгізгенде тыныс алу дұрысталады және есі ашылады. Егер нәтижесі аз болса, 1-15 минут қайта енгіземіз.

Тыныс алуды қалпына келтіру мен ұстап тұру тыныс алу жолдарының өткізгіштігімен байланысты. Улануды бұзылудың өтімділігі: тілдің түсуімен, секреттің жиналуы, ларингобронхоспазм, тамақтың іріңдеуі, құсудың аспирациясымен, бөтен денелердің де негізделеді. Тыныс алу жолдарының бұзылыстары гипоксияға, интоксикация әкеледі және өлімнің себебі болуы мүмкін. Сол себепті тез арада ауа өткізгіш жолдарының бұзылыстарын тауып оларды жою керек. Тілдің түсіп кетуі көп жағдайда уланғандармен, коматозды жағдайдағы адамдарда кездеседі. Осылай зақымдалған науқастың артқы шалқайтса ауа өту жолдары ашылады. Тілдің түсіп кетуі кезінде науқасты жанымен жатқызса жеңілдетеді. Бұл кезде ауа өткізгіште қолданған жөн. Жеке жағдайларда интубацияны қолданған жөн, ал егер тыныс алу тез әлсіресе және ЖТА-ды қолдануға тура келсе, тыныс алу жолдарынан тазарту.



Көмірқышқыл газымен улану. Симптомдары: бастың ауруы, бастың айналуы, «самайдың солқылдауы», бұлшықеттің әлсіреуі, жүрек айнуы, құсу, терінің гиперемиясы, көз қарашығының кеңеюі, ентігу, ауыр жағдайларда – кома, тырысулар, коллапс.

Шұғыл көмек шаралары: ПМП жағдайында – оттегі ингаляциясы, тері астына және көктамырға кофеин, кордиамин ерітінділерін енгізу. Тыныс алу орталығы тежелгенде – ЖТА («ауызды ауызға» және «ауызды мұрынға»). МедСБ жағдайында және госпитальда – оксигенотерапия, көктамырға глюкоза мен аскорбин қышқылы ерітіндісін енгізу, новокаин, бұлшықетке В1, В6 және В12 витаминдерін енгізу. Тырысулар мен қозу болған жағдайларда көктамырға немесе бұлшықетке барбамил, көктамырға баяу түрде тиопентал-натрий енгізу, дегидратациялық ерітінділер – кальций хлоридін, глюкоза ерітіндісін, фурасемид енгізу,антибактериальды препараттарды қолдану ұсынылады. Ауыр жағдайларда – оксигенотерапия және ЖТА қолданылады.

Гидразин және оның туындыларымен (метилгидразин, диметилгидразин) улану. Симптомдары: улы газбен дем алғанда токсикалық окпе сусіңділенуі дамиды, көзге тигенде көздің ашып ауруы, жалпы әлсіздік, жүрек айнуы, көп ретті құсу, тырысулар, бауырдың ұлғаюы және ауырсынуы, нефропатия белгілері байқалады. Гемоглобинуриямен қантамыр ішілік гемолиз байқалуы мүмкін.

Шұғыл көмек шаралары: ПМП жағдайында – ингаляциялық уланулар кезінде кодеин көктамырға, бұлшықетке 5 % 10 мл В6 витамин ерітіндісін енгізу, асқорыту жолдарын зонд арқылы 2 % натрий гидрокарбонат ерітіндісімен жуу және зонд арқылы магний сульфатының әлсіз ерітіндісін енгізу. МедСб жағдайында және госпитальда – бронхолитикалық заттар (эуфиллин) қолдану, 5 % 10-20 мл В6 витамин ерітіндісін көп мөлшерде көктамырға немесе бұлшықетке әрбір 2 сағат сайын енгізу. Оттегінің ингаляциясын қолдану, этил спиртін өкпе сусіңділенуінде қолдану. Дегидратациялық терапия – лазикс көктамырға, маннитол, көктамырға глюкоза аскорбин қышқылы ерітінділерін енгізу.

Улы саңырауқұлақтармен улану. Симптомдары: іштің ұстамалы ауырсынуы, жүрек айнуы, көп ретті құсу, диарея, сусыздану, коллапс дамиды. 2-3 тәулікте бүйрек-бауыр жетіспеушілігі белгілері дамиды- анурия, азотемия, сарғаю байқалуы мүмкін.

Шұғыл көмек шаралары: ПМП жағдайында –асқазанды зонд арқылы көп рет жуу, 25-30г тұзды ерітінділерді зонд арқылы енгізу. Тері астына атропин сульфатын, кордиамин енгізу. Көктамырға аскорбин қышқылымен глюкоза ерітінділерін енгізу. МедСб жағдайында және госпитальда – көктамырға коллоидты ерітінділерді (гемодез) және кристаллоидты ерітінділерді (глюкоза, натрий хлор изотоникалық ерітінділерін) енгізу, глутамин қышқылын, холинхлорид, преднизолон және гидрокортизон көктамырға енгізу, бұлшықетке – В және С топтарындағы витаминдерді енгізу, диурезді форсирлеу. Анурия жағдайында – көктамырға глюкоза-новокаинді қоспаны, эуфиллин, папаверин, фурасемид (лазикс) енгізу. Уремия кезінде – гемодиализ қолдану.

Фосфор органикалық заттармен (хлорофос, карбофос, тифос, меркаптофос және т.б.) улану. Симптомдары: іштің ұстамалы ауырсынуы, слекейдің көп бөлінуі, жүрек айнуы, көп рет құсу, іштің өтуі, тершеңдік, көз қарашығының кішіреюі, бронхорея, тыныс алудың қиындауы, брадикардия, артериялық қысымның жоғарлауы, миофибрилляциялар, бұлшықеттердің ұстамалы тырысулары, парездер. Ауыр жағдайларда – тыныс алудың параличі, коллапс, тырысулар, кома.

Шұғыл көмек шаралары: ПМП жағдайында –жедел түрде антидотты терапия. Жеңіл және орташа ауырлықтағы улануларда атропин сульфатын 01% 2-4 мл бұлшықетке, ауыр жағдайларда – 5-7 мл көктамырға жеңіл переатропинизация белгілері пайда болғанша енгізу. Холинэстераз реактиваторларын: дипироксим 1-2 мл немесе изонитрозин 40% 3 мл ерітіндісін қолдану. Ауыз және мұрын қуысын клегейден тазарту. Кордимамин, камфора енгізу жүрек-тамыр қызметін қалпына келтіру мақсатында. Асқазанды көп сумен зонд арқылы жуу, активирленген көмір немесе магний сульфатын зонд арқылы енгізу. МедСб жағдайында және госпитальда – қайталап антидотты терапия (атропин сульфатын) енгізу, көз қарашықтары кеңейгенше, такикардия пайда болғанша, слекей бөлінуі тоқтағанша. Коллапс жағдайында – стероидты гормондар (преднизолон), прессорлы аминдер енгізу. Мидың ісінуін алдын-алу үшін – осмотерапия және диуретиктер. Десенсибилизациялаушы препараттарды (димедрол, супрастин, және т.б.), антибиотиктерді қолдану (пневмониялардың алдын-алу үшін), бронхоспазмда – эфедрин, В және С тобының витаминдерін қолдану. Оксигенотерапия, тырысуларда – магний сульфатын, седуксен, диазепам қолдану. Тыныс алу орталығының тежелуінде интубация және жасанды тыныс алдыру қолданылады.

Тестік сұрақтар

1. Корпускулярлы сәулеленуге мынадан басқаның бәрі кіреді:

А). альфа-бетта бөлшек

Б). протондар

В). дейтрондар

Г). гамма сәуле

Д). нейтрондар

2. Иондаушы сәуле әсері мынамен бірге жүрмейді:

А). мүшелер дистрофиясы

Б). жілік майының босауы

В). геморрагиялық синдром

Г). иммунитет активациясы

Д). инфекциялы асқыну

3. Жедел сәулелік ауруы адам организміне иондық сәуленің мына дозасы енгенде пайда болады:

А). 1 грей

Б). 2 грей

В). 3 грей

Г). 5 грей

Д). 10 грей

4. Жедел сәулелік ауруының клиникалық түріне не кірмейді:

А). сүйек милық

Б). ішектік

В). токсикалық

Г). кардиалды

Д). церебралды

5. Жедел сәулелік ауруының клиникалық кезеңі болмайды:

А). жеделдеу кезеңі

Б). қызыл жілік майлық

В). жасырын кезең

Г). жану кезеңі

Д). қалпына келу сатысы

6. Жедел сәулелік ауруының басталуына тән емес:

А). жүрек айну, құсу

Б). бас ауру

В). әлсіздік

Г). ұйқышылдық

Д). брадикардия

7. Жедел сәулелік ауруының бастапқы сатысында қанда байқалмайды:

А). лейкоцитоз

Б). нейтрофильдік ығысу

В). эритроцитоз

Г). ретикулоцитоз

Д). лимфапения

8. Жедел сәулелік ауруының жеңіл жағдайында жасырын кезеңі созылады:

А). 1-2 күн

Б). 1-2 апта

В). 2-3 апта

Г). 4-5 апта

Д). 4-5 ай

9. Жедел сәулелік ауруының жандану кезеңінде мына синдром тән емес:

А). гемотологиялық

Б). гипертониялық

В). ішектік

Г). интоксикациялық

Д). астениялық

10. Жедел сәулелік ауруының геморрагиялық синдромы патогенезінде мынадан басқаның маңызы зор:

А). тромбоцитопения

Б). тамыр қабырғасының өткізгіштінің артуы

В). фибринолиздің белсенуі

Г). гиперкоагуляция

Д). қан ұю факторларының жетіспеуі

11. Жедел сәулелік ауруының жеңіл дәрежесі кезінде мынадан басқалар тән.

А). алғашқы саты болмайды

Б). латенттік кезең 5 күн

В). латенттік кезең 30-35 күн

Г). ағымы жағымды

Д). сауығу емсіз болады

12. Жедел сәулелік ауруының орташа дәрежесі кезінде мынадан басқалар тән:

А). сәулелену 2-4 күн

Б). лоқсу, құсу

В). алғашқы реакция 1 күн

Г). латентті период 15-25 күн

Д). емсіз сауығу жүреді.

13. Жедел сәулелік ауруының ауыр дәрежесіне мынадан басқалар тән:

А). сәулелену 1-2 Грей

Б). көп реттік құсу

В). жалпы әлсіздік

Г). тері гиперемиясы

Д). субфебрильді температура

14. Жедел сәулелік ауруының ішектік түріне мынадан басқалар тән:

А). Сәулелену 10-20 Грей

Б). алғашқы реакция болмауы

В). тиылмайтын құсу

Г). іштің ауруы, диарса

Д). дене температурасы 38-39

15. Жедел сәулелік ауруының алғашқы сатысын алдын-алу үшін мынадан басқаның бәрі қолданылады:

А). атрон

Б). ашинаушы

В). атропин

Г). антигистаминдік препараттар

Д). нитраттар

16. М. деген науқас, 29 жаста ядролық жарылыс болған жерден жалпы күйікпен алып келінді. Науқастың жалпы жағдайы жайы ауыр, күйіктік шок негізделген қанда: абсолютті лейкопения дегеніміз:

А). күйік ауруы

Б). құралған радиациялық ауру

В). жедел сәулелік ауруы

Г). инкорпорирленген радиоактивті зат ішке енген кезіндегі

радиациялық зақымдану

Д). созылмалы сәуле ауруы

17. Радиациялық зақымдану ошағынан әскери адам түсті. 1-2 сағат сайын қайталанатын көптеген құсу, айқын бас ауруы, субфебрильді температура, орташа тері мен көрінетін шырышты қабат гиперемиясы. Алғашқы реакция 2 күнге созылды. Қандағы лимфоциттер саны 3 күнде 0.2 109/л. Болжамалы сәулелену дозасы 4-6 Грей. Жедел сәулелік ауруының қай дәрежесі:

А). жеңіл дәреже

Б). орташа дәреже

В). ауыр дәреже

Г). өте ауыр саты

Д). ауыр емес саты

18. Әскери жұмысшыда жедел сәулелік ауруының диагностикаланды. Әскери әрекет туралы айтылуда жедел сәулелік ауруының қай сатысында рұқсат беріледі:

А). әскери әрекетте қатыса алмайды

Б). 1. ст.

В). 2 ст

Г). 3 ст.

Д). 4 ст.

19. Инкорпорировкада зақымдану кезінде әскери аймақты медициналық пунктіне әскери қызметкер түсті. Берілген медициналық мекемеде қандай препараттар қолданылады:

А). адсорбенттер

Б). глюкозаның изотониялық ерітіндісі

В). жүрек гликозидтері

Г). бетта-блокаторлар

Д). кальций антогонистері

20. Әскери қызметкер тегіс емес сыртқы сәулеленуден 20 Грей алды. Қай жүйе көбірек зақымдалады:

А). ішек эпителиі

Б). эндокриндік жүйе

В). орталық нерв жүйкесі

Г). бауыр

Д). несеп-жыныс жүйесі

21. Шұғыл терапиялық көмектің негізгі бағыттарына мынадан басқасы жатады:

А). тынысты қалпына келтіру

Б). қан айналымын қалпына келтіру

В). инфекциямен күрес

Г). ағзаның ішкі ортасын қалпына келтіру

Д). орталық нерв жүйесі, бүйрек, бауыр қызметін қалпына келтіру

22. Шұғыл көмек кезінде бірінші рет көрсетілетін көмек:

А). ауырсынумен күрес

Б). тыныс пен қан айналымды қалпына келтіру

В). инфекциямен күрес

Г). су электролит алмасуын түзету

Д). бауыр, бүйрек қызметін қалпына келтіру

23. Шұғыл терапиялық көмекке мынадан басқа шаралардың барлығы жатады:

А). тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру.

Б). өкпенің жасанды вентиляциясы

В). жүрек жұмысын қалпына келтіру

Г). ісінумен күрес

Д). антидотты терапия

24. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпын келтіру шараларына, мынадан басқасы жатады:

А). шырыш аспирациясы

Б). бөгде заттарды алып тастау

В). бетта-блокаторларды енгізу

Г). бронхолитиктерді енгізу

Д). жоғарғы өкпелік вентиляция

25. Интенсивті терапия қажет жағдайларға, мынадан басқаның бәрі жатады:

А). жедел тыныс жеткіліксіздігі

Б). гидроторакс

В). жедел жүрек жеткіліксіздігі

Г). өкпе ісінуі

Д). жедел тамыр жеткіліксізді

26. Жедел тамыр жеткіліксіздігінің көрінісі:

А). естен тану, коллапс

Б). шок


В). миокард инфарктісі

Г). инсульт

Д). өкпе артериясының тромбоэмболиясы

27. Интенсивті терапия қажет жағдайларға, мынадан басқаның бәрі жатады:

А). жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Б). бүйрек эклампсиясы

В). жедел бауыр жеткіліксіздігі

Г). бауыр-клеткалық жеткіліксіздіктің 1-2 деңгейі

Д). тырыспа синдромы

28. Интенсивті терапия қажет жағдайларға, мынадан басқаның бәрі жатады:

А). шок

Б). спастикалық колит

В). жедел қан жоғалту

Г). жедел іштің көрінісі

Д). жедел улану

29. Шұғыл көмектің ішінде кез-келген мамандықтағы әскери дәрігер меңгеруі қажет жағдайларға, мынадан басқаның бәрі жатады:

А). жасанды тыныс алдыру

Б). тікелей емес жүрек массажы

В). плевра пункциясы

Г). асқазанды шаю

Д). лапаротомия

30. Жедел улану емінің жалпы принципіне мынадан басқа барлық шаралар жатады:

А). ағзаға удың түсуін тоқтату

Б). уды асқазан ішек жолдарынан шығару

В). антидотты терапия

Г). тыныс алу мен қан айналымын қалпына келтіру

Д). антибактериальды терапия

31. Ағзаға удың түсуін тоқтатуға мынадан басқасының барлығы жатады:

А). противагаз кию

Б). зақымдалған аймақтан эвакуациялау

В). сан өңдеу

Г). гемосорбция

Д). көзді шаю

32. Aсқазан-ішек жолдарынан сорылмаған уды шығару үшін мынадан басқаның барлығын жасайды:

А). жасанды құстыру

Б). асқазанды зондпен шаю

В). гемодиализ

Г). адсорбенттер

Д). тазартқыш клизма

33. Улану кезінде тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің бұзылуына мынадан басқасы жайсыз жағдайға әкеледі:

А). гипоксия

Б). гипервентиляция

В). тұншығу

Г). улану ағымы бұзылады

Д). өлім себебі болуы мүмкін.

34. Ларингоспазм кезінде мынадан басқа барлық шаралар қолданылады:

А). миорелаксанттар

Б). интубация

В). жасанды өкпе вентиляциясы

Г). бета-блокаторлар

Д). трахеостомия

35. Алғашқы дәрігерлік көмекте жүргізілмейді:

А). инфузионды терапия

Б). глюкоза енгізу

В). физ. ертінді енгізу

Г). гемодез енгізу

Д). қан құю

36. Шұғыл көмек шараларының негізгі принциптері:

А). мүшелер қызметін қалпына келтіру

Б). ауыр асқынулардың алдын-алу

В). жоспарлы түрдегі антибактериальды терапия

Г). витаминотерапия

Д). диета

37.Жедел тамырлық жеткіліксіздіктің клиникалық түріне жатады:

А). естен тану

Б). шок


В). эклампсия

Г). коллапс

Д). инсульт

38. Улы саңырауқұлақпен уланған науқаста госпитальда уремия дамығанда көрсетілетін ем:

А). инфузионды терапия

Б). гемодез

В). преднизолон

Г). гемодиамиз

Д). В және С витаминдер

39. Науқаста гипертониялық криз кезінде тұншығу, тыныштықта инспираторлы ентігу, өкпенің төменгі бөлігінде аздаған ылғалды сырылдар дамыды. Сіздің диагнозыңыз:

А). созылмалы, обструктивті бронхит

Б). бронх демікпесі

В). жүрек демікпесі

Г). өкпе ісінуі

Д). тоқырау пневмониясы

40. Бассүйек пен омыртқа жарақатында барлық вазомоторлы өзгерістер болады, тек

А). бозару, бет гиперемиясы

Б). аяқ қолдың сууы

В). акрацианоз

Г). жылы ісінулер

Д). гипергидроз
41. Тыныс жүйесінің зақымдалуы барлық жарақаттарда болады, тек:

А). бассүйек

Б). омыртқа

В). кеуде

Г). кеуденің жабық жарақаты

Д). табан

42. Көкірек қуысы жарақатында барлық тыныс жүйесінің өзгерістері болады:

А). ентігу, жүрек соғысы

Б). жүрек аймағындағы ауырсыну, аритимия

В). анурия

Г). әлсіздік, ентігу

Д). мойын венасы ісінуі

43. Кеуде жарақатының кеш көрінісі мынаның барлығы, тек:

А). кардиамин

Б). тахикардия

В). I тонның әлсіреуі

Г). ЭКГ – дағы өзгерістер

Д). гемоперикард

44. Үсіну мына жағдайда болмайды:

А). дымқыл ауа

Б). жел

В). құрғақ ауа-райы



Г). дымқыл киім

Д). ауаның төмен температурасы

45. Кеуде жарақатында (ашық) мынадан басқа патологиялар дамиды:

А). өкпеге қан құйылу

Б). гидроторакс

В). жедел бронхит

Г). гемопериторакс

Д). гемоперикард

46. Жарылыс толқынының зақымдау факторы мынадан басқа:

А). иондаушы сәуле

Б). атмосфералық қысым жоғарылауы

В). сығылған ауа соғысы

Г). созылу аймағында теріс қысым

Д). қысым ауысу

47. Ерте пневмония мынадан басқа жағдайларда дамиды:

А). аяқтар

Б). бас сүйек

В). бет


Г). іш

Д). көкірек

48. Соққы толқынымен зақымданғанда ең көп өзгеріс болады:

А). жүрек жүйесі

Б). асқорыту жүйесі

В). тыныс жүйесі

Г). зәр шығару жүйесі

Д). жүйке жүйесі

49. Ерте пневмония дамиды:

А). бірінші күні

Б). үшінші күні

В). бесінші күні

Г). апта соңында

Д). он күннен кейін

50. Бірінші медициналық және дәрігерге дейін көмек жүргізіледі:

А). бөлім дәрігері

Б). бөлімнің медициналық қызметінің жеке құрамында

В). мед. батаольонында

Г). дала мед. пунктінде

Д). госпиатальда

51. Бірінші мед.көмек құрамына кірмейді:

А). противогаз кию

Б). антидот енгізу

В). сұрыптау

Г). анальгетик енгізу

Д). құсуға қарсы дәрі-дәрмек енгізу

52. Ұзақ жаншылу синдромы патогенезінде негізгі роль:

А). бұлшық еттің зақымдалуы

Б). сусыздану

В). гиповолемия

Г). ренин-ангиотензин жүйесінің белсенуі

Д). ми ісінуі

53. Соқтығыс толқын әсерінен дамымайды:

А). ретоградты амнезиямен кома

Б). өкпеге қан құйылу

В). жедел бронхит

Г). құлақ пен ауыздан қан кету

Д). ішек жыртылуы

54. Пневмония емі басталады:

А). ұрыс даласында

Б). дала менд.пунктінде

В). мед.сан.батта

Г). госпитальда

Д). батальон мед.пункітінде

55. Жөтелге қарсы әрекеті жоқ дәрі-дәрмек:

А). кодеин фосфат

Б). метилморфин

В). дионин

Г). тусупрек

Д). муколтин

56. Бүйрек жарақат жиі дамиды:

А). омыртқа

Б). аяқ

В). көкірек



Г). бас

Д). іш


57. Жарақаттанғандарға ең жиі бүйрек зақымы болады:

А). инфекциялы-токсикалы нефропатия

Б). пиелонефрит

В). гломерулонефрит

Г). бүйрек амилойды

Д). ошақты нефрит

58. Жарақаттанғандарды ішкі мүшелер ауруы профилактикасында негізгі әрекет:

А). дер кезінде ұрыс аймағынан шығару

Б). хирургиялық көмекті ерте жасау

В). госпитальға эвакуация

Г). антидот беру

Д). дұрыс сапалы тағамдану

59. .Жедел сәуле ауруы адам организміне иондық сәуленің мына дозасы енгенде пайда болады:

А). 1 грей

Б). 2 грей

В). 3 грей

Г). 5 грей

Д). 10 грей

60. Жедел сәулелік аурудың клиникалық түріне не кірмейді:

А). сүйек-милық

Б). ішектік

В). токсикалық

Г). кардиалды

Д). церебралды

61. Жедел сәулелік аурудың клиникалық кезеңі болмайды:

А). сүйек-милық

Б). жасырын кезең

В). жану кезеңі

Г). жеделдеу кезеңі

Д). қалпына келу сатысы

62. Жедел сәулелік аурудың басталуына тән емес:

А). жүрек айну, құсу

Б). брадикардия

В). бас ауру

Г). әлсіздік

Д). ұйқышылдық

63. Жедел сәулелік аурудың бастапқы сатысында қанда байқалмайды:

А). лейкоцитоз

Б). нейтрофильдік ығысу

В). эритроцитоз

Г). ретикулоцитоз

Д). лимфапения

64. Жедел сәулелік аурудың жеңіл жағдайында жасырын кезеңі созылады:

А). 1-2 күн

Б). 1-2 апта

В). 2-3 апта

Г). 4-5 апта

Д). 4-5 ай

65. Жедел сәулелік аурудың жандану кезеңінде мына синдром тән емес:

А). гемотологиялық

Б). гипертониялық

В). ішектік

Г). интоксикациялық

Д). астениялық

66. Жедел сәуле ауруы адам организміне иондық сәуленің мына дозасы енгенде пайда болады:

А). 1 грей

Б). 2 грей

В). 3 грей

Г). 5 грей

Д). 10 грей

67. Жедел сәулелік аурудың клиникалық түріне не кірмейді:

А). сүйек милық

Б). ішектік

В). токсикалық

Г). кардиалды

Д). церебралды

68. Жедел сәулелік аурудың клиникалық кезеңі болмайды:

А). қызыл жілік майлық

Б). жасырын кезең

В). жану кезеңі

Г). жеделдеу кезеңі

Д). қалпына келу сатысы

69. Жедел сәулелік аурудың геморрагиялық синдромы патогенезінде мынадан басқаның маңызы зор:

А). тромбоцитопения

Б). тамыр қабырғасының өткізгіштінің артуы

В). фибринолиздің белсенуі

Г). гиперкоагуляция

Д). қан ұю факторларының жетіспеуі

70. Жедел сәулелік аурудың жеңіл дәрежесі кезінде мынадан басқалар тән:

А). алғашқы саты болмайды

Б). латенттік кезең 5 күн

В). латенттік кезең 30-35 күн

Г). ағымы жағымды

Д). сауығу емсіз болады

71. Жедел сәулелік аурудың орташа дәрежесі кезінде мынадан басқалар тән:

А). сәулелену 2-4 күн

Б). лоқсу, құсу

В). алғашқы реакция 1 күн

Г). латентті период 15-25 күн

Д). емсіз сауығу жүреді

72. Жедел сәулелік аурудың ауыр дәрежесіне мынадан басқалар тән:

А). сәулелену 1-2 Грей

Б). көп реттік құсу

В). жалпы әлсіздік

Г). тері гиперемиясы

Д). субфебрильді температура

73. Жедел сәулелік аурудың ішектік түріне мынадан басқалар тән:

А). сәулелену 10-20 Грей

Б). алғашқы реакция болмауы

В). тиылмайтын құсу

Г). іштің ауруы, диареясы

Д). дене температурасы 38-390С

74. Жедел сәулелік аурудың алғашқы сатысын алдын-алу үшін мынадан басқаның бәрі қолданылады:

А). атрон

Б). ашинаушы

В). атропин

Г). антигистаминдік препараттар

Д). нитраттар

75. Әскери қызметкер ядролық жарылыс болған жерде 4 сағат бұрын болған. Лоқсуға, бас айналуға, бас ауруға, жалпы әлсіздікке, құсуға, іш ауруға шағымданады. Бет терісі гиперемиялы P-100 рет минутына, АҚ 95/55мм сын. бағ.; Жеке дозиметр есептегішінің көрсеткіші–450Р. Болжамды диагнозыңыз:

А). вегетамырлық дистания

Б). ракета жанармайымен улану

В). жедел сәуле ауруы

Г). токсикалық заттар мен улану

Д). асқазанның ойық жарасы

76. Науқас 20 жаста ядролық жарылыстан кейін 1 сағаттан кейін ЖСА клиникасымен: тоқтаусыз құсу, профузды іш өту, асқазан-ішектен қан кету, АҚ түсуі, адинамия, жедел тежелу, естің адасуы ошақтық симптоматика. Қанда лимфоциттердің 0.1х109/л дейін түсуі жұтылған дозаға байланысты 10 Грейден жоғары. Қандай дәрежеде сипатталған:

А). жеңіл саты

Б). орташа ауырлықтағы саты

В). ауыр саты

Г). өте ауыр

Д). барлық саты

77. Жедел сәулелік аурудың бастапқы сатысында қанда байқалмайды:

А). лейкоцитоз

Б). нейтрофильдік ығысу

В). эритроцитоз

Г). ретикулоцитоз

Д). лимфапения

78. Әскери қызметкер тегіс емес сыртқы сәулеленуден 20 Грей алды. Қай жүйе көбірек зақымдалады:

А). ішек эпителиі

Б). эндокриндік жүйе

В). ортылық нерв жүйесі

Г). бауыр

Д). несеп-жыныс жүйесі

79. Жаралы сепсиспен түскен әскери қызметкерде жоғары дене қызуы, қан анализінде қабынулық өзгерістер, жүрек соғысының бұзылуы, ЭКГ ишемиялық өзгерістер, АДГ, АСТ жоғарыланған қанда миоглобин пайда болған. Сіздің диагнозыңыз:

А). стенокардия

Б). миокорд инфарктысы

В). миокрадит

Г). пневмоторакс

Д). эндокардит

80. Жаралы сепсиспен түскен науқаста жоғары дене қызуы, іріңді қақырықты жөтел, ентігу, кеуде клеткасындағы ауырсыну. Рентгенографияда оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде қараю, сол жерде сұйықтығы бар қуыс анықталған. Сіздің диагнозыңыз:

А). ошақты пневмония

Б). бөліктік пневмония

В). абсцидирленумен бірге септикалық пневмония

Г). плевра эмпиемасы

Д). өкпе гангренасы


Жауап эталондары

1- Г. 2- Г. 3- А. 4- Г. 5- А. 6- Д. 7-В. 8-Г. 9-Б. 10- Г. 11-Б. 12-Д. 13- А. 14-Б. 15- Д. 16-Б. 17- В. 18- Б. 19-А. 20- А. 21- В. 22-Б. 23- Г. 24- В. 25- Б. 26- А. 27- Г. 28- Б. 29- Д. 30- Д. 31- Г. 32- В. 33- Б. 34- Г. 35- Г. 36- А. 37- А. 38- Г. 39- Г. 40- Г. 41- Д. 42- В. 43- Д. 44- В. 45- В. 46- А. 47- А. 48- В. 49- А. 50- Б. 51- В. 52- А. 53- В. 54- В. 55- Д. 56- Б. 57- А. 58- Б. 59- А. 60- Г. 61- Г. 62- Г. 63- В. 64- Г. 65- Б. 66- А. 67- Г. 68- Г. 69- Г. 70- Б. 71- Д. 72- А. 73- Б. 74- Д. 75- В. 76- Г. 77- В. 78- А. 79- В. 80- В.




Қолданылған әдебиеттер

  1. Гембицкий Е.В, Комаров Ф.И. «Военно-полевая терапия».- Москва, 1983.

  2. Комаров Ф.И, Клячкин Л.М. Руководство к практическим занятиям по военно-полевой терапии.- Москва.: Медицина.- 1983.

  3. Соколов В.А. Сочетанные травмы (вестник травматологии и ортопедии .- 1998.-№.-2.

  4. Дмитриева Т.Б. Всероссийская служба медицинских катастроф/ Военно мед.журнал.- т.19.- 1998.- №1.

  5. Каратай Ш.С. Классификационные построения в медицине катастроф/ Военно мед. журнал.- 1998.

  6. Мешкова Н.А. Научное обеспечение Федеральной целевой программы по оказанию медицинской, социальной помощи населению и нормализации санитарно-гигиенического состояния населенных пунктов Республики Алтай, подвергшихся радиационному воздействию в результате ядерных испытаний на Семипалатинском полигоне (науч. Отчет НИР. ГОС. НИИ)/ Военно мед. журнал.- 1998.- №12.

  7. Шепеленк А.Ф.Пневмонии при торакальной травме / Военно мед. журнал.- т.19.-1998.- №7.

  8. Жиляев Ю.Е. Направления развития оснащенности войскового звена медицинской службы/ Военно мед.журнал.- т.19.- 1998.- №2.



Мазмұны

Кіріспе --------------------------------------------------------------------------------- 4

1. Терапиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы негіздері ------- 6

1.1 Терапевтік профилдегі науқастар мен зақымданғандаоды

өңдеу әдістері ------------------------------------------------------------------------- 12

1.2 Соғыс уақытындағы ішкі ағза мүшелерінің пайда болуы,

ағымы және емдеу ерекшеліктері ----------------------------------------------- 13

1.3 Терапевтикалық профильдегі санитарлық шығын құрылымы ------- 15

2. Радиациялық зақымдалулар -------------------------------------------------- 16

2.1 Радиациялық зақымданулардың жіктелуі ------------------------------- 17

2.2 Жедел сәулелік аурудың сүйек-милық формасы ----------------------- 19

2.3 Нейтронды зақымданулардың ерекшеліктері --------------------------- 28

2.4 Жедел сәулелік ауруының әр түрлі формаларын диагностикалау ----- 28

3. Оқ тию, соққы толқыны және термиялық зақымдалулар

кезіндегі ішкі ағза аурулары ----------------------------------------------------- 30


3.1 Оқ тиіп жарақаттанғандарда ішкі ағза ауруларының дамуы ---------- 30
3.2 Термиялық жарақаттар ------------------------------------------------------ 31

4. Медициналық эвакуация сатыларында өмірге қауіп төну кезінде

шұғыл терапиялық көмек көрсету ---------------------------------------------- 68

4.1 Медициналық эвакуация сатыларындағы шұғыл медициналық

көмек көрсетуді ұйымдастыру -------------------------------------------------- 70

4.2 Жедел улануда негізгі емдеу тәсілдері ----------------------------------- 74

Тестік сұрақтар ------------------------------------------------------------------ 81

Қолданылған әдебиеттер ----------------------------------------------------- 100

ҚММА-баспаханасында басып шығарылды

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40

Көлемі 6.3 есепті-баспа табағы

100 дана






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет