59
жиынтығын белгілі қасиет сипаттайды, оның мәңі бойынша, берілген
объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын үнемі
белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық
негізінде берілген қала
тұрғындарын, кәсіпорынның өндірістік персоналын, студенттерді және т.б.
қарастыруға болады. Генералды жиынтықтың берілген бөлігі бақылау
объектісінің негізі ретінде айқындалатын, сұрыптау жиынтығы деп аталады.
Сұрыптау жиынтығы генералды жиынтықтың микромоделі болып белгілену
керек. Сұрыптау жиынтығы сапалық сипаттамалар мен бақылау қасиеттері
негізінде зерттеледі және генералды жиынтық құрылымымен сай келу
керек. Сұрыптау жиынтығының элементтеріне байқау бірлігі жатады.
Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісінде үнемі
бақылау бірлігі, яғни,
зерттелетіндер болып табылмайды. Басында кәсіпорын, мекеме, кейін
мектеп, отбасы таңдалады. Әр кезеңде белгілі жоспар бойынша,
таңдалынатын элементтер (кәсіпорын, респонденттер тобы) сұрыптау
бірлігі деп аталады. Генералды жиынтыққа толық,
айқын сипаттама
беретін, сұрыптау қасиеті репрезентативтілік деп аталады. Сұрыптаудың
негізгі принципіне барлық генералды жиынтық элементтеріне сұрыптауға
түсу тең шарттармен қамтамасыз ету. Сұрыптау негізі – бұл генералды
жиынтық элементтерінің тізбегі. Негізіне меке қызметкерлерінің алфавиттік
тізімі, пропуск номерлері және т.б. қызмет ете алады. Сұрыптау түрі:
1) қарапайым кездейсоқ – барлық элементтері белгілі, біртүбірлі
жиынтықтан тұрады және кездейсоқ сандар кестесі көмегімен сұрыптау
таңдау
бірлігімен іске асырылады
2) жүйелік сұрыптау;
3) ұялы;
4) стратификациялық;
5) көпсатылы;
6) квоталық.
Бағдарламаның әдістемелік бөлімінде қолданылған әдістердің сипаттамасы
және бастапқы социологиялық ақпарат жинақтау тәсілдері, қолданылған
инстументарийдың логикалық құрылымы, зерттеу пәнінің сипаттамасы
кіреді. Инстументарий өзіндік құжат ретінде бағдарламаға тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: