№8 Дәріс: Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.
Жоспары:
1. Бұқаралық коммуникация түсінігі, теориясы.
2. Бұқаралық коммуникацияның заңдылықтары мен механизмі.
3. Қоғамдық пікір әлеуметтануы.
1. Әлеуметтік
үдірістердің
ішінде
алдынғы
қатардағы
орында
қоммуникация (лат. Commuicatio – хабарлау, беру әдістері) алады, яғни адам,
топ, халық, мемлекеттердің өзара байланысқа түсетін қажетті элементі
болып, ақпарат, сезім, бағалау, құндылықтар мен т.б. өзара тасмалдауды
жүзеге асырады. Коммуникациясыз әлеуметтік қауым, әлеуметтік жүйе,
институт, ұйымдар мен т.б. қалыптасуы, әлеуметтену мен социумның бүгінгі
таңдағыдай болуы мүмкін емес. Коммуникация қоғам өмірі, әлеуметтік
топтар мен жеке адамдардың барлық жағынан жіпсіз байлауды. Әлеуметтік
өмірдің барлық зерттеулері олардың барлық формаларын қамтуда.
Коммуникацияның көптеген анықтамалары бар. Әлеуметтану түсінігіне
жақын келетін солардың біршамасын айтып көрейік. Коммуникация ақпарат,
идея, эмоция, дағдылар мен т.б. нышандар арқылы – сөз, сурет, кесте және
т.б. беру. Коммуникация – бұл үдіріс, яғни әлемнің бір бөлігімен екінші
бөлігін жалғастырушы. Коммуникация – бұл үдіріс, яғни көпшілікке
жариялаушы. Ақырында коммуникация – бұл механизм, яғни биліктін бір
тұттқасын ұстаған.
1948 ж. Американ политологы Г.Лассуэл бес элементті өзіне қамтыған,
қарапайым коммуникативтік үдірістің моделін ұсынды:
1. Кім? (хабар беруші) - коммуникатор
2. Не? (беріледі) - хабар
3. Қалай? (хабардың жүзеге асуы) - канал
4. Кімге? (хабардың бағыты) - аудитория
5. Қандай эффектімен? - эффективті
Схемада көрсетілген әрбір элемент көптеген зерттеулердің объектісіне
айналды.
Коммуникацияның келесі түрлерін бөліп көрсетті: тұлға аралық, топтық
және бұқаралық.
Тұлға аралық коммуникация адамдардың «бетпе-бет» тікелей
байланыста болуы. Бұндай коммуникация серіктестердің психологиялық өте
жақын екендігін, яғни бір-бірін түсініп және қолғабыс беретіндігін
анықтады. Тұлға аралық коммуникацияда үш өзара байланыстын жақтарын
бөліп көрсетеді: коммуникативтік (тар мағынада «коммуникация»),
перцевтивті және инерактивті. Тұлға аралық коммуникацияның
коммуникативті жақтары серіктестер арасындағы пікірлесудегі ақпараттын
алмасуы. Тұлға аралық коммуникацияның интерактивтік жақтары
(«интеракция» - өзара байланыс сөзінен шыққан) өзара әрекет етушілердің
арасындағы әрекет алмасуы (мысалы, сұрақ – жауап, өтініш- бас тарту
50
немесе келісу.) Тұлға аралық коммуникацияның перцептивті жақтары
адамдардың бір бірін түсінуі мен қабылдау үдірісі, белгілі бір тұлға аралық
қатынастын қалыптасуы.
Бұқаралық коммуникация – бұл ақпараттардың таралу үдірісі мен
арнайы құралдар арқылы қоғамға ықпал етуі: баспасөз, теледидар, радио,
кино және т.б., нәтижесінде хабарлама үлкен топ адамдарының қолына
түседі.
Бұқаралық коммуникация әлеуметтік субъектілердің өзара байланысын
ұсынып, бұқаралық ақпарат алмасу арқылы жүзеге асады. Бұқаралық
ақпараттың айтарлықтай кең таралуы ХХ ғасырда орын алуда, яғни оған
себеп радио, теледидар, телефон, интернет және т.б техникалық құралдар
қазіргі қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналуынан, Бұқаралық
коммуникация ролінің бүгінгі біздің қоғамымызда әрдайым арта түсуі тек
техника мен технологияның дамуынан ғана емес, күрделенген және өзара
байланысқан әлемнің сұраныс талабы жаңа ақпараттар көзінің қажеттілігіне
келіп тіреуден.
Бұқаралық коммуникацияның қазіргі уақытта бірнеше теорияларын
атауға болады, яғни қоғамдағы бұқаралық ақпараттар құралдарының ролін
әртүрлі мағынада түсіндіруге байланысты. Мысалы, қоғамдағы бұқараның
көзқарасы бойынша бұқаралық ақпараттар құралдарының теориясы, билік
институтымен астарланып халық тағдырын шешуге атсалысады. Бұл өз
кезегінде билік құрылымын бұқараның орталықтанған бақылауымен
қамтамасыз етіп, тұтастай қоғамда тұрақтылық сақтайды. Маркстік теория
бұқаралық ақпараттар құралдарын рухани өндірістің, яғни иелік етуші
класстардың сойылын соғатын құралы деп қарастырды. Батыс саяси-
экономикалық теория бұқаралық коммуникация шеңберінен жеке меңшікті
бөлу механизмі мен нарықтық күштін әрекетін анықтайды. Франкфурт
мектебінің сыни көзқарасы бұқаралық ақпараттар құралдарын билік
механизмі ретінде өзгерістерді тежеуге, эконмикалық дамудың тарихи
үдірісін тас-талқан етуге қабілеті бар суперқұрылым деп түсіндіреді.
Гегемония теориясы масс-медияны идеалогияға теңейді, яғни үстемдік етуші
класс бұқаралық ақпарат құралдары арқылы басқалардан өздерін биік қояды.
Культуралогиялық әдіс бұқаралық мәдениеттің бұқаралық ақпарат
құралдарын пайдалана отырып, жалпы әлеуметтік контексте девиантты
мінез-құлықтарға
қарсы
шығудың
жолын
іздестіруді
түсіндіреді.
Құрылымдық-функуионалдық теория масс-медияны әртүрлі әлеуметтік
жүйенің
өзара
байланыс
құралы,
яғни
олардың
қажеттілігін
қанағаттандырушы ретінде қарастырады.
Қарастырылған әдістерді жинақтап қорытындылай келе бұқаралық
коммуникацияны жеке және топтық санаға былайша ықпалын тигізетіндігін
көруге болады. Әлеуметтік институттар мен бұқаралық ақпарат құралдары
аудиторияларымен
өзара
байланыса
отырып
адамдарда
әртүрлі
қажеттіліктер, қызығушылықтар және әуестіктерін қалыптастырады.
Осылайша мотивациялық жүйенің қалыптасуы, адам қажеттілігін
51
қанағаттандыру үшін оны өз мақсатына икемдеуге ықпал етеді. Өзіне қажетті
ақпарат көзін табушы адам кейін келе оған тәуелді болады. Мысалы, жасы
келген адамдарға қозғалу қиын болғандықтан олар сыртқа шығудан қалып,
теледидардан берілетін бұқаралық ақпарат құралдарына тәуелді болады. Жас
өспірімдер болса осылайша видеоиндустрияға тәуелді болып, өз алдына
әлеуметтік топты құрайды.
Коммуникациялық технологияның дамуы негізінде бұқаралық
коммуникацияның жаһандануына, яғни интеграция теориясының тууына
алып келеді. Бірақ та, қазіргі әлемдегі технология мен әлеуметтік даму
екпінінің сәйкес келмеуінен әртүрлі әлеуметтік жүйедегі бұқаралық
ақпараттардың ерекшелігіне ойшылдар назар аударуда. ХХ ғасырдың
90 жылдарындағы теория өтпелі қоғамдағы бұқаралық ақпараттын негізгі
концепсиясына айналуда.
Бұқаралық коммуникация өзінің күрделілігімен біршама пәндер мен
халықтардың өзекті мәселесіне айналуда. Бұл үдірісте маңызды ролге ие
болған 1957 жылы ЮНЕСКО мен әлемнің 80 елінің 2500-ден асатын
зерттеушілерінің бірігуінен құралған Халықаралық ассоциация бұқаралық
ақпаратты зерттеуде. Бұқаралық коммуникацияны зерттеуде бұл ассоциация
бірнеше әдісті ұсынды: коммуникация секциялары, халықаралық
коммуникация, саяси коммуникация, құқық, саяси экономика, әлеуметтану
және әлеуметтік психология, зерттеу методологиялары, касіптік білім беру,
құжаттар мен ақпараттар жүйесі, коммуникациялық технологиялық саясат
және т.б.
Кеңес Одағында бұқаралық коммуникацияны зерттеу 60 жылдардың
ортасынан бастап қолға алынды.
Ал Қазақстанда 90 жылдардың басынан бастап белсенді орын алды.
2. Бұқаралық коммуникация – феномен, қазіргі қоғамның барлық
қырынан бойлай отырып, бұқаралық және топтық санаға әртүрлі әдістермен
әсер етуде.
Бұқаралық коммуникация қоғамда кең тараған әлеуметтік объектілер
туралы кестелеп және қарапайым түрде түсіндіруге тырысады, осыдан келіп
әлеуметтік сереотиптердің қалыптасуы байқалады. Стереотиптің орын алуы
ұлттарға, класстарға, топтарға және т.б. ықпалын тигізеді. Басқа топтарды
сереотип арқылы қабылдаудың екі жағы болады: позитивтік (стереотип
салыстырмалы тез білім береді, яғни топтарға деген көзқарастын біршама
кең болуын) және негативті(негативті сипаттармен толықтырылған
стереотип топ аралық өшпенділікті тудыруы мүмкін).
Бұқаралық коммуникация саяси әлеуметтенудің маңызды көзіне
айналады (саясат саласында сайлауға қатысу құндылықтары мен
формаларын игеруге). Бұл арада біршама маңызға ие жаналықтар
бағдарламасын айту керек. Дәл осы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
көрермендер мен тындаушылар, әсіресе жастар саясатқа қатысты біршама
ақпараттарды алады. Саяси бұқаралық комуникацияға деген қызығушылық
саяси ақпараттармен ауыздандырылғанда және оны ата-аналарымен,
52
құрдастарымен ортаға салып талдағанда арта түседі. Сонымен қатар,
бұқаралық коммуникацияның әсері адамдардың шынайы саяси мінез-
құлықтарынан гөрі (дауыс беру, қатысу формалары) саяси фактілерді
бағалаудан айқын көрінеді.
Бұқаралық коммуникацияның негативті әрекеттері де орын алады, яғни
оған ақпарат алушылардың тез арада өз тілектері мен қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқып алуы дағдылары мен шығармашылық әлеуеттерінің
құлдырауы.
Тән кейіпкерлері - бейне көріністер кейбір адамдарды, отбасыларды
өзіне баурап алады. «Күндізгі түстей» өзіне ұйытқан телефильмдер шынайы
өмірдің қиындықтары мен мәселелерін тасада қалдырып, әлеуметтік
дезадаптацияның орын алуын терендете түседі.
Бұқаралық ақпараттар құралдарының адамдар дамуына тигізер ықпалы
соншалық қылмыс істеушілер алдында олардың үздіксіз үрейленуіне әкеледі.
Осындай үрейлер қылмыскер жазасының ашық болуына тікелей байланысты:
себебі қылмыскедің қолға түспеуі, жәбірленушінің қасіреті оларға тек үрей
мен қобалжу ғана алып келеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында күш көрсетушілік әрекеті өте жие
кездеседі. 1957 мен 1985 жылдар аралығында АҚШ мемлекетінде
теледидардан көрсетілген күш көрсетулер 4 есеге өскен. 90 жылдардың
бастарында Қазахстанда да осындай тенденция байқалады.Бұқаралық
ақпарат құралдарындағы осындай күш көрсетулердің орын алуы,
адамдардың агрессивті мінез-құлықтарының пайда болуына алып келеді.
Шынайы агрессия мына жағдайда азая түседі, егерде агрессорды
көпшілік алдында жазалайтын болса. Ал егер бұл көрініс керісінше орын
алса, яғни агрессорға әлеуметтік тұрғыдан кешірім берілсе онда жағдай
шиеленісе түседі.
Бұқаралық коммуникацияның позитивті әрекеттері. Оның позитивті
жақтарына білгірлікті, білуге деген құмарлықты арттыруын, сөйлеу
дағдысын әсірелеуін жатқызуға болады. Бұқаралық коммуникация кең
пейілділікке, достыққа, кооперация мен ұстамдылыққа. әлеуметтік
ережелерді қатаң сақтауға, сонымен қатар үрей мен қобалжуды азайтуға
мүмкіндік береді. Балалардың гуманистік бағыттағы киноларды көргеннен
кейін құрдастарымен тілдесуі, басқа адамдарға деген адал ниетті
көзқарастары арта түседі.
3. Қоғамдық пікір әлеуметтануы - әлеуметтанудың бір бөлігі, яғни
қоғамдық пікірлердің заңдылықтарын және қызметтері мен қалыптасу
механизмдерін пәні ретінде оқып зерттейді. «Қоғамдық пікір» термині XXIII
ғасырдың аяғынан бастап қолданысқа ие бола бастады.
Қоғамдық пікірдің теориялық зерттеулерінің алғашқы қадамы
француздың әлеуметтік психологы Г.Тардтың атымен байланысты.Ол
қоғамдық пікірдің пайда болуын еліктеудің психикалық механизмі
әрекетімен негіздеді, яғни адамдардың өзара қатынастары қалыптасып,
сенімдері күшейе бастайды- деді.
53
Қоғамдық пікір теориясы өзінің жалғасын американ социологтары
А.Л.Лоуэлла мен У.Липманның еңбектерінен көрінді. Яғни, әлеуметтік
проблеманың негізі болған қоғамдық көзқарасқа ықпал ететін көпшілік пен
аз топ қауымның қатынастағы пікірі.
Қоғамдық пікірдің күші, олардың тарихи үдірістің субъектісіне белсенді
ықпалын тигізуі өткен ғасырдың ойшылдарынан-ақ анықталған болатын.
Қоғамдық пікір қоғамдық сананы, қызығушылықты, көңіл-күйді және
қоғамдағы әлеуметтік топтардың хал-ахуалын шынайы бейнелейді.
Қоғамдық сана- тарихи үдіріс пен шынайы қоғамдық болмысты
бейнелейтін көзқарас, идея, теориялардың жиынтығы.
Қоғамдық сананың бірнеше формаларын бөліп көрсетуге болады:
- саяси идея;
- құқықтық сана;
- мораль, дін;
- өнер, философия және т.б.
Формалар өзінің пәні мен шындықты бейнелеу тәсілдерімен
айқындалады.
Философ Г.Ф.Гегель қоғамдық пікірдің құрылымдық элементтерін былай
бөлді:
- қоғамдық пікірдің өмір сүру жағдайы;
- қоғамдық пікірдің объектісі;
- қоғамдық пікірді тасымалдаушы;
- пікір таластардың мазмұны
- «жалпылама» және «ерекше» пікірлердің арақатынасы.
Қоғамдық пікірдің зерттеу объектісі мынадай позицияда жүргізіледі
(проф. Б.А.Грушин):
- қоғамдық пікірді талдайтын жалпы тәсілдерді талдау;
- формалды сындарды анықтап алу, яғни құбылыс қоғамдық пікірдің
ол бъектісіне айналып кететіндіктен.
Қоғамдық пікірдің пайда болу шарттары:
- мәселелердің
адамдардың
әлеуметтік
қызығушылықтарын
жандандыра түсуі;
- әртүрлі ұсынылған сұрақтардың бағалануы;
- құзіреттілік денгейі (адамдардың осы тақырыпты талдай алу қабілеті)
Қоғамдық пікірдің мазмұны, мәні.
- қоғамдық пікір – адамдардың ойланған әрекетінің қорытындысы;
- қоғамдық пікірдің объектілеріне қоғамдық қызығушылықтар мен
қажеттіліктер жатады;
- адамдардың
тобырлық
пікір
таласы
әртүрлі
денгейдегі
объективтілікті көрсетеді (ақиқат, жалған, өсек және т.б.);
- қоғамдық пікір адамдардың мінез-құлқын реттеуші күшке ие болады;
- қоғамдық пікір – адамдардың мәйексіз пікірлерін біріктіріп, жаңа
сапаны дүниеге әкеледі.
Қоғамдық пікірдің субъектісі – қоғам, халық, партия және т.б.
54
Қоғамдық пікірді жеткізушілер – жеке адамдар, адамдар тобы.
Пікірлердің классқа бөлінуі:
- индивидуалды пікір;
- топтық немесе жалпы пікір;
- қауымдық пікір немесе қауымдық пікір.
Қоғамдық пікірдің қызметтері:
- экспрессивті;
- консультативті;
- директивті.
Экспрессивті қызметі: қоғамдық пікір – билік институтының үстінде
тұрған, яғни партия лидерлерін, мемлекетті және институт қызметтерін
бақылаушы күш.
Консультативі қызметі: қоғамдық пікірді ескере отырып, басқару әдісін
соларға икемдеу.
Директивті қызметі қауымдастықтын шешкен пікірімен жүру (сайлау,
референдум)
Қоғамдық пікірдің пікір талас мазмұнына байланысты орын алуы:
- бағалау – мәселеге қатысты айқындалады;
- талдау – қабылданған шешім талдауды, кейбір элементтері теориялық
ой қорытуды қажет етеді;
- регулятивті – қоғамдық қатынастардың нормаларына еңіп және қайта
өңдейді.
Қоғамдық пікірдің орын алу формалары:
- позитивті пікір талас;
- негативті пікір талас.
Жер бетіндегі барлық халықтарды ойландыратың мәселелер, әлемдік
қоғамдық пікір болып қалыптасуы мүмкін.
Осылайша қоғамдық пікірдің қимылдары (манипуляциия) болуы мүмкін.
П.Бурденің көзқарасынша:
- қалыптасқан;
- мобилді;
- топтық қысымның пікірі.
Манипуляциялы класстар, топтар, саяси элиталар және т.б. әлеуметтік
қызығушылық шеңберінде шектеліп қала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |