55
№9 Дәріс:
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен
техникасы.
Жоспары:
1. Әлеуметтанулық зерттеулердің методологиясы.
2. Зерттеу мәселелерін тұжырымдау, негіздеу, анықтау.
1. Социологиялық зерттеу —
методологиялық, методикалық және
ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы
жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе
үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде
қолдану.
Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:
- зерттеуге дайындық;
- бастапқы ақпаратты жинақтау;
- жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге
дайындау;
- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау,
қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.
Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын
зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі
қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді
зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз
немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы
ақпарат жинаудың ең
қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).
Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және
оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін
эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама
бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі — үлкен
адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде
қолданылады.
Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін
бейнелеуді
ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы
жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған,
социологиялық
зерттеудің
тереңдетілген
түрі
болып
табылады.
Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият
құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді.
Зерттеу
объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін
қолданады.
Қолданылған әдістер негізінде бұл зерттеу жиынтық сипатқа ие болады.
(зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады)
Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу
бағдарламасын құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу
дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі
56
айқындалады.
Социологиялық зерттеу бағдарламасы –
ғылыми құжат, әдістемелік
тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір
тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік
амалдарды қолданудан тұрады.
Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және әдістік.
Әдістемелік бөлім мәселенің
негізделуі мен тұжырымдауын, зерттеу
мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі
ұғымдардың
логикалық
талдауын
жасау,
жұмыс
гипотезаларын
тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу
жиынтығын анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған
әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың
логикалық
құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу
элементтері кіреді.
Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері,
зерттеуді
жүргізу
уақыты,
ғылыми,
ұйымдастыру
және
қаржы
шығындарының көлемі реттеледі.
Тәжірибенің белгілеуі бойынша, бағдарламаны құрастыруға зерттеуді
жүргізуге
қарағанда
көп
уақыт
қажеттілігін
белгіледі.
Мұқият
құрастырылған социологиялық зерттеу бағдарламасы
оның жоғары ғылыми
дәрежеде іске асыруының кепілдеме шартының бірі есептеледі.
Бағдарламаның негізгі элементтері ұсынылатын оқулықтарда (4,5,6) жеке-
жеке қарастырылатындықтан, ерекше назар талап ететін, бағдарлама
бөліктерінің сипаттамасына тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: