Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі


Зерттеу гипотезаларын тұжырымдау



Pdf көрінісі
бет29/37
Дата10.11.2023
өлшемі0.69 Mb.
#482870
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Аралбай С.М.Әлеуметтану

Зерттеу гипотезаларын тұжырымдау. 
Зерттеудің жалпы бағыты тұжырымдалған гипотезалармен белгілену 
керек. 
Гипотеза — бұл ғылыми ұсыныс, қандай да бір фактілерді, құбылыс 
пен үрдістерді түсіндіруге, оларды мойындау немесе жоққа шығарудан 
тұрады. Ғылыми гипотеза, тек зерттеу объектісін алдын ала талдау 
нәтижесінде ғана тұжырымдалуы мүмкін болады. 
Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға жауап беру керек: 
1) әлеуметтік үрдістердің ғылыми танымының теоретико-әдістемелік негізі 
болатын, жалпы социологиялық қағида принциптеріне сай келу керек; 
2) әлеуметтік фактілерді түсіндіретін гипотезалар, бірқатар салаларда
ақиқаттылығы берілген салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы 
келмеу керек. Бірақ жаңа қағидалар ескі қағидаларға қарама-қайшы келуі 
мүмкін. 
Гипотезалардың дәйектігін өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке 
алу жөн: өзара байланысты гипотезалардың мүмкін біршама көп санын
қоюға ұмтылу және әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық көрсеткіштерді
белгілеуге тырысу керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде бейнелеу және
түсіндірмелі гипотезаларды ажыратады. 
Бейнелеу 
— 
бұл
зерттеу 
объектінің
құрылымдық 
және 
функционалдық байланыстары жөнінде ұсыныстар. Олар әлеуметтік
объектінің классификациялық сипаттамаларына жатқызыла алады. 
Түсіндірмелі гипотезалар — зерттеу объектісінің себеп-салдар
байланыстары жөнінде ұсыныстарды белгілейді. 
Маңызы мен сипаты бойынша гипотезалар негізгі және қосымша болып 
ажыратылады. 
Зерттеу жиынтығын анықтау 
Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі 
қолданылады. Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу 
барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі толық қалыптастыру. 
Көптеген әлеуметтік үрдістер социологиялық зерттеу бағдарламасымен 
белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық
уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды. Әрбір зерттеу 


59 
жиынтығын белгілі қасиет сипаттайды, оның мәңі бойынша, берілген 
объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын үнемі 
белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық негізінде берілген қала
тұрғындарын, кәсіпорынның өндірістік персоналын, студенттерді және т.б. 
қарастыруға болады. Генералды жиынтықтың берілген бөлігі бақылау 
объектісінің негізі ретінде айқындалатын, сұрыптау жиынтығы деп аталады.
Сұрыптау жиынтығы генералды жиынтықтың микромоделі болып белгілену 
керек. Сұрыптау жиынтығы сапалық сипаттамалар мен бақылау қасиеттері
негізінде зерттеледі және генералды жиынтық құрылымымен сай келу 
керек. Сұрыптау жиынтығының элементтеріне байқау бірлігі жатады. 
Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісінде үнемі бақылау бірлігі, яғни, 
зерттелетіндер болып табылмайды. Басында кәсіпорын, мекеме, кейін 
мектеп, отбасы таңдалады. Әр кезеңде белгілі жоспар бойынша, 
таңдалынатын элементтер (кәсіпорын, респонденттер тобы) сұрыптау 
бірлігі деп аталады. Генералды жиынтыққа толық, айқын сипаттама
беретін, сұрыптау қасиеті репрезентативтілік деп аталады. Сұрыптаудың 
негізгі принципіне барлық генералды жиынтық элементтеріне сұрыптауға 
түсу тең шарттармен қамтамасыз ету. Сұрыптау негізі – бұл генералды 
жиынтық элементтерінің тізбегі. Негізіне меке қызметкерлерінің алфавиттік
тізімі, пропуск номерлері және т.б. қызмет ете алады. Сұрыптау түрі: 
1) қарапайым кездейсоқ – барлық элементтері белгілі, біртүбірлі 
жиынтықтан тұрады және кездейсоқ сандар кестесі көмегімен сұрыптау 
таңдау бірлігімен іске асырылады 
2) жүйелік сұрыптау; 
3) ұялы; 
4) стратификациялық; 
5) көпсатылы; 
6) квоталық. 
Бағдарламаның әдістемелік бөлімінде қолданылған әдістердің сипаттамасы 
және бастапқы социологиялық ақпарат жинақтау тәсілдері, қолданылған 
инстументарийдың логикалық құрылымы, зерттеу пәнінің сипаттамасы 
кіреді. Инстументарий өзіндік құжат ретінде бағдарламаға тіркеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет