Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі



Pdf көрінісі
бет30/37
Дата10.11.2023
өлшемі0.69 Mb.
#482870
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
Аралбай С.М.Әлеуметтану

 
 
 
 
 
 


60 
Қорытынды 
Ғылыми білім жүйесінде әлеуметтануға ерекше орын беріледі. 
Берілген ғылым қоғамды оның құрлымын, даму заңдылықтарын, 
адамдардың тәртібін тұтас зерттейтін жалғыз ғылым. Көпшілікті 
сұрастырмай (сұрыпталған жиынтықты) әлеуметтанушы барлығы жөнінде 
(генералды жиындық) білім тұжырымдайды, себебі ол жеке пікірлерді
жалпылайды, және математикалық статистика әдістері негізінде 
топтастырады. Адамдарды мұқият құрастырылған бағдарлама негізінде
сұрастырып, зерттеуші бұқаралық құндылықтар, құнды бағыттар, тәртіп 
құрылымы, өмір қызығушылықтары мен тұрмысы жөнінде қорытындылар 
жасайды. Қоғамның әлеуметтік-типикалық бейнесін құрастырып, 
әлеуметтану адамдарды үлкен әлеуметтік топтардың өкілдері ретінде, яғни
әлеуметтік дәреже мен әлеуметтік рольдің орындаушылары ретінде
зерттейді.
Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қарқынды қоғамдық даму 
жағдайында, өмір жедел өзгерістерге ұшырап, шұғыл бетбұрыстар жасалып 
жатқан кезде, әлеуметтік құбылыстарға, үдірістерге, оқиғаларға, саяси 
қайраткерлердің қызметтеріне т.б., мұқият әрі объективті түрде талдау 
жасау қажет болған шақта жалпы социологиялық теория ерекше 
методологиялық маңызға ие болып отырғандығы бәрімізге мәлім. 
Сонымен, әлеуметтану ғылымы қоғамды, оның қойнауындағы сан 
алуан әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, саяси, діни, рухани т.б.
құбылыстар мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, ұғындырудың
жалпы теориялық методологиялық негізі, темір қазығы болып табылады. 
«Әлеуметтану» студенттер үшін маңызды курс болып табылады, себебі, бұл 
пән оларды қазіргі қоғамның даму заңдылықтарын түсінуге ықпал етеді
сонымен бірге студенттерді өз бетінше социологиялық зерттеулер жасауға, 
қоғамның көкейтесті мәселелеріне талдау жасауға үйретеді .
Берілген әдістемелік оқулық студентке қоғамның саяси, экономикалық 
және әлеуметтік салаларындағы адамдар арасындағы өзара қарым – қатынас 
және өзара ықпал етіуінің негізгі механизмдері туралы, қоғамның әлеуметтік 
және экономикалық даму факторы ретіндегі қоғамның әлеуметтік құрылымы 
мен әлеуметтік институттар туралы кең және жан – жақты мәлімет беру, 
студенттердің әлеуметтік дүниетанымдарын қалыптастыру және қоғамды 
әлеуметтік жүйе ретінде түсінуге үйрету мақсатында жазылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет