Дәріхана тауар айналымын жоспарлау тауар қоры мен тауарларды жабу балансын талап етеді, яғни тауарлардың жоспарлы уақыт түсуі.
Тауар айналымның тауар жабу балансын құру және жоспарлы тауар түсуін барлық тауар түсу бойынша және тауар топтарының бөлек түсуімен анықталады.
Т=P+O2-O1 , мұндағы
Т = 1 жылдағы тауар түсуі;
Р = 1 жылдағы тауар босатылуы;
О2 = жоспарланған жыл аяғындағы тауар қалдығы;
О1 = жоспарланған жыл басындағы тауар қалдығы.
Тауар айналым тауар жабуының өзіндік құн бойынша есептеледі. Тауар жабу балансын құруды босатуға арналған тауарлардың қажеттілігін анықтайды және жоспарланған жыл аяғындағы тауар қорының нормативін құрудан басталады.
Мысалы: тауар айналымды жоспарлау жоспарланған жылға сату құны бойынша 130 000 теңге бекітілген. Сауда салымы 28% анықталды, немесе 36 000теңге. Тауар айналымның өзіндік құн бойынша 94 000 теңгені құрады
( 130 000- 36 000).
Жоспарланған уақыт басында күтілген қалдық 21 500 теңгені құрайды. 1 күндік тауар қорының бекітілген норматив бойынша, жоспарланған уақыт аяғындағы қалдық анықталады. Біздің мысалда бекітілген норматив 75 күн мөлшерін құрайды, соммада:
94 000 х 75 = 19 500 теңге
360
Тауар жабу балансы:
Т = 94 000 + 19 500 – 21 500 = 92 000 теңге
Сонымен, тауар түсуін 92 000 теңгеге жоспарлау қажет (өзіндік құн бойынша).
Тауар айналымның тауар жабуының жалпы сомасын есептеуіне сәйкес жолдарын тауар топтарына бөледі. Ол үшін, тауар балансының формуласын пайдалана отырып топ бойынша тауар түсу таблицасын құрайды.
Мысалы, минералды сулар топтары бойынша жоспарланған уақыт басындағы қалдық жалпы тауар қалдығы 4% немесе 860 теңге құрайды.
21 500 х 4
100
Бірнеше жыл талдау негізінде, тауар топтарын жалпы тауар қалдығына бөлу тұрақты. Сәйкес, жоспарланған жыл аяғындағы тауар қалдығы минералды су қорына тең 780 теңге.
19 500 х 4
100
Минералды су босату 4500теңге жоспарланған – сату құны немесе 4100 теңге- өзіндік құн бойынша.
Тауар балансының формуласына көрсеткіштерді қойсақ, минералды судың жоспарланған түсу жоспарын анықтайды, ол 4020теңге құрайды. Минералды сулардың топтары бойынша жоспарланған сауда салымын біле отыра, сату құны бойынша әкелу (завоз) жоспарын белгілейді.
Осындай кезекте қалған барлық тауарлардың топтарына түсу жоспарын анықтауға болады.
Тауарлардың түсу жоспарын құру кезінде міндетті түрде бөлінген қаржы туралы мәлімет, орталықтандырылған тауарлардың жеткізілуін есепке алу керек. Тауарлардың түсу жоспарының өңделген проектісі дәріхананың жалпы тауар айналымына сәйкес келу керек.
Орталықтандырылған тауар жеткізілуіне қаражат қоры бойынша және дәріхана талаптары бойынша дәріханалық қоймалардан алынған тауарларды жатқызады.
Кесте 14.
Топтар бойынша тауарлардың түсу жоспары
Тауар топтарының атаулары
|
Жоспарланған жыл басындағы тауар қалдығы (күтілген қор)
– О1
|
Тауар айналым жоспары (босату)- Р
|
Норматив бойынша жоспарланған жыл аяғындағы тауар қалдығы
|
Тауарлардың түсу жоспары – Т
|
Көтерме бағамен, теңге.
|
Жалпы қалдыққа көп салмақ, %
|
Бөлшектік бағамен, теңге.
|
Көтерме бағамен, теңге.
|
Көтерме бағамен, теңге.
|
Жалпы қалдыққа көп салмақ, %
|
Бөлшектік бағамен, теңге.
|
Көтерме бағамен, теңге.
|
Минералды сулар
Медикаменттер жәнехимиялық тауарлар және т.б.
Барлығы:
|
860
21500
|
4
64
100
|
4500
130000
|
4100
94000
|
780
19500
|
4
64
100
|
4410
127000
|
4020
92000
|
Тауарлардың түсуін жоспарлаудың негізгі мақсаты- тұрғындардың талаптарын максималды қанағаттандыруын және емдеу-профилактикалық мекемелерді әртүрлі медициналық тауарлармен қамтамасыз ету. Соған байланысты жан-жақты талдау жүргізілу керек (медициналық тауарларды пайдалануы, әртүрлі медициналық тауарлардың қажеттілігін дұрыс есептеу, дәрілік заттардың әр атауының оптималды қорын аныықтау және басқа медициналық бұйымдардың өндірістен түсіп тұруын). Соған байланысты дәріхана меңгерушілері медициналық тауарлардың пайдалануы және сұранысты жүйелі түрде оқуға міндетті.
Тесттер:
1. Тарату көлемінің болжамын құрастыру керек:
А) 3 жылға
Б) 5 жылға
В) 7 жылға
Г) белгісіз мерзім
Д) бүкіл өмір
2. Тауар айналым жоспары қандай көрсеткіште жоспарланады:
А) сату бағасындағы % бойынша
Б) сату бағасындағы $ бойынша
В) сату бағасындағы кг бойынша
Г) сату бағасындағы Є бойынша
Д) сату бағасындағы теңге бойынша
3. Екінші жылға тарату көлемінің болжамы жүргізіледі:
А) ай сайын
Б) квартал сайын
В) жыл сайын
Г) 2 жұмаға 1 рет
Д) жүргізілмейді
4. Үшінші жылға тарату көлемінің болжамы жүргізіледі:
А) 5 ай
Б) 6 ай
В) 1 ай
Г) 3 ай
Д) 12 ай
5. Бастапқы өндіру кезеңіне нақты белгілі:
А) сатушылар
Б) бар тауарлар
В) бағалары
Г) тауар айналымы
Д) болашақ сатып алушылар
6. Екінші жылдан бастап болжаммен айналысу қажет:
А) жапқыштармен
Б) жамылғыштармен
В) жамылдырғыштармен
Г) жоспармен
Д) көлеммен
7. Көбінесе болжам жасаған кезде қателер болуы мүмкін:
А) тауар саны
Б) клиент саны
В) сұраныстың майысқақтығы
Г) бюджеті
Д) көлемнің болжамы
8. Сұраныс майысқақтығы қателер бизнес-жоспар бөлігі бағаланады:
А) «сандық талдау»
Б) «сапалық талдау»
В) «бюджет талдауы»
Г) «маркетингтік талдау»
Д) «тауардың сәйкестік талдауы»
9. Өткізу жоспары неге негізделмейді:
А) «Уақыт» бағдарламасының жағдайларына
Б) сұраныс көрсеткішіне
В) ұсыныс бағалауына және басқа өндірістерге
Г) сауда болжамына
Д) тауар бағасы болжамына
10. Өткізу жоспары неге негізделмейді:
А) сауда болжамына
Б) сұраныс көрсеткішіне
В) ұсыныс бағалауына және басқа өндірістерге
Г) тұтынушылар арасында жүргізілетін сұрастыруға байланысты
Д) тауар бағасы болжамына
11. Фармакопея – бұл:
А)дәрілік өсімдік шикізаты жайында ғылым
Б)дәрілік заттардың адам ағзасына әсерін зерттейтін ғылым
В)дәрілік препараттарды дайындау технологиясы
Г)ғылыми – технологиялық құжат
Д) дәрілік заттардың сапасына қойылатын талаптарды регламенттейтін стандарттар мен қосымшалар жинағы
12. Фармацияның ұйымдастырылуы мен экономикасы пәні нені зерттейді:
А)дәріхана ұйымдарының басқару және экономикалық салаларын
Б)дәрілік өсімдік шикізатын
В)дәрілік заттардың дайындалуын
Г)дайындалған дәрілік препараттар сараптамасын
Д)науқастарды емдеу әдістерін
13. Фармацевтік өндірісте дайындалған өнім сапасын бақылауды кім жүзеге асырады:
А)санитарлық – эпидемиологиялық қызмет
Б)бақылау – аналитикалық зертханасы
В)мемстандарт
Г)фармацевтік бақылау басқармасы
Д) техникалық бақылау бөлімі
14. Сұраныс – бұл:
А)нақты сатылған тауарлар көлемі
Б)фармация өндірісімен бөлінген нақты медикаменттер
В) тұрғындар мен ЕПМ қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті дәріхана ұйымында болуға тиіс заттар
Г)тұрғындар мен ЕПМ дәрілерді сатып алуға нақты мүмкіншіліктері
Д)сатылатын тауарлар көлемі
15. Рецептерді қабылдау бойынша провизор – технологқа келесі міңдеттер жүктеледі:
А) рецептерді қабылдау және дайындалған дәрілерді босату
Б)ауру диагнозын нақтылау
В)дәрілерді дайындау
Г)дәрілер сапасын тексеру
Д)науқаста жеке басын куәландырушы құжатты тексеру
16. ДЗ –ң клиникаға дейін және клиникалық зерттеулерін эксперттік бақылау кімнің міндетіне жатады:
А)фармакопеялық эксперттік комиссиясы
Б)облыстық ДС органдары
В)сертификаттау органдары
Г)зерттеу лабораториялары
Д) фармакологиялық эксперттік комиссиясы
17. Наркотикалық заттардың қалдығын кітаптағы қалдықпен тексеру жүргізіледі:
А)қажеттілігіне қарай
Б)жетіспеушілік болғанда
В)ұрланғанда
Г)ай сайын
Д)жарты
18. Барлық қате жазылған рецептерді дәріханада қалдырады және тіркейді:
А)рецептуралық журналда
Б)орамдау журналда
В)дәріханаішілік бақылау журналында
Г)зертханалық журналда
Д) қате жазылған рецептерді тіркеу журналында
19. Концентраттар, жартылай фабрикаттар және дәріханаішілік дайындамалар жіктелуі бекітіледі:
А)дәріхана меңгерушісімен
Б)сертификаттау органының зерттеу лабораториясымен
В)провизор – аналитикпен
Г)облыстық санитарлық қызметпен
Д)фармация басқармамен
20. Наркотикалық заттардың заттық – сандық есебі жүргізіледі:
А) кәдімгі өлшегіштерде
Б)жіктелуі бойынша
В)дәрілік түр бойынша
Г)дозалануы бойынша
Д)ақшалай белгіленуі
21. Дәріхана ішілік дайындау (заготовка) – бұл:
А)дәрілерді сатып алушыға ыңғайлы мөлшерде дозалау
Б)дәрілік заттардың алдын – ала дайындалған концентрациясы жоғары ерітінділері
В)басқа ингредиенттермен қоспада қолданылатын, дозаланбаған дайындау түрі
Г)концентраттар
Д) жиі кездесетін рецептуралық жазбалар бойынша дәрілік түрлерді алдын – ала дайындау
22. Концентраттар есепке алынады және тіркеледі:
А)рецептуралық журналда
Б)зертханалық журналда
В)орамдау журналында
Г)дефектура журналда
Д)дәріхана ішілік бақылау журналында
23. Орамдаушы міндеттеріне жатады:
А)науқастарда рецептерді қабылдау
Б)ыдыстар мен көмекші материалдарды жуу
В)бөлмені жинау
Г)дәрілік заттарды орамдау және дозалау
Д)дәрілерді үйлерге жеткізу
24. Дәрілік жазба құрамына кіретін улы затты ассистентке босатады:
А)провизор – аналитик
Б)дәріхана меңгерушісі
В)орамдаушы
Г)фармацевт
Д) дәріхана басқарушысының бұйрығымен
25. Органолептикалық бақылауда тексереді:
А)жалпы көлем
Б)жалпы масса
В)түсін, иісін, дәмін
Г)дозаны
Д)механикалық қоспаларды
26. ЕПМ мен тұрғындардың дәрілерді сатып алуға нақты мүмкіндіктерінің сипаты аталады:
А)сұраныс
Б)ұсыныс
В)фактор
Г)тұтыну
Д) қажеттілік
27. Отандық өндірістің дәрілік препараттарына қажеттілік қанағаттандырылады:
А)100 % - толығымен
Б)6 % - ға
В)50 % - жартылай
Г)0 % - мүлдем жабылмайды
Д)3 % -ға
28. Дәріханаларда дәрілерге бағаны бекітеді:
А)мемлекет реттейді
Б)дайындаушы бекітеді
В)арадағы адам (посредник) бекітеді
Г)нарық (бос бағалар)
Д)жергілікті органдар
29. Техникалық регламенттің орындалуын бақылайды:
А)әкімшілік
Б)инженер
В)ревизор
Г)бақылау – аналитикалық зертхана
Д) техникалық бақылау бөлімі
30. Фармацевтік өндірістегі дәрілер өндірісінің технологиясындағы негізгі құжат:
А)технологиялық регламент
Б)бұйрық
В)өкім
Г)құралдардың орналасу жоспары
Д)дәрілік заттар өндірісі технологиясы
Жауаптар эталондары:
1. А
2. А
3. Б
4. Д
5. Д
6. А
7. В
8. Г
9. А
10. Г
11. Д
12. А
13. Д
14. В
15. А
16. Д
17. Г
18. Д
19. Б
20. А
21. Д
22. Б
23. Г
24. Д
25. В
26. Д
27. Б
28. Г
29. Д
30. А
ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ЖӘНЕ ЕҢБЕК КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖОСПАРЛАУ
Сіңірген еңбек ақы төлеу- еңбек ақы деп аталады. Еңбек ақының 2 түрі болады: негізгі және қосымша.
Негізгі еңбек ақы - ол істелінген уақытқа төленетін ақы. Қызметтің лауазымдық айлығы, зиянды жұмыстарды істегені үшін, біліктілік категориясына, республикаға еңбегі сіңген провизор атағына, ғылыми атаққа, істеген еңбек көлемі көбейген кезде, сыйлықтар және т.б.
Қосымша еңбек ақы дегеніміз- ол еңбек туралы заңға байланысты қызметкерге дәріханада істелінбеген уақыттағы төленетін ақы. Олар негізгі және қосымша демалыс кездері, еметін жас балалары бар аналарға берілетін демалыс, жас өспірімдерге берілетін жеңілдіктер, әскери жиындарда болатын уақытта және т.б.
Еңбек ақыны төлеу 2-ге бөлінеді: мерзімді төлеу, кесімді төлеу.
Мерзімді төлеу дегеніміз- ол қызметтік лауазымдық айлығына және басқа да критерияларына қарай отырып оның негізгі уақытына ғана ақы төлеу.
Кесімді төлеу дегеніміз – ол қызметтің жасаған істердің немесе өнімнің сапасына және санына қарай отырып ақы төлеу. Еңбек ақының осылай төленуі көбінесе ІІ категориялы дәріханаларда және дәріханалық киоскаларда істейтін қызметкерлер арасында қолданылады. Оларға сатылатын жалпы тауарлар құнының 16% және санитарлық- дезинфекциялық заттардың 3,5% беріледі.
Дәріхана мекемесінде бекіткен экономикалық нормативті басшылыққа ала отырып, өзіндік еңбек көрсеткіші, факторларды және еңбек өнімділігіне әсер ететін дәрежесін талдай отырып, олардың резервтерін жоғарлату үшін анықтайды. Осы талдау негізінде мекемелердің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларын өңдейді. Еңбекті жоспарды өңдеу кезінде материалдарды белменді қолданылады, еңбек және қаржы ресурстарын, еңбек өнімділігінің өсу темпі мен еңбек ақы фондының өсуін салыстыра отырып, қамтамасыз етілуін бақылау керек. Дәріхана мекемесінің еңбек өнімділігінің көрсеткіші 1 қызметкердің орташа тізімдік тауар айналым өтуімен белгіленеді. Өлшемнің орташа тізімдік санын бірнеше әдіспен анықтауға болады. Орташа айлық санын анықтау үшін ай басында және ай соңында нақты қызметкер санын қосып, осы санды теңдей екіге бөледі.
Мысалы, ай басында -14 қызметкер, ай соңында – 15.
Орташа айлық сан 14,5 тең (14 + 15) / 2.
Орташа квартал санын үш орташа айлық көрсеткішті қосып, алынған санды 3-ке бөлумен анықтайды.
Орташа жылдық немесе орташа тізімдік санды орташа кварталды қосып, алынған санды 4-ке бөлу жолымен анықтауға болады.
Тағы да қызметкерлердің орташа тізімдік санын дәріхананың әр қызметкердің жылдағы нақты өтелген айларын, яғни адам-ай санын 12 бөлумен анықтауға болады.
Мысалы, 1 провизор-технолог – 12 ай, 2-сі- 9 ай, 3-сі- 10 ай. Провизор-технолог жалпы адам-ай саны құрайды: 12 + 9 + 10 = 31.
Орташа жылдық саны тең болады: 31/12 = 2,6.
Барлық штаттағы орташа тізімдік санын талдаудағы жылға есептеу дұрысырақ болады.
Тауар айналым туралы және қызметкерлер орташа тізімдік санының есеп беру көрсеткішін біле отырып, еңбек өнімділігін оңай анықтауға болады. Сондықтан жан-жақты осы көрсеткіштерге әсер ететін факторларды анықтайды:
-
дәріхана ұжымының жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
-
рецептті қабылдау және дәрілік затты босату бойынша еңбек сиымдылығын анықтау;
-
әртүрлі жұмысты табуға кететін уақыт шығынын зерттеу;
-
еңбек сиымдылығын төмендететін жолдарды іздестіру;
-
дәріхананың дайын дәрілік заттар санын көбейтуге арналған шаралар өткізу.
Дәріхана мекемесінің еңбек ақыны өнімділікті жоғарлату үшін, ғылыми-технологиялық прогрестерді тездету, тұрғындарға дәрілік қызмет көрсету сапасын жақсарту, өндірістің эффективтілігін жоғарлату және пәнді оқытуды нығайту үшін міндетті түрде негізгі зат ретінді қолдану қажет.
Ұжымның тапқан еңбегі арқасында дәріхананың құқығы бар:
-
қызметкерлердің еңбек ақы жүйесін және түрін анықтау;
-
жоғарғы ставка бойынша ақы төленетін жұмыс орындарын анықтау;
-
мамандық бойынша қосымша жұмыстарға төлеуді енгізу;
-
құрылымдық бөлімшелердің басшыларына лауазымдық айлықты және олардың сандық қатынасы есептелмейтін және штаттық кесте бойынша орташа айлық сақтамайтын жұмысшыларға айлық бекіту;
-
дәріхана қызметкерлеріне сый ақы беру ережесін өңдеу және бекіту.
Әрбір дәріханада өндірістік және сауда функциясын орындау үшін еңбек ресурстарын білу қажет. Ол үшін міндетті түрде «еңбек бойынша жсопар» құру керек. Сол үшін міндетті түрде келесі көрсеткіштерді есептеу керек:
-
қызметкерлердің орташа тізімдік саны;
-
еңбек ақы фонды;
-
1 қызметкердің орташа еңбек ақысы;
-
еңбек өнімділігі, яғни 1 қызметкерлік тауар айналым.
І. Қызметкерлердің орташа тізімдік санын әр ай сайын орташа арифметикалық өлшемі мен сандық арасы айдың басы мен ай соңында. Ол бөлінген өлшем болу мүмкін.
Мысалы: 1.12.06ж.- 12 бірлік;
1.01.07ж.- 12,5 бірлік.
Нәтижесі: желтоқсан айындағы қызметкерлердің орташа тізімдік саны
(12 + 12,5)
2 = 12,25 бірлік
ІІ. Дәріхана штаты келесі персонал топтарынан тұрады:
1. Әкімшілік- басқарушы;
1.1. Мекеменің басшысы:
- директор
- меңгерушісі
- басшы орынбасары
- меңгеруші орынбасары
1.2. Құрылымдық бөлімшелер басшылары:
- бөлім меңгерушісі
2. Қызметкерлер:
- бухгалтер
- бас бухгалтер
- есептеуші экономист
- кассир
3. Фармацевт персонал:
- провизор-аналитик
- провизор-технолог
- провизор-дефектор
4. Фармацевт персоналының ортаңғы буыны:
- фармацевт
- киоск сатушысы
- дәріхана сатушысы
5. Қосымша персонал:
- орамдаушы (фасовщик)
- санитар-жуушы
6. Шаруашылық-қызмет көрсетуші персонал:
- көлік жүргізушісі
- құрал-жабдық, мекемеде ағынды жөндеу жүргізушісі және т.б. қызмет бойынша жұмысшылар
- қызмет бөлмелерін тазалаушы
Қызметкерлер санын анықтайтын барлық нормативті құжаттар заңды сипатта емес, ол ұсыну сипатында. Әкімшілік-басқарушы, қызметкерлер, шаруашылық-қызмет көрсетуші персоналдардың саны дәріхананың жұмыс көлеміне байланысты.
Мысалы:
1. Дәріхана меңгерушісінің лауазымы 1 бірлік;
-
Провизор және фармацевттердің саны рецепттер және тауар айналымның 1 жылдық көлеміне байланысты (яғни, жеке дайындалған амбулаторлық рецепттердің саны + жеке дайындалған стационарлық рецепттер бірлік саны + дәріханаішілік дайындамалардың + орамдау бірлік саны және т.б.);
-
Бухгалтерлердің қызмет саны орындалатын функция бойынша және жұмыс көлемі бойынша анықталады.
-
Кассирлер саны көтерме тауар айналым көлемімен анықталады.
-
Көлік жүргізушілер – жұмыс көлеміне байланысты
-
Тазалаушы- мекеменің ауданына байланысты
-
Жөндеу бойынша жұмысшылар штатта 1 және 2 категориялы дәріханаларда болуы мүмкін.
ІІІ. Еңбек ақы фонды штаттық кестені бекіту бойынша және әр қызметкердің айлығын есептеу арқылы жоспарланады.
Егер де, дәріхананың еңбек бойынша шығыны 50500 тг. құрса, онда өлшем өзгерісі күтілмейді. Онда дәріхананың еңбек фонды кварталға құраса: 50500 х 3 ай = 151 500теңге. Одан басқа, дәріхананың ай сайын барлық қызметкерлеріне 60% көлеміндей сый ақы төлеуді жоспарласа, яғни кварталға – 90900теңге.
Еңбек ақы фондының нәтижесі: 151500 + 90900 = 242400теңге.
ІV. Дәріхананың өндірістік еңбек тауар айналымын қызметкерлердің орташа тізімінің санына бөлумен анықталады, яғни бұл 1 қызметкерлердің арнайы уақыт бөлігінде келетін тауар айналым (ай, квартал, жыл).
Мысалы, жоспарлы еңбек өнімділігінің көметкіштерін кварталына, егер де жоспарлы тауар айналым кварталына 890 мың теңге тең келетінін біз білетін болсақ.
890 000 : 12 бірлік = 74 166теңге – бұл 1 адамның жоспарлы еңбек өнімділігің көрсеткіші.
Тесттер:
1. Минимальды айлық еңбек ақысының мөлшері ҚР заңдылығымен бекітілген 50-еселі мөлшерінен кем емес бағалы материалды-заттық құндылықтардың жиынтығы және пайдалану ережесі мерзімі бір жылдан кем емес жатады:
А) тауарларға
Б) біркелкі заттарға
В) ақша қаражатына
Г) қаржы нәтижесіне
Д) аз құнды және тез ескіретін заттарға
2. Дәріханалық ұйыммен таңдалған енгізу тәсілдерін жинақтау бухгалтерлік есеп-біріншілік бақылау, бағалау өлшемі, ағымды топтау және шаруашылық қызмет фактілерін қорытынды жинақтау аталады:
А) баланс
Б) тізімге алу (инвентаризация)
В) саясат есебі
Г) қаржы нәтижесі
Д) ақпарат алмасу есепшоты
3. Дәріхананың айналым заттарына жатады:
А) ыдыс
Б) тауарлар
В) ақша қаражаты
Г) көлік
Д) аз құнды және тез ескіретін заттар
4. ЕПМ қызметкері дәріханадан жалпы тізімдегі дәрілік препараттарды дәріханадан алу үшін сенім хат жарамды:
А) жыл
Б) ай
В) 5 күн
Г) квартал
Д) 10 күн
5. ЕПМ қызметкері дәріханадан наркотикалық дәрілік препараттарды дәріханадан алу үшін сенім хат жарамды:
А) жыл
Б) ай
В) 5 күн
Г) квартал
Д) 10 күн
6. Байқалатын операциялар сипаттамасы бойынша есеп құжаттары бөлінеді:
А) кассалық, тауарлық, банкілік
Б) кассалық және кластық
В) банкілік, типтік, менеджерлік
Г) табиғи және ақшалық
Д) тауарлық, ақшалық, кассалық
7. Бухгалтерлік есептеудің механизациясын қолданған кезде құжаттардың біріншілік реквизиттері қандай түрде көрінуі керек:
А) код
Б) азбука Морзе
В) имривита
Г) иероглиф
Д) нота
8. Қате жіберілген кіріс және шығыс кассалық ордерлерде не жазылады:
А) «төленген»
Б) «қате»
В) «алынған»
Г) «түзетілген»
Д) ештене жазбайды
9. Архивте құжат қанша уақыт сақталады:
А) 1 ай
Б) 1 жыл
В) сақталмайды
Г) әр құжаттың өзінің сақтау мерзімі бар
Д) 5 жыл
10. Құжаттар заңды болу үшін не керек:
А) реквизиттер
Б) штамп
В) мөр
Г) басқарушының қол таңбасы
Д) ештене қажет емес
11. Бағаның саясаты:
А)нарықтың түріне байланысты ауысады
Б)нарықтың түріне байланысты емес
В)баға түзілу әдісін таңдауды болжамайды
Г)баға түзілуінің хаотичностьің болжайды
Д) жауап арқылы анықталады
12. Бағаның бастапқы есеп беру әдісін болжайды:
А)баға түзілуді шешу үкімі
Б) баға және тауар бәсекелестің сараптамасы
В)бәсекелестердің нақты бағасын анықтау
Г)ұлттық табыспен салыстыру
Д)дотацияны қарастыру
13. Баға құру мәселесін шешкенде келесі сұрақтар қарастырылады:
А) үлкен бәсекелестіктефирмалардың өмірің қамтамасыз ету
Б)фирмаларды ликвидациялау
В)науқастардың азаюы
Г)пайданың түсуі
Д)акцияның үлкен бөлшегің алу
14. Сұраныс келесі жағдайда икемді:
А) тауарға айырбас жоқ
Б)тауарды одан да арзанға ауыстыруға болады
В)бағаның жоғарлауын сатып алушылар тез байқайды
Г)сатып алушылар тауардың арзан бағада сатуын іздейді
Д)сатып алушылар бірден арзан тауар алуға ауысады
15. Бәсекелестердің баға мен тауарың сараптауға келесі әдістер қарастырылады:
А)бәсекелестерге кенеттен ревизияны жүргізу
Б)тұрғындардан сұранысты анықтау
В)бәсекелес фирмалардың персоналдарының жұмыс істеу графигің қарастыру
Г) тауар арасында салыстыруды жүргізу.
Д)бәсекелестік фирмалардың қызметкерлерінің жасын қарастыру
16. Баға құру әдісі келесі таңдауды болжайды:
А)оның тауарына сұраныс болмағанда фирма көркейеді
Б)минимальді мүмкін болатын баға өнімінің ерекшелігімен анықталады
В)максимальдімүмкін болатын баға өз бағасынан төмен болуын анықтайды
Г) орташа баға бәсекелестердің тауарға қойған бағасымен анықталады
Д)жоғары бағада және жоғары сұраныстағы фирма банкротқа ұшырайды
17. Баға құру келесі әдістерден тұрады:
А)орташа ұстаным-табыс
Б)орташа ұстаным – табыс
В)тауар айналым сараптамасын қамтамасыз етеді
Г)жалпы шығымды қамтамасыз ету және шығымдарды сараптау
Д)әлем деңгейіндегі бағаны бекіту
18. Нақты бағаны бекіту үшін келесі сұрақтарды қарастырады:
А) баға сапаның көрсеткіші
Б)баға сапаның көрсеткіші емес
В)бағаны прейскурант бекітілген тәжірибиемен тексеру керек
Г)құқық қорғау органың реакциясын анықтау керек
Д)әкелушілер мен сатушылардың назарын аудармау керек
19. Дәріханада бағаға жеңілдіктер болады:
А)ақшалай төленген кездегі жеңілдіктер
Б)үлкен көлемде тауарды алғанда берілетін жеңілдіктер
В)аз көлемде тауарды алғанда берілетін жеңілдіктер
Г) белгілі бір категориялы адамның тауарды алудағы жеңілдіктер
Д) қарт кісілерге жеңілдіктер
20. Өткізімді өткізу үшін арналған баға:
А)сатып алушылардың назарын аудару үшін бекітіледі
Б)сатып алушыларды жолатпау үшін
В)прейскуранттың бағасы төмен болуы мүмкін
Г)анықталған уақыт аралығында бекітілмейді
Д)бекітіледі
21. Баға құру шешімі болып табылады:
А) имиджті тағайындау
Б)тауар өтуін күшейту
В)тауар өсімі мен дамуы
Г)тауар өсімі мен дамуы жоқтығы
Д)тауар өтуін төмендету
22. Баға – бұл:
А)тауар көлемінің сипаттамасы
Б)тауардың ақшалай емес құны
В) экономикалық категориясы
Г)техникалық принципі
Д)әлеуметтік категориясы
23. Дәрілік препараттардың бағасына жеңілдіктер:
А)күнделікті тұтынушыға болу мүмкін
Б)алғашқы рет тұтынушыға болуы мүмкін
В) медикаменттерді өткізуін жоғарлату үшін қызмет етеді.
Г)жеңілдіктер болмайды
Д)демалыс күндері
24. Фармацевт тауардың бағасын келесі себептерден жоғарлатады:
А)өскен бухгалтерлік шығындар
Б)айналым шығындардың айналуы
В) көтерме бағалардың өсуі
Г)көтерме бағалардың төмендеуі
Д)азық – түлік тауарларының құнының өсуі
25. Дәріханадағы тауардың түрі мен құрамдық бөліктері бойынша өткізу көлемі:
А) басты көрсеткіштердің бірі болып табылады
Б)екінші көрсеткіші
В)фарм. комитетінің шаруашылық – қаржылық қызметін сипаттау үшін мағынасы жоқ
Г)құрылымдық бөлінбейді
Д)құрамдық бөліктерге бөлінеді
26. Дәріханадағы тауар өткізілуінің көтерме көлемі
А)бұл тауарларды емдік – профилактикалық және басқа ұйымдарға бөлшек бағамен өткізу
Б) қолма – қол бағасымен
В)тауар өткізілуінің стационарлық көлемі
Г)тауарды салмағы бойынша өткізу
Д)медициналық емес тауарларды өткізу
27. Дәріханадағы тауар өткізілуінің бөлшектік көлемі:
А) тұрғындарға тауарды қолма – қол босату
Б)бөлек ЕПМ-ге медикаменттерді ақшасыз және жеңілдіктермен босатуды білдіреді
В)азық – түлік тағамдарды өткізуді білдіреді
Г)мекемені жалға беруді қарастырады
Д)шаруашылық тауарларын сатуды қарастырады
28. Дәріханада тауарды өткізу көлемін түрі мен құрылымдық бөлшектері бойынша сараптау:
А)халықтың өсу қарқының сараптамасын болжайды
Б) болашақ мерзімге өткізу көлемін болжауды қарастырады
В)көрші дәріханадағы жылдар бойындағы динамикадағы жоспарлық көрсеткіштерді орындауды зерттейді
Г)жоспарлық көрсеткіштерді орындамайды
Д)өнеркәсіп тауарларын өткізу көлемінің құрылысын анықтайды
29. Кассаның тексерісі өтеді:
А)периодты
Б)тұтынушының сұранысы бойынша
В)кассирдің ауысуы кезінде
Г)дәрілік препараттарға бағаның өсуі
Д) кассирлердің ауысқан кезінде периодты түрде
30. Ауысым аяғында кассадан алынады
А)Х – есеп
Б) Z – есеп
В)істелген жұмыс бойынша есеп
Г)У – есеп
Д)Ешнәрсе алынбайды
Жауаптар эталондары:
1. Б
2. В
3. Д
4. Г
5. Б
6. А
7. А
8. Б
9. Г
10. А
11. Д
12. Б
13. А
14. А
15. Г
16. Г
17. А
18. А
19. Г
20. А
21. А
22. В
23. В
24. В
25. А
26. Б
27. А
28. Б
29. Д
30. Б
ДӘРІХАНАНЫҢ АЙНАЛЫМ ШЫҒЫНДАРЫН ЖОБАЛАУ. ПАЙДАНЫ ЖОБАЛАУ
Жалпы табыс дегеніміз- ол сату бағасымен сауда бағасының айырмашылығы. Шаруашылық есептегі дәріханалар қоймалардан, фирмалардан көтерме бағамен сатып алады да, бөлшектік сауда бағасымен сатады, айырмасы дәріхананың жалпы табысы болып табылады.
Мысалы, 1кг новокаин б.с.б.- 80 теңге болса, к.с.б. – 8,50 теңге, осыдан новокаиннан түскен жалпы табыс- 71 500 теңге.
1 көзі кейбір медициналық тауарларға (медициналық құралдар, приборлар, жабдықтар, тіс дәрілік материалдары, лабораториялық столдар, рентген пленкалары, т.б.) тек қана көтерме сауда бағасы кіреді. Осы тауарлар тұрғындарға, емдеу-профилактикалық мекемелеріне және басқа мекемелерге көрсетілген белгіленген көтерме бағамен сатылады. Бұл үстеме баға да жалпы табысқа жатады. Ауруларды күтуге қолданылатын, шыныдан жасалынған тауарларға 30% үстеме бекітілген, көзілдірік футлярының 3 теңге үстеме бағасы, ал сатылу бағасы 3,90 теңге.
1 көзі кейбір заттарға (балық майы, медициналық термометр) тек қана сатылу бағасы бөлшектік сауда бағасы көрсетіледі. Осындай тауарлар дәріханаға түскенде сатылу бағасымен белгіленген бір скидкадан түседі. Сатылғанда сол сатылу бағасымен сатылады. Скидка мөлшері жалпы табыстың 3 бөлігі деп есептейміз.
Мысалы, мақтаның сауда бағасына 11,5% скидка жасап, дәріханалық қоймадан сатып алды. Сатқанда сол сауда бағасымен сатады. Жалпы табысқа әсер ететін факторлардың бірі ол дәрілердің, медициналық заттардың көтерме және сату бағасының өзгеруі. Экономикалық талдау кезінде сатылған заттар жалпы табысын есептеуге қалдық тауарлардың жалпы табысын анықтау керек. Жалпы табыс айналым шығындарын жауып, дәріхана таза пайдадан құрайды. Жалпы табыс 2 көрсеткішпен көрсетіліп, жоспарланады:
А) деңгейі бойынша- жалпы табыс сомасының сату бағасына тауар айналым сомасына % қатынасы.
Б) ақшалай көрсеткіш- дәріхананың 2005 жылғы жалпы тауар айналымы сатылу бойынша 1,5 млн. теңге, к.с.б. бойынша 1 млн.теңге, сондықтан жалпы табыс 500 000теңге тең.
Жалпы табыс көлемі мен деңгейіне төмендегідей факторлар әсер етеді:
1.Көтерме және бөлшектік сауда бағасының өзгеруі
2.Тауар айналым көлемінің өзгеруі
3.Тауар айналымдағы топтық құрылым
Дәріхананың жалпы табысын жоспарлау үшін керекті көрсеткіштер:
1.Тауарлардың әр топтары бойынша жоспарланған тауар айналымының көлемі
2.Өткен 4-5 жылдың жалпы табыс деңгейінің талдауы
3.Алдағы уақытта болған үстемені немесе скидканы білу
4.Кейбір дәрі-дәрмектердің көтерме немесе босату бағасының өзгеруін білу
5.Түсетін дәрі-дәрмектердің ассортиментінің өзгеруі
Таза пайда дегеніміз – ол жалпы табыс пен шығын айналымының айырмасы. Таза пайда тауар айналымының көрсеткішімен тығыз байланыста. Егерде тауар айналымы сандық көрсеткіш болса, таза пайда сапалық көрсеткіш.
Таза пайда екі түрге бөлінеді:
1. Операциялық
2. Баланстық
Операциялық пайда дегеніміз-кәдімгі таза пайда, жалпы табыс пен шығын айналым айырмасы. Осы пайдаға жоспарланбаған кірісті қосып, одан жоспардан тыс кіріс пен шығысты алып тастаса баланстық пайданы аламыз.
Рентабельділік дегеніміз – ол таза пайда соммасының жалпы тауар айналымға сатылу бағасындағы %-дық қатынасы.
n х 100
Р=--------------------------
Тауар айналым
Мысалы, көтерме сауда бағасы бойынша тауар айналымы 80 000, таза пайда 7200 теңге.
7 200 х 100
Р = -------------------------- = 9%
80 000
Таза пайда экономикалық көрсеткіш ретінде кейбір факторлар әсерінен өзгеруі мүмкін:
1.Босатылатын тауардың көлемі
2.Үстеме бағаның деңгейі
3.Айналым шығын деңгейі
4.Жоспардан тыс кіріс пен шығын
Таза пайданы есептеуге мысал:
Достарыңызбен бөлісу: |