Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ


-кесте. Механикалық сарғаюы бар науқастар емінің нәтижесі



бет7/7
Дата08.07.2016
өлшемі3.24 Mb.
#184680
1   2   3   4   5   6   7

7-кесте. Механикалық сарғаюы бар науқастар емінің нәтижесі


Көрсеткіштер

МС жеңіл түрі

МС орташа түрі

МС ауыр түрі

Негізгі

(n=21)


Бақылау

(n=22)


Негізгі

(n=35)


Бақылау (n=32)

Негізгі

(n=16)


Бақылау (n=13)

Емнің 1 кезеңінің ұзақтығы (тәулік)

4,1+0,2

4,9+0,3

5,6+0,3*

7,8+0,4

6,4+0,3*

9,3+0,4

Операциядан кейінгі емнің ұзақтығы (тәулік)

5,7+0,2

8,3+0,3

8,6+0,4*

10,6+0,4

8,9+0,4*

11,5+0,4

Емнің жалпы ұзақтығы (тәулік)

9,8+0,3*

13,2+0,4

14,2+ 0,5*

18,4+0,6

15,3+ 0,4*

20,8+0,5

Операциядан кейінгі асқынулар(%)

9,4+1,2*

13,5+1,3

14,3+ 1,3*

25,0+1,6

18,6+ 2,2*

30,8+2,8

Операциядан кейінгі өлім (%)

-

-

2,8

6,2

6,3

15,4

Зерттеулердің қорытындылары механикалық сарғаюы бар науқастарда декомпрессия әдістерінің жоғарғы тиімділігін, әрі науқастарды түбегейлі операцияға дайындау әдісі ретінде нәтижелігін дәлелдейді. Операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде циклоферон препаратын қолдану операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу және өлім деңгейін төмендетуге және науқастардың стационарда болу ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік береді.


Механикалық сарғаюы бар науқастардың хирургиялық еміне дейінгі және кейінгі циклоферон препаратының әсерінің нәтижелері:

1. Берілген жүйе бойынша, циклоферон препаратын өт жолдарының декомпрессиясымен бірге қолдану, зерттелген науқастарды түбегейлі операцияға дайындау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, механикалық сарғаюдың жедел дәрежесінде 0,8 тәулікке, ал механикалық сарғаюдың орташа және ауыр дәрежесінде 2,2 және 2,9 тәулікке қысқартады.

2. Өт жолдарының декомпрессиясы МС-ы бар науқастардың интоксикациялық және сарғаю деңгейін төмендетуге әкеледі, бұл көрсеткіштер МС жеңіл дәрежесінде 1- тәулікте байқалып, ал 2- тәулігінде түбегейлі операцияға дайындалды, МС орташа ауырлықты дәрежесінде 2 - тәулікте байқалып, ал 3- тәулігінде түбегейлі операцияға дайындалды, МС ауыр дәрежесінде 4- тәулікте байқалып, ал 5- тәулігінде түбегейлі операцияға дайындалды, әдеттегі емдеуге қарағанда жеңіл дәрежесінде 1,1 ретке, ал МС орта дәрежесінде 1,4 ретке және ауырлық дәрежесінде 1,9 ретке тездетеді.

3. Циклоферон препараты өт жолдарының декомпрессиясымен бірге иммунологиялық әсерін тигізеді, бұл механикалық сарғаюмен ауыратын науқастардың иммундық жүйесін қалпына келтіреді, дәстүрлі еммен салыстырғанда, жеңіл дәрежесінде 1,4 ретке, ал МС орта дәрежесінде 1,8 ретке және ауырлық дәрежесінде 2,1 ретке тездетеді.

4. Циклоферон препаратын өт жолдарының декомпрессиялау әдісімен бірге қолдану МС-ы бар науқастарда жеңіл дәрежесінің ұзақтығын 3,4 тәулікке қысқартады, ал операциядан кейінгі асқыну жиілігін 1,4 есеге дейін қысқартады, МС орташа ауырлықты дәрежесінде 4,2 тәулікке және 1,7 есеге, МС ауыр дәрежесінде 5,5 тәулікке және 1,6 есеге қысқартады. Сонымен қатар, МС-мен ауырған науқастардың операциядан кейінгі өлімін 6,0% - дан 2,8%-ға дейін төмендетеді.

Ситуациялық сұрақтар
№1 тапсырма

Әйел адамға холецистэктомия жасалды. Екі тас алынғаннан кейін өт жолының қуысына Т- тәріздес дренаж қойылды. 7 күннен кейін қандағы билирубин деңгейі жоғары болып қала берді, оның үстіне қатты ауру ұстамасы болып, арқаға қарай таралды.

Ауруды әрі қарай қалай “емдеу” керек, қандай әрекет жасау керек:

А. Тасты еріту үшін консервативті ем қолдану



  1. Т-тәріздес дренажды алып тастау

  2. Дренажға қысқыш салып қою

  3. Қайтадан операция жасау

  4. Дренаж түтігі арқылы фистулохолангиография жасау

№2 тапсырма

Осыдан бір ай бұрын науқастың көзі, денесі сарғая бастады, іш ауруы болған жоқ. Жұқпалы аурулар клиникасына Боткин ауруы деген диагнозбен түсті, дегенмен жұқпалы ауру болмай шықты. Соңғы кезде жалпы әлсіздік және арықтап кеткені байқалған. Ішке пальпация жасағанда үлкейген, ауырмайтын өт қабы білінеді.

Қандай диагноз қоюға болады:

А. Созылмалы калькулезді холецистит, холедохолитиаз, механикалық сарғаю


  1. Созылмалы белсенді гепатит

  2. Жедел вирусты гепатит

  3. Ұйқы безі басындағы ісік,механикалық сарғаю

  4. Бауыр альвеококкозы

№3 тапсыпма

Науқасқа ультрадыбыстық зерттеу жүргізгенде өт қабының кеңейгені, созылғаны, тас жоқ екені анықталған, бауыр ішіндегі жолдары кеңейген, холедохтың ені - 2.1 см, ұйқы безінің басы - 5.2 см.

Қандай диагноз қоюға болады:

А. Жедел калькулезды холецистит


  1. Созылмалы белсенді гепатит

  2. Ұйқы безі басындағы ісік,механикалық сарғаю

  3. Бауыр альвеококкозы

  4. Холедохтың терминальды бөлігінің тарылуы

№4 тапсырма

Денесі сарғайған науқасқа УДЗ жүргізгенде өт қабының үлкейгені, жалпы өт жолының кеңейгені анықталған. ФГДС жасағанда ұлтабардың үлкен үрпегі орамжапырақ тәріздес өскен.

Сіз қандай диагноз қоясыз:

А. Ұлтабардың үлкен үрпегінің ісігі

В. Папиллит

С. Ұлтабардың ойық жарасы үлкен үрпегінің ісігі

D. Ұлтабар полипі

Е. Ұлтабар дивертикулиті
№5 тапсырма

Жедел холецистит туралы жасалып жатқан операция кезінде өт қабының флегмонозды өзгерген, ішінде тас бар, холедохтың ені - 1,2см, пальпация жасағанда оның ішінде тастар бар екені анықталды. Холецистэктомия жасалды. Өт қабы түтігінен көптеген тастар бөліне бастады. Операцияны қалай аяқтау керек:

А. Холедохолитомия, жалпы өт жолын Кер әдісімен сыртқы дренаждау


  1. Холедохолитотомия,холедоходуоденоанастомоз

  2. Холедохолитотомия, холедохты тұйық тігу

  3. Өт жолдарын Холдстед -Пиковский әдісімен дренаждау

  4. Холедоходуоденоанастомоз, жалпы өт жолын Кер әдісімен сыртқы дренаждау

№6 тапсырма

Холецистэктомия жасалды. Операция аяқталған кезде кенеттен профузды қан кете бастады. (Өт қабы артериясына байлаған лигатура шешілді.)

Қанды қалай тоқтату керек:

А. 4-5 үлкен дәке тампондарын салу


  1. Бауыр - ұлтабар жалғамына қысқаш салу

  2. Бауыр артериясын байлап тастау

  3. Оң қолдың ІІ саусағын Винслово тесігіне кіргізіп бауыр артериясын басып, артерияға қысқаш салу

  4. Күйдіруші коагулятор қолдану

№7 тапсырма

Созылмалы калькулезді холецистит туралы операция жасалып жатыр. Холецистэктомия жасалды. Холедохтың ені - 1.2см. Долиотти зондтарымен тексергенде №3 зонд ұлтабарға күшпен енді. Холангиограммада холедохтың терминальды бөлігінің тарылғаны көрінеді. Операцияны қалай аяқтар едіңіз:

А. Холедохолитотомия



  1. Жалпы өт жолын Холстед -Пиковский әдісімен дренаждау

  2. ТДПСТ( трансдуаденальды папиллосфинктеротомия)

  3. Ішкі қос дренаж салу

  4. Холедоходуоденостомия

№8 тапсырма

58 жасар науқас механикалық сарғаюмен (Ві-420) түсті. Ішін қарағанда үлкейген, созылған өт қабы анықталады. УДЗ жүргізгенде ұйқы безі басы үлкейген. Қан қысымы төмендеуі байқалған.

Науқастың жағдайын жеңілдету үшін қандай ем шарасын қолдану керек:

А. Холедохоеюноанастомоз


  1. Лапароскопиялық холецистостомия

  2. Панкреатодуаденальдық резекция

  3. Асқазан резекциясы.

  4. Бильрот-1 операциясын жасау

№9 тапсырма

Науқас К. - 48 жаста. Холецистэктомия жасалғанына 3 жыл болған. Соңғы 2-3 ай ішінде оң жақ қабырға асты ауыра бастаған. Ауру ұстама сияқты, кейде денесі қышиды. ЭРХПГ- да жалпы өт жолы кеңейген. ЭПСТ жасауға мүмкіндік болмады.

Хирургиялық тактиканы анықтаңыз:

А. Холедохолитотомия, жалпы өт жолын. Кер әдісімен сыртқы дренаждау


  1. Холедохоеюноанастомоз

  2. Ішкі қос дренаж салу

  3. Холедохолитотомия

  4. ТДПСТ

№10 тапсырма

Науқас әйел - 46 жаста. Үш ай бұрын жедел флегмонозды калькулезды холецистит туралы операция жасалған. Соңғы үш апта бойы ұстама тәрізді іші ауыра бастады, көзі, денесі сарғайды, денесі қыши бастады. Қай диагноз мүмкін болар еді:

А. ПХЭС, холедохолитиаз



  1. Бауыр альвеококкозы

  2. Созылмалы белсенді гепатит

  3. Жедел калькулезды холецтстит, холедохолитиаз

  4. Бауыр эхинококкозы

ТЕСТТІК БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.Қан анализіндегі механикалық сарғаюға тән өзгеріс:

А. Лейкоцитоз



  1. Билирубинемия

  2. Лейкопения

  3. Сілтілі фосфатазаның көтерілуі

  4. АЛТ- ның жоғарлауы.

2. Ұйқы безінің басындағы ісіктен болған механикалық сарғаю кезінде төмендегі симптомдардың біреуінен басқасының бәрі болуы мүмкін:

А. Пальпация кезінде үлкейген өт қабын анықтау


  1. Аурудың біртіндеп басталуы

  2. Өкпедегі метастаз

  3. Тромбофлебит

  4. Ұйқы безінің басындағы ісік

3. Механикалық сарғаю кезінде төмендегі витаминдердің қайсысының жетімсіздігі болады:

А. С витамині


  1. Е витамині

  2. К витамині

  3. В 15 витамині

  4. Д витамині

4. Механикалық сарғаюды анықтауға дәлел болатыны:

А. Трансаминазалардың көтерілуі (АЛТ, АСТ)


  1. Креатининфосфокиназаның (КФК) көтерілуі

  2. Лактатдегидрогеназаның (ЛДГ) көтерілуі

  3. Диастазаның жоғарылауы

  4. Сілтілі фосфотазаның (СФ) көтерілуі

5. Холедохолитиазды анықтау үшін нәтижелі зерттеу әдісі:

А.Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография( ЭРХПГ)

В.Жасанды гипотония жағдайында жасалатын ұлтабар рентгеноскопиясы

С.Нәжісті стеркобилинге зерттеу

D. Сілтілік фосфатаза деңгейін анықтау

Е. Қандағы холестерин деңгейін анықтау
6. Ұйқы безі басының ісігін анықтау үшін қолданылатын зерттеу әдісі:

А. Қандағы билирубин деңгейін анықтау



  1. ЭРПХГ

  2. Абелев-Татаринов сынағы

  3. Гепатодуоденальды аймаққа УДЗ жүргізу

  4. Сілтілі фосфатаза деңгейін анықтау

7. Лабораториялық зерттеуде паренхиматозды сарғаюға тән симптом:

А. Оң жақ қабырға астының ұстама тәрізді ауруы


  1. Іш ауырсынусыз басталуы

  2. АЛТ және АСТ деңгейінің жоғары болуы

  3. Эритроциттердің ыдырауы

  4. Сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

8. Қан анализіндегі бауырүстілік сарғаюға тән өзгеріс:

А. Оң жақ қабырға астының ұстама тәрізді ауруы


  1. АЛТ және АСТ деңгейінің жоғары болуы

  2. Сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

  3. Эритроциттердің ыдырауы

  4. Зәрдегі диастазаның көтерілуі

9. Төмендегі аурулардың қайсысына Курвуазье симптомы тән:

А. Холедохолитиаз


  1. Холедохтың терминальды бөлігінің стенозы

  2. Ұйқы безі басының ісігі

  3. Созылмалы белсенді гепатит

  4. Ұлтабар ойық жарасы

10. Механикалық сарғаю кезінде нәжіс пен зәр қандай өзгерістерге ұшырайды:

А. Қараяды


  1. Ағарады

  2. Өзгермейді

  3. Қан аралас болады

  4. Зәр қараяды, нәжіс ағарады

11. Механикалық сарғаю кезінде болатын коагулопатияны емдеуге қолданылатын дәрі:

А. Контрикал


  1. Гордокс

  2. Хлорлы кальций ерітіндісі

  3. Жаңа тоңазытылған плазма

  4. Протамин сульфат

12. Механикалық сарғаю болғанда қолданылатын дезинтоксикация түрлеріне жатпайтынын атаңыз:

А. Гемодилюция


  1. Үдетілген диурез

  2. Плазмаферез

  3. Гемосорбция

  4. Перитонеальды диализ

13. Гемодилюция жургізу үшін қолдануға келмейтін дәрі:

А. Гемодез


  1. Глюкоза ерітіндісі

  2. Липофундин

  3. Рингер ерітіндісі

  4. Физиологиялық ерітінді

14. Механикалық сарғаю болғанда шұғыл көмек ретінде жасалатын операцияға дәлел көрсеткіш:

А. АЛТ- ның күрт жоғарылауы


  1. Іріңді холангит

  2. Билирубиннің төмендеуі

  3. Қант деңгейінің төмендеуі

  4. АСТ-тың күрт жоғарылауы.

15. Холедохолитиазды анықтау үшін нәтижелі зерттеу әдісін таңдап алыңыз:

А. Іш қуысының рентгенограммасы


  1. Пероральды холецистохолангиография

  2. Көктамырлық холецистохолангиография

  3. Гепатодуоденальдық аймақты УДЗ

  4. ЭРПХГ

16. Альвеококк түйіні бауыр қақпасы тұсында орналасып, механикалық сарғаюдың ауыр түрімен асқынған жағдайда (Ві-470); қандай операция тиімді болар еді:

А. Холедохотомия,сыртқы дренаж қою


  1. Холецистоcтомия

  2. Холедохотомия, альвеококк түйінін тесіп, бауыр арқылы өт жолын дренаждау

  3. Лонг-Майр әдісімен гепатоеюностомия жасау

  4. Холедохолитотомия.

17. Механикалық сарғаю диагнозын қою үшін зерттеу әдістерінің қайсысын қолданар едіңіз:

А. Қанның жалпы анализі


  1. Іш қуысының шолу рентгенограммасы

  2. Гепатодуоденальдық аймаққа УДЗ жүргізу

  3. ЭРПХГ

  4. КТ

18. Лабораториялық зерттеу әдістерінің қайсысы холестазды дәлелдейді:

А. Қанның жалпы анализі


  1. Лактатдегидрогеназаны анықтау

  2. Қышқыл фосфотазаны анықтау

  3. Сілтілік фосфотазаны анықтау

  4. АЛТ,АСТ-анықтау

19.Механикалық сарғаю себебін анықтауға көмек беретін:



  1. Пероральды холецистохоланграфия

  1. Көктамырішілік холецистохолангиография

  2. Ретроградты (өрлемелі) холангиография

  3. Бауыр сцинтиграфиясы

  4. Тікелей спленопортография

20.Науқаста жалпы өт жолдарында тас болудан туған үдемелі сарғаю бар. Науқасқа не істеу керек?



    1. Детоксикациялық терапия, құрсақ қуысын дренаждау

    2. Шұғыл операция, құрсақ қуысын дренаждау

    3. Шұғыл операция, детоксикациялық терапия

    4. Тек консервативті ем

    5. Толық тексеру және оперативтік ем

21. Механикалық сарғаюы бар науқастарға операция алдында зерттеу жүргізу кезінде сарғаюдың себебін анықтау үшін қандай диагностикалық тәсіл тиімділеу:



  1. Пероральды холецистография

  2. Ретроградты холецистопанкреатография (РХПГ)

  3. Бауырдың сцинтиграфиясы

  4. Холецистохолангиография

  5. Ангиография

22.Тері-бауыр арқылы холангиография қай уақытта қолданылатын әдіс:



  1. Механикалық сарғаю кезіндегі өт жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы

  2. Бауырішілік тамыр блогы (кедергісі)

  3. Бауырдың биллиарлы циррозы, бауыр абсцессі

  4. Бауыр абсцессі

  5. Созылмалы гепатит


23.Т - тәрізді дренажбен бауырдан тыс өт жолдарын дренаждау- бұл:

  1. Пиковский бойынша

  2. Кер бойынша

  3. Вишневский бойынша

  4. Кохер бойынша

  5. Холстед бойынша


24.Жалпы өт жолын өт қабы өзегі арқылы дренаждау - бұл:

  1. Холстед - Пиковский әдісімен дренаждау

  2. Кер әдісімен дренаждау

  3. Вишневский әдісімен дренаждау

  4. Кохер әдісімен дренаждау

  5. Аббе әдісімен дренаждау


25. Жалпы өт жолын дренаждауға көрсеткіш:

  1. Өт қабының көптеген полиптері

  2. Бауыр - он екі елі ішек байламы аймағындағы айқын инфильтратты өзгерістер

  3. Өт қабының үлкен көлемдері

  4. Өт қабының көптеген тастары

  5. Өт қабының көптеген полиптері

26. Жылдан көп тұрақты өтетін «шынайы постхолецистэктомиялық синдром» кезінде жасалатыны:



  1. Эндоскопиялық ретроградты папиллосфинктеротомияны орындау

  2. Бауырдан тыс өт өзектерін дренаждау операциясы

  3. Консервативті терапия мен ары қарай динамикалық бақылау

  4. Жалпы өт өзегіне реконструктивті операция жасау

  5. Билиодегистивті анастомоз жасау операциясы

27. Іріңді холангит кезінде жасалатыны:



  1. Консервативті терапия өткізу (дезинтоксикациялық терапия, антибиотикотерапия)

  2. Бауырдан тыс өт өзектерін дренаждау операциясы

  3. Билиодегистивті анастомоз жасау операциясы

  4. Қарқынды антибиотикотерапия және дезинтоксикационды терапиямен бірге өт пассажын қалпына келтіруге және бауырдан тыс өт өзектерін босатуға бағытталған операцияның кез-келген түрі

  5. Бауыр арқылы өткізілген дренаж үстінде гепатикоеюностомия жасау операциясы

28.Жалпы өт өзегін дренаждау үшін дәлелді көрсеткіш:



  1. Операция барысында 1 см-ге дейін не одан да көп ұлғайған өт өзегінің анықталуы

  2. Өт қабы қабырғасының айқын өзгерістері

  3. Операция барысында жергілікті перитонит белгілерінің анықталуы

  4. Бауырдың цирроздық өзгерістері

  5. Бауырдың ісіктік өзгерістері

29.Постхолецистэктомиялық синдромы бар науқаста операция кезінде хирург ұлтабардың үлкен үрпегінің тарылуын, дуоденостазды тапты. Қандай операция жасау керек:



  1. Папиллэктомия

  2. Папиллосфинктеротомия

  3. Холедоходуоденостомия

  4. Холедохоеюностомия

  5. Панкреатодуоденальды резекция

30. Өт жолдарының жоғары бөліктерінің тарылуында қандай операция оптимальді болады:



  1. Гепатикодуоденостомия

  2. Гепатикогастростомия

  3. Тарылған жерге резекция жасау

  4. Гепатикоеюностомия

  5. Бауыр арқылы өткізілген дренаж үстінде гепатикоеюностомия жасау

СИТУАЦИЯЛЫҚ СҰРАҚТАРДЫҢ ДҰРЫС ЖАУАПТАР ЭТАЛОНЫ



1. E 6. D

2. D 7. Е

3. C 8. В

4. А 9. С

5. B 10. А
ТЕСТТІК БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРДЫҢ ДҰРЫС ЖАУАПТАР ЭТАЛОНЫ

1. B


2. D

3. C


4. E

5. A


6. B

7. C


8. D

9. C


10. E

11. D


12. E

13. C


14. B

15. E
16. C

17. C

18. D


19. C

20. E


21. B

22. А


23. B

24. A


25. E

26. С


27. D

28. A


29. D

30. E



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


        1. Гальперин Э.И. Ветшев А.В. Руководство по желчной хирургии.-М., ГЭОТАР- Медиа, 2006.-450С.

        2. Мукашев У.И., Сергеев В.А., Сактаганов К.Е. и др. Лечение желчнокаменной болезни,осложняемой холедолитиазом и механической желтухой// Вест.хирКаз.,2005, №3, с.31-32.

        3. Шабунин А.В., Тарабрин В.И., Малышев И.Ю. Декомпрессия желчевыводящих путей и иммунокоррекция при хирургическом лечении механической желтухи неопухолевого генеза// Хирургия.- 1998.- №11.- с.49-51.

        4. Савельев В.С., Кириенко А.И. Клиническая хирургия: Нац.рук-во.В3-х тт./ Под ред.В.С. Савельева, А.И. Кириенко.-М.: ГЭЩТАР-Медиа.- ( Национальные руководства).Т.2.-2009.-825с.+СД: ил.

        5. Савельев В.С., Кириенко А.И. Хирургические болезни. Учебник. В 2 томах.+СД- Rom./ Под ред. В.С, Савельева , А.И. Кириенко.- М.: ГЭОТАР –медиа.-2006.-Т1.-608с. Т2.-400с.

        6. Жумадилов Ж.Ш., Савченко И.П. Современная подходы к иммунотерапии в клинической практике. Научно- практический журнал «Наука и здравоохранения» Семей мед.журнал.,2007.-№4.-С. 4-11.

        7. Муковозова Л.А., Смаилов Е.М., Лулжанова Ш.А.Клинико -иммунологическая эффективность циклоферона при хроническом бруцеллезе.Научно- практический журнал «Наука и здравоохранения» Семей мед.журнал.,2007.-№1.-С. 68-71.

        8. Груша В.В., Механическая желтуха неопухалевого генеза у пациентов с высоким операционным риском.//Ан. хир. гепатол.,2007, т.12, №3, с.57-58.

        9. Бәшіров А.Б. Госпитальдық хирургия. 1- бөлім , Қарағанды 1994жыл.

        10. Бәшіров А.Б. Госпитальдық хирургия. 2- бөлім , Қарағанды 1996жыл.

        11. «Руководство по хирургии желчных путей» Под редакцией Э.И. Гальперина, П.С. Ветшева.-М.: «Видар», 2006.-568с.

        12. Семенов Г. М. Современный хирургический инструментарий. – СПб.: Питер, 2006. – 352с.

        13. Бедин В.В., Заруцкая Н. В., Чуркин М.В Декомпрессия желчевыводящих путей при желчнокаменной болезни, осложненной механической желтухой// Анн.хир.гепотол.,2005, т.10,2, с.50.

        14. Рыбачков В.В., Дряженков И.Т., Белокуров С.Ю., и др. Анализ результатов лечения больных с механической желтухой калькулезной этиологии// Анналы хир. гепатол.,2006,т.11, №3 с.122-123.

        15. Зубеев П.С., Страхов А.В., Максымевич В.Н., Мотылев И.М., Иммунопрофилактика гнойно-септических осложнений преперетом деринат при хирургическом лечении калькулезного холецистита//Хир.,2007,№5, с.56-59.

        16. Гостищев В.К. Инфекции в хирургии: Руководства для врачей/В. К. Гостищев.-М.: ГЭОТАР- Медиа, 2007.-768С.: ил.

        17. Гальперин Э.И., Чевокин А.Ю., Кузовлев Н.Ф., Дюжева Т.Г., Гармаев Б.Г., Диагностика и лечение различных типов высоких рубцовых стриктур печеночных протоков.// Хирургия-2004.-№5.-С.26-31.

        18. Рахметов Н.Р., Баскаков В.А., Хребтов В.А., Булегенов Т.А. Острый
          гнойный холангит при непроходимости желчных путей// Проблемы
          хирургической патологии.- Астана, 2001.- С. 67-69.

        19. Рзаев Н.М., Сеидов В.Д., Мамедов К.Б., Мурадов Ф.Д., Послеоперационные осложнения в хирургии желчных путей, их профилактика и лечение// Вестн. хир.,1990, №1, с.125-127.

        20. Таричко Ю.В. Хирургические болезни: Учебник для студентов мед. вузов/Под ред. Ю.В, Таричко.-МИА,2007.- 783с.

        21. Тургунов Е. М., Бекежанов Б. А. Техника выполнения хирургических манипуляций: Учеб.наглядное пособие/КГМА; Е.М.Тургунов, Б.А.Бегежанов. – Караганда 2007.-55с.

        22. Шалимов А.А., Копчак В.М., Сердюк В.П., Рубцовые стриктуры желчных протоков: наш опыт хирургического лечения// Анналы хирургической гепатологии. -2002.-Т.5,№1.-С.13-18

        23. Григорян Р.А. Абдоминальная хирургия. В2т.В2-х кн.-Изд-во: -М., МИА.-2006.-1280с.

        24. Гюльмамедов Ф.И., Ярощак В.В., Белозерцев A.M. и др.
          Желчнокаменная болезнь, осложненная механической желтухой //
          Анналы хир. гепат.- Т.7.-2002.-№1.-С.101-102.

        25. Борисов А.Е., Земляной В.П., Непомнящая С.Л., Мосягин В.Б.
          Малоинвазивные технологии в лечении желчнокаменной болезни,
          осложненной поражением внепеченочных желчных путей и большого сосочка двенадцатиперстной кишки //Анналы хир. гепат.-Т.9. - 2004.-№9.- С.22-30.

        26. Борисов А.Е., Первичные повреждение и рубцовые стриктуры желчных протоков. Руководство по хирургии печени и желчевыводящих путей: В 2 т/.-СПб.:-«Скифия», 2003.-Т.2.-С.183-268.

        27. Бородач В.А., Штофин С.Г., Бородач А.В., Острый холецистит, осложненный холедохолитиазом // Анналы хир. гепат.-Т.9. -2004.-№9.-С.112.

        28. Винокуров М.М., Павлов И.А., Гоголев Н.М. и др. Хирургическое
          лечение больных острым калькулехным холециститом, осложненным
          холедохолитиазом и механической желтухой // Анналы хир. гепат. -
          Т.9.-2004.-№9.-С.114-115.

        29. Гальперин Э.И., Чевокин А.Ю., Дюжева Т.Г., Гармаев Б.Г., Выбор метода операции в зависимости от типа рубцовой стриктуры печеночных протоков.// Анналы хирургической гепатологий-2003.-т.8.-№2.-С.86-87.

        30. Карев А.В., Борисов А.Е., Рыжков В.К. и др. Малоинвазивные
          чрескожные вмешательсьтва в декомпрессии билиарной системы //
          Анналы хир. гепатологии. - 2002.- Т.7.- №1.-С.112.

        31. Каримов Ш.И., Ким В.Л., Боровский СП., Юсметов Ш.А.
          Малоинвазивные вмешательства в лечении холедохолитиаза // Анналы
          хирургической гепатологии, 2000.- Т.5.- №2.- С. 32-35.

        32. Клименко Г.А. Холедохолитиаз (диагностика и оперативное лечение)//
          М.: Медицина, 2000.- 224 с.

        33. Красильников Д.М., Фаррахов А.З., Сафин Р.Ш., Миргасимова Д.М.
          Эндохирургические вмешательства у больных желчнокаменной
          болезнью с высоким операционным риском // Анналы хир. гепат.-
          Т.7.-2002.-№1.-С.П9.

        34. Милешко М.И. Контролируемая, дозированная медикаментозная
          декомпрессия желчных ходов при осложненной желчнокаменной
          болезни // Анналы хир. гепат.- Т.7.-2002.-№1.-С.132.

        35. Погребняков В.Ю., Иванов П.А., Кокотов Ю.К. К вопросу о
          технологии чрескожного-чреспеченочного дренирования желчных
          путей // Анналы хир. гепатологии. - 2002.- Т.7.- №1.-С. 140-141.

        36. Сафаров Х.О., Аваков В.Е., Тошев Х.Р. Роль мобилизации
          эндотоксинов в общий кровоток с последующей детоксикационной
          терапией в лечении механической желтухи неопухолевого генеза//
          Анналы хирургической гепатологии, 2002.- Т.7.- №1.- С. 149.

        37. Сотниченко Б.А., Гончаров К.В., Перерва О.В., и др. Поэтапное лечение холедохолитиаза у лиц пожилого и старческого возраста с использованием малоинвазивных методик // Анналы хир. гепатологии.-2002.-Т.7.-№1.-С.153.

        38. Хаитов Р.М., Пинегин Б.В. Современные иммуномодуляторы: основные принципы их применения// Иммунол.,2000,с.105-109.

        39. Хлебников В.В., Терехина Н.А. Активность антиоксидантных
          ферментов крови у больных с холедохолитиазом // Анналы
          хирургической гепатологии. - 2000. - Т.5. - № 2. - С.319.

        40. Ахметов М. Медициналық терминдер сөздігі. Орысша-қазақша-ағылшынша (40мыңға жуық термин).- Алматы, 2009, «Дайк-Пресс»

        41. Мырзабеков М., Жарбосынов Б., Мөжібаев К. Қазақша – орысша медициналық сөздік. Алматы, 1994 жыл.

        42. Сыздықова Р.Г., Хусаин К.Ш. Қазақша – орысша сөздік Алматы, 2001 жыл.

        43. Penkov N., Viiachki I., Larumov N., Vladimirov B. et al. The treatment of
          acute cholecystitis complicated by mechanical jaundice. // Khirurgiia. -
          Sofiia. -1994.-v.47-N6.-p.l7-21.

        44. Herfarth H., Scholmerich J. Diagnosis and therapy of obstructive jaundice
          // Ther. Umsch. - 1998. - V.55(2). - P. 104-109.

Подписано в печать 31.01.2012 г.

Объем 6 уч.печ.л.

Формат 60х84 1/16. Тираж 100 экз.


Отпечатано в типографии КГМУ

г. Караганда, ул, Гоголя, 40





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет