341
Қалыптың ұяшықтарының саны 30, 50, 200 және одан да көп, ал
сиымдылығы 1,0; 1,5; 2,0; 3,0 және 4,0 см
3
болады. Қалыптың
ұяшықтарын, егер негіз гидрофобты
болса сабынды спиртпен,
гидрофилді болса вазелин майымен малынған мақта тампонымен сүртеді.
Жиналған қалыпты тоңазытқышқа 30-40 минут салқындатып, содан соң
дайын жартылай суыған (қату температурасына жақын) массаны құяды.
Тоңазытқышта салып салқындатуға қалдырады. Уақыт өткен соң мұздап
қатқан суппозиторийлерді қалыптың екі бөлігін ажыратып, әр
суппозиторийді орамдайды.
Суппозиторийлерді қалыпқа құю әдісімен дайындаудың ерекшелігі,
негізді есептеу кезінде:
қалыптың ұяшығының көлемін, яғни 1
ұяшықтағы негіз салмағын; майлы негіздің салыстырмалы тығыздығын
0,95 г/см
3
, желатин-глицерин негізінің тығыздығын - 1,15 г/см
3
;
орынбасу коэффециентін Е
ж
ескереді. Орынбасу коэффициенті -
тығыздығы 0,95г/см
3
болатын (какао майының тығыздығы) 1 г
майлы
негіздің орынын басатын дәрілік заттың мөлшерін көрсетеді. Сонымен
қатар кері орын басу коэффециентін (1/Е
ж
) қолдануға болады, 1 г дәрілік
заттың орнын басатын майлы негіздің мөлшерін көрсетеді. Іс жүзінде
кері орын басу коэффициентін қолданған қолайлы.
Сурет 44.
Полистриолдан жасалған суппозиторийлік қалып
1 – қалып; 2 – қалыптың бөлінетін элементтері; 3 – суппозиторий
компонентерін араластыруға арналған ожау; 4 – бөлшектеп құюға арналған
воронка
Орын басу және кері орын басу
коэффициенттері анықтама
оқулықтарында кесте түрінде келтіріледі.
Rp:
Acіdі borіcі 0,2
Dermatolі 0,3
342
Butyrolі quantum satіs
Mіsce fіat supposіtorіum
Da tales doses N 10.
Sіgna. Түнге қарай 1 суппозиторийден
Есептеу:
Рецепт бөлінген әдіспен жазылған
0,2 х 10 = 2,0 бор қышқылы
0,3 х 10 = 3,0 дерматол
Жазылымда ректальды суппозиторий берілген.
Қалыптың ұяшығының сыйымдылығы негіздің қажетті мөлшерін есептеу
үшін, дәрілік заттардың кері орын басу коэффициенті ескеріледі.
Рецептіде суппозиторий салмағы көрсетілмеген. МФ XІ «Суппозиторийлер»
мақаласына сай ректальды m
1 супп.
= 3,0
Vұя (қалып) = 3,0 см
3
1/Е
ж
бор қышқылы
- 0,625
0,625 х
2,0 = 1,25
1/Е
ж
дерматол
– 0,4
0,4 х 3,0 = 1,2
m
негіз
= 3 х 10 = 30 - (1,25 + 1,2) = 30 - 2,45 = 27,55 ≈ 27,6 бутирол
егер орын басу коэффициенті ескерілсе есептеу:
Е
ж
.
бор қышқылы
= 1,6
1г – 1,6 дәрілік зат
х – 2,0
х = 1,25 негіз
Е
ж
.
дерматол
= 2,6
1г – 2,6 дәрілік зат
х – 3,0
х = 1,15 негіз
m
негіз
= 3 х 10 = 30 - (1,25 + 1,15) = 30 - 2,4 = 27,6 бутирол
сонда: суппозиторийдің жалпы салмағы
m
ж
= 2,0 + 3,0 + 27,6 = 32,6
m
1суп.
= 32,6 : 10 = 3,26
Б.П
Acіdі borіcі 2,0
Dermatolі 3,0
Butyrolі
27,6
m
ж
=32,6 m
1св
=3,26 N10
Достарыңызбен бөлісу: